Неркәсіп және қаржы саласындағы күйзеліс жағдай
Өнеркәсіптегі және қаржы саласындағы күйзелісті жағдайды, 1918 жылдың көктемі мен жазындағы аса ауыр азық-түлік тапшылығын, сондай-ақ енді басталған Азамат соғысын алға тартып, большевиктер ақталуға, тіпті өздері қалаған тауарсыз утопиясын жүзеге асыру жөніндегі экспериментін барынша ұтымды түсіндіруге тырысты. Ол бойынша коммунистік өндіріс пен болу деп аталатын принципке тікелей көшу жағдайы қарастырылды. Мұндай саясат «әскери коммунизм» деп аталды. Осы идеологияның ауқымында нарық пен тауар-ақша қатынастарын толықтай тұншықтыру, экономикалық институттар мен ынталандыру тетіктерін экономикадан тыс директивалық-болу жүйесімен ауыстыру, өндіріс пен бөлуді орталықтандыру көзделінді. Қарапайым тілмен айтқанда, мұның өзі экономикалық өмірді толықтай билік қыспағында ұстауды, оның барлық саласына бірдей қатаң мемлекеттік бақылау орнатуды, социалистік теңгермешілік әдістін еңгізілуін білдіреді.
Мұндай саясат, экономикалық организмді сауықтыруға тіпті де ықпал ете алған жоқ, еңбек тиімділігін көтеруге емес, қайта оны құлдыратуға жеткізді, онсыз да соғыс жылдарының ауыртпалығымен күйі қашқан өндірісті онан әрі аздырып-тоздырды. 1920 жылғы өнеркәсіп санағының деректері бойынша Қазақстанда 891 кәсіпорын жұмыс істемеді, жұмысшылардын жылдық саны 1913 жылғы 20 мыңнан 1920 жылы 8 мыңға дейін азайды.[5].
Ауыл шаруашылығында «әскери коммунизм» саясатының жиынтық бейнесі ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың салғырттық жүйесі түрінде көрініс тапты. Азық-түлік салғырты жөніндегі большевиктік науқанды селолық кедейлер комитеттері (кедейлер комитеттерінің саны Қазақстанда онша көп болған жоқ) мен шаруалар өндірген өнімдерді (ең бастысы, астықты) «революция пайдасына» күштеп жинап алатын қарулы жұмысшылар отрядтары жүргізді.
Астыққа мемлекеттік монополия мен салғырт ісі Қазақстанда 1920 жылдан бастап кең көлемде жүзеге асырылды. Осы жылдың басында салғырт (ет салымы) әдісі мал шаруашылығында да кеңінен қолданыла бастады.
Мәселен, 1921 жылы Батыс Қазақстанның Орал және Бөкей губернияларында салғырткқа қатысты азық-түлік дайындау органдарының шаруалардың қолындағы малын тартып алуы 120 және 112%-ды құрады.[6]. Бұл жоғарғы көрсеткіш партия органдарының осы фактілер туралы берген есептерінде айтылғандай, тіпті де «малшылардың революциялық құштарлығымен» емес, «пролетариат өкілдерінің» революциялық қыспағымен түсіндіріледі.[7].
Егін өсіретін шаруашылықтардан астық бір дән де қалдырылмастан түгелімен тәркіленді. 1920 жылы мамыр айының ортасында азық-түлік комитеттері азық-түлік диктатурасын орнату, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау мен оны бөлуге мемлекет монополиясын орнату туралы жасырын партиялық нұсқау алды.
Шаруаның көктемгі тұқым себу науқаны аяқталысымен, РКФСР үкіметі декрет шығарды (1920 жылғы 20 маусымда), сол декретке сәйкес Сібірдің және Қазақстанның соған шектес азык-түлік салғырты. 1920-шы жылдар аумақтарындағы астық өсіру шілері әскери тәртіппен астық бастыруға және «артық» астықтарының барлығын тапсыруға міндеттелді.
Осы нұсқау бойынша 1920-1921 жылдардағы азық-түлік дайындау науқанында Сібірдегі аудандардан 110 млн пұт көлемінде азықтық жем алынды, онын 35 млн пұты, яғни үштен бірінен астамы Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарының мойнына түсті. Және бұл 1920 жылғы астықтың өнімділігі айтарлықтай төмен болған кезде жүзеге асырылды.[8].
«Әскери бұйрықты» орындауға Халық Комиссарлары Кеңесі Кәсіподақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесіне (ВЦСПС) қарасты Әскери азық-түлік бюросының 6 мың азық-түлік отрядтарын, 9,3 мың азық-түлік дайындау армияшыларын, Орталық Ресейдің, Мәскеудің, Петроградтың, өнеркәсіпті Оралдың ашыққан губернияларының 20 мың жұмысшылар мен шаруаларды жіберді. Сонымен бірге «пролетариат өкілдеріне» мынадай нұсқау берілді: «Артық астығы бар және оны астық құю пункттеріне тасып апармаған барлық адамдар халық жаулары деп жарияланып, Революциялық сотқа берілсін және кемінде 10 жыл түрмеге отырғызылсын, бүкіл мүлкі тәркіленіп, қоғамнан біржолата қуылсын...» (В.И. Ленин).[9].
Батыс Қазақстанда да ақылға сыймайтын тапсырмалар белгіленді. Астық шығып жарытпаған Орал губерниясында 1920 жылы салғырт бойынша 1,5 млн пұт астық тартып алынды, соның салдарынан мұнда азық-түлік тұтыну тапшылығы 2—2,5 млн пұтқа жетті.[10]. Қазақстанның барлық аймағындағы жағдай осындай еді. Елдің әр түрлі өңірлеріндегі азық-түлік жағдайы туралы жазбасында Лениннің Қазақстанға сілтеме жасай отырып: «Астық шаруалардан түгелімен сыпырылып алынды. Түк қалған жоқ...» деуі тегін емес. Рас, бұл арада ... көсем сұрақ белгісін қояды, шамасы күдіктеніп, мүмкін ұраларды тағы бір сүзіп шығуға болмас па екен деді ме екен?
Соғыс жылдарының салдары, осы кезеңге тап келген табиғат ауыртпалығы (құрғақшылық және т.б.) және ұтымсыз экономикалық саясат ауыл шаруашылығында жаппай сипаттағы қирап, құлдырау үрдісін тудырды.
Егіс алқабы 1914 жылмен 1922 жыл аралығында 2 еседен астамға (3,6 млн десятинадан 1,6 млн десятинаға дейін) қысқарды, астықтың жалпы өнімі 3 еседен астам азайды.[11].
Мал шаруашылығы саласы да өте ауыр жағдайда қалды. 1914 жылдан 1922 жылға дейін ірі қара малдың саны 2,1 млн басқа, жылқы 2 млн басқа, қой-ешкі 6,5 млн басқа дерлік және түйе 300 экономикалық салдары күйзеліске ұшыраған Батыс Қазақстан (Орынбор губерниясы, Ақтөбе облысы, Бөкей Ордасы) өңірі мен Ақмола облысының бір бөлігін де апатты азық-түлік жағдайына әкеп соқтырды. Бұл өңірлерде eric алқабы 1917 жыл мен 1921 жыл аралығында 55%-ға дейін қысқарды (бір шаруашылықта орта есеппен 5,5 десятинадан 2,7 десятинаға дейін). Өірде азық-түлік тұтыну тапшылығы 10,7 млн пұтты құрады. 1,4 млн адам аштықтан қырылу шегіне жетті.[12]. Аш адамдарға көмек көрсетудің қолға алынуына қарамастан (тек америкалық АРА көмек ұйымының өзі Батыс Қазақстанда көптеген адамдарды, ең алдымен балаларды құтқарып қалды, оларға асханалар мен жүрек жалғайтын пункттер ашты) осындай төбе құйқанды шымырлататын апаттан мыңдаған, тіпті он мыңдаған адам құтыла алмады.
29(Қазақ АКСР, Қазақстан) (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan, қаз. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.[1].
Азақ (Қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономилы қазақ республикасы.
Республика орталығы — Орынбор қаласы.
Тарихы
1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды.
ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қантардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді.
Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті.
ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды.
1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды.
1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды.
1925 жылдың сәуірінде республиканын орысша атауы Киргизкая АССР-дан Казакская АССР болып өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді.
31***1921-22 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихына қаралы да, жаралы жыл болып енді. Алайда бұл жылдардағы ашаршылық мәселесі тархымызда толықтай ашылып айтылған емес. Кеңес басшылары халық басынан өткен ашаршылық зардаптарын жасырып қалды.
1921-22 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстан экономикасы біршама тоқырауға ұшырады. Әсіресе, Орталық, Батыс облыстар, атап айтқанда, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары, Адай уезі ашаршылық тырнағына ілініп, осының салдарынан мыңдаған адамдар аш-жалаңаш қалды.
1921 жылғы аптап ыстық және қара шегірткенің қаптауы егістік пен шөпті толықтай жойды. «Қызыл Қазақстан журналында бұл жөнінде: «Астықтың жоқтығынан малдың көбі пышаққа ілініп, біразы жұтқа ұшырап, құруға айналды. Астық тұқымы тағы да жоқ. Егіннің шықпай қалуы да, мал өсіруші шаруаға көп зиянын келтіріп отыр, - деп жазды.
Ашаршылықтың шығу себебі біріншіден, азамат соғысы кезінде халық шаруашылығының күйзелуінен, екіншіден, егіс пен мал шаруашылығының кері кетуінен деп түсіндірілді. Шындығында, да азамат соғысы қазақ шаруашылығына көп зиянын тигізді. Мыңдаған гектар жерлерге егін себілмеді. Халық бидай алу үшін малдарын айырбастауға мәжбүр болды жнемесе сойып сатты. Бұл мал басының азаюына алып келді. Оның үстіне 1921 жылғы аптап ыстықтан малға азық боларлық шөп күйіп кетті.
1920 жылы егіс көлемі 20 %-ға, ал мал басы 67 %-ға, ал 1921 жылы егіс көлемі 47 %-ға, мал 83 %-ға азайған. Бұл көрсеткіш 1922 ж. бірнеше есеге көбейді.