Дәріс № 2 Жер негізгі ресурс және басқару объектісі ретінде.

Жер ресурстарын басқару» пәні бойынша

Дәрістер кешені

(таңдау компоненті)

2 курс студенттері үшін

мамандығы 5В090700 - Кадастр

оқу түрі – күндізгі

2016-2017 оқу жылының 3 семестрі

Орал – 2016 ж.

Құрастырушы: аға оқытушы К.Д.Бегайдарова

Экология және биотехнология кафедрасы

109 аудитория

Кредиттер саны -3

Дәріс -30

Тексеру түрі – емтихан

Дәріс № 1 Кіріспе. Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Жер ресурстарын басқару.

Қазіргі кездегі жер ресурстарын басқару бұл жер қатынастарын жерге орналастыру арқылы жердің ұтымды пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыруға жер жарығын қалыптастыруға бағытталған құқықтық эекономикалық және ұйымдық техникалық шаралар жүйесі болып табылады. Осымен қатар ол жер ресурстарын зерттеуін карто-ы жер кадастрын жер мониторингін жүргізуді жердің болашақта пайдалануын иболжаумен жоспарлауды жерді аймақтауды және қорғауды қамтиды. Нарықтық экономика жағдайында жер тек жеке меншік объектісі ғана емес табиғи ресурс өндіріс құралы және кеністіктік базис. Осы байлықты тиімді пайдалану жер ресурстарын басқару жүйесінсіз мүмкін емес. Қалыптасқан жер ресурстарын басқару жүйесі мемлекетінің қоғамның құқықтық саяси экономикалық экологиялық және әлеуметтік жағдайын ескереді. Жер қорын мемлекеттік басқару жүйесінің ерекше маңыздылығы бар бағыты болып табылады ол жерді қорғаумен пайдалану тиімдігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті ұйымдастыру шарты. Жер қорын мемлекеттік басқару функциялары:

-жер мониторингін жүзеге асыру

-жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу

-мемлекеттік жер кадастрын жүргізу

-жер қорының, қызмет мақсатын анықтау, жерді қорғауды жоспарлау

-жер қорына билік ету

-жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау

-жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету

-жер нарығымен жер құқығын қалыптастыру мен қорғау.

Мемлекеттік басқару объектісі мемлекеттің жер қоры болып табылады жер ресурстарын басқару әлеуметтік экономикалық құқықтық, экологиялық және басқа да басқару түрлерін қалыптастырып, қоғамдық қатынастар спекторын қамтиды.

Жер ресурстарын басқару, жүйелік түйсіктік белгілі бір мақсатты көздейтін жер қатынастарына қатысты мемелекеттік қоғамның қарым-қатынасы. Бұл қарым-қатынастар мемлекеттің жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануда объективті заңдарға негізделген қоғаммен табиғаттың байланысына жерді ұтымды пайдалану.

-табиғи биологиялық

-әлеуметтік экономикалық

-технологиялық

-құқықтық

-саяси

-әкімшілік басқарушылық

-ғылыми табиғат кешені ретінде жер ресурстары өзінің заңдары бойынша бақарудың формаларымен әдістері әсер етеді. Сондықтан да жергі негізгі қасиетін ескеру қажет. Олар жер бетінің нақты пішінін құрайтын жер бедері, кеңістігі, табиғи өсімдік жамылғысы жердің гидрогеологиялық қасиеттері, техногедік қасиеттері көрсетілген. Жердің негізгі қасиеттері мен бірге аумақ дамуының экономикалық жағдайлары да ескерілуі керек. ҚР-ң Жер кодексіне сай жер ресурстарын басқару ҚР-ң үкіметінің облыстық, ауылдық, қалалық атқарушы органның құзыретіне кіреді. ҚР жер ресурстарының басқару жөніндегі агенттігі үімет құрамына кірмейтін арнайы атқару рұқсат беру және бақылау қадағалау функциясының мемлекеттік жер ресурстарын басқару топография геодезиялық картографиялық жұмыстар саласында қатынасқан заңдармен белгіленген шеңберде жүзеге асырып отыратын бас атқару органы болып табылады. Облыстармен Астана жәнге Алматы қалаларында агенттіктің заңды тұлға құқығына ие территориялық органдары бар. Олардың жанында бақылау қадағалау функцияларын атқару мақсатымен мемлекеттік жер инспекциясы құрылған.

Іздестіру картографиялау жерге орналастыру және мемлекеттік жер кадастырымен жер мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды тікелей мемлекеттік ғылыми өндірістік орталығы жүзеге асырады.

Дәріс № 2 Жер негізгі ресурс және басқару объектісі ретінде.

Жер- ерекше өндіріс құралы. Басқа өндіріс құралдарына қарағанда, мысалы машиналарға, оның ең кемінде төрт ерекшілігі бар.

1)Жер- табиғи зат, ол адам еңбегінің нәтижесі емес. Жердің осы ерекшілігіне негізделген, ол жеке меншікке берілмеуге тиісті деген тұжырым бар. Дәл осы ерекшілік өз уақытында жерді ұлттандыру идеясының іргетасы ретінде алынған еді. Қазіргі кезде де бұл кейбір қиялы болып көрінетін, бірақта теориялық тұрғыдан мәні бар, радикалдық ұсыныстардың негізі болып отыр.

Жердің осы ерекшілігі әлі де жерді жеке меншікке беруді жақтайтыңдар мен олардың қарсылыстарының арасындағы өткір пікірталастардың тақырыбына айналып отыр.

2)Жер-мәңгі және басқа құралдарын қажеттілікке қарай қанша да және қашан да өндіруге болса, жердің көлемі шектелген, ол ұдайы өндіріске келмейді. Жердің бұл ерекшілігінен мынадай маңызды бір тұжырым туындайды: ол әрқашанда аса құнтты және ұқыпты пайдалануға тиіс.

3)Жердің өндіріс құралы ретінде тағыда бір ерекшілігі орнының тұрақтығы.

Басқа жылжымалы өндіріс құралдарыны қарағанда ол тұрған орнында ғана пайдаланылады. Жылжымайтын мүліктермен (әр түрлі ғимараттар мен құрылыстар) салыстырғанда, соңғылардың орналасуын, түптеп келгенде, бәрібір адамның өзі белгілейді. Демек аталған ерекшілік тек жерге ғана тән. Осыған байланысты жердің орналасуына қарай сол араға жұмыс күші, техника, тыңайтқыш және басқа да қажетті материалдар жеткізілуге тиісті. Жердің бұл ерекшілігі ауылшаруашылық өндірісінде транспорттық шығындар маңызына арта түсуін себептейді. Сондықтан өнімнің өзіндік құнында тасымалдау шығындарының салыстырмалы үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Бұл жағдай жерге орналастыру шешімдерін бағалау барысында орташа қашықтық пен транспорттық шығындар көлемін аса маңызды көрсеткіштер ретінде қолдануға себеп болды. Жердің осы ерекшілігінен туындайтын тағы бір тұжырым: ол, жылжымайтын мүлік ретінде өзімен үзілмес байланыстығы өндіріс құралдарымен бірге, нарықтық келісімдердің объектісі болып табылады.

4)Басқа өндіріс құралдары ескеріп тозатын болса, жер ғылыми ұсыныстардың негізінде пайдаланылса үнемі жақсара береді. Оның осы ерекшілігіне бүкіл агрономия ғылымы негізделеді. Адамзаттың даму болашағы түптеп келгенде топырақтың құнарлылығын сақтап қалу және аттыру мәселесіне айналып келеді.

Жердің бұл ерекшілігін танып мойындау, Мальтус теориясы негізделген топырақ құнарлылығының үнемі кему заңын теріске шығару деген сөз. Егер де бұл “заң” танылып басшылыққы алынатын болса, адамзаттың болашақта жойылуын амалсыз мойындау керек. Бірақ та қазіргі кезде әлемде адамзат өркениетті дамуына бағытталған ғылыми тұжырымдама басым. Соңғысы пессимистік мағынадағы деиографиялық теорияларды, олардан туындайтын халық санын қысқарту қажеттілігі жөніндегі кертартпа ұсыныстарды жоққа шығарады.

Жерді ұйлестірумен, оның пайдалануын ұйымдастыру технологиясымен онымен үзілместік байланыстағы және басқа жылжымалы өндіріс құралдарын тиімді орналастыру мәселесі тығыз байланысты. Осы міндеттерді кешенді түрде жүзеге асыру әдістемесі-әр түрлі қолданбалы ғылымдардың тақырыбы. Олармен, өндіріс құралдары орналасқан жер учаскелерінің орынды пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыру әдістемесін зерттейтін жерге орналастыру ғылымы өзара байланысты.

Әсіресе бұл Республика жер қорының аса маңызды категориясына-ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге қатысты.

Жоғарыда айтылғандардан, жалпы жерге орналастыру кешенін құрайтын инженерлік-техникалық және ұйымдастыру-шаруашылық шаралардың күрделілігі туралы тұжырым туындайды.

Наши рекомендации