Лттық теңгені енгізу үстіндегі елдің әлеуметтік-саяси жағдайы
90-жылдардың басында, жақында ғана КСРО-ның азаматтары болған, тауарлар бағаларының баяу, байқалмай өсуіне әдеттенген Қазақстандықтар олардың ұлғайған динамикасына қатты абыржып, есі шықты. 1992 жылы елдің экономикасы құлдиға қарай құлдырады. Барлық жерде ақша мүлде құнсықзданды, еңбекақы мен зенетақы төленбеді, кәсіпорындар арсындағы шаруашылық байланыстар үзілді, халық тұтынатын тауарлар мен қолға берілетін ақша тоқтатылды. Өзара есеп айырысу мен тауар беру деген атымен жойылды. Сол кездегі бос жатқан сөрелерді, нанға, балалар тағамдарына, тұзға, қантқа тұрған ұзын шұбақ кезектерді қазір көзге елестету қандай қиын болса да. Бұл сол кездегі ащы шындық еді. Қазақстандағы ақша мәселесінің шешілмегендігі салдарынан еңбекақы, жәрдем ақылар, тағы сондайлар халыққа уақытында берілмеді. Осының бәрі халық арасындағы ереуілдер мен митингілерге алып келген әлеуметтік тұрақсыздықтың алғышарттары болды.
Еңбекақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды төлу үшін Қазақстан Ресейден ақша сатып алуға мәжбүр болды. 1992 жылдың бірінші жартысына дейін Ресейдің Орталық банкісінен ақша қаражатын Қазақстан тегін алып тұрды. Бірақ кейіннен бюджеттер бөлінгенде рубльді сатып алуға тура келді. Ақшаны сатып алуға Қазақстан бюджетінде қаражат жетпегендіктен, ел оның тапшылығын бірден сезінді. Рубль қарызға алынды. Артынан Қазақстан Ресейге 1,5 млрд долларға қарызданды. Бірнеше жылдар өткен кейін «Байқоңыр» айлағы үшін есептескенде ғана осы қарыз жабылды.
Бұрынғы КСРО-ның республикалары осы кезде іс жүзінде ақшаның орнына жүретін баламаларды (талондарды, сатып алу карточкаларын, т.б.) енгізуге кірісті, ал кейбір жағдайларда (Украина, Эстония, Латвия, Литва) толыққанды ұлттық валюталарды енгізуге дайындықтар бастады. Бұл айналымдағы ақша ауқымын өсіріп оны Ресейдің территориясына қарай ығыстырды, сөйтіп мұндағы онсыз да күрделі қаржы жағдайын тіпті шиеленістірді.
Елдің барлық қалаларында карточкалық жүйе енгізілді. Негізгі азық-түлік тауарларының – ет өнімдерінің, мал және өсімдік майының, макарон өнімдерінің қанттың, тұздың, сіріңкенің, сырдың, сүт тағамдарының және т.б. сатылуына шектеу қойылды. Көптеген жағдайларда әрбір адамға ай сайын тауар босатудың мөлшері 1991 жылдың соңына қарай былай болды: қант-1кг, ет тағамдары-0,5кг, сары май-0,2кг. Осы мөлшердің өзі де орындалмады, сондықтан да жабдықтау кепілді болған жоқ, талондар бірнеше ай бойы тауарға айырбасталмай жатып қалатын және олар бойынша тауар алуға орасан зор кезектер пайда болды.
Ресейдің экономикалық саясатының сол кезеңдегі тағы бір «ерекшелігі» - олардың қолма-қол ақшасыз айналымды бөлу туралы шешімдері рубль аймағына кіретін мемлекеттермен келіспей қабылдануында және оның жаңа тәртібі енгізуге 10 күн қалғанда ғана жариялануында болды. Жұмыс жасап отырған біртұтас рубль аймағында біздің республиканың қалу-қалмау мүмкіндіктері туралы біздің бірінші рет қатты ойландырған алғашқы дабыл болды.
Ресеймен ара қатынасымыздағы барлық қиындықтарға қарамастан, Қазақстан үшін біртұтас рубль кеңістігінен бас тарту қиын болды. Өйткені рубльмен іске асырылатын төлемдер де, іс жүзінде, барлық кәсіпорындардың, өңдеуші және өндіруші өнеркәсіптің бүкіл қызметі байланысып жатты. Сонымен бірген ұлттық валютаны енгізу үшін уақыт және белгілі дәрежеде қаражат керек еді.
Қазақстанның экономикасына аса ауыр болған 1993 жыл басталды.
Егер де Ресейден келетін қолма-қол қаржыны бөлу 1992 жылы рубль аймағына кірген республикалар арасында азды-көпті тепе-тең жағдайда іске асырылса, ал 1993 жылы Ресейдегі экономикалық блокқа жауапты тұлғалар, Қазақстандағы әлеуметтік-саяси жағдайға тікелей немесе жанама түрде ықпал жасай отырып, өз міндеттерін басымдылық жағдайында шешіп, Қазақстанға бөлінетін қолма-қол ақшаны ұстап қалуды шығарды. Көктемге қарай Қазақстан жалпы ақша алуды тоқтатты. 1993 жылдың мамырында Ресей Үкіметі ТМД елдеріне техникалық несие беруді бүтіндей тоқтату туралы шешім қабылдады.
Экономикалық реформаларды іске асырудағы Қазақстан тәжірибесінің нәтижелі болғандығын Ресей үкіметінің мойындауы үшін дәл 10 жыл қажет болды.
Ұлттық валютаны енгізу алдындағы дайындық
1992 жылдың көктемінде ұлттық валютаны енгізудің мүмкіндіктерін қарастыруға тиісті құпия комиссия құрылды. Біртұтас рубль аймағын сақтауға талпынысты жалғастыра отырып, Қазақстан өз валютасын енгізуге дайындалды.
Елдің жоғарғы басшылығынан мемлекеттік құпиямен тек Жоғарғы Кеңестің төрағасы С.Әбділдин, жоғарғы Кеңестің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы С.Тәкежанов, Мемлекеттік Ұлттық банктің төрағасы Ғ.Байназаров, оның орынбасары М.Тұрсынов және салынып жатқан Ұлттық банк кәсіпорындары дирекциясының жетекшісі Қожамұратов таныстырылды.
Осымен қатар тағы да құпия түрде жаңа валютаның дизайны бойынша жұмыстар жасау мақсатында шығармашылық топ құрылды. Суретшілер М.Әлин және А.Әузелханов Тимур Сүлейменовтың жетекшілігімен банкноттар мен тиындар дизайнының төрт түрлі нұсқасын жасады. Барлық нұсқалар бірінен-бірі асып түсетіндей өте жоғары кәсіби және түбегейлі деңгейде жасалынды.
Ұзақ талқылаулардан кейін халқымыз үшін және қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына көп еңбектері сіңген, Қазақстан үшін белгілі және тарихи маңызы бар адамдардың кескіндері бейнеленген нұсқа алынды. Тәуелсіздіктің таңы енді атқан шағында бұл ұлттық мақтаныш сезімін көтеру үшін қажет болды. Кеңес өкіметінің кезінде тіпті айтуға тыйым салынған бұл тұлғаларды тәуелсіздік алғанда ғана марапаттауға мүмкіндік туды.
Ақшаның аталуы жөнінде біраз үлкен айтыс болды. Оларды «сом», «ақша» немесе «теңге» деп атау ұсынылды. Ақыр аяғында, орта ғасырлық тарихтан, Қыпшақ даласының жерінде айналымда болған «тәңгә» деген құйма ақшадан шығарып «теңге» атауы алынды. Шынында да «деньги», «теңге» сөздерінің түп-төркіндері бір еді.
Бірақ, бұдан басқа да үлкен проблемалар болды. Ол кезде Қазақстанның өзінің банкнот басатын фабрикасы болған жоқ, барлығы Мәскеуден әкелінетін. Дегенмен, осындай ерекшелігі бар тапсырысты еуропалық елдердің біріне орналастыру шешілді. Таңдау осы салада үлкен тәжірибе жинақтаған «Харрисон және ұлдары», «Томас Де ля Ру» деп аталатын ағылшын компанияларына түсті.Тапсырыс таралымының дайын болуына қарай, банкноттар құпия түрде республикаға жеткізіле бастады.
Сонымен бірге Д.Сембаевтың басқаруымен көптеген есептеулерді іске асыратын жұмыс тобы құрылды. Мысалы, қанша және қандай номиналдағы купюралар керектігі жөнінде күрделі математикалық есептер жасау керек болды. Барлық осындай сұрақтарға байланыстаы комиссия мүшелері шетелдік сарапшылармен ақылдасып отырды. Мәселен, ағылшын экономисі, доктор Пейн бірден Одақ кезіндегі үйреншікті жиырма бестіктер емес, жиырма теңгеліктер керектігін айтты. Оның есебі бойынша, бірінші кезеңде ақшаның негізгі массасы айналымға түсуі керек болды. Одан кейін, сегіз айдың ішінде қағаз ақшаның тозатынын есепке ала отырып, әбден тозығы жеткен банкноттарды айырбастау үшін қанша ақша керектігін есептеп шығарды.
Барлық параметрлердің дұрыстығы кейін тәжірибеде дәлелденді.
Ұлттық валютаны енгізудің кемшіліктеріде болды. Сол кезеңде барлық техникалық мәселелер аяғына дейін анықталып бітпеген болатын. Әсіресе металдан жасалатын майда тиындар жайы әр бастан қиындық туғызды. Салынып жатқан монета сарайы тиынның қажетті мөлшерін жылдың аяғына дейін жасап шығуға мүлде үлгермеді. Осыған байланысты жұмыс тобы аралық шара ретінде қағаз тиындарды шығаруға, ал одан кейін барып, монета сарайы дайын болған кезде, айналымға нағыз металл тиындарды енгізу туралы шешім қабылдады.
1993 жылы 3 қарашада Ресей мен Қазақстан делегацияларының жұмысшы кездесуінің хаттамасына екі премьер-министр С.Терещенко мен В.Черномырдин қол қойды. Қалыптасқан жағдайда, бірыңғай рубль аймағынан шығудың оңтайлы жолы-Қазақстанның өзіндік ақша таңбаларын енгізуі және таяу араларда ақша жүйесін нығайтуға байланысты шараларды іске асыруы екендігін Ресей ресми түрде мойындады.
Осы кезге таман Мемлекеттік комиссияның барлық қажетті дайындық шаралары аяқталды, банк жүйесі ұлттық валютаны енгізуге дайын болды. Банкноттар Лондоннан жүқ таситын самолеттермен өнеркәсіп жабдықтары деген желеумен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жергілікті жерлерге теңгені тасып жеткізу ісіне бақылау жасады.