Тақырып 12. Кәсіпорын пайдасын және рентабельдігі
1. Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы
2. Кәсіпорынның пайдасы және оның түрлері
3. Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы
1Кәсіпорынның табысы – олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің келуі. Табыс ұғымы жалпы мемлекетте – ұлттық табыс, кәсіпорында – жалпы табыс, таза табыс және жеке тұлғаларда халықтың ақшалай табысы – жеке табысы болып қолданылады. Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім, тауарларды сату, қызмет көрсетуден түсетін түсім, атқарылған қызмет, мүлікті сатудан түсетін түсім, несие берілгендегі алынатын тиісті процестер проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады. Таза табыс ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады. Табыс алудың шарты бұл қоғамның пайдалы қызметі, сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Табыстың төмендегідей түрлері бар:
1. Жалпы табыс ж.т. – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомы. - өнім көлемі Б – баға
2.Орта табыс ОТ- жалпы табысты өнім мөлшеріне бөлу керек. ОТ=ЖТ/ өнім мөлшері
3. Шекті табыс – бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың көбеюі.
Шекті табыс әрбір қосымша өнім өлшемінің өтімділігін бағалауға мүмкіндік береді және өзіндік құнмен ұштаса отырып кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құнды бағыт ретінде қызмет етеді.
2. Таза пайда экономикалық маңызды және кез келген коммерциялық мекемелер қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып саналады.
Пайда – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріспен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Басқаша айтқанда, пайда – бұл өндіріс айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі және экономикалық көрсеткіші. Пайда: баланстық және есептік болып бөлінеді. Жалпы баланстық пайда мыналардан тұрады: -тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда. -тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда. -сатылудан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда: айыппұл, сыйлықтар және т.б.
Пайда төлемін анықтау тікелей есептеу және талдау әдістерімен жүргізіледі. Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: 1) өнім бағасы, 2) оны өндіруге кеткен шығындар
Нарықтағы өнім бағасы – сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңның әсерінен, өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы, өндірушінің не сатып алуының қалауынша болуы мүмкін емес, ол “автоматты түрде” теңеседі.
Пайданың түрлері және оны есептеу әдістері
1.Жалпы пайда ЖП=ЖТ-ӨШ 2.Экономикалық пайда ЭП=ЖТ-ЭШ 3.Бухгалтерлік пайда БП=ЖТ-БТ
4.Таза пайда = ЖП – салық, міндетті төлемдер 5.Шекті пайда = Шекті табыс – шекті шығын
Пайда өндірісті ұлғайтудың көзі болып табылады. Ресурстарды пайдалану деңгейін және оларды үйлестірудің тиімділігін сипаттайды және иновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандырады. Кәсіпорынның құрамындағы барлық пайда екі бөлікке бөлінеді: 1. Кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады 2. Тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды
3.Тиімділік – кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:
1) Кәсіпорынның өндірістік қорларының рентабелділігі. Кәсіпорынның тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналым қорларының құнына қатынасы. Тиімділік рентабельділік – Р
Рөқ=
НҚ – негізгі қор АҚ – айналымдық қор РӨҚ - өндірістік қордың рентабельділігі
2) Кәсіпорынның өнімнің рентабельділігі Кәсіпорынның тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнға қатынасы
РӨ= 100% Рө - өнім рентабелдігі ӨҚ - өзіндік құн
Кәсіпорынның пайдалылық мөлшерін мына төмендегі формуламен есептеуге болады
ПМ – пайдалық мөлшері Vө - өнім көлемі Б – баға ӨҚ - өзіндік құн
Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату