Су көлігімен жүктерді тасымалдауға қойылатын жеке санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
471. Тағамдық жүктерді тасымалдауға арналған үй-жайлар мынадай талаптарға сәйкес болады:
1) жүктерге арналған үй-жайлардың жабыны дезинфекциялық, дезинсекциялық және термиялық өңдеуге төзімді материалдан жасалады;
2) пайдалануға дайын тағамдарды (сүт, өсімдік майы) тасымалдауға арналған танкілер, цистерналар және басқа сыйымдылықтар тасымалданатын өнімге палубадан, көліктің түбі мен борттан су өтуін болдырмайтын су өткізбейтін материалдан дайындалады;
3) үй-жайда сұйық тамақ өнімдерін тиейтін, түсіретін шлангілерді, сондай-ақ танктер мен цистерналарды жууға және дезинфекциялауға арналған шлангілерді сақтайтын бөлімшелер (шкафтар, жабылатын жәшіктер) көзделеді;
4) тамақ өнімдеріне арналған үй-жайларға, өсімдік майын, шарапты, тағамдық спиртті тасымалдауға арналған танкілерге ауыз су сапасындағы суық және ыстық (+80 ОС-қа дейін) су жүргізіледі.
472. Кемедегі дүкендердің функционалдық үй-жайлары тағамдарды сақтайтын үй-жайды (қойманы), ыдыстар, тағам өнімдерін қабылдауға, дайындауға, өлшеп-орауға, жабдықтар мен ыдыстарды жууға арналған үй-жайларды, сауда залын қамтиды.
Функционалдық үй-жайлар мен жабдықтардың орналасуы тағамдарды өткізуде технологиялық үдерістің ағынын қамтамасыз етеді. Сауда залында бір сатушыға арналған жұмыс орнының ауданы кемінде 2 м2 құрайды. Сатушы сөресі тоңазытқыш-сөремен жабдықталады.
473. Уытты заттарды тасымалдайтын жүк бөлімдері (үй-жайлар) кеменің тұрғын, қоғамдық және тұрмыстық үй-жайларынан оқшауланады. Жүк бөлімдерінде ашық палубадан немесе жуынатын жерден кіретін санитариялық өткізгіш, арнайы киімдерді, газсыздандыратын және жуатын құралдарды, жеке қорғаныш құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар және оларды қолданғаннан кейін өңдейтін орын, ауаға шұғыл-талдау жасайтын аспаптарға арналған үй-жай болады.
474. Сұйық, газ тәрізді шаң туғызатын уытты жүктерді тасымалдауға арналған үй-жайлардың конструкциясы:
1) кеме үй-жайларының және атмосфералық ауаның тасымалдайтын жүкпен (оның буымен және шаңымен) ластануын болдырмауы;
2) үй-жайларды (трюмдерді, танктерді) жүктің қалдықтарынан тазартуға, сарқынды суларды шығаруға және кептіруге ыңғайлы болуы;
3) уытты затпен экипаж мүшелерінің, тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын докерлердің, тазарту жұмыстарын жүргізетін жұмыскерлердің жанасуын болдырмауы тиіс.
475. Сұйық уытты заттарды құйып тасымалдауда жүк танкілерін ауа шығаратын желдету құбырлардың биіктігі кеменің үй-жайларына ауаның кірмеуін қамтамасыз етуі тиіс.
476. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын кемелерде тасымалдауға рұқсат етілген қауіпті жүктер тізбесі көрсетілетін, көрсетілген жүктерді тасымалдауға жарамдылығына Кеме қатынасы тіркелімінің куәлігі болады. Кеме қатынасы тіркелімінің куәлігі жоқ кемелермен қауіпті жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.
477. Уытты және қауіпті жүктерді тасымалдау туралы ақпарат алғанда кеме әкімшілігі жүктің қасиеттерімен және негізгі сипаттамасымен танысады.
478. Экипаждың барлық мүшелері қауіпті жүктің қасиеттері мен қауіптілік деңгейі, таңбасы және оның орналасу орны, қауіпсіздік талаптары, жеке қорғаныш құралдары, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөнінде нұсқамадан өтеді.
479. Желдеткіш жүйелері, жабдықтар, жүк бөлмелері, жарықтандыру жарамсыз болған жағдайда, тасымалданатын жүкті бекіткіш, жеке қорғаныш құралдары, автономды демалу аппараттары, дәрі-дәрмек және газсыздандыру және дезактивациялау құралдары болмаған жағдайда уытты және қауіпті заттарды тасымалдауға жол берілмейді. Радиоактивті жүктерді тасымалдау кезінде радиациялық бақылау құралдарының болуы тексеріледі.
480. Кеменің қауіпті жүктерді тасымалдауға дайындығы жөнінде кеме журналына жазылады.
481. Қауіпті жүктерді кемеге тиеу соңында, ал түсіру бірінші кезекте жүргізіледі. Қауіпті және уытты жүктерді кемеге тиеу алдында және тиеу кезінде жұмысқа қатысы жоқ адамдар жұмыс жүргізу орнына жіберілмейді.
482. Тасымалдауға:
1) жүктің ағуы немесе шашылуы болған кезде жүк бірліктерін;
2) ағу белгілері болғанда;
3) қауіптілік белгілері мен таңбасы болмаса;
4) жүк бірлігін бекітуге арналған құрал-саймандар зақымданғанда;
5) жүк жөнелтуші көрсеткен көлік индексі сәйкес болмаса (7-сыныптағы қауіпті жүктер үшін) қабылдауға жол берілмейді.
483. Жүк бірліктерін тиеу барысында жүктің ағуы немесе шашылуы анықталғанда, ағу белгілері, жүк жіберушінің көрсеткен көлік индексінің сәйкес еместігі анықталса, тиеу жұмыстары тоқтатылады және кемеге, айлаққа дезактивация (газсыздандыру, дезинфекция) жұмыстары жүргізіледі.
484. Түсіру жұмысы аяқталғаннан кейін уытты және қауіпті жүктер тұрған үй-жайлар жүктің қалдығынан тазартылады.
485. Кемеге шаң шығаратын жүктерді (цемент, әк) тиеу шаң шығаруды азайтумен жүргізіледі, трюмдерді түсіру - пневматикалық және механикалық әдіспен жүргізіледі. Жүк тиеу кезінде қажет болса демалу органдарын қорғау үшін жеке қорғаныш құралдары қолданылады.
486. Ішкі суда жүзетін кемелерде мәйіттерді тасымалдау арнайы бөлінген үй-жайларда, металдан жасалған, бекітілген немесе ағаш табыттарда, шайыр жәшіктерде жүргізіледі. Сүйек салынған урналар жәшіктерде немесе басқа тиісті тарада тасымалданады.
487. Сұйық зат таситын кемелердің танкілері мен бөліктерінде барлық тазарту жұмыстары жағалаудағы немесе жылжымалы арнайы мамандандырылған тазалау станциялардың күшімен және құралдарымен жүргізіледі.
488. Тазартылатын танкілерде жылжымалы желдеткіш қондырғылары бар ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен қамтамсыз етіледі. Келетін ауа жұмыс орнына беріледі, ауаны шығару будың көп жиналатын жерінен жүргізіледі. Лас ауа кеме үй-жайларына түспеу үшін желдетілетін танктен ауаны тысқа шығару кеменің ең биік бөлігінен 1-2 м биіктікте жүргізіледі.
489. Жылжымалы желдету қондырғысы жұмыс басталғанға дейін 1,5-2 сағат бұрын және тазарту кезінде қосылуы қажет.
490. Тазарту жұмыстары кезеңінде танкілердегі температураға, ауаның ылғалдылығына және ондағы уытты заттардың болуына бақылау жүргізіледі. Берілетін ауаның көлемі жұмысшылардың демалу деңгейінде зиянды заттардың шоғырлануы осы Санитариялық қағидаларға 27-қосымшада көрсетілген деңгейде болуы тиіс.
491. Тазарту жұмыстарын сыртқы ауа температурасы +30 ОС-тан жоғары болған жағдайда және салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан асқан жағдайда жүргізуге жол берілмейді. Сырттан таза ауа беру тоқтатылған жағдайда тазарту жұмыстары тоқтатыла тұрады.
492. Уытты заттардың буымен қаныққан танкілерде және бөліктерде тазарту жұмыстарын жүргізген кезде жұмысшылар ауаны қарқынды беретін оқшаулағыш газтұтқыштарды пайдаланады. Трюмдерде жұмысшылардың жағдайын сыртқы бақылаусыз тазарту жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
493. Танкілерде жұмыс істеушілер сырқаттану (әлсіздік, жүрегі айну, басы айналу) сезімі байқалған жағдайда жұмысты тез тоқтатады және танкіден шығады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК