Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.

Билет

Азақстан тас ғасырында

Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуіріндегі б.з.д. 800-140 мың жылдықтарға сәйкес келеді. Алғашқы адамдар Қаратау (Жамбыл, Шымкент обл.) жотасы мен Қарасу (Шымкент обл. Алғабас ауд.) тұрағында мекендеген. Ең көне тас құралдары оңт.Қаз.да табылды. 1958 ж оңт.Қаз.да тас ғасыры адамның тұрақтарын тапқан ғалым археолог ғалым Алпысбаев болатын. Ерте полеолитке Шабақты, Бөріқазған тұрақтары жатады. Алғашқы адамдардың айналысқан істері: тау үңгірлері, үңгіме қуыстар, тау шатқалдары т.б. Адамдардың табиғаттың қаталдығына қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етті, топтасып өмір сүрді. Олар пайдаланған тас құралдары мыналар: кварцит, обсидан, тақтас, шақпақтас. Орта палеолит дәуірінде ертедегі адамның одан әрі өсіп дамуымен, мәдени дамуының жаңа кезеңге көтерілуімен ерекшеленеді. Осы дәуірдің адамдары неандертальдықтар д.а. Антропологиялық келбеті: мойыны қысқа келеді, тістері ірі болады, сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып топтасып аулаған. Басты ерекшеліктерінің бірі – шақпақ тастан от шығаруды үйренді. Діни наным сенім қалыптаса бастады. Тас өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары, негізінен, нуклеустан жасалды. Бұл кезеңнің археологиялық ескерткіштері оңт.Қаз.ның Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрғынынан табылған. Сондай ақ, Уалиханов атындағы тұрақ жатады.

Орта палеолит дәуірінің ескерткіштері:Оң.Қ: Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ, Тоқалы , Қызылрыспек, Үшбұла. Орт.Қ: Обалысай мұзбел, өгізтау, Үлкен ақмая. Б.Қ: өніжекк , аққыр, Қүмақаж.

Ш.Қ: Бөдене , Қызылсу.

Кейінгі палеолит ескеткіштері.О.Қ: Ащысай, Үсіктас, . Орт. Қ: Батпақ, Батпақ , Қарабас, Агренсор. Б.Қ: Аққыр , Шақпақата, Өніжек. Ш.Қ: Свинчатка, Шульбинка, пещеры, новоникольский, Қанай.

Мезолит дәуірінің ескерткіштері:Солт. Қ: Мичурин, Боголюбов, Явленко, телман, Виоградовка, Дачная, Евгенивка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, екібастұз. Орт.Қ:Әкімбек, Қарағанды. Неолит дәуірінің ескерткіштері:

Арал маңы: Сексеуіл, Арал тұраұтар тобы, Ақеспе.

Оңт.Қ: Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ.

Ш.Қ: Нарым, Қызылсу, сатшықсыз. Солт.Қ: Қаратомар, Иман бұлақ, дамсы, ботай. Б.Қ: Тоқсанбай, Сам, Көктүбек, Жағалбұлақ, Темір, Шандыауыл, сарықамыс. Орт. Қ: Қосқұдық, Ырғыз, Қараторғай, Батпақ. Солт.Батыс.Қазақстан: Явленко, Карлуга, Боголюбов, Виноградовка, Тельман, Мақанжар, тұздыкөл, Дүзбай, Аманкелді.

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.

Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы бостандығы , егемендігі үшін арнады . Шоқан Уәлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларды қазақтың ерлік заманы болып саналады деп жазған еді. Абылайдың шын аты – Әбілмансұр. 1711 жылы әкесі көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бүл кезен қазақ халқы ушін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Өытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды , алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да , 22де батыр, қолбасшы ретінде танылады.

Қытай мен Ресей дипломатиялық , сауда қарым қатынастарын орнатып , кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың басын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санауға мәжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін , жерінің тұтастығын сақтап қалды.

ХVIII ғ 50 жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа ұшырап , әлсіреп , ыдырай бастады. Бірақ Абылай ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Өытай империясымен Қазақ елінің арасында қалқан рөлін атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге әкеліп соғатынын Абылай жақсы тқсінген. Сондықтан да ол қалқам халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін қолдады. Бірақ, қалмақтар ауыз бірліктен айырылды, соның нәтижесінде 1756-57жж Цынь империясы Жоңғар мемлекетін жойып халқын қырып тынды. ХVIIIғ орта кезінен бастап Абылай қазақ елінін ерікті, іргелі біртұтас ел болуын ата қонысына жайғасып , бейбіт еңбек етуін қалады. Ол елді отырықшылыққа көшіруді , уш жүздің басын қосуды, туңан отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Абылай хандық құрған кезде ханның жанында кеңес болған. Оған барлық жұздердің өкілдері қатысып, маңызды мәселелерді қарайтын және де бүкілқазақтық құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім , қоныс пен жайылым, дау мен дамай , басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым қатынас мәселелері қарастырылып отырды.

Абылай ханның алға ұстаған сачсаты , мақсаты- қазақ халқының бостандығы мен бірлігі , мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді. Алайда ол дуниеге салғаннан кейін қазақ мемлекеті кайта бөлшектеніп ыдырай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Оны іске асыру әр түрлі жолдармен іске асты, яғни іскери шеп бекіністер салу , қазақ жерін тартып алу , хандық билікті жою, рухани отарлау және т.б

3 1928ж. Қ-нда тұңғыш педагогика институты ашылды. 1931-32 жж. Орал және Қызылорда пединституттары ашылды. 1925-32жж. ішінде педтехникумдар саны 14-тен 29-ға жетіп, оларда 4821 оқушы оқыды. 1931ж. наурызында Алматы медицина институты, 1934 ж. ҚазМУ ашылды. Оралда, Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер институты ашылды. ҰОС қарасаңында Қ-нда 20 ЖОО, 118 орта арнаулы оқу орны жұмыс істеп, оларда 40 мыңдай адам оқыды. Орта оқу орындары кен, қаржы, мұнай, ауыл шаруашылық техникумдары болды.

20-30 жж. – Қ-н ғылымының қалыптасқан кезеңі. Қ-нды зерттеу қоғамы (1920ж.құрылған) өлкенің тарихын, географиясын, этнографиясын, экономикасын зерттеудің және жаратылыстану ғылымының орталығы болды. Қоғамның жұмыстарына Асфендияров, Затаевич, Диваев, Жұбанов, Байтұрсынов, Аймауытов, Жолдыбаев, Чулошников, Якубовский белсене қатысты.

КСРО ҒА-ның кешенді эскпедициялары бүкіл Қ-н тер-нда статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, археологиялық және т.б. көптеген зертеулер жүргізді.

Бұл жылдардағы мәлени мұра арсында қазақ әдебиеті ерекше орын алды. Оның бастауында Сейфуллин, Байтұрсынов, Аймауытов, Дулатов, Жұмабаев, Майлин, Жансүгіров, Мұқанов, Мүсірепов тұрды.

1913ж. М.Жұмабаевтың «Шолпан» атты жинағы шықты. Мағжанның эпикалық мазмұнда жазылған «Батыр Баян», «Ертегі», «Қойлыбайдың қобызы», «Жүсіпхан» атты дастандарында халқымыздың т-хындағы белесті оқиғалар, біртуар қайраткерлер жырланды. Сейфуллиннің «Көкшетау», Мұқановтың «Сұлушаш», И.Байзақовтың «Құралай сұлу» сияқты үздік шығармалары қазақ кеңестік әдебиеіне қосылды. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы қазақтардың 1916 ж. көтеріліске, Қазан төңкерісіне, азамат соғысына қатысуларын, осыған байланысты оқиғаларды сипаттайды. Қазақ прозасы Б.Майлиннің «Қартқожа», Аймауытовтың «Қартқожа», С. Мұқановтың «Жұмбақ жалау», С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ. Мұстафиннің «Өмір және өлім» сияқты көркем шығармаларымен толықты.

Қазақ драматургиясы жанрында да зор табыстарға қол жетті. Әуезовтың «Айман-Шолпан», «Түнгі сарын», Б.Майлиннің «Жалбыр», Ғ. Мүсіреповтың «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», Ж. Аймауытовтың «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» жіне т.б. дүниеге келді.

М. Әуезов театр саласын дамытты. Затаевич 1925ж. «Қазақ халқының 1000 әні», 1931ж. «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтиар жариялады. 20-жылдардың ортасында Әміре Қашаубаев өзінің бұлбұл дауысымен бүкіл Еуропаны таңғалтты.

1926 ж. қаңтар айында Қызылордада тұңғыш кәсіби театр ашылды. 1933ж. Алматыда ұйғыр, 1937ж. Қызылордада корей театры ашылды.

30 жылдары «Востоккино» тресінің Аламты бөлімшесі көптеген деректі фильмдер түсіріп, 1938 ж. «Амангелдні» тсірді.

1934 ж. қазақ мем-к музыка театры ашылды. «Айман-Шолпан» алғашқы қойылым болды. 1934ж. Құрманғазы оркестрі құрылды. 1934ж. қазақ филормониясы құрылды.

Хлудов пен Қастеев қазақтың бейнелеу өнерін өрге сүйреді. Бұл кезде көптеген м-т үйлері, кітапханалар, клубтар ашылды

Билет

Наши рекомендации