Орытынды мен Ұсыныстар

Племзавод «Куликовка»Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде іс-тәжірибемді атқара отырып мыналарды айтып кетсем деймін.

И.Қ Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде теориялық түрде алған білімімді іс-тәжірибеде қолдана отырып, бухгалтерияда бухгалтерияның жұмыстарын істедім және өз білімімді едәуір тереңдеттім деп ойлаймын.

Мен бухгалтерияда әр түрлі бастапқы құжаттармен жұмыс істей отырып, олармен таныстым. Мерзімді есепті құруға көмектестім және де әр түрлі бланкілерді толтырдым.

Кәсіпорын жұмысы Қазақстан Республикасының барлық заңдарына сәйкес реттеліп отырады. Қызметті ұйымдастыруда барлық жағдай қарастырылып, кәсіпорын табысына жағымды әсерін тигізеді. Барлық құжатнама қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Есептер жүргізу автоматтандырылған. Кәсіпорынның материалдық емес активтерінде бекітілген «1С: Предприятие» бағдарламасы бухгалтерияны жүргізуде қолайлы істер атқарады. Салық есептемелерін ЭФНО, ИСИД, ИНИС, НДС, СГДС бағдарламалары жүргізеді.

Племзавод «Куликовка»ЖШС-і қазіргі күнге барлық нормаларға сәйкес жұмыс атқарып жатыр. Яғни бюджетке, статистика басқармаларына салықтарды және есептілікті мерзімінде тапсырып, қазіргі күнге жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын талаптарды толығымен орындап жатыр. Салық басқармасына есептілікті жалпыға бірдей қолданылатын режиммен өткізеді. Салық органдарымен электронды есептілік туралы келісімі болғандықтан декларацияларды СГДС-клиент арқылы ұсынады.

Осы жұмыстың қортындысы ретінде талау материалдарына сүйене отырып төменгідей тұжырым жасауға болады:

1. ЖШС Племзавод «Куликовка»дағдарыс кезеңінде өзін өндірістік бірлік ретінде сақтап қала алды.

2. Кәсіпорын өзінің өндірістік қарқынын өсіре отырып кірістілгін арттырып отыр.

3. Кәсіпорын жылдан жылға өндірістік жылды пайдамен аяқтап отыр.

4. Кәсіпорынның одан ары дамуының перспективасы бар және нарық заманында өз орынын нықтай алады.

5. Кәсіпорынға жетіспейтін негізгі және айналымды құралдарды толтыру үшін сырттан қарыздық құралдармен инвестициялық қорларды белсенді түрде тарту керек.

Бухгалтерлік есепке тән Племзавод «Куликовка»ЖШС-детөмендегідей мәселелер де кездеседі:

1. Кәсіпорында жылма-жыл жасалатын есеп саясатын алдыңғы қатарлы тәжірибеге және Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттары талабына сай жетілдірілмеген.

2. Ұзақ және қысқа мерзімді активтердің айырмашылықтарын толық анықтап отыру мақсатында, бұларды экономикалық маңызына қарай классификациялық топтарға бөліп, әрбір жекелеген есеп обьектілері бойынша аналитикалық шоттар жоқ.

3. Ұзақ мерзімді активтер бухгалтерлік баланс құрылымында ең үлкен дәрежені құрайтындығына байланысты, бұлардың экономикалық жағынан тиімділігін талдау және алынған нәтижені қаржылық қорытынды есеп мәліметтерімен салыстырып отыру қажеттілігі бар.

Жоғарғы айтылған мәліметтерге сүйене отырып төменгідей ұсыныстар жасауға болады:

1. Тауарлық-материалдық құндылықтардың бей-берекет жұмсалмау үшін және сақталуын қамтамасыздандыру мақсатында бар материалдық, ақшалық қозғалыстарды қатаң қадағалап отыру.

2. Қойма шаруашылығын керекті жабдықтармен қамтамасыздандырып, ТМҚ-ы сақтау технологияларын қатаң ұстану.

3. Өндірістік қорлардың түсуі, жіберілуі мен өңделуіне ішкі бақылауды күшейту және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану керек.

4. Ақша құралдарын мақсатты және нәтижелі пайдалану үшін ішкі бақылауды жолға қою керек.

5. Жауапкершілікпен есеп тәртібін көтере түсу үшін қойма меңгерушілер мен басқада материалдық жауапкершілігі бар тұлғалардың күнделікті есеп беруін іске асыру керек.

6. Ай сайын жүйелі түрде мердігерлермен және жабдықтаушылармен салыстыру тексерулерді іске асырып, сонымен қатар дебиторлар мен кредиторлар арасындағы есеп айырысуды жолға қою керек.

7. Нормативтен жоғары қорлардан және жойылымы жоқ материалдардан құтылу үшін айналымдағы құралдар көлемін нормалап отыру керек.

8. Ұйымның сенім-хатымен жұмыс істейтін адамдар тізімін анықтап, қатаң есепке алу керек.

Бұдан басқа, кәсіпорынға жетістіктерге жету үшін басшылықтың алға қойған мақсаттарына қажетті мұқият түрде қаржы жоспарларын құрастыру процесін көрсететін бюджеттеу жүйесін енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, бюджеттеу кәсіпорынның әртүрлі бюджеттерін жүргізуді қамтамасыз ететін қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру технологиялары болып табылады. Ол бизнесті жоспарлауда, сондай-ақ қаржылық, бухгалтерлік, басқару және жедел есепке алуларда қолданыла алады.

Наши рекомендации