Тақырыбы: Оңтүстік Еуропа елдері. Испания
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Оңтүстік Еуропа елдерінің жетекші елдерінің бірі – Испания туралы білім беру. Оңтүстік Еуропаның басты ерекшеліктері, Испанияның экономикалық-географиялық жағда йының, табиғат жағдайының өмір сүруге, шаруашылықты дамытуға қолайлылығы, халқы туралы көрсеткіштер, өнеркәсібінің салалары, ауыл шаруашылығының ерекшеліктері, көлік түрлері, сыртқы экономикалық байланыстары туралы білік-дағдыны қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Испанияның табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылығының мамандануы мен орналасуына әсерін сипаттау, экономикалық-географиялық жағдайына баға беру, ауыл шаруашылығы дақылдарының таралған аудандарын анықтау барысында кесте, диаграмма түсіруге, салыстырмалы сипаттама беруге үйрету. Испанияның туристік объектілері мен дамыған туризм түрлерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары:Оқулық, 11 сынып Атлас, Оңтүстік Еуропа елдерінің экономикалық картасы, «Жерортатеңіздік өркениет аумағындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі» атты сурет.
Сабақ түрі:Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары:І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
І | Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. | Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. |
ІІ | Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерінен Солтүстік Еуропа құрамына кіретін елдерге арналған кестені,елдің шаруашылық құрылымының қалыптасуына әсер еткен жағдайларға талдауларын және халықтың діни құрамын көрсететін дөңгелек диаграммаларын тексереді, кейін Солтүстік Еуропаның бір елі туралы, Нидерланд пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстар туралы хабарламаларын тыңдайды. Өткен тақырыпты еске түсіру үшін балаларға келесі сұрақтарды қояды: 1. Елдің «Голландия» деп аталуының қандай мәні бар? 2. «Амстердам», «Роттердам» атаулары қандай мағына береді? 3. «Бенилюкс» деген ұғымды қалай түсінуге болады? | Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді. |
ІІІ | Тақырыпты түсіндіруде оңтүстік Еуропа елдеріне жалпы шолудан бастап, одан әрі қарай мынадай жоспар түрінде: 1) Оңтүстік Еуропа – үш дүние бөлігі аралығын жалғастырушы аймақ; 2) Жерорта теңізіне сұғына еніп тұрған Апеннин, Пиреней, Балқан түбектерін алып жатуы; 3) Ежелгі жерортатеңіздік өркениеттің орталықтары; 4) Ұлы географиялық ашылуға себепші болғандығы; 5) аймақта католиктік діннің басымдылығы; 6) халықаралық туризмі дамыған орталықтардың кездесуі; 7) субтропиктік дақылдардың өнімі экспортқа шығарылатын аймақ деген сияқты басты ерекшеліктеріне талдау жасалады. Испанияның туристік орталықтарына сипаттама берілуі тиіс. Мысалы, демалыс орындары және елдегі тарихи ескерткіштер туралы. | Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдауға кіріседі, сұрақтарға жауап береді. Сипаттама беру жоспарын жазып алады. Топтарға бөлініп, өз тақырыптарын оқып, талдай бастайды. Қысқаша конспект жазып отырады. Түсінбеген жерлерін сұрап, өз ойларымен бөліседі. |
ІV | Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар өз тақырыптарын айтып, бір-біріне сұрақтар қояды. Кейін мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды: 1. Испанияның табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылығының мамандануы мен орналасуына қалай әсер етеді? 2. Ел өнеркәсібін одан әрі өркендеуге қандай кедергілер бар? 3. Испания мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды болашақта қай бағытта дамытқан қолайлы? | Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. |
V | Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. | Мұғалімді тыңдап, бағаланады. |
VІ | Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді. | Үзіліске шығады. |
Сабақ:№16
Сыныптар: 11 А
Күні:
Тақырыбы: Шығыс еуропа елдері. Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы туралы білім беру. Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайының басты ерекшеліктері, табиғат жағдайының ел шаруашылығын дамытудағы ролі, табиғат ресурстары туралы білік-дағлыны қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Шығыс Еуропа елдерінің ортақ белгілеріне, табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының көптүрлілігіне, олардың ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық-географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету. Оқулық материалдары, көмекші ақпарат көздері арқылы Шығыс Еуропа халықтарының салт-дәстүрлерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары:Оқулық, 11 сынып Атласы, Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық картасы, Еуропаның физикалық картасы, «Шығыс Еуропа елдерінің демографиялық көрсеткіштері» атты кесте
Сабақ түрі:Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары:І кезең – ұйымдастыру (2 мин) ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин) V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин) VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
І | Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштық орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. | Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. |
ІІ | Аймақ құрамына сипаттама береді. Аймақ құрамы: Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Болгария, Сербия, Черногория, Словения, Хорватия, Босния және Герцоговина, Македония, Албания, Балтық бойы елдері – Латвия, Литва, Эстония. Осы аймақтағы елдерге: 1) экономикалық-географиялық жағдайына және геосаяси жағдайына; 2) табиғат жағдайлары мен ресурстарына; 3) халқы туралы сипаттама беруде оқулық материалдарына сүйене отырып, нақты мәліметтер келтіреді. 4) Шығыс Еуропа елдері шаруашылығының басты бағыты 5) Өнеркәсібінің салалары 6) Ауыл шаруашылығы 7) Көлігі 8) Географиялық байланыстары 9) Ішкі экономикалық айырмашылықтары | |
ІІІ | Тақырыпты бекіту ретінде оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:
| |
ІV | Үйге тапсырма: 1. Саяси карта мен оқулық қосымшасын пайдалана отырып, аймақтағы елдердің экономикалық-географиялық жағдайларын сипаттап, оның тиімді жақтарын анықтау. 2. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдалана отырып, әрбір елдің табиғат ресурстарының түрлерін, олардың ел экономикасын дамытудағы ролін анықтау. 3. Аймақтағы саяси құрылымында өзгерістер жүріп жатқан елдерді анықтау. 4. Шығыс Еуропа елдерінің бір-бірімен ұқсастық, айырмашылық жақтарын анықтап, себептерін түсіндіру. 5. Оқулық материалдарына сүйене отырып, экономикалық үш топтағы елдерге сипаттама беру. | Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. |
V | Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. | Мұғалімді тыңдап, бағаланады. |
VІ | Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді. | Үзіліске шығады. |
Сабақ:№16
Сыныптар: 11 А
Күні:
Тақырыбы: Балтық маңы елдері. Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Балтық маңы елдерінің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы туралы білім беру. Балтық маңы елдерінің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайының басты ерекшеліктері, табиғат жағдайының ел шаруашылығын дамытудағы ролі, табиғат ресурстары туралы білік-дағлыны қалыптастыру
Дамытушылық:Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. | Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. | |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау 1. Саяси карта мен оқулық қосымшасын пайдалана отырып, аймақтағы елдердің экономикалық-географиялық жағдайларын сипаттап, оның тиімді жақтарын анықтау. 2. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдалана отырып, әрбір елдің табиғат ресурстарының түрлерін, олардың ел экономикасын дамытудағы ролін анықтау. 3. Аймақтағы саяси құрылымында өзгерістер жүріп жатқан елдерді анықтау. 4. Шығыс Еуропа елдерінің бір-бірімен ұқсастық, айырмашылық жақтарын анықтап, себептерін түсіндіру. 5. Оқулық материалдарына сүйене отырып, экономикалық үш топтағы елдерге сипаттама беру. | Жаңа тақырыпты өтпес бұрын, үй тапсырмасына қысқаша шолу жасаймыз. | |
Сабақта сұрақ-жауап, баяндау әдістері қолданылады. Оқушыларға мынадай сұрақтар беріледі: 1) экономикалық-географиялық жағдайына және геосаяси жағдайына; 2) табиғат жағдайлары мен ресурстарына; 3) халқы туралы сипаттама беруде оқулық материалдарына сүйене отырып, нақты мәліметтер келтіреді. 4) Шығыс Еуропа елдері шаруашылығының басты бағыты 5) Өнеркәсібінің салалары 6) Ауыл шаруашылығы 7) Көлігі 8) Географиялық байланыстары Ішкі экономикалық айырмашылықтары | Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады. Тапсырмаларды орындайды. | |
Тақырыпты бекіту. 1.Балтық бойы елдеріндегі туу көрсеткіші жоғары, өлім-жітім аз аудандары: 2.Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі қай салада еңбек етеді? 3.Тілдік құрамы жағынан .Балтық бойы елдеріндегі халықтары қандай тіл семьяларына жатады? 4.Ауыл шаруашылық өнеркәсібінің басым аудандары? 5.Халқының саны бойынша .Балтық бойы елдері қалай бөлінеді | Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша тапсырмаларды орындайды. | |
§14оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
Сынып: 11
Сабақ№
Уақыты:
Пән: География.
Тақырыбы: 15-16 Ресей федерациясы. Шаруашылық даму деңгейі.
Мақсаты:
Білімділік: Ресей халқына жалпы сипаттама беру,халқының ұлттық құрамына тоқталу.
Дамытушылық:Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. | Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. | |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау 1.ТМД елдері қандай прицип негізінде бірікті және қандай даму бағытын ұстанып отыр? 2.Экономикалық даму көрсеткіштері жөнінен Қазақстан ТМД елдері арасында қандай орын иеленеді? 3.Еуразиялық экономикалық қауымдастық деген не? Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы экономикалық байланыстарға мысалдар келтіріңдер? | Жаңа тақырыпты өтпес бұрын, үй тапсырмасына қысқаша шолу жасаймыз. | |
Сабақта сұрақ-жауап, баяндау әдістері қолданылады. Оқушыларға мынадай сұрақтар беріледі: 1.Халық саны бойынша Ресей дүниежүзінде нешінші орында?2.Ресейде халық санының қысқаруына демографиялық жағдай қалай әсер етеді? 3.Ресейде халықтың орналасуының басты ерекшеліктері қандай? Жаңа сабақтың жоспары: 1.Ресей шаруашылығына жалпы сипаттама. 2.Ресейдің экономикалық аудандары. 3.Отын-энергетика кешені. 4.Металлургия және машина жасау. 5.Өнеркәсіптің басқа салалары. Сабақта Ресейдің экономикалық картасын пайдалана отырып,Ресей шаруашылығына жалпы сипаттама беріледі.Өнеркәсіп салаларына жеке-жеке сипаттама беріледі. | Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады. Тапсырмаларды орындайды. | |
Тақырыпты бекіту. 1.Ресейдің туу көрсеткіші жоғары, өлім-жітім аз аудандары: 2.Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі қай салада еңбек етеді? 3.Тілдік құрамы жағынан Ресей халықтары қандай тіл семьяларына жатады? 4.Ресейде қоныстанудың қандай түрі басым? 5.Халқының саны бойынша Ресей қалалары қалай бөлінеді | Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша тапсырмаларды орындайды. | |
§15-16оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
Сабақ№
Уақыты:
Пән: География.
Тақырыбы: 17 Металлургия, машина жасау, химия ағаш өнеркәсібі
Мақсаты:
Білімділік: Ресей Металлургия, машина жасау, химия ағаш өнеркәсібі нежалпы сипаттама беру,экономикалық жағдайына тоқталу.
Дамытушылық:Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. | Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. | |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау 1.Ресейдің туу көрсеткіші жоғары, өлім-жітім аз аудандары: 2.Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі қай салада еңбек етеді? 3.Тілдік құрамы жағынан Ресей халықтары қандай тіл семьяларына жатады? 4.Ресейде қоныстанудың қандай түрі басым? 5.Халқының саны бойынша Ресей қалалары қалай бөлінеді | Жаңа тақырыпты өтпес бұрын, үй тапсырмасына қысқаша шолу жасаймыз. |
Сабақта сұрақ-жауап, баяндау әдістері қолданылады. Оқушыларға мынадай сұрақтар беріледі: Металлургия және машина жасау Қара металлургия темір, марганец, хром сияқты қара металл кендерін өндірумен және оларды өңдеумен айналысады. Бұл металдарды өндіру көлемі жөнінен Ресей әлемде Жапония, Қытай және АҚШ-тан соң 4-орын алады. Қазіргі кезде Ресей жыл сайын 83 млн т темір кенін, 45 млн т шойын, 70,6 млн т болат өндіреді, 47 млн т шамасында қара металдардың дайын прокаты, 5,4 млн т болат құбырлар жасалады. Түсті металлургия елдегі өнеркәсіп өнімінің 8,5%-ын береді. Түсті металдарды өндіру жөнінен Ресей АҚШ-тан кейін 2-орын алады. Елде 70-тен астам түсті металл түрлері өндіріледі Машина жасау — Ресейдің экономикалық даму деңгейін анықтайтын маңызды саланың бірі. Оның үлесіне елдің өнеркәсіпөнімінің 20%-ы тиесілі. Ресейде машина жасау саласы бойынша 50 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Ресейдің машина жасау кәсіпорындарында таукен, энергетика,химия, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына қажетті машиналар мен құрал-жабдықтар, көлік құралдары мен электр техникасы, электрондық құралдар жасалады Елдің химия өнеркәсібінің құрамына мыңдаған түрлі өнім шығаратын кәсіпорындар енеді. Кейбір химия өнімдерін шығаруда Ресей әлемде алдыңғы орынды алады. Мысалы, күкірт қышқылын өндіруден — екінші, минералды тыңайтқыш бойынша бесінші орынды иеленеді. Химия өнеркәсібінде табиғатта жоқ, бірақ қасиеттері өзінің табиғи баламасымен салыстырғанда асып түсетін жаңа материалдар жасалады. Ресей аумағының жартысына жуығын орман алып жатыр. Елдегі ағаш сүрегінің жалпы қоры шамамен 80 млрд м3-ді құрайды. Сол себепті мұнда орман өнеркәсібін дамыту үшін шикізат қоры жеткілікті. Оның жеке салаларының орналасуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Мысалы, целлюлоза мен қағаз өндірісіне көп мөлшерде ағаш сүрегі, таза су мен электр энергиясы қажет болғандықтан, мұндай өндірістер Карелия, Сібір мен Оралда орналасқан. Ал жиһаз өндіру тұтынушыларға жақын аудандарда орналасады. Ағаш сүрегін неғұрлым толық пайдалану мақсатында кешенді кәсіпорындар салынған. Сабақта Ресейдің экономикалық картасын пайдалана отырып,Ресей шаруашылығына жалпы сипаттама беріледі.Өнеркәсіп салаларына жеке-жеке сипаттама беріледі. | Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады. Тапсырмаларды орындайды. Вен диаграмасында басқа елдердің машина жасау саласымен салыстырады | ||
Тақырыпты бекіту. 1. Экономикадағы металлургияның маңызы қандай? 2. Ірі металлургия орталықтары қай жерлерде орналасқан? 3. Машина жасау өнеркәсібінің басқа шетел өнеркәсіптермен салыстыр? 4. Орман шаруашылығы дамыған аумақтар? | Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша тапсырмаларды орындайды. | ||
§17оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. | ||
Сабақ№
Уақыты:
Пән: География.
Тақырыбы: 17 Агроөнеркәсіп және көлік географиясы
Мақсаты:
Білімділік: Ресей Агроөнеркәсіп және көлік географиясына жалпы сипаттама беру,экономикалық жағдайына тоқталу.
Дамытушылық:Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. | Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. | |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау 1. Экономикадағы металлургияның маңызы қандай? 2. Ірі металлургия орталықтары қай жерлерде орналасқан? 3. Машина жасау өнеркәсібінің басқа шетел өнеркәсіптермен салыстыр? 4. Орман шаруашылығы дамыған аумақтар? | Жаңа тақырыпты өтпес бұрын, үй тапсырмасына қысқаша шолу жасаймыз. |
Сабақта сұрақ-жауап, баяндау әдістері қолданылады. Оқушыларға мынадай сұрақтар беріледі: Ауыл шаруашылығы Ресейдің экономикасын дамытудағы аса маңызды буын болып саналады. Өйткені ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің шешуші саласы, ол халықты тек азық-түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай-ақ өнеркәсіптіңкөптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та өндіреді. Ресейде ауылшаруашылық өнімдерінің үлесі жөнінен өсімдік шаруашылығы жетекші орында, яғни жалпы өнімнің 55%-ы тиесілі. Ал қалған 45%-ы мал шаруашылығы өнімдерінің үлесінде. Жоғары дамыған елдерде, керісінше мал шаруашылығының өнімдерінің үлес салмағы төмен. Көлік түрлерін таңдауда оған жұмсалатын өзіндік күн, көліктің жылдамдығы, жүк көтеру мүмкіншілігі, табиғат жағдайының көлік жұмысына тигізетін әсері ескеріледі. Осы тұрғыдан алғанда Ресей көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші орын алады. Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 148 мың км, 86 мың км жол жалпыға бірдей қолданысқа ие, оның 42 мың км-і электрлендірілген. Ресейдегі жүк тасымалының 40%-ы, жолаушы тасымалының 50%-ы осы көлік түріне тиесілі. Көлік түрлерін таңдауда оған жұмсалатын өзіндік күн, көліктің жылдамдығы, жүк көтеру мүмкіншілігі, табиғат жағдайының көлік жұмысына тигізетін әсері ескеріледі. Осы тұрғыдан алғанда Ресей көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші орын алады. Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 148 мың км, 86 мың км жол жалпыға бірдей қолданысқа ие, оның 42 мың км-і электрлендірілген. Ресейдегі жүк тасымалының 40%-ы, жолаушы тасымалының 50%-ы осы көлік түріне тиесілі. Сабақта Ресейдің экономикалық картасын пайдалана отырып,Ресей шаруашылығына жалпы сипаттама беріледі.Өнеркәсіп салаларына жеке-жеке сипаттама беріледі. | Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады. Тапсырмаларды орындайды. Вен диаграмасында басқа елдердің машина жасау саласымен салыстырады | |
Тақырыпты бекіту. 1. А.ш. ел экономикасындағы маңызы қандай? 2. АӨК қанша сатыдан тұрады. 3. АӨК өнімге айналыдратын салалар? 4. Көлік кешенінңні дамыған түрі темір жол, не себепті? 5. Көлік түрлері? | Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша тапсырмаларды орындайды. | |
§18оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
Сынып: 11
Сабақ
Уақыты:
Тақырыбы: 20-21 Украина Республикасы.Беларусь және Молдова Республикалары.
Мақсаты:
Білімділік:Осы аталған республикалар бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
Дамытушылық:Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. | Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. | |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. 1.Экономикалық аудандастыру не үшін жүргізіледі?2.Осы заманғы Ресейдің әкімшілік –аумақтық құрылымы қандай? 3.Не себепті Ресей аумағы жеке аймақтарға бөлінеді? | Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады. | |
Украина ТМД-ның оңтүстік-батысында, дүниежүзілік сауда жолдарына шығуды қамтамасыз ететін Қара және Азов теңізіне тікелей шыға алатын кқптеген мемлекеттер мен экономикалық байланыс жасауға мүмкіндік беретін қолайлы жолдар торабында орналасқан. Украинаның жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай.Беларусь ТМД-ның батысында Днепр,Батыс Двина және Неман өзендерінің алабында орналасқан.Молдова ТМД-ның оңтүстік-батысында Прут және Днестр өзендері аралығында орналасқан,аумағы шағын мемлекет. | Оқушы тақырыпты оқиды. Керек жерін дәптеріне жазып алады. Оқулықта берілген кестелерге талдау жасап, дәптерлеріне сызады. | |
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды: 1.Украина аумағында қалыптасқан үш экономикалық аудан шаруашылығына салыстырмалы сипаттама беріңдер? 2.Беларусь пен Молдова Республикасының шаруашылық салаларының қазіргі даму жағдайын салыстырмалы түрде сипаттаңдар? | Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша апсырмаларды орындайды. | |
§20-21 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
Сынып: 11
Сабақ№2
Уақыты:
Пән:География
Тақырыбы: 22-23 Азиядағы дамушы елдеріне жалпы сипаттама Саяси құрлысы Халқы табиғи ресурстар
Мақсаты:
Білімділік:Азиядағы дамушы елдердің экономикалық-әлеуметтік даму деңгейіне тоқталу,оларға кешенді сипаттама беру.
Дамытушылық:Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. | Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. | |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. 1.Азия демографиялық жарылыстың қай сатысында тұр? 2.Халықаралық көші-қон қай аймаққа тән? 3.Азияның этникалық құрамындағы ерекшеліктерді атаңдар? | Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады. | |
Азияның экономикалықкеңістігінде дүние жүзінде өзіндік ерекше орны бар екі алып ел-Қытай және Үндістан көзге түседі. Модельдің алғашқы түрі ҚХДР-да пайда болды. Екінші модель-Монғолия,Вьетнам,Лаос,сияқты елдердің шаруашылықтары толығымен Кеңес Одағы экономикасына тәуелді сипатта дамыды. «Үшінші жло» деп аталатын Қытай моделінде- «қондырма» әдісі ерекше сипат алған. | Оқушы тақырыпты оқиды. Керек жерін дәптеріне жазып алады. | |
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды: 1.Азиядағы дамушы елдердің қайсысында дүние жүзіндегі он экономикалық орталықтың төртеуі орналасқан? 2Оңтүстік Азия аймағында мұнайды қандай елдер көп өндіреді? Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс. | Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды. | |
§23-24 оқу, мазмұндау. Оңтүстік –Батыс Азияның құрамындағы мұнайды сыртқа шығарушы елдерді кескін картаға түсіріңдер. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. | |
6. | Сабаққа қатыскы бойынша бағалау. | Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктеріне баға қойғызады Қоштасады. |
Сабақ:№13
Күні: 02.12.2011