Лттық шоттар жүйесі және оның негізгі көрсеткіштері
Жиынтық сұраныс
Тақырып. Макроэкономика пәні. Ұлттық шоттар жүйесі
Лекция мақсаты:Макроэкономикалық теорияның негізгі принциптермен модельдеу жағдайларың қарастыру
Негізгі терминдер:экономикалық модель, модельдеу, экономикалық белсенділік, шығындар, кірістер, ұлттық шоттар, макроэкономикалық теңдістік.
Лекция негіздері:
1. Макроэкономикалық теорияның басты сұрақтары
2. Экономикалық теориялар мен модельдер
3. Экономикалық белсеңділіктің нәтижелерін өлшеу
4. Ұлттық шоттар жүйесінің басқа көрсеткіштері
5. Шығындар және кірістердің ауыспалы айналымы
6. Негізгі шығындар компонентері, негізгі макроэкономикалық теңдестік
Лекциянын конспекті
Макроэкономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді. Сондай-ақ макраэкономика өндіріс көлемінің, жұмысбастылықтың, тауар және ақша нарықтарындағы тепе-теңдіктің ұзақ мерзімдегі өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімді тербелістерін зерттейді.
Макроэкономика Ұлы депрессия кезеңінде ғылым болып қалыптасты. Яғни, ол ағылшын экономисі Джон М.Кейнстің зерттеулерімен және оның 1936 жылы жарық көрген «жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабымен байланысты. Сондай-ақ, Кейнс макраэкономикалық анализдерді енгізді.
Әдетте экономика өзара әрекеттесетін төрт сектордан құрылады: үй шаруашылықтары, фирмлар, мемлекет және сыртқы сектор.
Макроэкономикада экономиканы біртұтас жүйе ретінде сипаттайтын агрегатталған көрсеткіштер қолданылады: жалпы ішкі өнім, бағалар деңгейі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, нарықтық пайыз мөлшерлемесі және басқа көрсеткіштер.
Макроэкономикалық моделдер мен айнымалылар
Көбінесе экономикалық теориялар моделдер түрінде түсіндіріледі. Макроэкономикалық модель дегеніміз – экономикалық құбылыстар мен процесстердің жеңілдетілген абстрактылы көрінісі, ол экономикалық айнымалылардың арасындағы өзара байланыстар мен арақатынастарды анықтайды. Әрбір модель белгілі бір мақсатта құрылады: экономикалық құбылысты түсіндіру, экономикалық заңдылықтарды зерделеу, жоспарлау және болжау. Модельдер логикалық, графиктік және алгебралық түрде құрылуы мүмкін. Макроэкономикалық модельде экзогенді (сыртқы) және эндогенді (ішкі) айнымалылар ажыратылады.
лттық шоттар жүйесі және оның негізгі көрсеткіштері
Кез-келген елде ұлттық шоттар экономикалақ жиынтық өндіріс көлемін өлшеу үшін құрылған. Экономикалық ұлттық шоттар жүйесі жеке фирмадағы бухгалтерлік есепке сәйкес келеді.
Ұлттық шоттар жүйесіне кіретін көрсеткіштер өндіріс көлемін белгілі уақыт мезетінде өлшеуге және экономикалық қызмет етуін анықтайтын факторларды ашуға көмектеседі.
Ұлттық шоттар жүйесі беретін ақпарат экономикалық қызмет етуді жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясатты құру мен жүзеге асырудың негізі болып табылады. Ұлттық шоттар жүйесінің негізгі көрсеткіші болып жалпы ұлттық өнім табылады. Яғни ел ішіндегі барлық субьекттердің экономикалық қызметінің жиынтық нәтижелерінін өлшеу үшін ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері қолданылады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз белгілі уақыт аралығында (жыл, тоқсан) елдің территориясында өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құны.
Ал жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) осы елдің тұрғындары иемденетін өндіріс факторларын пайдалану арқылы алынған барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді.
Мысалы, Қазақстан территориясында шетелдік компания шығарған мұнайдың құны еліміздің ЖІӨ есептеліп, оның ЖҰӨ ескерілмейді.
ЖҰӨ = ЖІӨ + шетелден түсетін таза факторлық табыстар
Жабық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі. Әрі қарай біз осы екі шаманың біреуін қана қарастырамыз.
Жалпы ішкі өнімді өлшеудің үш тәсілі белгілі:
1) Шығыстар бойынша;
2) Кірістер бойынша;
3) Қосылған құн тәсілі.