Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционкерлік қоғамы туралы жалпы мағлұмат
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру мақсатында, 1997 жылы наурыз айында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құруға негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметін 1997 ж. 18 тамызда бастады.
Қордың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (әрі қарай-ШКС) қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржы құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру.
2007 жылдың соңынан бастап «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесінен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесіне өзгерді, сол себепті шағын және орта кәсіпкерлікті (одан әрі - ШОК) қолдау жөніндегі тиісті өкілеттіктері де ұлғайды.
Бүгінде «Даму» Қоры 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ тиесілі ұлттық даму институты болып отыр.
«Даму» Қорының миссиясы– қаржылық, консалтингтік қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен бірге Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдесу.
Қордың даму кезеңдері: Бірінші кезең – 1997-2001жж.
Қордың құрылуымен байланысты. Осы жылдары мемлекеттік органдар шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған бірқатар заңдарды, жарлықтар мен қаулыларды қабылдады.
Ø 1997– «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді және оны дамытуды күшейту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы;
Ø 1999– «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 1999-2000 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 4189 Жарлығы;
Ø 2001– «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 2001-2002 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы № 597 Жарлығы;
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы бойынша ЕҚҚДБ-мен 10 жыл мерзімге 77 500 000 АҚШ долларына қарыз туралы келісім жасалды. Аталған бағдарлама экономика саласының барлық кәсіпорындары қаржыландырылатын уәкілетті екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады. 1998 ж. мамыр айынан 2007 ж. мамыр айына дейінгі мерзімде қатысушы банктер жалпы сомасы 2 216,10 млн. АҚШ долл. құрайтын барлығы 237 000 жобаны қаржыландырды, оның 25,63% – микрокредиттер (568,09 млн. АҚШ долл. 180 253 жоба) және 74,37% – шағын кредиттер (1 648,01 млн. АҚШ долл. 56 747 жоба).
Отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы бойынша Қор екінші деңгейдегі 6 банкке 22 716,1 мың АҚШ долл. мөлшерінде ақша аударды. Аталған Бағдарлама бойынша трактор, цемент, тыңайтқыш, мақта және күнбағыс майын, сүт өнімдерін, буып-түйетін материалдар және т.б. шығаратын ірі жобаларға қолдау көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі отандық тауарөндірушілердің 14 инвестициялық жобасын қаржыландыруды мақұлдады. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 5 537 жұмыс орны құрылды.
Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап, 2007 ж. 1 қазанға шаққанда, Қор тарапынан жалпы сомасы 54 675,4 мың АҚШ долларына 95 жоба қаржыландырылды. Бағдарлама бойынша 4 719 жұмыс орны құрылып, құпталды.
Екінші кезең – 2002-2004жж. Ел экономикасының жоғары қарқынмен өсуі және Қазақстанның ЖІӨ ортажылдық өсімінің 11,6% -ға дейін, 2003-2004 жж. 9,3% өсуі Қазақстан Үкіметіне шағын кәсіпкерлікке үлкен қолдау көрсетуге мүмкіншілік берді:
· 2003– « Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.
· 2004– « Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті 2004-2006 жж. дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік Бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы № 1268 Жарлығы.
Үшінші кезең - 2005-2007жж. Кезең Қор қызметіне елеулі ықпал еткен заңдар, жарлықтар мен қаулылар қабылдануымен сипатталады.
2005 – «Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті 2005-2007 жж. дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралар Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 ж. 12 мамырдағы № 450 қаулысы
2006 – «Жеке кәсіпкерлік туралы туралы» Қазақстан Республикасы ның 2006 ж. 31 қаңтардағы № 124-III Заңы
2006 – «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жж. тұрақты даму кезеңіне өту концепциясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
2005-2007 жж. аралығында республикалық бюджеттен Қорға шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін 29 млрд. теңге мөлшерінде капитализациялауға қаражат бөлінген.
Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, мемлекет тарапынан Қор қызметін қолдаудың өсуі, Қордың ШКС-ті қаржылай қолдау бойынша жинақтаған тәжірибесі, жұмысқа төселген кадрлық және техникалық әлеует, республикамыздың барлық өңірлерінде ашылған Қор филиалдарының желісі Қорды еліміздегі шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік институт ретінде нығайтуға объективті негіз болды және де ШКС-ті қаржылай қолдау жөніндегі жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруға түрткі болды:
· Жобалық қаржыландыру және лизинг;
· Қазақстанда микрокредиттеу жүйесін дамыту Бағдарламасы;
· Екінші деңгейдегі банктерден алатын ШКС кредиттеріне кепілдік беру;
· Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы ШКС оқыту-әдістемелік, ақпаратты-аналитикалық және консалтингтік қолдау көрсету.
Төртінші кезең – 2008-2012 жж. Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі Стратегиясын , Қазақстанның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясы мен 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру экономиканы диверсификациялауды, технологиялық серпілістерді жүзеге асыруды, сонымен қатар кәсіпкерлік секторды нарық қатынастары мен бәсекеге қабілетті экономиканың негізгі іргетасы ретінде дамытуды болжайды. Қазіргі кезде Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саясатын жүзеге асыратын жалғыз мемлекеттік даму институты болып табылады. 10 жылдық даму кезеңін басынан өткізе отырып, Қор жүзеге асырылуы 2008 жылдан басталатын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа Концепциясын дайындады. Қор төмендегідей міндеттерді шешу арқылы осы мақсатқа қол жеткізуді жоспарлап отыр:
- Қазақстанның барлық аймақтарында ШОБ субъектілері үшін бизнесті ұйымдастыру және жүргізу талаптарын жеңілдетуге, сонымен қатар оларға байланысты операциялық шығыстарды төмендетуге мүмкіншілік беретін орталықтандырылған сапалы консалтингтік және ақпараттық-аналитикалық қызмет көрсету кешенін дамытуды қамтамасыз ету;
- Қазақстанның барлық аймақтарында кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамытуды және олар ұсынатын ақпараттық және консультациялық технологияларды қолдау инфрақұрылымының барлық субъектілерінің күшін біріктіру, олар ұсынатын қызметтерді стандартизациялау, орталықтандырылған алыс-беріс және осы саладағы шетелдік сәтті тәжірибені қабылдау арқылы қамтамасыз ету.
Ор құрылымы
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы №571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы » Жарлығы мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013жылғы 25 мамырдағы №516 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2013жылғы 22 мамырдағы №571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сай құрылды.
Холдинг міндетері шикізаттық емес секторды қаржылық-инвестициялық қолдау, ұлттық экономиканың тұрақты дамуы мен әртараптандыруды қамтамасыз ету, инвестициялар тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес мекемелеріндегі корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.
Холдинг даму институттары арқылы 2010–2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалдық-инновациялық дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы және сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» және «Қолжетімді тұрғынүй – 2020» бағдарламаларын жүзеге асыру жолымен мемлекеттің стратегиялық және әлеуметтік міндеттерін шешуге белсенді қатысады.
Холдингтің еншілес мекемелері активтерінің жиынтық құны 12 млрд АҚШ долларынан асады. Оның бір ғана акционері Қазақстан Республикасы Үкіметі болып табылады.
Корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкес Қордың Директорлар кеңесі жанында келесі Комитеттер құрылды:
- Аудит жөніндегі комитет;
- Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет;
- Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау комитеті.
Комитет жұмысының мақсаты «Даму» Қоры қызметінің жеке салаларын терең зерттеу және осы мәселелер бойынша Директорлар кеңесіне кеңес беру болып табылады.
Аудит жөніндегі комитет Директорлар кеңесіне Қордың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізудің тиімді жүйесін орнату, ішкі, сыртқы бақылау жүйелерінің тәуелсіздігі мен тиімділігіне және тәуекелдердің басқарылуына бақылау жүргізу, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуы бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет Директорлар кеңесіне Басқарма мен Директорлар кеңесінің құрамына жоғары білікті мамандарды тарту; Жалғыз акционерге, Директорлар кеңесіне берілетін сыйақыларды белгілеу және Директоралар кеңесіне, Басқарма мен Корпоративтік хатшыға берілетін сыйақыларды белгілеу туралы ұсыныс дайындау мәселелері бойынша кепілдеме әзірлеу және беру мақсатында құрылған.
Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау комитеті Қордың даму стратегиясын әзірлеу және оның іске асырылуына қатысты мәселелер бойынша кепілдеме мен ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ Директорлар кеңесіне «Даму» Қорының бюджетт-еу және дивидендтік саясат жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.