Арқаралы-Баянауыл өңіріндегі кен байлықтары

Қарқаралы - қала, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының әкімшілік орталығы. Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 220 шаршы метр жерде, теңіз деңгейінен 815 метр биіктікте орналасқан. Ең жақын темір жол стансасы - Қарағайлы. Орманды­тоғайлы жақпартасты келген көрікті Қарқаралы тауларының шығыс етегінде, Қарқаралы өзенінің екі жағасында жайласқан. Тұрғыны 8,8 мың адам. Іргесі 1824 жылы Ресей империясының әскери бекінісі ретінде қаланған. 1868 жылы уездік қалаға айналды. 1928 жылға дейін Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінің, 1928-1930 және 1934- 1936 жылдары Қарқаралы округінің орталығы болды. 1936 жылдан Қарқаралы аудан орталығы, жері шұрайлы, жайылымы малға, қойнауы кенге бай Қарқаралы Орта Азия мен Қытайдан Сібірге баратын керуен жолының торабы ретінде маңызды сауда, кәсіпшілік және мәдени ағарту орнына айналды. Мұнда саяси тұтқындар жер аударылды. Қарқаралының солтүстігіндегі Қарасор көлінің жағасында 1848 жылдан 1930 жылға дейін белгілі Қоянды жәрмеңкесі өтіп тұрды. Мұнда талантты әншілер мен артистер Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев, М.Уәлиева өз өнерлерін, ал Қажымұқан Мұңайтпасов күрес бәсекесін көрсетіп тұрды. Қарағайлы қорғасын­барит кен-байыту комбинатыныН; салынуына байланысты Қарқаралы жедел өсті. Қарқаралы ауданының солтүстік-батысын Қарасор кенінің ойысы алып жатыр. Жер қойнауында қорғасын, темір, барит, мырыш, күміс, алтын, флюорит, кварцит, молибден, мыс құрылыс материалдары (гранит, қиыршық тас, құм, саз) барланған. Гранитті тауларында қарағай, арша, тасжарған, ырғай, қараған, долана т.б. өсімдіктер өседі.

Қарағанды облысының шығыс бөлігінде бірнеше полиметалл,

барит, темір және сирек металл кендері шоғырланған алқап. Ол осы аймақтағы екі ірі құрылымның: солтүстік шығысындағы Шыңғыс­Тарбағатай мегантиклинорийі мен оңтүстік батысындағы Жоңғар­Балқаш қатпарлы алыбының орталық бөлігін қамтиды. Қарқаралы ауданында, негізінен, Жоңғар-Балқаш алыбында шоғырланған кейінгі палеозой интрузиялары кең дамыған.

Қарқаралы ауданында 40-қа жуық темір кентасты кен орындары мен "кен білінімдері бар. Олар жасы мен генезисі бойынша, негізінен, тоттар және аз дәрежеде ақшатау кешендері (Сарыбұлақ, Ақбұйрат, Қотыртас, Солтүстік Аномалия, Кентөбе, Батыртас), сондай-ақ, қызылрай кешені граниттерімен (Соқақонған, Тырқусызбай) байла­нысты кен орындары.

Бұл аудандағы жалғыз өнеркәсіптік нысан Кентөбе-Тоғай темір

кендерінің тобы.

СӨЖ

1. Тақырып бойынша мәліметтер жинау.

2. Сұхбат, әңгіме құрастыру.

ТАҚЫРЫП. КЕНДЕР ҚҰРАМЫ. ГРАММАТИКА.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

2.Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).

Кендер құрамы

Жерасты кендеріндегі металдар басқа пайдалы қазбалармен химиялық қосындыда болады. Кейбір пайдалы қазбалар (алтын, платина, жез) жер астында табиғи таза түрінде де кездеседі.

Кендер құрамындағы металдар санына байланысты жай, сапметалды (құрамында бірақ металл болса) және күрделі, көп металды (құрамында өндіріске жарамды екі немесе бірнеше металл болса) екі топқа бөлінеді. Сапметалды кендер (алтын, күкіртті кендер) күрделі кендерге қарағанда сирек кездеседі. Көп металды кендерге қорғасын-цинк, күміс-қорғасын, жез-колчедан (құрамында жезден басқа мырыш, алтын тағы басқа сирек кездесетін металдар бар) және тағы басқа кендер жатады.

Түсті металды кендердің көбісі сульфидтерге(күкіртті қосындылар) жатады. Техника жетістіктері кендердің өндірістегі қажеттілік орындарын да өзгертті. Мысалы, боксит ертеде темірі аз кендер қатарында саналса, енді электролиз арқылы алюминий алуға пайдаланылады. Карналлит әуелде тек тыңайтқыш ретінде қаралса, енді магний және оның қосындыларын алу үшін қолданылады. Өндірісте пайдалануға жарататын кен ішіндегі керекті компоненттер көлемі мен саны техникалық жетістіктерге және экономикалық жағдайларға байланысты өзгереді. Мысалы, өндіруге жарайтын кендерде металл құрамы былайша болуға тиісті: темір кендерінде – темір 30%; жез кендерінде – жез 0,5 – 0,7%; қорғасын кендерінде – қорғасын 2 – 5%; мырыш кендерінде - мырыш 20 - 25%; алтын кендерінде – алтын 3 гр/т, ал шашыранды кендерде 0,1 – 0,15%; сынап кендерінде – сынап 0,1 – 0,5%. Бірақта, келтірілген көрсеткіштер экономикалық жағдайға байланысты басқаша болуы да мүмкін.

Тотыққан сульфидті кендерден жез, кобальт, никель және тағы басқа металдарды алу флотация арқылы жүргізіледі, ал негізі оны басқаша байытуды тілейді. Сондықтан, кендерді тиімді байыту үшін, оларды қазылып жатқан кездерінде тотығу мен тотықпау шекараларын ажыратып, жер бетіне бөлек шығару керек.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

3. Жаңа сөздер мен сөз тіркестеріне көңіл бөліңіз.

СӨЖ

1.Тақырып бойынша мәліметтер жинау.

2. Сұхбат, әңгіме құрастыру.

Наши рекомендации