Ээээээээээээээээээээээээээээээ

Экономикалық категория ретіндегі қаржының мәні. Экономикалық қатынастармен анықталатын қоғамдық өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категория – бұл біркелкі экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің бір жағын сипаттайды және абстрактты, қорытынды түрде көрінеді; оларға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т.б. жатады.

Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының, өндірсітік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.

Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын қатынастарының өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша қатынастарын ғана біледіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін баса көрсетеді. Ақша қаржының іс әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша болмаса қаржының болуымүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал яғни үдемелі құн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп, ол ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.

Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейінде қоғамдық өнім құны қайта бөліну сан алуан процестері жүзеге асады. Бөлу процесі натуралдық заттай нысанда да - өндіріс құралдары мен тұтыну предметтерінің қорларын жасумен де, сондай – ақ ақша нысанында да – еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша қорларының қозғалысы арқылы да болып жатады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде оларды айрықша белгісі болып табылады.

Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.

Қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде-бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі – қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастарының өрісін тежеп отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны, міндетті сипаты, біржақты тәртіптегі құн қозғалысының баламсыздық сипаты экономикалық категория ретіндегі қаржының айрықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болады: қаржы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерге және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.

Экономикалық ресурстарды қайта бөлудегі мемлекеттің рөлі.Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптас-қан дәстүрлерге, сыртқы факторларға байланысты экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында көрінеді:

1) экономикалық дамудың қалыпты барысына мүмкіндік туғызатын құқықтық базаны анықтау;

2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекені қорғау;

3) табыстар мен байлықты қайта бөлу;

4) экономиканы тұрақтандыру;

5) ресурстарды қайта бөлу.

Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде «қаржы» категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшін­ші, төр­тін­ші және бе­сін­ші­ функцияларында көрінеді.

Рыноктық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айт-арлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) та-быстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жала-қыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады.

Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық конъюнктураның ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылу және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды кіріктіреді.

Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі­ жағ­даят­та ры-ноктық жүйенің жетілмегендігінен барып туады: 1) бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы;

2) ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғам-дық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу.

Бі­рін­ші ­жағ­даят­та ­­тауарлар мен қызметтер көрсетудің бір-қатарын өндіру немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып табылмайтын субъектілерде шы­ғын тудырады немесе пай­да келтіреді. Бұл құбылыс «жанама нәтиже-лер» немесе «құйылымдар» деп аталады және бұл шаруашылық үдерістердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтар-дың пай­да­ла­ры­ не­ме­се­ шы­ғын­да­ры болып табылады.

Құйы­лым­ шы­ғын­да­ры­на айналадағы ортаның ластануымен, шудың, тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өзде-рінің шығындарының бір бөлігін халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.

Құйы­лым­ пай­да­ла­рын:­білім беру, санитарлық-профилактика-лық шаралар, медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар тек рынок­тық ­сұ­ра­ным­ды қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және қызмет көрсетудің қа­жет­ті­ кө­ле­мін белгілейді. Бұл жағдаят мұндай қызметтер көрсетуге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін сипаттайды.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің ұғымы және сыныптамасы Мемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады. Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда – өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара қатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, өңірлік және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің дамуын керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады. Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады: 1.Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының әрекетін есепке алу. Қаржылық реттеу үдерісі қаржылық саясаттың субъективті түрде белгіленген бағыты және оны шаруашылықтық практикаға асыру механизмі бойынша өтетіндіктен, экономикалық заңдар мен оларға сәйкес келетін экономикалық категорияларда бейнелеп көрсетілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделері неғұрлым толығырақ ескерілсе, бұл саясат пен механизмнің шаралары солғұрлым шынайы әрі практика талаптарына жауап беретін болады. Ал олай болмаған күнде нақтылы экономикалық өмірде қаржылық механизмнің нысандары мен әдістерін күшпен алу реакциясы пайда бола бастайды. 2.Қоғамның барлық мүшелерінің түпкі мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.3.Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы. Басқарманың автократиялық нысаны шешімдердің волютаризмін,оларды қоғамның қабылдамауын және олардан айыруын, бұрмалама орындалуын, мемлекеттік құрылымдар жұмыстарының төмен тиімділігін: игіліктің сырт көрінісі кезінде қоғам тоқырауға ұшырайды, әлеуметтік-экономикалық мешеулікті және азғындауды тудырады.4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы. Сөздің кең мағынасында заңнамалық жүйе әсері оның заңнамада келісілген таза заңды жауапкершілік шегінен шығып кететін нормалар, соның ішінде шешімді атқару үшін билік құрылымдарының жауапкершіліктері үшін қоғамда «өнегелі климатты» қалыптастыруға мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни басқару сапасы, құзырлылық және басқарудың бүкіл иерархиялық құрылымындағы тәртіп ұйғарылады. Бұл қағиданы 3 тармақтағы тұжырымдалған алғышарттың әрекетінсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді. Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі(фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды

Экономиканы салықтық реттеу: мәні, қажеттілігі және алатын орны. Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай–ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуы мен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.
Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әр-бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көздері.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып табылады.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олар – дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.

Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалылығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:

пайда (алынған игіліктер) қағидаты;

„қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидаты.

Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Ал, оларға ғылыми көзқарас ХҮІІ-ХІХ ғасырларда пайда болды. Оған дәлелді теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти (1623-1687ж.ж.) „Салық пен жиынтық трактаты” – (1662ж), Д.Рикардо „Салық салу және саяси экономияның басталуы” – (1817ж.), А.Смит „Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу” – (1776ж.) А.Смит салық салудың төрт принциптерін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды.

1.Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға қатысады. Мемлекеттің қорғауымен қамқорлығын пйдалана отырып, қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады. Бұл ережені сақтау немесе сақтамау салық салудың тереңдігіне немесе тепе-теңдігіне ұрындырады.

2.Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салықтық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы дәрлік төлем төлеуші үшін анық әрі ашық болуы қажет және кез келген адамға да солай.

3.Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін ыңғайлы кезде барлығын төлейді.

4.Әрбір салық ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілгені дұрыс. Оның мемлекет қазынасына құйылуы, халық қалтасынан алғаны және ұстағаны мүмкіндігінше аздау болғаны жөн. Қазынаға құйылғаннан гөрі, салықты халық қатынасынан алу мен ұстаудың көп болуы да әбден мүмкін. Себебі, оны жинау шенедіктердің көп болуын талап етсе, оларға төленетін айлық сомасы салықтың мол мөлшері арқылы жүзеге асады.

А.Смит тікелей, жанбасы, жанама салықтар жүйесін және оларды қолданудың әлеуметтік – экономикалық салдарын барынша талдады.

Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ.

Салық салудың мынадай принциптері бар:

- салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады;

- салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.

Сонымен, салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.

Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.

Салықтардың экономикалық мәні мынада:

біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді.

екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.

Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері, экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер жазған. Мысалы, Ф.Аквиннский „Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны” ретінде анықтаса, салық салу теориясының негізін салушылардың бірі А.Смит „Салық төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі” деп тұжырымдаған.

„Салық” ұғымы әр түрлі әдебиеттерде әр түрлі қарастырылады. Негізінен көптеген экономикалық әдебиеттерде „салық” ұғымы бюджет қорына белгілі бір көлемде және белгілі бір уақытта түсетін міндетті төлем ретінде қарастырылады. [2]

Нарықтық эколномиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады.

Экономиканың дамуындағы салықтардың рөлі. Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.

Наши рекомендации