Шетелдегі деликт мәселесі
Швейцарияның халықаралық жеке құқық туралы заңында келесі ережелер қаралады: егер зиян келтіруші мен жәбірленушінің тұрақты тұрғылықты жерлері бір мемлекетте болса, онда зиян келтіруге байланысты талаптар осы мемлекеттің құқығымен реттеледі. Егер олардың тұрғылықты жерлері ортақ болмаса, онда рұқсат етілмеген әрекет орын алған мемлекеттің құқығы қолданылады. Егер әрекеттің салдары басқа мемлекетте пайда болса сол мемлекеттің құқығы қолданылады.
Деликттік міндеттемелерге қатысты Қытай Халық Республикасында құқыққа қарсы әрекет жүзеге асырылған орынның заңы қолданылады. Егер зиян келтірушінің азаматтығы мен жәбірленушінің азаматтығы бірдей болса немесе олар бір мемлекетте тұратын болса, онда екі жақтың азаматтығын алған елдің заңы немесе әрекет жасаған орынның заңы қолданылуы мүмкін. Егер әрекет ҚХР аумағынан тыс жерде өтсе, онда құқыққа қарсы ретінде, ҚХР заңымен қаралмайды, ол деликтік міндеттеменің туындауына негіз бола алмайды.
Ағылшын-американдық құқыққа қатысты, онда АҚШ-тың практикасы қашан да кеңінен қолданылған деликттің жүзеге асқан орны ережесін жіберген: АҚШ-тың коллизиялық құқығының екінші жинағы негізгі байлам есебінде, анағұрлым маңызды байланыспен деликтік құқықтық қатынасы бар заңды қолданады.
Деликт жүзеге асқан орнының заңы немесе басқа қандай заң туралы мәселені – құқық қатынасқа ондай байланысына қарай таңдауды сот шешеді.
Шетелдік социалистік мемлекеттердің заңнамалары деликтік міндеттемелердің коллизиондық мәселелерін шешу барысында деликт жузеге асқан орынның заңына жүгінеді. Польшада мысалы, деликттің жүзеге асырылған орны деп қай жерде фактілік- міндеттеменің негізі жасалды, сол жер қаралады.
Венгрияның халықаралық жеке құқық туралы заңы келесі ережелерді белгілейді: 1. келісімнен тыс келтірілген зиян үшін жауапкершілік, егер аталған заңмен басқаша қарастырылмаса, онда зиян келтіруші адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі жүргізілген орында және уақытта қолданыста болған заң қолданылады;
2. егер ол жәбірленушіге анағұрлым тиімді болса, онда зиян келтірілген аумақтағы мемлекеттің заңы басшылыққа алынады;
3. егер зиян келтірушінің және жәбірленушінің тұрғылықты жерлері бір мемлекетте болса, онда сол мемлекеттің заңын қолдану керек;
4. егер заң бойынша зиянды туғызған адамның әрекет жасаған немесе әрекетсіздігінің орны, жауапкершілігінің шарты кінә болып табылса. Венгрияда, ереже бойынша зиян тудырған әрекеттің жасалған орнында және уақытында қолданылған заң, анықтаушы заң болып табылады немесе жәбірленушінің мүддесі үшін зиян туындаған аумаққа қатысты мемлекеттің құқығы қолданылуы мүмкін. Чехословакияда екі критериилердің де альтернативті қолданылуына рұқсат етіледі. Деликтік міндеттемелердің зиян келтірілген орындағы заңға бағынуы туралы жалпы ережелер социалистік елдердің жекелеген заңдылықтармен белгіленген жағдайлармен басқа критериилерді қолдануды жоққа швғарылмайды.
Деликттік қатынастарды реттейтін кейбір халықаралық конвенциялар.
Деликтті қатынастар аясындағы халықаралық келісімдер. Деликтті қатынастар аясында көптеген халықаралық конвенциялар қабылданған. Оларға: 1952ж әуеде шетелдік әуе кемелерімен үшінші тұдғаларға залал келтіру туралы конвенция; 1962ж ядролық кеме қолданушылардың жауаптылығы туралы Брюссель конвенциясы.; 1969ж мұнаймен ластаудан туындайтын залалға азаматтық жауаптылық туралы конвенция; 1963ж ядролық залал үшін жауаптылық туралы конвенция; 1971ж автокқліктік оқиғаларға қолданылатын құқық туралы Гаага конвенциясы; 1973ж дайындаушының жауаптылығына қолданылатын құқық туралы Гаага конвенциясы; ядролық энергия аясында үшінші тарап алдында жауаптылық туралы Париж конвенциясы; 1990ж темір жол, автокөлік және ішкі су кқлігі арқылы қауіпті жүктерді тасымалдау барысында келтірілетін зиян үшін азаматтық жауаптылық туралы конвенция; 1991ж халықаралық саудадағы көліктік терминал қолданушылардың жауаптылығы туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясы.
Пысықтау сауалдары:
1. Осы деликттік қатынастар бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында тараптардың еркіндік заңы коллизиялық нормасы (Lex voluntatis) көзделген бе?
2. Деликтті қатынастарда шетелдік элемент қандай сапада орын алуы мүмкін?
3. Неге зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелер келісімнен тыс міндеттемелер категориясына жатады?