Тақырып 2. приоритетті класс ауруларыныҢ Әлеуметтік-медициналыҚ аспектілері

Мақсаты:Студенттерхалық аурулығы мен өлім көрсеткіштерін төмендету мақсатында денсаулық сақтау жүйесі мен органдарының бірінші кезектегі назарын талап ететін алдыңғы орындардағы аурулар мен нозологиялық түрлерін білуі керек.

Халық денсаулығын қорғауда приоритетті бағыттарды таңдау аурудың қоғам және жеке адам деңгейіндегі маңызына сәйкес анықталады. Бірінші кезектегі медициналық-профилактикалық әсер ету объектілерін қалыптастырудың негізгі критерилеріне халық аурулығының көрсеткіштері, ауру деңгейінің өзгеру динамикасы, жалпы аурулық пен өлім жағдайына қосатын үлесі, халықтың маманданған және арнайы маманданған медициналық көмекті қажет етуі, қазіргі медициналық технологияны практикалық денсаулық сақтауда тиімді қолдану мүмкіндігі, жетістіктері және болжамы жатады.

Халықтың емдеу-профилактикалық ұйымдарға қаралуы мәліметтері мен өлім көрсеткіштерін қолдану ауру класстары мен нозологиялық түрлерін медициналық-әлеуметтік рангілеу жүргізуге мүмкіндік берді.

Қан айналым жүйесі аурулары. Қазақстан Республикасы халқының қан айналым жүйесі бойынша алғашқы және жалпы аурулық деңгейі тұрақты өсуде. Жүрек қан тамыр ауруларына көбіне еңбекке қабілетті жастағы контингент жиі шалдығады, бұл осы класс ауруларының уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық көрсеткішіне әсерін анықтайды. Жастың ұлғаюына сәйкес қан айналым жүйесі ауруларының таралу интенсивтілігі жоғарылайды. Осы патологияның жасаруы және балалар мен жасөспірімдер арасында оның жиі кездесуі байқалады. Қала тұрғындары ауыл тұрғындарымен салыстырғанда қан айналым жүйесі ауруларымен жиі ауырады. Дегенмен, 2002-2003 жж. ауыл тұрғындары арасында қан айналым жүйесі ауруларының 2 есе артқаны тіркелді . Қан айналым жүйесі аурулар класын қалыптастыратын негізгі ауруларға жатады: артериальдық гипертония , оның үлесіне осы класс ауруларының жартысы кіреді және жүректің ишемия ауруы – шамамен ¼ бөлігін құрайды. Қазақстан Республикасында қан айналым жүйесінің аурулары өлім себептерінің ішінде бірінші орынды алады (51,7%) және ол жыл сайын артуда. БДҰ мәліметтері бойынша, Қазақстанда қан айналым жүйесі ауруларынан ерте өлу көрсеткіші ТМД елдерінің ішінде екінші орында және Европаның көрсеткіштерінен 3-4 есе жоғары. Қан айналым жүйесі ауруларының ішінде өлімнің жоғары деңгейін қалыптастыратын негізгі себептерге басқада дамыған елдердегідей жүректің ишемия ауруы және цереброваскулярлық аурулар жатады.

Қатерлі ісіктер. Қатерлі ісік ауруларымен аурулық көрсеткішінің салыстырмалы төмен деңгейіне қарамастан олардан өлу көрсеткіші жоғары. Қазақстан халқы өлім себептерінің құрылымында қатерлі ісіктер 3-ші орынды алады (11,5%), қатерлі ісіктен өлім көрсеткішінің төмендеуі байқалады. Халықтың қатерлі ісікпен ауруы құрылымында жынысқа сәйкес айырмашылық бар. Ер адамдар арасындағы алғашқы аурулық құрылымында кеңірдек, бронх, өкпе қатерлі ісіктері, одан соң асқазан рагі мен тері қатерлі ісіктері жиі кездеседі. Әйелдер аурулығы құрылымында бірінші орынды сүт безі рагі, одан соң тері қатерлі ісіктері мен асқазан рагі алады. 2 тенденция байқалады – тыныс мүшелері мен сүт безі қатерлі ісігімен аурулықтың өсуі және ерін, өңеш және асқазан қателі ісігі аурулығы көрсеткіштерінің төмендеуі. Қазақсан халқы қатерлі ісікпен ауру көрсеткішін талдауда ауыл және қала тұрғындары арасында айырмашылық байқалады: қала тұрғындары қатерлі ісікпен ауыл тұрғындарыны қарағанда жиі ауырады, оны қалалардың экологиялық ластануымен, өндірістік және автотранспорттық ластануымен байланыстыруға болады. Қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші құрылымында жыныстық айырмашылық бар: ер адамдарда бірінші орында – тыныс мүшелері рагі, екінші орында – асқазан рагі, үшінші орында - өңеш рагі; әйелдерде - асқазан рагі, сүт безі рагі, жатыр мойны рагі. Өлім көрсеткіші жасқа байланысты қарқынды өседі.

Жарақаттар. Өліммен аяқталатын, мүгедектікке, уақытша еңбекке жарамсыздыққа алып келетін жарақаттардың артуы маңызды мәселе, ол қоғамға орасан зор әлеуметтік және экономикалық шығын әкеледі. Бүгінде әлемдегі экономикалық дамыған елдерде өлім себептерінің ішінде жарақаттар үшінші орынды, Қазақстанда екінші орынды (14,2%) алады. Алғашқы орында тұрмыстық және жол көлік жарақаттары тұр. Тұрмыстық жарақат жас ер адамдар арасында, ересек және қарт адамдар арасында жиі кездесетіндігін атап кеткен жөн. Өндірістік және тұрмыстық жарақаттар, жол-көлік жарақаттары тәрізді ер адамдар арасында жиі байқалады және ол ішімдік қолданумен, қауіпсіздік техникасын бұзумен байланысты. Жасөспірімдер арасындағы жарақаттану ересектер мен балаларға қарағанда 1,5-2 есе жиі кездеседі. Тыныс мүшелерінің аурулары халықтың медициналық көмекке қаралуының негізгі себебі болып табылады. Алғашқы аурулықты негізінен жедел респираторлық инфекциялар, бронхит, пневмония құрайды. Жалпы аурулықты жедел түрдегі аурулармен қатар созылмалы обструктивті өкпе аурулары қалыптастырады, бұл топқа созылмалы обструктивті бронхит, тыныс демікпесінің ауыр формалары және т.б. тірізді созылмалы тыныс жүйесінің аурулары біріктірілген. Тыныс жүйесі аурулары кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық көрсеткішінің артуы негізінде жедел түрдегі аурулармен – жыл сайынғы эпидемиялық таралуымен сипатталатын жедел респираторлық инфекциялар, тұмаумен байланысты. Тыныс жүйесі патологиясы балаларда жасөспірімдерге қарағанда екі есе, ересектермен салыстырғанда үш есе жиі кездеседі. Қазақстан Республикасы халқа арасындағы өлім себептерінің ішінде тыныс мүшелері аурулары төртінші орынды алады (5,7%). Тыныс мүшелері ауруларынан өлім көрсеткіші 1 жасқа дейінгі сәбилер арасында өте жоғары, перинатальды кезеңде туындайтын жағдайлардан кейінгі екінші орынды алады.

Психиканың бұзылулары және мінез-құлқының бұзылыстары маңызды медициналық-әлеуметтік мәселелер арасында негізгі орын алады. Әсіресе психикалық белсенді заттарды қолданумен, соның ішінде ішімдік, анаша қолдану салдарынан туындайтын психикалық бұзылыстар жиі кездесуде. Ішімдік қолдану мен қолайсыз жағдайлар, жарақаттар және уланулар арасында жоғары корреляциялық байланыс бар. Психикалық белсенді заттарды қолдану негізінде туындаған, алғаш рет тіркеуге алынған психиканың бұзылулары және мінез-құлқының бұзылыстары қазірде тұрақты артуда, әсіресе Алматы қаласында өте айқын байқалады. Халықаралық бағалау бойынша, Қазақстанда тіркеуге алынған нашақорлар саны өткен он жыл ішінде 3,5 есеге артқан. Қазақстанда тіркелген нашақорлардың жартысына жуығы опиум және героин қолданады, 90 ж ортасында мұндай тенденция байқалмаған, бұл кезде нашақорлардың 80% сора мен оның өңделген өнімдерін қолданды. Нашақорлық жиі 18-25 жас аралығында кездеседі.

Нашақорлық мәселесі ЖИТС аурумен тығыз байланысты. Нашаны вена ішілік қолдану Қазақстанда ЖИТС ауруының жылдам тарлуына себеп болуда. . Статистикалық мәлімет бойынша, бірінші рет ЖИТС . жағдайы тіркелген. 1987 ж 2009 ж 1 наурыз айына дейін 12085 ЖИТС-жұқтыру тіркелді, соның ішінде 841 СПИД науқас, сонымен қатар жыл сайын ЖИТС 800-900 жаңа жағдайы тіркеледі. ЖИТС саны бойынша Қазақста ТМД елдерінің ішінде Ресей, Украина, Белоруссия, Молдавия мемлекеттерінен кейін бесінші орында, ал Орта Азия елдерінің ішінде бірінші орынды алады.

Жұқпалы және паразитарлы аурулар, бұрындары жалпы таралып, өлім көрсеткішінің ішінде негізгі орында болса, қазірде кейінгі орындардың бірінде. Ұлттық ақпарат көздері бойынша, көптеген экономикалық дамыған елдерде жұқпалы аурулар өлім себебі бойынша алғашқы он аурудың ішіне кірмейді. Қазақстанда соңғы жылдары жұқпалы аурулардың үлес салмағы жалпы аурулық құрылымында - 4% жәнеөлім құрылымында 3% құрайды. Жұқпалы аурулар бойынша медициналық-әлеуметтік мәселелердің бірі, осы аурудан өлгендердің 90% бір жасқа дейінгі сәбилер, олар жедел ішек инфекциясы, сепсис, менингококтық инфекция, вирустық гепатит және т.б. қайтыс болады.

Туберкулез. 90-жылдардың басында туберкулезбен аурушылдық және өлім көрсеткіштері жылдам арта бастады. Қазақстанда өткен ғасырдың 80 жылдары қол жеткізген туберкулезбен ауру көрсеткішінің төмендеуі 90 жылдардың басында туберкулезден өлім көрсеткішінің артуымен, ал 1995 ж бастап тіркелген аурулықтың өсуімен алмасты. Туберкулезбен ауру көрсеткішінің артуына көптеген себептер кешені әсер етеді: әлеуметтік-экономикалық, республикада аурудың кең таралуы, анықталмаған аурулардың көптігі, жеткіліксіз изоляция, жаңа туған сәбилердің екпемен, ревакцинация, медициналық тексерістермен, флюорографиямен қаммтылуының төмендеуі, ауру және оның отбасының жеткіліксіз,соның ішінде тұрғын үймен әлеуметтік қамтылуы, маскүнемдік және нашақорлықтың, жұмыссыздықтың және т.б. артуы.Әсіресе қолайсыз жағдай пенитенциарлық мекемелерде байқалады, түрмеде отырғандардың туберкулезбен ауру көрсеткіші жалпы халық көрсеткішінен 10-15 есе жоғары. Өлімнің ең жоғары шыңы 1998 ж тіркелді. Соңғы жылдары туберкулезден өлім көрсеткіші біршама төмендеді.

Үйлестіру материалы:«Rower Point» бағдарламасында10 слайд .

Әдебиеттер:

1. Аязбаева А.Г. Медико-социальные аспекты формирования приоритетных классов заболеваний в Республике Казахстан: Учебно-метод. пособие. – Алматы, 2005. – 55 с. 2. Аканов А.А., Тулебев К.А., Рук. по формированию ЗОЖ, профилактике заболеваний и укреплению здоровья. – Алматы, 2002. – 250 с.

3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с. 4. Муминов Т.А., Камалиев Т.А. Анализ здравоохранения с позиций социального маркетинга.- Алматы, 2003.- 170 с.

5. Сакбаев О.С., Вагнер А.В. Совершенствование методологии изучения и оценки здоровья населения. – Алматы, 1995. - 364 с.

Наши рекомендации