Мұнай мен газ қорларының олашаұты және болжау ресурстарының категориялары
Өндіргіштік мағынасы бар мұнай, газ, конденсат және олардың құрамдас бөліктерінің қорларын, зерттелу дәрежелігі бойынша барлау А, б; және С1 және алдын ала бағалау С2 категорияларға бөлінеді. Мұнай және газ ресурстары олардың негіздені дәрежелері бойынша болашақты С3 және болжау Д1 және Д2 категорияларға бөлінеді. Мұнай және газ кеніш қорының А категориясы дегеніміз – таңдап зерттелген, кеніштің толық түрлі бейнесі және көлемі, тиімді мұнай – газ қаныққан, сіңірген, қалыңдығы, коллектор түрі, мұнай мен газ қаныққан өнімді қабаттардың коллекторлық қасиеттерінің өзгеру сипаттамалар, мұнай, газ және конденсаттардың құрамы мен қасиеттері, сонымен қатар кеніштің игеру жағдайына байланысты негізгі ерекшеліктері, соның ішінде жұмыс тәртібі, құбыр өнімділігі, гидроөткізгіштіліктері және т.б.белгіленген. А категория қоры мұнай иә болмаса газ кен орынын бекітілген игеру жобасына сәйкес бұрғыланған кеніш көлемі бойынша есептеледі. Мұнай және газ кеніш қорының, В категориясы дегеніміз құбырдағы әрбір гипсометрлік белгілерді мұнай және газ алыптан өндірістік ағысына байланысты кеніштің мұнайгаздылығы белгіленген, кеніштің игеру жобасын құрастыруға кеніштің бейнесі, көлемі, тиімді мұнай-газ қаныққан қалыңдығы , коллектор үлгісі, коллекторлар қасиеттерін өзгеру сипаттамасы , өнімдіқабаттардың мұнай-газ қанығуы, қабаттық және стандарттық жағдайдағы мұнай және газдың құрамы мен қасиеттері және басқа шаралары , , сонымен қатар кенішті игеру жағдайын белгілейтін негізгі ерекшеліктері зерттелген болады. Категория В қоры мұнай кенорнының игеру жұмысының тәжірибелі- өндірістік жобасына сәйкес кеңіштері бойынша есептеледі.
С1 категория қорлары геологиялық барлау жұмыстары және пайдалануға бұрғылау нәтижесінде есептеледі, егерде бұл нәтижелер кен орнының игеру технологиялық үлгісін жасауға мүмкіндік беретін болсаб С2 категориясы кеніштің барлау жұмыстары жүргізілген жоғарғы категориялық дәрежесі бар бөліктерде геологиялық геофизикалық зерттеу жұмыстарының мәліметтеріне тіреліп, сонымен қатар барлау жұмыстары жүргізілген кен орындағы мұнайы кеніштің деңгейінде сыналмаған және басқа аралық қабаттардың қорларын есептейді.
Геологиялық, геофизикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша, ұқсас кен орнының иә болмаса өте нәтижелі зерттелген кеніштің мәліметтерін пайдаланып кеніштің бейнесін, көлемін, орналасу жағдайын, қабаттың қалыңдығын, коллекторлық қасиеттерін, мұнай құрамын , қасиеттерін табу.
С3 категориясы берілген аудан көлеміндегі геологиялық және гнофизикалық зерттеу әдістерімен тексерілген, көлемі нұсқаланған, тереңдік бұрғылауы дайындалған алаңдардың, сонымен қатар, кен орнының бұрғыланған қаббаттарының б егерде олардың өнімділігі осы ауданның басқа кенорындары бойынша белгіде болса, мұнай және газдың болашақты ресурстары деп есептелінеді. Геологиялық және геофизикалық зерттеу қорытындылары бойынша, кеніштің жалпы бейнесі, мөлшері және орналасу жағдайы берілген болса , қабаттардың қалыңдығын және коллекторлық қасиеттерін мұнайдың иә болмаса құрамын және қасиеттерін ұқсас кенорындарының мәліметтері бойынша алынады. Мұнай және оның болашақты ресурстары іздеу және барлау жұмыстарын және С1, С2 қорларын қосымша өсуін жоспарлауға пайдаланылады.
Д1 категориясы – үлкен аймақты құрылымдағы өндірістік мұнай газдылығы белгіленген литоногостратиграфиялық кешендегі мұнай газдылығы барлығын болжау ресурстарын есептейді.
Д2 категориясы – өндірістік мұнайгаздылығы дәлелденбеген ірі аймақтық құрылымдарын бағалау үшін, олардың литологиялық стратиграфиялық кешендерінің мұнай және газдарының болжау ресурстары деп аталады. Бұл кешендердің мұнайгаздылығы болашақтарын геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеулерінің мәліметтеріне сүйеніп болжайды. Осы гатегорияның болжау ресурстарын санды бағалау, барланған мұнай және газ кенорындары бар зерттелген аймақтардағы жалпы геологиялық шамалары сәйкес мәліметтеріне сүйеніп орындалады. Мұндайдағы,газдардағы және конденсаттардағы кәсіпшілік мағынасы бар бөлшектерінің қорларын мұнай және газ қорын есептелген көлемінде категориялары бойынша есептеледі.