Бап. Параға коммерциялық сатып алу

1. Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамга ақшаны, багалы қагаздарды немесе өзге мүлікті заңсыз беру, сол сияңты оның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ парага сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделеріне қызметі бойынша жалпы қамқорлыгы немесе салғырттыгы үшін оган мүліктік сипаттагы қызметтерді заңсыз көрсету -

2. Бірнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен не ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер -

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган не аса ірі

мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –

4. Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларый орындайтын адамның ақшаны, бағалы қағаздарды, басқа да мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерінде қызметі бойынша жалпы қамқорлыгы немесе салгырттыгы үшін мүліктік сипаттагы көрсетілетін қызметтерді пайдалануы -

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса;

2) бірнеше рет жасалса;

3) қорқытып алумен ұштасса;

4) ірі мөлшерде жасалса -

6. Осы баптың төртінші немесе бесінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса немесе олар аса ірі мөлшерде жасалса -

Ескертулер.

1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол құқық қорғау орга-нына немесе арнаулы мемлекеттік органға параға сатып алушылықтуралы өз еркімен хабар-ласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

2. Бұрын жасалған заңцы әрекеттер үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті беру немесе алу, мүліктік сипатта қызметтер көрсету немесе мұндай көрсетілетін қызметтерді сыйлық немесе сыйақы ретінде пайдалану, егер мүліктің немесе көрсетілетін қызметтердің қуны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса, онша маңызды болмауына байла-нысты қылмыс болып табылмайды және тәртіптік немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 253-бабында мүлдем жаңа екі жеке қылмыс туралы көрсетілген. Оның біріншісі 253-баптың 1-тармағында көрсетілген қүрам - сатып алу (пара беру), ал екіншісі осы баптың 3-тармағында көрсетілген қүрам - сатылу (пара алу) болып табылады. Қылмыстық кодекстің 253-бабының бірінші бөлігінде: «коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамға ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге мүлікті заңсыз беру, сол сияқты оның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделеріне қызметі бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін оған мүліктік сипаттағы іфізметтерді заңсыз көрсету - коммерциялық сатып алу (пара беру)» деп белгіленген.

Қылмыстық құқық бүзушылықтың тікелей объектісі Қазақстан Республикасы Заңдарына жэне іод»ылтайшы құжаттарға сай келетін коммерциялық және өзге де үііымдардың басқару аппаратының бірқалыпта қызметі болып табылады. Коммерция-лық жэне өзге де үйымдардың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 250-бабына талдау жасағанда толық түсінік берілген. Коммерциялық сатып алу (253-баптың 1-тармағы) қылмыстық құқық бұзушылықтың затына ақша бағалы қағаз, басқа мүлік, сондай-ақ мүліктік сипаттағы қызметтер жатады.

Объективтік жағынан сатып алу (пара беру) - коммерциялық немесе өзге үйымда басқару қызметтерін атқаратын адамға ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлік беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүдцесінде пайдалану үшін оған мүліктік сипаттағы заңсыз қызмет көрсету арқылы сипатталады. Осыған орай коммерциялық сатып алу (пара беру) құрамы болу үшін: біріншіден, қылмыстың заты материалдық игіліктер (ақша, бағалы қағаз, басқа мүлік), сондай-ақ мүліктік сипаттағы басқадай қызмет көрсетулер (пэтерін, үйін, көлігін, саяжайын, автотүрағын, тағы басқа мүлкін тегін жалға беру, банктерде оның атына есепшот ашу, т.б.) нақты орын алуы керек; екіншіден, осы көрсетілген қылмыс заттары коммерциялық жэне өзге де ұйымдардың басқару қызметін атқаратын адамдарына берілуі қажет; үшіншіден, Бұл заттар оны алушының өзінің қызмет бабын пайдалана отырып осы заттарды берушінің пайдасына белгілі бір әрекеттерді (эрекетсіздіктерді) жасауы үшін алынуы қажет; төртіншіден, осы заттарды беруші мен осындай заңсыз сыйақыны алушының эрекеттері өзара келісілген, белгілі бір нэтижеге жету үшін жүзеге асырылуы керек.

Егер коммерциялық сатып алу келісілмей жүзеге асырылса, онда кінэлінің эрекеті істің нақты жағдайларына карай — парамен коммерциялык сатып алуға арандату (417-бап) ретінде саралануы мүмкін.

Қылмыстық құқық бүзушылық формальдық қү_рамға жатады. Қылмыстық құқық бұзушылық заңсыз сыйақының бір бөлігін берген уақыттан бастап-ақ аяқталған деп сана-лады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың аяқталған деп тану үшін заңсыз сыйақы алған субъектінің оның пайдасына белгілі бір эрекетті (әрекетсіздікті) істеуі шарт емес. Егер кінэлінің ырқына байланыссыз себептермен мүлдай сыйақы беру жүзеге аспай қалса, онда кінэлінің эрекеті коммерциялық сатып алуға оқталғандық (ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы, 253-баптың 1-тармағы) болып табылады.

Қылмыстық қүдық бүзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жэне арнаулы мақсатпен жасалады. Кінэлі адам коммерциялық жэне өзге де ұйымның лауа-зымды адамын сатып алу арқылы өзінің пайдасына белгілі бір эрекетті (эрекетсіздікті) істететінін сезеді жэне жүзеге асыруды тілейді.

Қылмыстық қүқьщ бұзушылықтың субъектісі - кез келген есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің 252-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген: олар бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байла-суы бойынша немесе ірі мөлшерде жасаған эрекеттер. Бірнеше рет істелген қылмыстың түсінігі — Қылмыстық кодекстің 12-бабында, ал адамдар тобының алдын ала сөз байла-суы немесе үйымдасқан топпен жасаған қылмыс түсінігі тиісінше Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2, 3-тармақтарында берілген.

Қылмыстық кодекстің 3-бабының 38-бөлігінде 253-бапта бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы кағаздардан, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың қү_ны ірі мөлшерден белгіленген.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстык топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған іс-эрекеттер үшін қылмыстық жауаптылықтың ауыр түрі көрсетілген. Қылмыс топ түсінігі ҚК-тің 3-бабының 24-тармағында, ал аса ірі мөлшер үйымы ҚК-тің 3-бөлімінің 3-бөлігінде берілген.

Онда ҚК-тің 254-бабында аса ірі мөлшер көлемі - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздар мүлік құны деп көрсетілген.

Қылмыстық кодекстің 253-бабының 4-тармағында: «коммерциялық немесе өзге де үйымда басқару функцияларын орындайтын адамның ақшаны, бағалы қағаздарды, басқа да мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерінде қызметі бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшш мүліктік сипатгағы көрсетшетш қызметтерді паи-далануы — үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген». Яғни Бұл жерде коммерциялық сатылу (пара алу) туралы сөз болып отыр.

Объективтік жағынан коммерциялық сатылу (пара алу) қүрамы бірнеше балама эрекеттерден қүралады: Коммерциялық немесе өзге ү_йымды басқару қызметін атқаратын адамның заңсыз ақша, бағалы қағаз, басқа мүлік алуы; кінэлінің өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесіне пайдалану үшін мүліктік сипатта көрсетілген қызметті пай-далануы. Яғни Қылмыстық кодекстің 253-бабының 4-тармағында көрсетілген қылмыс құрамы орын алуы үшін мынадай белгілердің болуы: 1) сатып алудың заты болып ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлік, сондай-ақ мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулер сана-лады; 2) осы көрсетілген заттар мен қызмет көрсетулерді коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметін атқаратын адамдардың қабылдауы; 3) заңсыз алынған заттар мен қызмет көрсеткені үшін кінэлінің өзінің қызмет бабын сатып алушының мүддесіне пайдаланып белгілі бір эрекеттерді немесе әрекетсіздіктерді істеуі немесе істемеуі; 4) заңсыз сыйақыны (параны) алушы мен берушінің арасында өзара келісушілік сипат болуы шарт.

Қүрылысы жағынан Қылмыстық кодекстің 253-бабының 4-тармағында көрсетілген қылмыстық қүқық бұзушылық формальдық құрамға жатады.

Қылмыстық қү_қық бұзушылық коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметін атқаратын адамның заңсыз сыйақыны немесе қызмет көрсетудің бір бөлігін қабьшдаған сэттен бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстық қүқық бұзушылық субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жаса-лады. Кінэлі адам заңсыз сыйақыны қабылдаудың қоғамға қауіптілігін сезеді, бірақ соны қабылдап отырып сыйақы берушінің пайдасына өз қызмет бабын заңға кереғар пайда-ланып белгілі бір эрекеттерді немесе эрекетсіздіктерді істеуді тілейді жэне соны жүзеге асырады.

Қылмыстың (253-баптың 4-тармағы) субъектісі - арнаулы, тек қана коммерциялық немесе өзге ұйымды басқару қызметін атқаратын адам.

Қылмыстық кодекстің 253-бабының 5-тармағында талданып отырған қылмыс құрамының (253-баптың 4-тармағы) ауырлататын түрлері көрсетілген. Олар: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; бірнеше рет; ірі мөлшерде жасаған; қорқытып алумен байланысты жасалған эрекеттер.

Адамдар тобының алдын ала сөз байласуының түсінігі Қылмыстық кодекстің 31 -бабының 2-тармақтарында көрсетілген. Бұл жерде айта кететін бір мэселе, көрсетілген осы топтың мүшелері болып тек қана коммерциялық немесе өзге ү_йымда басқару қызметін атқаратын адамдар ғана танылады.

Бірнеше рет істелген қылмыстың түсінігі ҚК-тің 12-бабында көрсетілген. Қорқытып алумен байланысты эрекеттерге кінэлінің заңсыз сыйақыны, соны берушіні қиын жағдайларға қалдырып немесе олардың занды қүдықтары мен мүдделеріне тікелей зиян келтіру қаупін көрінеу туғыза отырып талап етулері жатады.

Осы баптың төртінші немесе бесінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар-ды қылмыстық топ жасаса немесе олар аса ірі мөлшерде жасалса - жауаптылық ҚК-тің 213-бабының 6-бөлігінде көзделген қылмыстық топ жэне аса ірі мөлшер жаңа ҚК-тің 3-бабының тармақтарында көрсетілген.

Қылмыстық кодекстің 253-бабының бірінші ескертуінде осы баптың бірінші жэне екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға сатып алушылық туралы өз еркімен хабарласа, қылмыстык жауаптылықтан босатылады делінген. Ал осы баптың екінші ескертуіне сэйкес бұрын жасалған занды эрекеттер үшін алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда мүлікті беру немесе алу, мүліктік сипаттағы қызметтер көрсету немесе мұндай қызметтерді сыйлық немесе сыйақы ретінде пайдала-ну, егер мүліктің немесе қызметтердің қү_ны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса, онша маңызды болмауы себепті қылмыс болып табылмайды жэне тэртіптік неме-се экімшілік ретпен қудаланады».

Наши рекомендации