Азақстан Республикасында инвестицияларды мемлекеттік материалдық қолдау: мақсаты, түрлері, ұсыну тәртібі және шарттары.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты экономиканы дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуалын қалыптастыру, жаңа заманғы технологиялар, қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру мен қоршаған ортаны қорғау негізінде жаңа кәсіпорындарды құру немесе жұмыс істеп тұрғандарды кеңейту мен жаңарту үшін инвестицияларды тартуды ынталандыру.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференцияларды ұсыну болып табылады. Инвестициялық преференциялар ҚР-ның заңнамасына сәйкес инвестициялық жобаларды немесе стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын ҚР-ның заңды тұлғаларына беріледі. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау ҚР Үкіметі бекіткен уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Инвестициялар бойынша уәкілетті орган – ҚР Үкіметімен бекітілген инвестициялық проференцияларды ұсыну бойынша шешім қабылдайтын және олардың жүзеге асырылуына бақылау жасайтын мемлекеттік орган. Өзінің қызмет ету шеңберінде жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган ҚР Үкіметімен бекітілген тәртіппен ҚР-ның заңды мен жеке тұлғалары болып саналатын тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, кеңес берушілер мен сарапшыларды тартуға құқығы бар.
Уәкілетті органның қызметі ҚР Үкіметі бекіткен тәртіппен реттеледі.
«Инвестициялар туралы» ҚР Заңына сәйкес уәкілетті органмен келісімшарт жасау арқылы келесі преференциялар беріледі:
1.кеден төлемдерінен босату;
2. мемлекеттік заттай гранттар.
Инвестициялық преференциялар инвестициялық жобаны жүзеге асыратын ҚР-ның заңды тұлғасымен келісімшарт жасау негізінде беріледі.
Инвестициялық преференциялар келесі шарттарда беріледі:
1. қарастырылып отырған инвестициялық қызметтің бекітілген тізілімге сәйкес болуы;
2. инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін инвестордың қаржылық, техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндігін растайтын құжаттарды ұсыну;
3. инвестициялық преференцияларды алу өтініші уәкілетті органмен келесі құжаттарды ұсыну негізінде тіркеледі:
a) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы нотариалды куәландырылған куәліктің көшірмесі;
b) заңды тұлғаның статистикалық картасының нотариалды куәландырылған куәліктің көшірмесі;
c) заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған куәліктің көшірмесі;
d) уәкілетті органдардың талаптарына сәйкес құрастырылған инвестициялық жобаның бизнес-жобасы;
e) инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезінде қолданылған, тіркелген активтерді сатып алуға кеткен шығындар мен құрылыс-монтаж жұмыстарының сметасын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
f) инвестициялық жобаның қаржыландыру көздері мен кепілдемелерін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі; қаржыландыру ішкі көздер есебінен жүргізілген жағдайда оларды растайтын құжаттарды ұсыну;
g) ҚР-ң заңды тұлғасымен берілген өтініші бойынша мемлекеттік заттай гранттардың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттар;
h) өтініш берілген тоқсанның бірінші күніне арналған бухгалтерлік баланс;
i) міндетті зейнетақы, әлеуметтік жарналары бойынша салық органдарының анықтамасы.
Инвестициялық жобаны іске асыру кезінде қолданылатын құрал-жабдықтар мен оларға ілеспелі бөлшектерді импорттаған кезде кеден төлемдерінен босатылады.
Кеден төлемдерінен кедісімшарт бойынша бекітілген мерзімге босатылады, бірақ келісімшарт тіркелген уақыттан 5 жылдан аспауы тиіс.
Мемлекеттік заттай гранттар – инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін ҚР-ның заңды тұлғасына белгілі бір мерзімге қайтарылмайтын негізде пайдалануға берілетін мемлекеттің меншігі болып табылатын мүлік немесе жер участкесі. Мемлекеттік заттай гранттар заңмен белгіленген тәртіпте келісімшартқа уақытша пайдалануға немесе меншікке берумен байланысты инвестициялық міндеттемелерді орындау үшін уәкілетті органға мемлекеттік және жергілікті органдарының келісімі негізінде беріледі.
Мемлекеттік заттай гранттар ретінде: жер участкелері, ғимараттар,құрылыстар, көліктер мен құрал-жабдықтар, есептеу техникасы, өндіріс және шаруашылық құралдары, транспорттық құралдар беріледі.
Мемлекеттік заттай гранттың максималды өлшемі ҚР-ң заңды тұлғасының тіркелген активтеріне салынған инвестиция көлемінің 30 пайызынан аспауы тиіс.
Инвестициялықпреференцияларды алу өтініші уәкілетті органға қарастырылуға жіберіледі. Ол бекітілген тәртіпке сәйкес инвестициялық преференцияларды ұсыну туралы шешім қабылдап, өтініш берушіге өтінішті тіркеген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде оны жазбаша түрде жібереді. Уәкілетті орган инвестициялық преференцияларды ұсыну туралы шешім қабылдаған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде моделді келісімшарттың талаптарын ескере отырып келісімшартқа қол қою үшін оны әзірлейді. Келісімшарт оған қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органда тіркеледі және тіркелген сәттен бастап заңды күшіне енеді.
Келісімшарт талаптарының сақталуын бақылау уәкілетті органмен келесі жағдайларда жүргізіледі:
1) камералдық бақылау – ұсынылған құжаттардың есеп берулерін талдау мен зерделеу негізінде уәкілетті органмен жүргізілетін бақылау:
• бағдарлама бойынша жұмыстардың атқарылуы туралы кезеңаралық есеп беру;
• бағдарлама бойынша сатып алынған тіркелген активтерді қоса алғандағы бағдарлама жұмысының орындалуы туралы жылдық есеп беру;
• тіркелген активтерді іске қосуын растайтын құжат;
• аудиторлық есеп берумен расталатын бағдарламаның орындалуы туралы жылдық есеп беру;
• аудиторлық есеп берумен расталатын инвестициялық қызмет нәтижелері бойынша кіріс пен шығындар туралы есеп беру.
2) келісімшарт талаптары мен бағдарламаның атқарылуы туралы құжаттарды қарастыру.
Лизинг инвестицияны ортамерзімді қаржыландыру әдісі ретінде. Лизинг инвестицияны орта мерзімді қаржыландыру әдісі ретінде және оның Қазақстанда даму перспективалары
Лизинг- бүгінгі күні үлкен масштабты капитал салымдарын кез келген өндірістің материалдық-техникалық базасын дамытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі қаржы құралдарының бірі болып табылады. Лизинг – бұл мүлікті уақытша иелік етуге және пайдалануға, ұзақ мерзімді жалға алуы негізіндегі экономикалық қатынастардың жүйесі. Басқа жағынан, лизинг – заңды және жеке тұлғаларға мүлікті белгілі уақыт аралығында және төлем негізінде лизинг алушының сатып алу құқығы келісім-шартпен қарастырылған инвестициялық қызметтің түрі. Лизингтік келісім шарт – лизинг беруші белгілі бір мүлікті сатып алып, кәсіпкерлік мақсаты үшін лизинг алушыға уақытша пайдалануға беру шарты. Лизингтің келісім шартында лизинг беруші сатып алынатын
мүлікті өз таңдауы бойынша алатынын ескеруі мүмкін. Лизингтік қызмет – мүлікті алып және оны лизингке беретін инвестициялық қызметтің түрі. Лизингтік мәміле – лизинг беруші, лизинг алушы және лизинг затының сатушысы аралығында лизинг келісім шартының іске асуы үшін қажетті келісім шарттарының жиынтығы.
Лизингтік қатынастардың тікелей субъекттері мыналар болып табылады:
1.Лизинг беруші – лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайында және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса. Егер лизинг беруші лизингтік шартта көрсетілген мүлікті алушыға уақытында тапсырылмаған жағдайда жалгер келісім шартты бұзуды және залалды өтеуді талап етуге құқылы.
2. Лизинг алушы – заңды немесе жеке тұлға лизингтік келісім шартқа сәйкес бекітілген мерзімге нақты төлем негізінде лизинг затын уақытша иелік етуге және пайдалануға міндетті тұлға.
3. Сатушы (жабдықтаушы) – сатып алу –сату келісім шартына сәйкес лизинг алушысы соңғысына лизинг затын белгіленген мерзімде сататын заңды немесе жеке тұлға.
ҚР-ның қолданыстағы «қаржы лизингі туралы» заңымен лизингтің келесі негізгі формалары және түрлері реттеледі.
1. Лизингтің формалары:
1.ішкі лизинг. Ішкі лизингті жүзеге асыру кезінде лизинг беруші және лизинг алушы ҚР-ның резиденттері болып табылады;
2.халықаралық лизинг. Халықаралық лизингті жүзеге асыру кезінде лизинг беруші неме,се лизинг алушы ҚР-ң резиденті емесі болып табылады.
2. Лизингтің түрлері:
1) қайтарымды лизинг (леверидж немесе қайтарымды жалдау) – тікелей қаржы лизингінің дербес жағдайы – сатушы лизинг затын, лизинг берушіге осы затты лизинг алушы шартымен сататын лизингтің бір түрі. Бұл жағдайда сатушы мен лизинг алушы бір заңды тұлға болып табылады. Сатушы салық салынатын пайданы төмендететіп және салықтың төлеуін кейінге қалдыру арқылы «салық эффектісін» құрайтын, өндіріс шығындарымен қоса лизингтік төлемдерді өз әріптесіне төлейді;
2)екінші лизинг - лизинг шартын тоқтату немесе бұзу жағдайында, лизинг берушінің меншігінде қалған затты басқа лизинг алушыға лизингке берген лизингтің бір түрі;
3) лизинг беруші банк болатын, банктік лизинг;
4) толық лизинг – лизинг затының техникалық қызмет көрсетуі және оның ағымдағы жөндеуі лизинг берушілермен іске асатын лизингтің бір түрі;
5) сублизинг – лизинг алушының үшінші тұлғаларға кәсіпкерлік мақсаттары үшін уақытша иелік етуге және пайдалануға бұрынғы лизинг беруші келісімшарты негізінде, лизинг затын сублизинг келісімшарттарымен беретін лизингтің бір түрі;
6) таза лизинг - лизинг затының техникалық қызмет көрсетуі және оның ағымдағы жөндеуі лизинг алушыларымен іске асатын лизингтің бір түрі.
Ішкі лизинг қатысушылары:
1. Тікелей лизинг бұл кезде мүлік иесі (жабдықтаушы) объектіні лизингке өзі береді (екіжақты мәміле).
2. Жанама лизинг бұд кезде мүлікті лизингке беру делдал арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда үш жақты мәміле жүзеге асады.
Қаржылық лизинг – серіктестердің арасындағы келісім мерзімінің ішінде құрал-жабдықтың амортизациясының толық немесе оның көп бөлігін, лизинг берушінің қосымша шығындары мен пайдасын жабатын лизингтік төлемдерді төлеуді көрсететін өзара қарым-қатынастарды білдіреді.
Лизингтік келісім шартта келесі мәліметтер болуы керек:
• Лизингтің затының дәл сипаттамасы;
• Иелік етуге берілетін мүліктің көлемі туралы мәлімет;
• Лизинг затын беру реті мен орнының нұсқауы;
• Лизинг келісімшартының мерзімі туралы мәлімет;
• Лизинг затының баланстық есепке алу әдістемесі туралы мәлімет;
• Лизинг затын пайдалану және жөндеу туралы мәлімет;
• Лизинг келісімшартының жалпы сомасы және лизинг берушінің сыйақы көлемі;
• Есеп айырысу тәртібі туралы мәлімет.
Лизинг алушы лизингтік келісімшарттарға сәйкес міндетті: лизингтің затын келесі пайдалануы үшін қабылдау; лизинг берушіге инвестициялық шығындардың орнын толтыру және көрсетілген қызметі үшін сыйақы төлеу; лизинг келісім шарты аяқталған кезде лизинг затын қайтарып беру немесе сатып алу-сату келісім шарты негізінде мүлікті өз меншігіне алу; лизингтік келісім шарттан шығатын басқа міндеттемелерді орындау.
Лизинг сатушы үшін келесі перспективаларды ашады:
1. тұтынушылардың жанраманы, нарықтың зерттелуі, іздестіруіне шығандардың төмендеуі үшін алғышарттар жасалады. Бұл қызметтерді лизинг беруші жасайды, жасап шығарушы өз назарын тікелей машиналар және жабдықтар шығарылымында шоғырландыра алады.
2. жасап шығарушы лизинг берушіні тапсырыстың барлық құнын төлеуге дайын, тұрақты және сенімді әріптес табады;
3. меншікті немесе қарыз қаражаттарының жетіспеушілігінен экономикалық мүдделерінен тыс өндірушілерді өзінің тұтынушылар қатарына кіргізу мүмкіндігі;
4. жабдықты немесе машинаны дұрыс қолданбау немесе жеткілікті техникалық қызмет көрсетпеу салдарынан сынып қалған лизинг затын тұтынушы атынан лизинг берушіге наразылық білдіру;
Бүгінгі күні лизингтік компаниялардың негізгі 6 түрін бөліп көрсетуге болады:
1. Екінші деңгейлі банктердің қатысуымен құрылған лизингтік компаниялар – көбіне,клиенттер тобына лизингтік қызметтің барлық түрін ұсына отырып, банктің өз клиенттеріне жоғары сапалы қызмет көрсетеді;
2. Өндірістік немесе салалық белгі бойынша құрылған лизингтік компания – белгілі бір салада жұмыс істейтін кәсіпорындарға қызмет көрсетеді.Тәжірибеде лизингтік дамуы үшін мына салалар қажетті болып табылады: ауыл шаруашылық, құрылыс, күрделі машина құрылысы;
3. Жартылай коммерциялық лизингтік компаниялар – лизинг операцияларын жүргізу үшін лицензия алып, мемлекеттік және муниципалды органдар бюджетінен қаржыланады. Мемлекеттік және муниципалды органдардың құрған лизингтік компаниялар, лизингті клиенттердің белгіленген және мәміленің орындалуын қатал бағыттайтын типімен жұмыс істейді;
4. Сауда-өнеркәсіптік палаталарының құрамына кіретін лизингтік компаниялар және банкпен, өндіріспен, мемлекеттік ресурстармен тікелей байланысы жоқ лизингтік компаниялар. Әдеттегідей, бұл компаниялар үлкен көлемде жабдықтауды алу мүмкіндігі бар корпоративті клиенттерді тарту үшін құрылады;
5. Құралдардың жабдықтаушысы - шетел фирмалары автокөлік құралдарын және технологияларды, жүк тасымалдаушы көліктерді, кей жағдайларда баспа құралдарын тасымалдайтын жабдықтаушылар Олар лизингті өз тауарын өткізу құралы ретінде қолданады;
6. Халықаралық лизингтік компаниялар отандық лизинг компанияларына қарағанда, батыстың жабдық өндщірушілер мен жабдықтаушылардан арзан несие ресурстарын алуы мүмкін.