Бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату
Порнографиялың материалдарды немесе заттарды тарату немесе жарнамалау маңсатында оларды заңсыз дайындау, тарату, жарнамалау, сол сияқты порнографиялық сипаттагы баспа басылымдарын, кино- немесе бейнематериалдарды, бейнелерді немесе өзге де заттарды заңсыз алып эту немесе олармен сауда жасау -
Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз таратуға халықаралық қү_қық нормасымен тыйым салынған. 1923 жылы «Порнографиялық бүйымдарды тарату жэне олармен сауда жасауға қарсы шаралар туралы» Женева конвенциясы қабылданған. Осы конвенцияға қосылған барлық мемлекеттер өздерінің ұлттық Қылмыстық кодексін-де осы тектес іс-эрекетті кылмыс деп танып, жауаптылық белгілеген.
Порнографиялық материалдарды немесе заттарды таратудың қоғамға қауіптілігі сол, мұндай эрекеттер жас өспірімдердің дене бітімі немесе психикалық адамгершілік жағынан дү-рыс дамып жетілуіне теріс эсер етеді, жыныстық қатынастар туралы оларға кереғар нанымдарды уағыздайды, мүлдай материалдармен танысу арқылы олар эйел зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық эрекеттерін, тағы басқадай түрде азғындату эрекеттерін жасауға эсер етуі мүмкін.
Қылмыстық кұқық бұзушылыктың негізгі тікелей объектісі - қоғамдық адамгершілік, азаматтардың ары, адамгершілік қасиеттері.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты — порнографиялық материалдар жэне заттар.
Порнография - шектен шыққан эдепсіздіктер арқылы жыныстық қатынастардың көргенсіз, жүгенсіз түрлерін, астамшылдығын бейнелейтін көрініс болып табылады. Оған эдепсіз кино немесе бейне материалдар, суреттер, картиналар, альбомдар, шығармалар, бұйымдар немесе өзге заттар - аудиожазбалар, порнографиялық компактдискілер, пластинкалар жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағынан порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз жасау, тарату, жарнамалау, сондай-ақ порнографиялық сипаттағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, суреттерді немесе өзге заттарды саудаға салу арқылы жүзеге асы-рылады.
Порнографиялық материалдарды немесе заттарды жасауға, осыған жататын шығармаларды, суреттерді, фотобейнелерді толық жасау немесе осындай заттарды мон-таждап құрастырулар жатады.
Тарату деп - порнографиялық материалдарды немесе заттарды баска адамдарға сыйға беру, сату немесе кез келген баска тэсілмен оларды басқа адамдарға беруді айтамыз.
Жарнамалау деп - порнографиялық заттарды, материалдарды басқаларға көрсету, олар туралы шектен тыс көптеген адамдарға ақпарат беруді айтамыз.
Сату деп—осы көрсетілген заттарды басқаларға ақы алып беруді айтамыз. Көрсетілген эрекеттердің барлығы заңсыз болады, яғни құзыретті органдардың тиісті рұқсатынсыз жасалады.
Қылмыстьщ құқық бұзушьшық құрамы формальдық жэне ол занда көрсетілген (273-баптың 1-тармағы) эрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың субъективтік жағы тікелей қасақаналық. Адам порнографиялық заттарды заңсыз дайындайтынын, тарататынын, жарнамалайтынын жэне сататынын сезеді, біледі жэне оларды жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстық кү-кьіқ бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған адам.
Бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды дайындау жэне олардың айналымы не оларды порногра-фиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту
1.Кәмелетке толмагандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды тарату, жария көрсету немесе жарнамалау мақсатында дайындау, сақтау немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арңылы алып өту не тарату, жария керсету немесе жарнамалау -
2.Он сегіз жасқа толган адамның порнографиялық сипаттагы ойын-сауық іс-шарала-рына орындаушылар ретінде қатысу үшін кәмелетке толмағандарды тартуы -
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) ата-ана, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазаңстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам;
2) көрінеу жас балага қатысты;
3) алдын ала сез байпасу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -
Адамгершілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылыктың ең қауіпті түрі:
Кэмелетке толмағандарды порнографиялық бейнелер бар материалдарды, заттарды жасауға, жэне оларды айналымға шығаруға қатыстыру, сондай-ақ оларды порнографиялык сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатыстыру болып табылады.
Қылмыстық құкық бұзушылықтың тікелей объектісі — кэмелетке толмағандардың адамгершілік қасиеттері, оларды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстық кұқық бұзушылық заты порнографиялық материалдар, заттар. Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан бірнеше іс-эрекеттерден тұрады. 1. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелеуі бар материалдарды немесе заттарды тарату, жария корсету немесе жарнамалау мақсатында жасау, сақтау немесе; 2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу не тарату, жария көрсету немесе жарнамалау арқылы жүзеге асырылады. Ягни, кэмелетке толмағандарды порнографиялык бейнелеуі бар материалдарды жасауға, тегін көрсетуге, жарнамалауга, сақтауға, өткізуге байланысты іс-эрекеттерге қатыстыру кылмыстың құрамының орын алғандығын көрсетеді. Порнографиялык заттарды оларды тарату, жарнамалау, өткізудің түсініктерін ҚК-тің 311-бабында қарастырғамыз.
Қылмыстық құқық бұзушыльщ кұрамы формальдық жэне ол заңда көрсетілген эрекеттердің біреуін істеген сэттен бастап аяқталғанға деп саналады.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жэне эртүрлі пайдакүнемдік мақсаттар басшылыққа алына отырып жасалады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - жасы 18-ге толған, есі дұрыс адам. Осы қылмыстың ауырлататын түріне: жасы он сегізге толған адамның порнографиялык сипаттагы ойын-сауық іс-шараларына катысу үшін орындаушылар ретінде кэмелетке толмағандарды тартуы жатады. Көрсетілген құрамының аса ауыр түріне: осы баптың бірінші, екінші бөліктерінде көзделген; а) кэмелетке толмаған баланы тэрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам жасаған; б) көрінеу жасы он төртке толмаған адамға қатысты жасалған; в) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе кылмыстық топ жасаған эрекеттер қьшмыстың аса ауырлататын түрі болып табылады (312-баптың 2, 3-бөліктері).