Сенімділіктің кешендік көрсеткіштері
Сенімділіктің кешендік көрсеткіштерін қалпына келтірілетін нысандардың істен шықпай жұмыс істеуі мен жөндеуге жарамдылығын біріктіріп бағалау үшін қолданылады. Бұл көрсеткіштерге мыналар жатады: техникалық дайындық коэффициенті, техникалық пайдалану коэффициенті және шұғыл дайындық коэффициенті.
Техникалық дайындық коэффициенті КГ - нысанның белгіленген мақсатта қолданылуы қарастырылмайтын жоспарланған кезеңдерден басқа кез-келген уақыт мезетінде жұмысқа жарамды күйде болу ықтималдығы. Бұл коэффициент нысанның жоспардан тыс (апаттық) жағдайлардан басқа уақытта берілген міндетті орындауға дайындығын сипаттайды.
Статистикалық ол мына теңдеумен анықталады:
, (6.26)
мұнда: tn – n-ші нысанның берілген пайдалану интервалындағы жалпы атқаратын жұмыс көлемі; τn – n-ші обектінің берілген пайдалану интервалында жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтірудің жалпы ұзақтығы; N – сынақтағы нысандар саны.
Істен шыққаннан кейін лезде қалпына келтіруді қарастыратын бір нысанға қызмет көрсету кезінде:
(6.27)
мұнда: Т – істен шығуға дейінгі атқаратын жұмыс көлемі; ТВ – қалпына келтіру уақыты.
Техникалық пайдалану коэффициенті КТИ – нысанның қандай да бір пайдалану кезеңінде жұмысқа қабілетті күйде болған уақыт интервалының математикалық күтуінің сол уақыт интервалындағы нысанның жұмысқа қабілетті күйде болған уақыт интервалының және техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге байланысты тоқтау уақытның математикалық күтулерінің қосындысына қатынасы.
Статистикалық ол мына теңдеуден анықталады:
(6.28)
мұнда: tpi – нысанның жұмысқа қабілетті күйде болған i-ші интервалының ұзақтығы; tTj – нысанның j-ші қызмет көрсетуге тоқтауының ұзақтығы; tBk – нысанның k-ші жөндеуге тоқтауының ұзақтығы; n – нысанның жұмысқа қабілетті күйінде болған интервалдар саны; m, r – сәйкесінше нысанға техникалық қызмет көрсетулер мен жөндеуге тоқтаулар саны.
КТИ анықтағанда ұйымдастыру себептерінен тоқтаулар уақытын есепке алмайды.
Бір нысан үшін КТИ былай анықталады:
(6.29)
мұнда: tc – қарастырылып отырған кезеңдегі нысанның сомалық атқаратын жұмыс көлемі; t0 – қарастырылып отырған кезеңдегі жоспарлық және жоспардан тыс техникалық қызмет көрсетуге тоқтаудың сомалық уақыты; tp – қарастырылып отырған кезеңдегі жоспарлық және жоспардан тыс жөндеуге тоқтаудың сомалық уақыты.
Шұғыл дайындық коэффициенті КОГ – тағайындалған мақсатта қолдану қарастырылмайтын жоспарланған кезеңдерден басқа кез-келген уақыт сәтінде нысанның жұмысқа қабілетті күйде болу және осы сәттен бастап берілген уақыт интервалында істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы. Ол tt уақыты ішінде нысанның ІШЖІЫ коэффициентінің Р(tp) туындысы ретінде есептеледі.
(6.30)
Жоспарлы қолдану коэффициенті – нысан жоспарлы техникалық қызмет көрсету мен жөндеуде болмауы керек пайдалану кезеңінің үлесі.
Тиімділігін сақтау коэффициенті – белгілі бір пайдалану ұзақтығындағы пайдалану тиімділігі көрсеткіші мәнінің сол уақыт ішінде нысанның істен шығу жағдайлары болмаған кездегі сол көрсеткіштің нимональ мәніне қатынасы.