Мұхамеджан Тынышбаев 3 страница

"Алаш" партиясының бағдарламасы жобасы.

І. Мемлекеттік қалпы.

ІІ. Жергілікті бостандық.

ІІІ. Негізгі. Құқық.

IV. Дін ісі.

V. Билік және сот.

VI. Ел қорғау.

VII. Салық мәселесі.

VIII.Жұмысшылар.

IX.Ғылым-білім үйрету.

X. Жер мәселесі.

«Үш жүз» партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. Партия мүшелері кейде өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп те атады. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Тоғысов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілхайыр Досов, Ысқақ Кабеков, Мұқан Айтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Тоғысов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» газеті, оған Тоғысов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Үш жүз алғашқыда Алаш партиясымен жақындасқысы келгенімен, кейін өкімет үшін күрес шырқай шегіне жетіп, таптық жіктелу үрдісі күшейген жағдайда «Үш жүз» іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті. Қазан төңкеріHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BD_%D1%82%D3%A9%D2%A3%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%96%D1%81%D1%96"сHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BD_%D1%82%D3%A9%D2%A3%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%96%D1%81%D1%96"і жеңіске жеткен соң Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты, оның оппоненті болды.

(1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы М.Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге болінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды. «Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды.)

20. 1917ж шілдедегі Жалпықазақ съезі мен оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. парияның бағдармаласы

Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.Х. Досмұхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Ә.Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сеьзд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық және қазақтың саяси партиясынын құру проблемаларына аударды. Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе жөнінде сьезд қабылдаған қарарда былай делінеді: «Қазақ халқынаң өз алдына саяси партиясы болды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды сьезд исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократическая федеративная парламентарная республика құрылмақ. Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жіберді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді. Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы сьездің қаулылары Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ – аманат болады». Жаңадан құлған партия «Алаш» деген атқа ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интелегенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері – М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді. Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социалистік идеологияны, таптық прициптерге негізделген күрес бағдарламассын қабылдаған жоқ, өйткені Алаш партиясы қайратерлерінің пікірінше сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді. Сондықтан да, олар өз күресін жалпыұлттық мүлдеге негізделген «қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін» деген ұранныңң астында топтастыруға бағыт алды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы – бірінші жалпықазақтық сьезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді. бірінші жалпықазақтық сьезінде Алаш партиясының құрылғандығын жариялау оның дәстүрлі ұғымдағы саяси партия болып қалыптасуының алғашқы және аса маңызды қадамы болды. Алайда ол өзінің бірнеше айларға созылған қысқа ғұмырында шын мәнінде саяси партия ретінде қалыптасып үлгермеді.

Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.

«Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағыты: соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.

Петроградта революция жеңіске жетіп, Қазақстанда Совет өкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде, «Қазақ» газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жоба 10 бөлімнен тұрды:

1. Мемлекет қалпы 2. Жергілікті бостандық 3. Негізгі хұқық 4. Дін ісі 5. Билік һәм сот 6. Ел қорғау 7. Салық 8. Жұмысшылар 9. Ғылым-білім үйрету 10. Жер мәселесі

Жобаны жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов. «Алаш» партиясына оның кіндік комитетінің айтқанын екі етпейтін, бұйрығын дәл орындайтын партияның программасын ұнатып, жөн көрген ондағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі ғана кіреді деген талап қойылған. «Алаш» программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шынынан қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сата алмайтын, шыншыл әділ, тура кісі ғана осы партияға мүше бола алады, — делінген. «Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейиін, «Алаш» жолынан алып, айтысып – тартысуға жарамайтын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі «Алаш партиясына кірмейді. «Алаш» партиясына кіремін деген кісі осы айтылған шартттарды ойлап, толғап жүрегі қалайтын болса ған кіруі жөн» деген приципте тұрған.

21. Қазақстандағы 1917-1940жж мәдениеттің негізгі даму бағыттары. Қазақ кеңес зиялы қауымының қалыптасуы

Қазақстандағы (1917-1940 жж.) мәдениеттің даму бағыттары. Қазақ кеңес зиялы қауымының қалыптасуы

Мәдени салада Кеңкс өкіметі мынандай стратегиялық міндеттерді анықтап берді: Дәстүрлі өмір салтынан қол үзу; сауатсыздықпен күрес жүргізу және кеңестік білім беру жүйесін қалыптастыру; атеистік тәрбиені күшейту; мем-к және партия билігіне комм-к идеология рухында тәрбиеленген шенеуніктерді даярлау. Осы міндеттердің ең негізгісі - білім беруді дұрыс жолға қою болды.1919 жылы 26 желтоқсанда Халық Комиссарлар Кеңесі сауатсыздықты жою жөніндегі декретке қол қойды. Бұл мәселемен айналысатын арнайы 1920-1921 оқу жылында Қазақ өлкесінде 72232 адам оқитын 2412 сауатсыздықты жою пункттері жұмыс істеді. Ауылға жаппай мәдени-ағарту жорығы ұйымдастырылды. Сауатсыздықты жоюдың жылжымалы бөлімшелері жұмыс істей бастады, әйелдерді оқыту үшін "Қызыл отаулар" құрылды. Білім беру жүйесінің бастауыш, толық емес орта білім, орта бәләм беретін мектептері қалыптаса бастады. 1928 жылы қазақ әліпбиі араб графикасынан латын әліпбиіне ауысып, ұлттық дәстүріміз бен мәдениеттің дамуына үлкен кедергілер туғызды. Әліпбидің ауысуы қазақ тілі ғылымының дамуына да өз зардабын тигізді.Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып жіберуге бағытталған болышевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі — кеңес халқы», сондай-ақ, «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды. Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық болып табылады. Өйткені мәдени қайраткерлер өз шығармашылығында нақтылы ұлттық көкейкесті мәселелерді көтереді; қаңдай абстрактылы шығарма болғанымен, оның тамыры этностық фольклордан, халықтық педагогика, этика, дүниетанымнан нәр алады. Жоғарыдағы «социалистік» мазмұнды көмкерген ұлттық форманы Сталин тек тілге әкеп тіреген. Олай болса, өз ұлтының тарих-талғамын орыс тілінде жазған Ш. Айтматов пен О. Сүлейменовты қалайша ұлттық мәдениеттен аластаймыз. Әдеби тілден басқа әр этностың өзіндік рәміздері, таңбалары, музыка, театр, көркемөнер тілі бар. Әр этностың төлтума мәдениетіне үлкен нұқсан келтірген большевиктік «тәжірибелердің» бірі — ұлтаралық некелесуді дәріптеу. Әрине, табиғи-тарихи жағдайларда бұл — прогрессивті процесс, дүниежүзілік мәдени сұхбаттасу ағынының бір бұлағы. Әр түрлі этностардың, тіпті нәсілдердің араласуы нәтижесінде қазіргі әлемде көрнекті рөл атқаратын американдар, бразилиялықтар, мексикандар, үнділер сияқты халықтар қалыптасты. Этнобиологиялық және этноинтеграциялық тұтастануды оқшаулану деп түсінудің ауылы ақиқаттан алыс. Алайда Кеңес Одағында бұл процесс өктемділікпен жүргізіліп, империядағы басқа халықтарды орыстандыру саясатында өтті. Саяси-идеологиялық ұрандардың желеуімен 200-ден астам этностар араластырылып жіберілді. «Нәтижесінде жүзге тарта төлтума мәдениет мәңгілік жоқ болып, жұмыр жердің мәдени-рухани болмысы солғын тартты. Осынау жойқын да жойдасыз қасіреттің орнында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан төлтума мәдениетін әбден таптап, химералық күйге жеткен 300 миллион тобыр қалды; басқа ұлтпен некелескен 60 миллион дүбара қалды; 60 мың тірі жетім балалар қалды (тіркеуге алынғаны ғана); абақтының тұрақты тұрғындарының саны 20 миллионға жетті». (Тарақты А. Ауызша тарихнама — Қазақ, 36-бет). Шын мәнінде, Кеңес Одағы маргиналдар қоғамына айналды.Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын», «Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі — домбыраны феодализмге апарып тіркеу. Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясаты тек кеңестік ұлттарды «тазалаумен» шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады. Белгілі «темір пердемен» қоршалып қойылған КСРО-да таза пролетарлық мәдениет дәріптелді; бүкіл Батыс — буржуазиялық, ал Шығыс — ескішіл феодалдық деп жарияланды. Мұның бір дәлелі — Отан соғысынан кейін сталинизмнің жүргізген шаралары. «Космополиттік мәдениет», «империализм ықпалдарына түскен» ғылымдар қатарына кибернетика, генетика, тілтану т.б. қойылды.

22.Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея,ұлттық мемлекеттік қалыптасу эволюциясы

«Мәңгілік ел» - ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы.

«Мәнгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. «Мәңгілік ел»- ежелгі түркілер мұраты. «Мәңгілік ел» - бабалардан мұраға қалған тарихпен суарылған қазақ халқының арманы. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; ұлы болашақ. «Мәңгілік елдің негізгі кезеңдері: ұлттық мемлекетті құру және халықты біріктіру идеясының пайда болуы; ұлттық мемлекетті қолдау үшін күрестер; халықты қорғаушылардың қасіреті. Елбасының мемелкеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі орны. Мәңгілік елдің құндылықтары:

1.Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана

2.Ұлттық бірлік, бейбітшілік және біздің қоғамдағы ынтымақтастық

3.Зайырлы қоғам және жоғары руханилық

4.Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өрлеу

5.Жалпыға бірдей еңбек ету қоғамы

6.Тарихтың, мәдениеттің және тілдің ортақтығы

7.Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуге жаһандық қатысуы

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің тарихи маңызы.

Қалыптасқан «Мәңгілік Ел» ұлт-

тық идеясының барша Қазақстан халқы үшін маңыздылығы келесі ғылыми-

әдіснамалық қағидалар арқылы айқындалады. «Ұлттық идея» ұғымының мәні

мәселелері бойынша көптеген зерттеулерде төмендегі жайттар атап өтіледі:

- ұлттық идея қандай да бір халықтың, этностың немесе ұлттың өмір сүру

мәнін айқындайды. Өз болашағын құрайтын кез - келген мемлекет немесе қоғам

осы жағынан өз ұлттық идеясына сүйенуі қажет. Өз ұлттық идеясын мансұқ еткен

қоғам құриды, міндетті түрде өз жолынан таяды. Сол себепті ол дұрыс бағыт алса,

онда ұлт үшін шешуші, тарихи және жасампаз фактор болады ;

- нағыз ұлттық идея – бұл жетілу, әсіресе халықтың бүкіл рухани жетілу идея-

сы. Бұл идея – ерекше әмбебап идея. Осы тұрғыда ұлттық идея ұғымын халық

өмірін орнықтыру қағидасы ретінде қарастыруға болады. Бұл халық ақылына,

парасаты жанына сәйкес келетін өмірді орнықтыру қағидасы. Бұл қазіргі күні

жеткіліксіз өнімді іске асып жатқан өмірді орнықтыру қағидасы. Бұл қазіргі

буынның болашақ туралы сындарлы да айқын арманы және бұл ой-арман алдыңғы

ұрпақ өкілдерінің болашақ туралы армандарымен астасып жатыр. Бұл халықтың

өмір сүруін қамтамасыз ету принципі ретінде туған Жер, байлығын ұқыпты пайдаланумен байланысты;

- ұлттық идея халықты ұйыстыруға бағытталған дүниетанымдық сипаттағы

бағыттардың, құндылықтар мен мұраттардың кешені, қоғамның тұрақты

әлеуметтік - экономикалық дамуы, мемлекеттің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін

нығайту болып табылады. Ұлттық идеяны жай ғана ойдан жасауға болмайды.

Оның бөліктері ұлттың болмыс келбетін білдіретін ұлттық сана-сезімнің терең

қатпарында жатыр, оның мағынасы философияда, тарихта, ғылымда, поэзияда,

әдебиетте, музыкада, бейнелеу өнерінде, биде, халық тілінде ;

- тарих ұлттық идеясы мен идеологиясы бар мемлекеттің идеологияландырылмаған мемлекеттен анағұрлым күшті екендігін растайды. Идея жетістік

стратегиясы ретінде әсер етеді. Шығыс даналығы айтқандай: «егер қайда жүзеріңді

білмесең, онда саған ешқандай ілеспе жел көмектесе алмайды»

Осының бәрі айқын көрсеткендей, ұлттық идея ұлттық сана-сезімнің ерекше түрі бола отырып, қоғамның рухани өмірінің бөлігі ретінде мағына құрушы,

этносқалыптастырушы, құнды бағыт беруші және қоғамдық ұйыстырушы

қызметтерін атқарады. Оның негізінде ұлттың руханилығы, өз халқының тарихи келбеті мен шығармашылық актісіне сүйіспеншілік, оның рухани қуатына

сенім, оның рухани қабілеттілігі, халықтың өзіндік ерекше мәдениеті мен рухани міндетін, қоғамдық даму тереңдігі мен болашағын ұғынуы, тарихи жады мен

болашақ бейнесінің бірлігі жатыр.

Осыған байланысты отандық ғалымдардың ұлттық идеологиялар ұзақ өмір

сүріп, ұлттар осы мұраттар үшін өз «мені» үшін күресетіндігі, мұңсыз ұлт пен

оның тарихи өмірдегі болашағы туралы сөз қозғаудың мүмкін еместігі жөніндегі

көзқарастары әбден орынды

23 ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының қолбасшысы Ә.Н.Бөкейхановтың 150жылдық мерейтойының атап өтілуі

15 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара қазақтың және бүкіл түркі халықтарының көрнекті қоғам және саясат қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы және көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Конференция жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова, Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбек, Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Н.М. Оразалин, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов және ғылым, білім, мәдениет қайраткерлері қатысты.

Іс-шараның шымылдығын түре отырып ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Әлихан Бөкейхановтың азаматтық ұстанымы мен өмірлік мақсаты Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру болғандығына ерекше тоқталды. «ХХ ғасырдың басындағы қазақ тарихын зерттеген Оксфорд және Сорбонна университетінің профессорлары Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш қозғалысының қайраткерлері күрескен тарихи кезеңге «Мәдени ренессанс дәуірі» деген баға берген. Әлихан Бөкейханов – Сұлтанмахмұт ақынша айтсақ, «Қазақ үшін жүрек майын шам қылған» Ұлт қайраткері. Кезінде Әлихан Нұрмұхамедұлы: «Алған білімін өз халқының өмірімен бірлестіре алған адам ғана бақытты, оның жиған білімі баянды» деген келелі ой айтқан еді. Олай болса сол білікті білімді орнықтырар еліміздегі көшбасшы білім ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осындай ұлы тойдың басы-қасында болу мәртебесіне ие болып отыр», - деп конференция жұмысына сәттілік тілеп, құттықтау сөз кезегін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызына берді.Гүлшара Абдықалықова өзінің алғы сөзінде көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, журналист және этнограф Әлихан Бөкейханов өзінің бар саналы ғұмырын қазақ халқының азаттығы мен дамуына арнағанын атап өтті. «Ол «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының басшылығына келіп, ұлттық мемлекетті қайта жаңғырту қажеттілігі идеясының негізін қалап, мақсатқа жету жолдары мен негізгі міндеттерді айқындады. Ә.Бөкейханов кезінде қазақтың ұлт ретінде сақталып қалуын, оның ары қарай дамуы мен гүлденуін қамтамасыз ету мақсатындағы іс-әрекеттері ұлттық тарих шежіресіне алтын әріптермен жазылды. Бұл «Алаш» қозғалысы мен оның көшбасшысының ұлт тарихындағы рөлін айқындайды», - деп атап өтті.Конференция барысында «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы мұрасын тарату мен қалың көпшілікке дәріптеуге бағытталған баяндамалар оқылып, еліміздің тәуелсіздік алуына өлшеусіз үлес қосқан қозғалыс көшбасшыларының ерен еңбектері сөз болды. Ғалымдардың пікірінше, Президент алға тартқан «Мәңгiлiк Ел» идеясы «Алаштың» негізгі ұстанымы – қазақ бостандығымен тығыз үндесіп жатыр.Ә. Бөкейханов Абылай хан мен Кенесары ханның мақсаттары мен ұлы істерін ұлт тарихының жаңа ғасырындағы лайықты жалғастырушысы болды. Ол патшалық Ресей уақытында да, кеңес үкіметі кезінде де қазақтардың еркіндігі үшін күресті. Үш рет жазаға тартылып, 1937 жылы ату жазасына кесілді. Тек жарты ғасыр өткеннен кейін ғана жазықсыз жаладан ақталды.Ә.Бөкейхановтың озық ойлы идеялары оны Еуропа мен Азияның көрнекті саяси қайраткерлерімен бір деңгейге қойды. Сондай-ақ бүгінде оның 150 жылдық тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатқандығын атап өту керек.Конференция барысында «Алаш» қозғалысы туралы деректі фильм көрсетіліп, Әлихан Бөкейханов шығармашылығы мен «Алаш» қозғалысы туралы кітап көрмесі мен Мұхамеджан Сералиннің «Айқап» журналының жалғасы болып саналатын басылымның тұсаукесер рәсімі өтті.

Наши рекомендации