Азақстан қаржы нарығының қазіргі құрылымы
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналысының өзіндік аймағын қалыптастырады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді ойнайды. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.
Сондықтан, қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу мехенизінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді.
Ақша нарығы. Ақша қаражаттар қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.
Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттар (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалай депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.
Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарды шоғырландыру арқылы әр түрлі мақсаттары үшін заңды және жеке тұлғаларға несие береді. Осылайша, ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.
Валюта нарығына Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойынша операцияның рөлі үлкен.
Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жағымды әсерін тигізеді. Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады. Мысалы, егер депозитке банк сертификаты рәсімделетін болса, ол одан ары айналысқа түседі. Айналым қаражатын толықтыру үшін несие алу міндетті емес. Оның үстіне, бұл несиені басқа тұлғаға жаңа келісім-шартты бекітіп барып қана бере аласың.
Сақтандыру және зейнетақы қызметтерінің нарықтары. Бүгінгі таңда зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары біздің еліміздегі нарықта өз қызметін жүзеге асыратын негізгі қаржы делдалдары болып табылады. Оларда қалыптасқан қатынастар жиынтығы олардың қаржыға қатысы жөніндегі күмәнді аз тудырады. Сақтандыру тәуекелділіктері батыстық қаржы теориясында кез келген кәсіпорынның қаржылық стратегияларының негізгі құраушыларының бірі, бірақ мұнда теорияның негізінде мынадай түрлер болады: әрбір субъекті өзіне жоғалған материалдық қаражаттардың, ресурстардың орнын толтыратын және оларды болдырмаудың көздерін жасап, өз тәуекелділіктерін сақтандырады, яғни тәуекелден сақтанады.
Бүгінгі таңда қаржы нарығы саласында жетекші орынға ие әлемдік рейтинг агенттіктері – A.M. Best Co., Moody’s Investor Service Inc., Standard & Poor’s Corp., Duff & Phelps, Weiss Research Inc. ҚР Ұлттық банкі өз шешімдерін қабылдау үшін нақ осы компаниялардың рейтингілерін пайдаланады.
Қаржы нарығының реттеу және өзін-өзі реттеу құралдарының ең ықпалдыларының бірі ретінде ұйымдарға белгілі бір артықшылықтар беретін қатысушылардың рейтингісін айтуға болады:
- жаңа клиенттерді тартудың және нарық үлестерін ұлғайтудың мүмкіндіктері;
- қызмет тиімділігін арттыру мүмкіндігі;
- компанияның сенімділік деңгейіне сәйкес қызметақыларын белгілеу;
- компанияның инвестициялық тартымдылығының өсуі және т.б.
Компания сенімділігінің рейтингісі – бұл компаниялардың менеджерлерімен кездесудің нәтижесінде алынатын әрі жария түрде де, арнайы да сұралатын ақпарат, мәліметтер талдауына негіздеп төлем қабілетін кешенді бағалау болып табылады. Мұнда кез келген бөлек арналар бойынша агенттіктер алатын басқа да расталған ақпарат назарға алынады. Рейтинг қаржы ұйымдарының имиджін, беделдерін көтеруге мүмкіндіктер беріп, клиенттерді тартудың зор мүмкіндіктерін тудырады, сондай-ақ шетелдік заңды және жеке тұлғалардың алдында мәртебелерін арттыруға да мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ең маңызды міндеттердің біріне ұйымдардың да, клиенттердің де мүдделерін танытатын рейтинг агенттіктерін құру жатады.
Билет