Тақырыбы: 2.3 Күрделі жөндеу жұмыстары

Күрделі жөндеу жұмысында жер төсемесінің ісінген, сырғу жол бөліктерін қалпына келтіреді, дренаж салады және басқа жұмыстар жүргізіледі.

Жол төсемесінің күрделі жөндеу жұмыстары беріктікті қамтамасыз ету үшін қозғалыс қарқындылығы өсуіне байланысты, өткізу қабілетін көтеру үшін жасайды.Беріктікті көтерудің үш негізгі әдісі бар.

1. Жаңа жол төсемесін салу

2. Жол төсемесінің жоғарғы қабатын немесе барлық қабатын ауыстыру

3. Барлық жол төсемесінiң қабатын ауыстыру қозғалыс қарқындылығын есептей отырып

Жол төсемесінің жоғарғы қабатын қалпына келтіру- термопрофилирование әдісімен, беттік өңдеу, жол төсемесін күшейту және кеңейту.

Регенерация(жаңарту) әдісі-бастапқы қасиетін қалпына келтіру (беріктік,тегістік,кедір-бұдырлық)

Термопрофилирования әдісінің бірнеше түрі бар:

1.қыздырып тегістеу(термопланирование)

2.термогомогенизация

3.қыздырып төсеу(термоукладка)

4.қыздырып араластыру (термосмешения)

5.термопластикатор

Бұл жөндеу жұмыстарының бәрін термосмеситель немесе термопрофилирование ДЭ-232 дегенмен машинамен жасалады.

1)Термопланирование-жаңа материалды қоспаны қоспай-ақ қыздырып тегістеу, асфальтбетон жол төсемесін горелка инфра қызыл сәулесімен 120-180 градуста 2-5 см тереңдікте қыздырып, қопарып алып, қайтадан материалды төсеп, нығыздайды.

2)Термоукладка-қыздыра отырып жаңа қоспаны тегістеу, бірақ ескі материалдармен араластырмай.

3)Термосмешение-қыздырып, ескі материалды қопарып алып, оны жаңа материалмен араластыру (шұңқырлар көп болған жағдайда)

4)Термопластификатор-бұл әдістің басқадан айырмашылығы пластификатар ескі қоспаға қосады, 0,1-0,6% қоспаның салмағына қарай, жаңа қоспа қоспайды.

Жол төсемесінің беріктігін күшейтудің үш түрі бар:

1)ескі пайдаланудағы жол төсемесінің үстіне жаңа жол төсемесін салу.

2)жоғарғы қабатты ауыстыру немесе барлық қабатты ауыстыру.

3)барлық қабатты түгелдей ауыстыру,қозғалыс қарқындылығын ескере отырып.

Жол төсемесін кеңейтпей-ақ күшейтуге және кеңейте отырып күшейтуге болады.Ең жиі қолданылатын кеңейте отырып жол төсемесін күшейту.Жол төсемесінің беріктігін күшейтудің үш түрі бар:

1)ескі пайдаланудағы жол төсемесінің үстіне жаңа жол төсемесін салу.

2)жоғарғы қабатты ауыстыру немесе барлық қабатты ауыстыру.

3)барлық қабатты түгелдей ауыстыру,қозғалыс қарқындылығын ескере отырып.

Бірінші әдісті қолдану, басқа әдістерге қарағанда аз шығын кетеді,бірақ беріктік жол төсемесінің кем болған жағдайда қолданылады.Жаңа қабатты төсер алдында жол төсемесінің бетіндегі сызаттар,шұңқырлар тегістелініледі.

Асфальтобетон төсемелерінде күшейтуге ескі асфальтобетонды қолданған дұрыс.Осы мақсатта термопрофилирования әдісін қолданады немесе шығарып алу әдісін қолданады.Бұл әдісте ескі асфальтобетон 3 см тереңдікте қопарып алып,оны сол жерде регенерация жасап,қайтадан басқа объектіде қолданады.

Жаңа қабатты салғанда,ескі пайдаланудағы жол төсемесінде,жаңа салынған жол төсемесі бетінде сызаттардың (көзге ерекше түсетін) пайда болуы үлкен жағдайға әкеп соғады.Өте жұқа салынған қабат (5 см-ге дейін) 2-3 жылдан кейін сызатттар мен шұңқырлардың пайда болуы жиілейді,ескі жол төсемесіне салынған.

Профессор И.И.Ивановтың зерттеулеріне қарғанда асфальтобетон қабаты сызаттардың пайда болуынан, егер төменгі жатқан қабаттардың деформациясымен қалыңдығы 12-15 см болған жағдайда ғана сақталынады.Бірақ мұндай қабатта асфальтобетон салу асфальт қоспасын көп керек етеді және керек беріктікті қамтамасыз ету қиындайды.Сондықтан,көп жағдайда құрылыс құнын төмндету үшін төменгі қабатқа қара шағыл тас немесе құмды-шағыл тас қоспасын төсейді олар төменгі қабаттың деформациясын жақсы қабылдайды.

2.Екінші әдіс-жоғарғы қабатты ауыстыру немесе барлық қабатты ауыстыру жер төсемесін қалдыра отырып.Бұл әдісті беріктігі төмендеген жағдайда,көп торлы сызаттар мен шұңқырлар болған жағдайда қолданады.Бұл,көбінесе көпірлерде қолданылады,өйткені ол жерде қабат қалыңдығын көтеруге болмайды.

3.Үшінші әдіс-жол төсемесін түгелдей ауыстыру.Бұл өдiс негіздің немесе материалдардың беріктік қасиетін жоғалтқан жағдайда ғана қолданылады. Күрделі жөндеу жер төсемесінде жер төсемесінің ісінуге ұшырайтын,сырғанап кететін жол бөліктерін , дренажды қайта жасайды.

Ісінетін жол бөліктеріндегі жол төсемесі ғана емес,негіздің қабаттарында ауыстырған жөн,өйткені жер төсемесіне құмды топырақты сала отырып, қабат-қабатымен тығыздайды.Бұрынғы жер төсемесімен клин сияқты құламасы 1:10 осі бойынша тұрғызылады.

Жер төсемесін кеңейтудің бірнеше түрі бар:

-бір жолдың бір жағынан, бұл жағдайда жөндеуден өткен жолдың осі бұрынғы ескі жолдан бір жаққа қарай қозғалады.Бұл жағдайдын кемшілігі: жаңа салынған жол төсемесі мен жер төсемесіне, ескі бұрынғы пайдаланудағы жолдың беріктігі мен тығыздығын беру өте қиын, өйткені әбден тығыздалған ,тапталған жер төсемесіне теңестіру (тығыздықты,беріктікті) өте қиынға соғады.

-екі жақтан кеңейту өте қолайлы, өйткені бұрынғы пайдаланудағы жолдың осі, жаңа кеңейтілген жолдың осімен қиылысады, яғни осі бұрынғы орында қалады.Екі жақтан үйіндінің немесе ойықтың құламасын қиады.

Бұл әдістің ерекшелігі:жол төсемесі берік негізде қалып отырады,бірақ құбырларды ұзарту керек, көпірлерді кеңейту керек, жол бойындағы демалыс алаңдары мен аялдамаларда (екі жағындағы) қайтадан салуға тура келедi.

Студент күрделі жөндеуді жүргізілетін шақырымды.2.1 кестесі арқылы және аталған әдістердің біреуін қабылдап,оның технологиясын жазады.

Наши рекомендации