Сораптардың негiзгi және құрылымдық параметрлерi
Бұрғылау сорабы тағайындалуының көрсеткiштерi негiзгi параметрлермен анықталады. Негiзгi параметрлер ретінде жетектік қуат (Nп), пайдалы (гидравликалық) қуат (Nг), ең үлкен қысым (Pmax), ең үлкен беру (Qmax) алынады. Көрcетiлген параметрлер МЕСТ 6031-81 немесе техникалық шарттармен регламенттеледі. Мұнай мен газға геологиялық бақылау, құрылымдық-іздеу, пайдалану және терең іздеу бұрғылауларында жуу сұйығын ұңғымаға айдауға арналған поршеньді және плунжерлі сораптардың негізгі параметрлері 13.1-кестеде берілген. Осы жерде төмендегі формула бойынша анықталатын берудi реттеу диапазонының (R) мәндері де келтiрiлген:
, (13.6)
Көрcетiлген тәуелдiлiктi қолдануымен ең үлкен беру Qmin (ең үлкен қысым Pmax кезіндегі) және ең кiшi қысым (Pmin) (ең үлкен беру Qmax кезіндегі) анықталуы мүмкін:
. (13.7)
Сораптың гидравликалық (теориялық) қуаты берудi және дамытылатын қысымды шарттастырады және ол анықталады:
.
Сораптардың құрылымдық параметрлерi пайдалану талаптары және шарттары ескеріле негiзгi параметрлерiне сүйене анықталады.
Қазіргі кезде ұңғымаларды бұрғылауда екi жақты әрекетті жетекті екi цилиндрлi сораптар және бiр жақты әрекетті үш цилиндрлi сораптар қолданылады.
Екi цилиндрлi сораптарды шығару соңғы кезде олардың габариттерi және массасының ұлкендігінен, сонымен бiрге гидравликалық бөлiктiң түйiндерiнiң саны көптігінен айтарлықтай қысқартылды. Бұрғылаудың өскелең талап сәйкес келетiн сораптардың жаңа үлгiлерiнiң өндiрiсi игерілуде. Бұрғылау сораптарының құрылымын жетiлдiру гидравликалық бөлiгінің негізгі түйіндерінің сенiмдiлiгін, шыдам мерзімін арттыру, массасы мен габариттерін, күтім жасау, жөндеу және монтаждау еңбек сыйымдылықтарын азайту, сонымен бiрге пайдалану қауiпсiздiгін жоғарылату жолдарымен іске асырылуда.
13.1-кесте
МЕСТ 6031-81 бойынша бұрғылау сораптарының негізгі параметрлері
Параметрлер атауы | Өлшем бiрлiгi | Бұрғылау сораптарының сыныптары үшін параметрлер мәндерi | ||||||||||||||
15* | ||||||||||||||||
Жетек куаты | кВт | |||||||||||||||
Пайдалы куат, кем емес | кВт | |||||||||||||||
Ең үлкен беру | Дм3/с | - | ||||||||||||||
Ең жоғары қысым | МПа | 4.0 | 6.3 | - | ||||||||||||
Берiлiстi реттеу диапазоны | - | 1.4 | 1.7 | 2.2 | 2.9 | 2.9 | 3.0 | 3.0 | 2.3 | 3.0 | 2.4 | 2.4 | 1.9 | 1.9 | 1.5 | - |
Ескерту: * 15 сынып сораптарын жобалау кезінде ең үлкен беру және қысым тапсырыс берушінің бастапқы талаптарымен белгіленеді және есептеулермен нақтыланады.
Сайып келгенде, сораптың құрылымдық параметрлерi құрылымдық-кинематикалық сұлбасынан (цилиндрлер саны, бір цилиндрдің жұмыс камераларының саны, кiрiстiрiлген төмендеткіштің, түптік және бұлғақтық мойынтіректер, крейцкоф құрылымы типi), сонымен бiрге клапандардың орналасу сұлбасымен және құрылымымен анықталады. Құрылымдық параметрлерден басқа, цилиндрдің жұмыс көлемі, цилинд диаметрі, поршень жүрiсiнiң ұзындығы, бұлғақтың ұзындығы, клапан диаметрі сияқты, сандық параметрлері де анықталуы мүмкін.