Кейс жасау әдістемесі

Кейс дегеніміз нақты бір жағдайды бейнелеуді білдіреді. Мысалы: нақты бір факторлар мен жағдайларды сипаттау, автор жағынан ешқандай баға берілмейді, біржақты дұрыс шешімі жоқ.

Шығарма стильі рәсімделген, академиялық немесе қарапайым сөздер қолданысымен жасалуы тиіс. Кейстің құрылымы – уақытша, сюжетті, түсіндірме болып бөлінеді.

Кейс түрлері:

· Дәстүрлі «гарвардтық» кейстер;

· Түрлендірілген кейстер;

· Стратегиялық кейстер;

· Тактикалық кейстер;

Дәстүрлі «гарвардтық» кейстер дегеніміз компаниямен тығыз байланыста қызметшілік ету негізіндегі шынайы ақпараттар толық жинағы болып табылады. Нақты бір компаниянын нақты бір мәселесі бейнеленеді, мәселе мен онын шешімін нақты дәл сипаттау, бірақ, мәселе толық анықталмаған болуы мүмкін. Ақпараттар әртүрлі деңгейдегі менеджерлермен ұсынылады.

Кейсте қаржылық ақпараттар болғанымен, пайдалы қосымша ақпарат болмауы мүмкін, жанама сұрақтардың мазмұнысыз-ақ жалпы көлемі қомақты болады.

Тактикалық кейстерде – басты мақсат – студентті компания шаруашылығына квалификацияланған талдау жасауға үйрету. Негізгі мазмұны шаруашылықтың белгілі бір сферасының белгілі бір мәселесіне қатысты болады. Жалпы көлемі – 5-6 ұсыныстан тұратын 2 бет көлемінде. Сонымен қатар, қосымша ескертпелер бейнеленеді: сұрақтарға жауап беру кезінде жанама облыстарынан қосымша ақпараттар мен толықтырулар қажет.

Мұндай кейстің құрылымында компанияға қысқаша сипаттама келтіріп кету қажет. Шаруашылығының бөлек элементтеріне толық сипаттама (мысалы – жарнама, технологиялары, персоналды дайындау), сонымен қатар, талқылауға ұсынылатын сұрақтар көрсетіліп кетеді.

Стратегиялық кейстер – олардың негізгі мақсаты – логиканы дамыту, негізделген шешімдер қабылдауға, белгісіздік шарттарында талдау жасау негізінде стратегиялар өңдеп шығаруға үйрету. Негізгі мазмұны шаруашылықтың әртүрлі сфераларына қатысты болады. Жалпы көлемі 2-200 бет.

Кейстің бұл түрінің құрылымы мынадай:

- Басы – қызмет етуші тұлғалардың фамилиясы, аты, әкесінің аты, компаниянын жалпы сипаттамасы, уақытша параметрлері, қойылған мәселеге қызметкерлердің атынан әртүрлі жан-жақты көзқарастар.

- Негізгі бөлім – тарихы, сыртқы ортасы, ішкі ортасына кеңірек сипаттама.

- Қорытынды – мәселені шешуде немесе шешімдер қабылдаудағы мерзімділіктің жағдайын белгілейтін сценарий.

- Қосымшалар – тарихындағы негізгі даталар, ұйымдастырушылық схемасы, қаржылық есептерінен деректер, статистика, фотографиялық суреттер.

Оқытушы мұндай кейстерді жасау кезінде қоршаған орта өзгерістерін есепке ала отырып, әртүрлі сыртқы көздер ақпараттарын, әртүрлі нақта немесе ойлап табылған, мысалға алынған деректерді қолдана алады. Ақпарат өзіндік мәселеге қатысты және сонымен қатар, жалпыланған теориялық материалдардан құралуы қажет. Студенттер бұл жағдайда, сынды талдау жасайды және жеке дербес өз бетімен қосымша ақпараттық ізденіс жасауы қажет. Ақпарат көздері ретінде – кезеңдік басылымдардағы мақалалар, мамандандырылған және бизнес-конференциялардан алынған ақпараттар, студенттер мен түлектердің жеке байланыстары және т.б. бола алады.

Тәжірибе жүргізу барысында кейстерді талдаудын негізгі жолдары:

- Бастапқы саты – кейс материалына қысқаша шолу, басты сөздерді бөліп алу, «не болып жатыр?» жалпылама сұрақ қою, оқыған, алған ақпараттары туралы алған әсерлерін, болуы мүмкін өзгерістер, белгілі бір ойларға беретін келісімі немесе келіспеушілігі (қарсылығы) туралы сұрау және нәтижесінде оқытушы мен студенттер жалпылама қорытындылайды.

- Ілгеріленген оқыту сатысы – шаруашылық тәжірибесін зерттеу, терең талдау жасау, даму шарттары мен уақытша контексттерді есепке алу, таңба-белгілеріне көңіл бөлу. Сырттай бақылаушылардың көзқарасын бағалау, талдау кезінде статистикалық тәсілдерді қолдану, логикалық теректер құрастыру, сандарға сынды көзқараспен қарау, өзінің жеке өмірлік тәжірибесін қолдану, «Ал, егер, жағдай басқаша болса...?» дегендей сұрақтар қою.

- Сонымен қатар, кейстерді талдау кезінде оқытушы негізгі әдіс-тәсілдерді: қойылған сұрақтарды, сабақта меңгерілген тәжірибені, нақты сұрақтарды, жағдайлар тізбегін, ішкі және сыртқы аудит және т.б. қолдана алады.

Наши рекомендации