Банктік тәуекел жіктелінуі
Тәуекел – кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.
Банктик тәуекел – несие мекеменің жүзеге асыратын, банк операциясының ерекшелігімен туындайтын шығын қатері, яғни банк өз ресурстың, табыстың бір бөлігінен айырылып қалу қаупін немесе қаржылық операцяларды жүзеге асыру барысында қосымша шығын шығару қаупі.
Тәуекел банктің берілген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайғанда пайдасынан айырылып қалу ықтималдылығын белгілейді.
Сонымен, банктік тәуекелді жіктеу қағидалары мыналар:
1. Банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы.
2. Банк клиенттерінің құрамы.
3. Банктік операциялар сипаттамасы.
4. Коммерциялық банктердің түрі.
Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тәуекелдер жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық, саяси.
Саяси –бұл мемлекет құрылу ерекшелігімен байланысты, мемлекеттік билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы (мысалы, үкіметтің тез ауысуы, басқару және саяси режимнің өзгеруі), үкіметтің экономикалық және бақа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі (ұлтшылдандыру, жекешелендіру, т.б.), этникалық және аймақтық мәселелер, әлуметтік топ мүшелерінің поляризациясы және т.б.;
Құқықтық–банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативтік шектеулер (мысалы, экспортты және импортты шектеу, шетел банктері қызметін лицензиялау, шетел инвестицияларын лимиттеу);
Экономикалық:
· жалпы экономикалық тәуекелдер – экономикалық құндылықтар экономикалық саясатпен байланысты, ЖҰӨ өсуі ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың экспорттан жоғары болуы, экспорттан түсетін табыстың азаюы;
· қаржылық тәуекелдер – ақша-несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сыртқы қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы қарызға жаппай мораторий, трансфертті тәуекел, елде несие мен займдар бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының болмауы, сондай-ақ импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен квоталардың енгізілуі.
Банктің өзінің қызметіне байланысты тәуекелдер ішкі тәуекелдер деп аталады. Ішкі тәуекелдер келесідей бөлінеді:
- банк активтермен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырысушылық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша, қаржылық және инвестициялы тәуекел және т.б.);
- банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тату тәуекелдері және диверсификация тәуекелі);
- банк өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсідігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі);
- қаржылық қызмет жүзеге асыру тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық тәуекелдік, жаңа еңгізулер тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі).
Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді мынадай түрлерге жіктеуді ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекелдер.
Бірақ айта кететін жайт, баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан тыс операцияларға таралады.
Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:
- несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі );
- пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пай ыздың алынбау тәуекелі);
- өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтетін бұзу тәуекелі);
- капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі).
Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануынан резервтер және т.б.) негізгі капиталынан асып түскенде пайда болады.
Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:
- берілген кепілдер бойынша;
- шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісім- шарт бойынша;
- несиелік міндеттемелер бойынша;
- валюталық мәмілеге отыру бойынша.
Сонымен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизингтік және факторингтік операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде пайда болуы мүмкін.