Сақтандыру нарығының мәні мен функциялары

Қаржы нарығының ең маңызды салаларының бірі — сақтан­дыру нарығы. Сақтандыру дегеніміз – екі жақ тәуекелге бара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруға келісімін береді. Сақтандыру адамдарды түрліше қауіп-қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғаудың бұрыннан келе жатқан әдісі. XVІІІ ғасырдың ортасына таман мүліктер мен жеке бас­тарды сақтандырудың 100-ден аса түрін жүзеге асырып үлгірген көптеген кәсіпқой сақтандыру қоғамдар пайда болды.

Әлеуметтік-экономикалық кеңістік болып табылатын сақ­тандыру нарығында сақтандыру қызметін қажет ететін сақтан­дырылушылар, олардың талаптарын қанағаттандырушы сақтан­дырушылар (сақтандыру компаниялары), сақтандырушы сарап­шылар мен сақтандыру инфрақұрылымдарының ұйымдары (консалтингілік фирмалар және т.б.) әрекет етеді. Оны құрудың негізіне күтпеген жағдайларда қолайсыздыққа ұшырағандарға ақшалай жәрдем көрсетудің ұдайлығын үздіксіз қамтамасыз етіп отыру қажеттігі жатады.

Сақтандыру нарығы сақтандырушы мен сақтандырушының арасына тығыз байланыс орната отырып, сақтандырудың нәти­жесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастардың жиын­тығын қамтиды. Бұл нарықта сақтандыру қызметін жалпылама танып-білу жүзеге асырылады да, оның өмір сүруі­нің негізгі экономикалық заңдары ретінде құн заңы мен сұраныс және ұсыныс заңдары алынады. Сақтандыру нарығы тауар шаруа­шылығы қалыптасуының барысында құрылатындықтан екеуінің де пайда болуының шарты ретінде еңбектің қоғамдық бөлінуі мен түрліше жекеменшік иелері – ерекшеленген тауар өндіру­шілердің болатындығы есептелінеді. Бұл нарық нарықтық қатынас субъектілерінің дербестігін, сақтандыру қызметіндегі сатып алу-сатуға байланысты серіктестіктің тепе-теңдігін қарас­тырады.

Сақтандырудың мән-мағынасына қарай отырып, сақтандыру нарығының мына төмендегідей негізгі міндеттерін бөліп көр­сеткен дұрыс: - реттеуші – нарық, барша басқалар сияқты мемлекет тарапынан реттеліп отырады;- коммерциялық – сақтандыру операцияларын жүзеге асы­рудан түсетін табыстарды қамтамасыз етеді;- бағалық – компанияның сақтандыру қызметінің бағасын белгілеуді қамтамасыз етеді;- сенімділік функциясы – сақтандыру операциялары қо­лайсыз, тағы басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді.

Сақтандырудың мына төмендегідей түрлері бар:

1. Салалық белгісі бойынша:- өмірді сақтандыру нарығы (бұған, сондай-ақ, ұзақ мер­зімді сақтандырудың барлық түрлері: зейнетақы, ден­саулық сақтау, некелесу, аннуитет және басқалар да жатады);- мүліктерді сақтандыру нарығы;- жауапкершілікті сақтандыру нарығы;- бақытсыздық жағдайлардан сақтандыру нарығы;

2. Ауқымдық жағынан:- ұлттық;- аймақтық; - халықаралық.

3. Сақтандыру индустриясының ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне байланысты: - мемлекеттік сақтандыру; - акционерлік қоғамдар жүргізетін сақтандыру; - сәйкес сақтандыру қорларын құрайтын өзара сақтандыру.

4. Жүзеге асырылу түрлері бойынша:- міндетті; - өз еркімен.

5. Объектілері бойынша:- жеке; - мүліктік.

Міндетті түрде – заңдылық актілердің талап ету күшіне сай жүзеге асырылатын сақтандыру. Азаматтық өмірін немесе денсаулығын ешқандай заңдылық актілерімен, келісім­сөздермен сақтандыруға күштеп мәжбүр етуге жол жоқ. Мін­детті түрдегі сақтандыру ерікті түрдегі сияқты келісім негізінде жүзеге асырылады. Міндетті түрдегі сақтандыру келісімі сақ­тандырушымен сақтандырудың нақты осы түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда ғана жасалады.

Ерікті түрде – екі жақ бірдей ерік білдірген жағдайыда жасалатын сақтандыру. Заңға қай­шы келмейтін кез келген азаматтық мүдде немесе заңды тұлғаның мүддесі сақтандырудың объектісі болып табылады. Міндетті түрдегі сақтандырудың ерік бойынша сақтандырудан айырма­шылығы – келісімінің мерзімі шектеулі болып келетіндігінде, сақтандыру жарналарын төлегенде ғана жүзеге асырылатындығында.

Міндетті түрдегі мен ерікті түрдегі сақтандырудың үйлесім­ділік табуы қоғамдық өндіріс пен халықтың сақтану жағынан қорғалуы қамтамасыз ететін жүйе құруға мүмкіндік береді. Өйткені сақтандыру әрекеті қандай болған жағдайда да көптеген жандардың мүддесін қорғайды.

Жеке сақтандыру. Азаматтардың өмірі, денсаулығы мен еңбекке жарамдылығы жеке сақтандырудың объектілері болып табылады. Мүліктік сақтандыруды өздеріне тиесілі немесе жалға алған меншіктеріне тікелей немесе жанамалай зиян келтірмеу мақсатымен жекеле­ген адамдар мен шаруашылық субъектілері жүргізеді. Мүліктік сақ­тандырудың объектілері болып жер бетіндегі, әуедегі және су көлігі, жүктер мен басқа да мүліктер, сондай-ақ, қаржылық тәуелділік саналады.

Мемлекеттік сақтандыру жағдайында сақтандырушы мемлекеттік ұйым болып есептелінеді де, ол заңдар арқылы реттелініп отырады. Ол сақтандырудың барлық түрлеріне мем­лекеттің бүтіндей үстемділігі болғанда, мемлекеттің сақтан­дырудың тек жекелеген түрлеріне үстемдігі болғанда немесе сақтандырылуға ешқандай да мемлекеттік үстемділік болмаған жағдайларда жүзеге асырыла береді. Қазір ТМД елдерінде сақтандырудың даму барысы өзінің шегіне жетуге жақын. Мы­салы, Ресейде бюджет тарапынан әскерлерді, мили­ция қызмет­керлерін, салық инспекциясы мен полицияны, прокурорларды, соттарды апаттан құтқарушыларды, ядролық қондырғылардың қызметкерлерін, ғарышкерлерді, депутаттарды, донорлар мен басқа да санаттардың қызметкерлерін міндетті түрде мемле­кеттік тұрғыдан сақтандыру жүзеге асырылуда. Ресей Федера­циясының 1991 жылдың 28 маусымдағы N1499-1 РФ азамат­тарын медициналық тұрғыдан сақтандыру Заңы бойынша мемле­кеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жататын міндетті түрде медициналық сақтандырылу енгізілген.

Акционерлік сақтандыру – жеке байлығы аз құрылтайшыларға ақшалай ре­сурстарды өздеріне тарту арқылы сақтандыру операцияларын жүргізуді тездетуге мүмкіндік беретін акциялар бойынша өзінің жарғылық капиталын құрайтын акционерлік қоғамдар сақтандыру қызметінің сақтандырушылары ретінде танылатын түрі. Бұл жағдайда ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамда­р, жауапкершілігі шектеулі серіктестік бастапқы капиталды құраудың тәртібіне сәйкес ажыратылады. АҚ-ның мұндай түрлері бүкіләлемдік іс-тәжірибиеде бар. Қазақстанда акционерлік қоғам түрінде сақтандыру ұйымын құру заңмен анықталған.

Өзара сақтандыру – өзара көмек беруді қамтамасыз етуге бастайтын қауіпсіздікті сақтаудың түрі. Бұл ретте сақтандыры­лушы сақтандыру қоғамның мүшесі де болып табылады.

Қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметі туралы” Заңында сақтандырудың трансшекаралық деп аталатын түрі де қарастырылған. Трансшекаралық сақтандыруда сақтандыру сыйақысы респуб­ликада да, онан тыс жерлерде де жүргізіле береді. Сақтанды­рудың мұндай түрін жүргізудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңымен және республикамызда ратификацияланған халықаралық келісімдерімен анықталады. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдық-резидентінің өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелін қайтадан сақтандыру үшін елден тыс жерлерге беру — қайта сақтандыру ұйымының ҚР-ның резиденті еместерге тікелей немесе ҚР-ның сақтандыру брокер-резиденті арқылы, егер осы ұйымдардың рейтингісі болған жағдайларда берілуі жүзеге асырылуы мүмкін.

Билет

Наши рекомендации