EIGRP хаттамасының жұмыс істеу принципі
EIGRP хаттамасының жұмыс істеу принципі келесідей:
а) EIGRP хаттамасы бірінші кезекте өзінің көршілес тораптарын көруі керек. Ол үшін әрбір 5 секунд сайын Hello дестесін жібереді. Дестені жіберу үшін көп адресті тарату қолданады. Егер 15 секундқа дейін көршілес маршрутизатордан hello-дестесі келмесе онда ол қол жетімді емес (недоступным) деп біледі;
б) көршілер анықталып болған соң желінің топологиясы жайында маршрутизаторлар бір – бірімен ақпарат алмасады. Егер желіде қандай да бір өзгерістер болса, онда маршрутизаторлар (Update) дестесін жібереді. Бұл дестеде маршруттардың өзгерісі туралы мәліметтер сақталынады. Дестелер көпадресті және бірадресті болуы мүмкін. Сұрау дестесі (Query). Бұл десте маршрутизатор бір маршрутты таңдап, оның резервті маршруты жоқ екнін білдіреді;
в) маршрутизатор көршілерге сұрау жібереді. Егер көршілердің маршруты болса, онда (Reply) дестесін жібереді;
г) осыған сәйкес жауапты (update, query, reply) және аcknowledgment дестесін қабылдайды;
д) кепілді жеткізу үшін EIGRP сенімді тарнспортты (Reliable Transport Protocol — RTP) хаттаманы қолданады. Егер хабарлама жеткізілмеген болмаса, онда маршрутты ақпаратты жібереді;
е) RTP хаттаманы пайдалану нәтижесінде өрмектің пайда болу ықтималдығы төмендейді;
ж) әрі қарай тиімді жолды таңдау басталады. Маршрутизаторлар топологиялық кестені талдай келе метрикасы төмен жолды таңдап алады. Хаттаманы салмақтық коэфициентті санаудан алынады. (мысалы, К1=1; К2=0; К3=1; К4=0; К5=0), және сонымен қатар өткізу жолағы (bandwidth мен кешігулерді (delay).
Өткізу жолағын есептеу формуласы былай есептелінеді:
bandwidth = (10000000/ bandwidth(m))*256, (1.1)
мұндағы bandwidth(m) – барлық жолдарды қосқандағы минималды
өткізу жолағы.
Кешігулерді есептеу формуласы келесідей болады:
delay = delay (s) 256, (1.2)
мұндағы delay(s) – барлық маршрутизатордағы суммаланған кешігулер.
Алынған мәндер метриканы есептеуде қолданылады:
Егер коэффициенттерді көрсетсек, онда:
Топология кестесінде маршрутизатордың барлық жолдары көрсетіледі. Бір мысал келтірейік.
IP 192.168.30.0/24, 1 successors, FD is 156160,
Via 10.0.0.1 (156160/128256), FastEthernet 0/0,
мұндағы Р – жазудың (запись) жағдайын бақылап отырады.
Жағдай екі түрде: Passive және Active. Бірінші түрінде маршрут қолданылып, оны қайта қарау қажет етпейді. Active күйінде маршрутты қайта санау бар. Ол желінің IP-адресі және маскасы 192.168.30/24.
Successor – бұл маршрутизатор, ол желіге тиімді маршбұл маршрутизатор, ол желіге тиімді маршрутты енгізеді.
FD (Feasible distance) – бұл метрика, оны маршрутизатор қолданады. Ол 156160 тең.
Көршінің IP-адресі 10.0.0.1. Ал оның метрикасы 128256 атауы - Advertised distance (AD).
FS (Feasible Successor) – бұл резервті маршрутизатор, Successor істен шыққан кезде кез – келген желіге қосыла алады.
Feasible Condition (FC) маршрутизаторы белгілі бір маршрутта резервті болу үшін Advertised distance (AD) маршрутизаторының маршруты Feasible distance (FD) негізгі маршруттан кіші болуы керек. EIGRP хаттамасы негізінде қолданылатын маршрутизаторлардың үш кестесі бар:
- көршілер кестесі, барлық көршілердің барлығы көрсетілген;
- топология кестесі, бұл жерде жеткізу аймағына дейінгі маршруттар жазылады;
- маршруттау кестесінде топология кестесіндегі жақсы маршруттар тіркеледі.
1.2 кесте – Ішкі маршруттау хаттамаларын салыстыру
RIPv2 | OSPF | EIGRP | |
Алгоритм | (Беллмана-Фордтың) қашықтық векторы | Арнаның күйі (Дейкстр) | Аралас (DUAL) |
Маршруттау ақпаратын жаңарту | Барлық кесте | Тек өзгертулер | Тек өзгертулер |
Классыз | Иә | Иә | Иә |
Желідегі максималды маршрутизаторлар саны | – | ||
Ашық стандарт | Иа | иа | иа |
Метрика | Біреуі негізгі | Біреуі негізгі | Аралас |
Желіні жобалау | Жоқ | Иә (аймақты таңдау) | жоқ |
Жүктемені тіркеу | Жоқ | Біркелкі метрикалар | Әртүрлі метрикалар |
Конфигурациияның күрделілігі |
2.2 кестедегі талдаулардан кейін мынандай қорытындыға келуге болады: ішкі маршруттау хаттамалары болып OSPF және EIGRP хаттмаларын жатқызуға болады. Көп жағдайда ол күрделі желіде кеңінен қолданады. Бірақ бұл хаттамалардың кемшілігі де бар. OSPF хаттамасын маршруттауда күрделі алгоритімінен тұрады. Ол тек Cisco Systems құрылғылары үшін тиімді. Ал қазіргі кезде әртүрлі фирмалардың құрылғылары қолданады. Сондықтан да күрделі желілерде тек OSPF хаттамасы қолданады [6].