Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

Авторы Атауы Беттер саны Баспа орны Жылы Данасы
  Монографиялар, анықтамалық басылымдар, қосымша әдебиеттер        
Вейлл П. Искусство менеджмента.    
Кравченко А.И. История менеджмента.    
Мамыров Н.К. Менеджмент и рынок: казахстанская модель 432с. Алматы
Маслоу А. Маслоу о менеджменте.    
  Оқулықтар. Оқу құралы        
  050507 «Менеджмент» / Типтік бағдарлама    
Бердалиев К.Б. Менеджмент: Курс лекций 238с. Алматы
Бердалиев К. Менеджмент. Лекциялар курсы (каз) 240б. Алматы
Виханский О.С. и др. Практикум по курсу « Менеджмент».    
Веснин В.Р. Менеджмент в вопросах и ответах. Уч. пос.    
Герчикова И.Н. Менеджмент. Уч-к.    
Герасименко В.В. Основы менеджмента. Уч. пос.    
Глухов В.В. Основы менеджмента: учеб-справочн. пособие 327с. Спб.
Грязнова А.Г. и др. Основы менеджмента. Учеб. пособие.    
Друкер Питер Ф. Задачи менеджмента в 21 веке    
Егорова Т.И. Основы менеджмента: курс лекций    
Под ред. Д.В. Валового История менеджмента: учеб. пособие/ 256с. М.
Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. Уч.пос.    
Казанцев А.К. и др. Основы менеджмента. Практикум. Уч. Пос..    
Маковецкая Л.В. Основы менеджмента: метод. пособие 135с. Алм.
  Менеджмент негіздері: оқулық/К.Ғ. Ахметов и др. 519б. Ақтобе
Мескон М. и др. Основы менеджмента 702с. М.
Мескон М.Х. и др. Основы менеджмента.    
Нестеров П.М. Менеджмент региональной системы: Учебник    
Николайчук В. Маркетинг и менеджмент услуг    
Рахымбаев А.Б др. Менеджмент: оқу құралы    
Рахымбаев А.Б. ж/е т.б. Менеджмент: оқу құралы (СД)   Алм.
Сотников О. Менеджмент в переходный период    
Ступаков В.С. и др. Риск-менеджмент: Уч. пособие    
Трояновский В.М. Логика в менеджмент. Учеб. пособие.    
Хамитов Н.Н. Банковский менеджмент. Уч. пособие.    
Шаменов А.М. Менеджмент: Оқу құралы 227б. Алматы
Шарков Ф.И. Паблик Рилейн. Учеб. пособие.    

Глоссарий

Менеджмент жүйесінің талдауы - бұл кәсіпорынның өмірлік басқару жүйесі мен ұйымдастыру құрылымын зерттеу кезеңі, сонымен қатар, бәсекелестікте орын алу мақсатында жұмыстың қорытындысына белсенді түрде әсер ету болып табылады.

Көлденең байланыс- иерархияның түрлі деңгейлері арасында ақпаратпен алмасу.

Менеджменттің сыртқы ортасының жүйесі – бұл кәсіпорынның бәсекелестігі мен белсенділігіне, оның тұрақтылығына тікелей және жанама әсер ететін макроортаның құрамы, микроорта мен аймақтың инфрақұрылымына әсері.

Фирманың ішкі ақпараттық жүйесі - ұйымдастыру орталықтарының шешім қабылдауына қажетті ақпараттың ағым қызмет көрсететін жиынтығы. Ол нақты тасушылармен бекітілген ақпараттар мен байланыс каналдарынан және техникалық құралдардың көмегімен өңдеуден өткен ақпараттан тұрады.

Тік байланыс - иерархияның бірдей деңгейлері арасында ақпаратпен алмасу.

Іскерлік стратегия- холдинг пен корпорация құрамына кіретін фирмалар мен жеке кәсіпорын деңгейіндегі стратегия.

Мақсаттар ағымы- бұл құрылымды, мақсаттар жүйесінің жиынтығында, программаларда, жоспарларда көрсетілген басты мақсат («ағаш төбесі» ) , ағаш қатысты 1-ші, 2- ші және т.б деңгейлер (« ағаш төбесі» ) иерархиялық (деңгейлер бойынша бөлінген) принцип бойынша құрылған.

Имидж- қойылған мақсат бойынша өңдеп шығарылған және үгіттелген бейне.

Инновациялар - ғылым мен тәжірибенің жетістігіне байланысты техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және басқару аймақтарына жаңалықтар енгізу, сонымен қатар, бұл жаңалықтарды әртүрлі аймақтар мен орталарда қолдану.

Ақпаратты технология - ақпаратты техникалық тәсілдер мен әдістер кешені арқылы алу, сақтау, өңдеу және қолдану.

Байланыс кезеңі- бұл ойдарды қарастыру, ақпаратты кодтау, байланыс каналдарын талдау және ақпаратты жіберу, ақпаратты қайта кодтау, жауапты әзірлеу және жіберушіге ақпаратты қайта жіберу сияқты ақпараттық алмасу осындай бір-бірімен байланысты сатылардан тұрады.

Таңдау критериі - оптималды шешім қабылдау мен баламалы салыстырулар негізінде жүргізілетін көрсеткіш.

Лидерлік - ұйымның мақсаттарын белгілеп оған жетудің барлық жолдарын қолданатын, топ қызметін біріктіретін механизмдердің бірі.

Менеджмент - бұл басқару ғылымының жетістіктерін қолдана отырып, өндірісті және өндірістік персоналды бсқару құралдарының, әдістерінің, формаларының, принциптерінің жиынтығы. Менеджменттің негізгі мақсаты-өндіріс тиімділігін арттыру, кәсіпорынның ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану.

Миссия- ұйым қызметінің болашаққа бағдарланған мақсаты.

Ынталандыру - адамның ұйымда жемісті қызмет етуі үшін оның ынтасын тудыру мақсатындағы басқару функциясы.

Кері байланыс - қабылдаушының жіберушіден келген ақпаратқа реакциясы, коммуникациялық процестің тиімділігін арттыру құралы.

Оперативті басқару - бұл ағымды жаңалықтарды басқару. Оған оперативті жоспарлау, оперативті есеп, оперативті бақылау кіреді.

Өкілеттілік- жұмыскерлердің әрекеттерін анықтау мен ұйымның ресурстары қолдану құқығының шектеулігі.

Шешім қабылдау үрдісі – шешімді қабылдау мен оны жүзеге асыру, альтернативаларын жинақтау, жағдайды талдау мен ұйым мәселелерін шешуге бағытталған басқару субъектісінің сатылай іс-әрекеттері.

Кадрларды басқару жүйесі (персоналды басқару) – бұл кадрлық саясатты құру, кадрлардың штаттық - қызметтік құрылымын құру арқылы оларды басқару, реттеу және қызметін бағалау.

Қазіргі менеджмент - өндіріс пен басқаруды біріктіру арқылы кәсіпорынның ішкі және сыртқы байланысын көрсететін, адам ресурсын, өндірістің белсенді факторы ретінде және экономика дамуының тұрақты факторы ретінде қоршаған ортаны қорғауды талап етеді.

Басқару стилі - басқарушының қызметкерлермен қарым-қатынас жасау тәсілі, жұмыс міндеттемелерін орындау барысындағы қарым-қатынастар сипаты.

Стратегия - үкіметтің, аймақтардағы администрацияның өндірудегі кәсіпорынның әрекеттері, кірістер мен шығыстар, салық бюджеті, бағалар, капитал салу, әлеуметтік сақтау жоспарларын іске асырудың ұзақ мерзімді кезеңі.

Тактика- қазіргі жағдайға бағытталған салыстырмалы қысқа мерзімге арналған экономикалық әрекеттер тізбегі, экономикалық іс-әрекет.

Технократия - әлеуметтік- экономикалық факторларды және техникалық шешімдерді қабылдаудан туындайтын экономикалық салдарды ескермей, экономикалық құбылыстар мен процестерге техникалық тұрғыдан қарау.

Басқару технологиясы - басқару қызметінде шешім қабылдау үшін бір-бірімен қажетті операциялардың орындалу тізбегі.

Басқару- экономикалық субъектілер мен адамдарға саналы түрде тікелей әсер ету арқылы күтілген нәтижелерді алу мақсатында іс- әрекеттерді көзделген мақсатқа бағыттау.

Басқару шешімдері - ұйымның мақсаттарға жету жолында басшы қызметінің шегінде жүргізілетін альтернативті таңдау.

Басқару потенциалы – басқару жүйесі қолданатын барлық ресурстар жиынтығы.

ДӘРІС КЕШЕНІ

Наши рекомендации