Экономикалық жүйеде баға мен жұмыссыздықтың жалпы деңгейі қай
Экономикалық теория негіздері пәнінен 1 аралық бақылау тесттері барлық экономикалық емес мамандықтардың студенттері үшін
С
Экономикалық теория нені оқытпайды:
А. қоғамдық материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында адамдардың өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудағы қарым-қатынас;
В. игіліктерді өндіру, айырбастау, тарату және тұтыну процесінде құралатын өндірістік қатынастар;
С. қоғамдағы топтар, таптар арасындағы қалыптасқан әлеуметтік-саяси қатынастар;
D. ресурстардың шектеулігі жағдайында адамдар арасындағы қарым-қатынас;
Е. ақша-тауар қатынастары.
А
Экономикалық теорияны зерттеу әдістерінің бірі:
А. индукция
В. реакция;
С. практикалық
D. реттеу;
Е. қайта бөлу.
$$$ 3 Е
Әлемдік экономиканың заңдары мен тәртібін оқытатын :
А. макроэкономика
В. саясиэкономия
С. микроэкономика
D. мезоэкономика
Е. мегаэкономика
D
Меншік тұлғаларына /субъектілеріне/ қайсысы жатпайды:
А. жеке тұлға;
В. заң тұлғалары;
С. мемлекеттік ұйымдар;
D. ғимараттар;
Е. ұжымдар.
$$$ 5 А
Позитивті экономикалық теория оқытады:
A) "не бар".
B) "не болуы қажет".
C) экономикалық дамудағы оң тенденциялар.
D) бағалаушылық пікірлер.
E) гармоникалық қатынастар.
$$$ 6 D
Төмендегі көрсетілгеннің қайсысы макроэкономика пәні зерттеуіне жатпайды:
A) инфляция.
B) мемлекеттің салық саясаты.
C) жұмыссыздық.
D) берілген фирманың сату көлемі.
E) өнеркәсіптік циклдар теориясы.
С
Тауарлы өндірістің алғы шарты болып табылады:
А. адам қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру;
В. артық өнім өндірісі;
С. қоғамдық еңбек бөлінісі;
D. сату үшін өндіріс;
Е. ақша жүйесі.
D
Hарық қызметіне жатады:
А. экономикалық бостандық;
В. меншік құқығы;
С. бәсеке;
D. өндіріс тиімділігін арттыруды ынталандыру;
Е. экономиканың оқшаулануы.
А
Студенттер экономикалық теорияны зерттейді, онда олармен мына қызмет орындалады:
А. танымдық;
В. практикалық;
С. болжамдық;
D. бақылау;
Е. реттеушілік.
В
Барлық экономикалық жүйеде кездесетін негізгі проблема - бұл:
А. инвестиция;
В. ресурстардың шектеулігі;
С. қажеттілік;
D. технология;
Е. бөлу.
В
Қоғамдық өндірістің фазаларының соңғысы қайсысы болып табылады:
А. өндіру;
В. тұтыну;
С. айырбас;
D. бөлу;
Е. дұрыс жауап жоқ.
С
Нарықтық инфрақұрылымға не жатпайды:
А. жарнамалық қызмет;
В. биржалар;
С. өндірістік кәсіпорындар;
D. аудиторлық фирмалар;
Е. көтерме және бөлшек сауда.
D
Абстрактылы еңбек дегеніміз:
А. қол еңбегі;
В. адам еңбегінің жалпы жұмсалуы сипаты;
С. басқарушылар еңбегі;
D. құрал-жабдықтар көмегімен жасалған еңбек;
Е. дұрыс жауап жоқ.
С
Төмендегілердің қайсысы қоғамдық тауарға жатады:
А. автобус;
В. кітапхана;
С. көше бағдаршамы;
D. футболка;
Е. зоопарк.
В
Төмендегілердің қайсысы қоғамдық тауарға жатпайды:
А. асфальтталған жол;
В. футболка;
С. көше бағдаршамы ;
D. кітапхана;
Е. дамбы.
Е
Нарық элементтеріне не жатпайды:
А. ұсыныс;
В. бәсеке;
С. баға;
D. сұраныс;
Е. рента.
В
Нарық элементтеріне не жатады:
А. еңбек;
В. бәсеке;
С. пайыз;
D. пайда;
Е. инфляция.
С
Ақшаның атқаратын қызметтеріне қайсысы жатады:
А. коллекция ретінде жинау;
В. пайданы өлшеу құралы;
С. құн өлшемі;
D. бартерлік келісімді іс жүзіне асыру құралы;
Е. баю құралы.
С
Нарық секторларына қайсысы жатады:
А. дүкен ;
В. аукциондар;
С. мемлекет;
D. биржалар;
Е. делдалдар.
А
Ай экономикалық көрсеткiш халықтың өмiрiнiң деңгейiн көрсетедi ?
А. жан басына шаққандағы ұлттық табыс ;
В. қоғамдық жиынтық өнiм ;
С. ұлттық табыс;
D. жалпы iшкi өнiм;
Е. жалпы ұлттық өнiм;
Е
Студенттер үшiн оқудың балама құндылығын не көрсетедi:
А) стипендия мөлшерi ;
В) мемлекеттiң оқытуға жұмсайтын шығындары ;
С) оқулыққа жұмсайтын шығын ;
D) ата-аналарының шығыны ;
Е) оқуды тастап жұмыс iстегенде алатын жоғарғы еңбек ақы;
С
Тауардың мәні:
А. пайдалы игіліктер;
В. адам қажетін өтейтін өнім;
С. сату, тұтыну және айырбас үшін өндірілген өнім;
D. тұтыну құны мен құн бірлігі;
Е. А, D жауаптары.
Е
Еңбек заттарына не жатады:
А. шикізат, материалдар;
В. жартылай фабрикаттар;
С. энергия құралдары;
D. тасымал құралдары;
Е. С, D жауаптары.
В
Өтпелі кезең экономикасының заңдылықтарының біріне не жатпайды:
А. бағаны либерализациялау (ырықтандыру);
В. бағаға орталықтан қатаң бақылау орнату;
С. жеке кәсіпорындарды мемлекет иелігіне алу;
D. экспорт пайдасына қарай импортты шектеу;
Е. отандық өндірістің өсуі.
$$$ 26 E
Экономикалық жүйе типтеріне жатпайды:
A. аралас
B. дәстүрлі
C. нарықтық
D. жоспарлы
E. капиталистік.
А
Төмендегілердің қайсысы әлеуметтік тиімділікті сипаттамайды:
А. өндіріс көлемінің ұлғаюы;
В. еңбек жағдайын жақсарту және мазмұнын арттыру;
С. бос уақытты көбейту;
D. дәрігерлік қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
Е. өмір сүру сапасын жақсарту.
А
Экономикалық жүйеде баға мен жұмыссыздықтың жалпы деңгейі қай
курста оқытылады:
А. макроэкономикада;
В. микроэкономикада;
С. менеджментте;
D. халықаралық қаржыда;
Е. маркетингте.
C
Экономикалық теорияда ең алғаш қалыптасқан ғылыми мектеп:
А. Маржинализм
В. Институционализм
С. Меркантелизм
D. Кейнстік
Е. Неолиберализм.
С
Экономикалық теорияның қай әдісі кездейсоқ, уақытша жағдайларға көңіл аудармастан, экономикалық құбылыстардың тұрақты, типтес, сипатты белгілерін анықтауға мүмкіндік береді:
А. дедукция;
В. талдау;
С. ғылыми абстракция;
D. математикалық модельдеу;
Е. эксперимент (сынақ) жасау.
В
Әрбір экономикалық жүйеде фундаментальды "нені, қалай және кім үшін өндіру керек" деген мәселелер микро және макро деңгейде шешіледі. Төмендегі мәселелердің қайсысы микроэкономикалық деңгейде шешілуі мүмкін:
А. толық жұмысбастылық деңгейіне қалай қол жеткізуге болады?
В. нені және қанша мөлшерде өндіру керек?
С. инфляциядан қалай құтылуға болады?
D. экономикалық өсуді қалай ынталандыруға болады?
Е. жиынтық сұраныс қандай болуы керек.
$$$ 32D
Экономикалық теория нақты экономикалық саясатты және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жасауда қандай қызмет атқарады:
А. танымдық;
В. ақпараттық;
С. білім берушілік;
D. практикалық;
Е. экономикалық жаңаша бейнесін қалыптастыру бойынша.
С
Микроэкономикалық зерттеуге төмендегілердің қайсысы жатады:
А. барлық экономика масштабындағы өндіріс;
В. жалпы баға деңгейі;
С. қант өндіру және оның бағасының динамикасы;
D. шаруашылықтағы жұмыс істейтіндер саны;
Е. белгілі-бір мемлекеттегі жұмыссыздық проблемасы.
А
Экономикалық заңдар нені көрсетеді:
А.экономикалық процестер мен құбылыстардың арасындағы қажетті, жаппай, тұрақты қайталанып отыратын себеп-салдарлы байланыстарды;
В. мемлекет саясатының нәтижесін;
С.шаруашылық процесіндегі жеке себеп-салдарлы тәуелділіктерді;
D. шаруашылық процестеріндегі кейде қайталанып отыратын немесе кездейсоқ байланыстарды.
D
Классикалық саяси экономияның негізін қалаушы, еңбек құны теориясын жасаған кім:
А. Джон Мейнард Кейнс;
В. Милтон Фридмен;
С. Франсуа Кенэ;
D. Адам Смит;
Е. Альфред Маршалл.
В
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нені көрсетеді:
А. шаруашылық өндіруге тиісті екі тауардың нақты санын;
В. қолда бар ресурстардың санына сәйкес тауарлар комбинациясының баламасын;
С. екі тауарды өндірудің ең жақсы мүмкін комбинациясын;
D. игіліктің шектік пайдалылығының кему жағдайын;
E. еңбек өнімділігінің кему заңы жағдайын.
С
Жекешелендірудің әдістерінің бірі:
А. Интенсификация
В. Ұлттандыру
С. Аукциондық сату
D. Жоспарлау
Е. Дұрыс жауаптары жоқ
Е
"Нені, қалай және кім үшін өндіру керек" деген проблемалар төмендегілердің қайсысына қатысты қолданылады:
А. тек қана әкімшілдік-командалық жүйеге;
В. тек нарықтық экономикаға;
С. тек дамушы экономикаға;
D. тек нашар дамыған экономикаға;
Е. экономикалық жүйелердің барлығына.
А
Нарықтық экономиканың принципі:
А. баға белгілеудегі (тағайындаудағы) еркіндік;
В. экономиканы тұтас бір орталықтан жоспарлау;
С. көптеген тауарлар мен қызметтерге бағаны мемлекеттік реттеу;
D. жеке секторға қарағанда экономиканың мемлекеттік секторының басым болуы;
Е. тауар өндірушілердің арасында бәсекелестіктің жоқтығы.
А
"Меншік" экономикалық категориясының негізгі бір элементіне не жатады:
А. иелік ету;
В. тіркелу;
С. жабдықтау;
D. баю;
Е. көбейту.
В
Мемлекеттік меншік объектілері мен мүліктерін жеке немесе жеке - ұжымдық меншікке беру процесі қалай деп аталады:
А. ұлттандыру (национализациялау);
В. жекешелендіру;
С. конверсиялау (әскери кәсіпорындарды бейбіт мақсаттағы өнім өндіруге бағыттау);
D. диверсификациялау;
Е. трансферт.
$$$ 42 D
Облигация қай нарық түрінің элементі болып табылады:
А) капиталдар нарығы;
В) тауар және қызмет көрсетулер нарығы;
С) жылжымайтын мүлік нарығы;
D) бағалы қағаздар нарығы;
Е) активтер нарығы.
А
Төмендегілердің қайсысы еңбек өнімділігінің артуына ықпал етпейді:
А. жұмысшылардың санын арттыру;
В. технологиялық өзгерістер;
С. жұмысшылардың білімі мен біліктілік деңгейі;
D. өндіріс масштабы эффектісі;
Е. еңбек ақы жағдайы мен деңгейі.
A
Тауардың екі қасиеті:
А. қажеттілікті қанағаттандыруы және айырбасталатындығы (сатып алынатындығы - сатылатындығы);
В. сапалылығының болуы және кез келген тұтынуды қанағаттандыруы;
С. Тауар өндірушінің табысын арттыру және оның шығындарын үнемдеу;
D. нарық субъектілерінің оған қол жеткізе алатындығы және бұқаралық көлемде өндірілуі;
Е. саны және сапасы.
С
Төмендегілердің қайсысы нарықтық экономиканы сипаттамайды:
А. бәсекелестік;
В. тауарлар мен қызметтерге еркін баға белгілеу;
С. тауарлар мен қазметтер өндіруді бір орталықтан жоспарлау;
D. тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы;
Е. жеке меншік.
А
Нарықтық экономиканың міндетті шартына, принциптерінің біріне не жатады:
А. экономикалық бостандық;
В. директивті жоспарлау;
С. бағаға әкімшілдік бақылау;
D. "көлеңкелі" экономиканың орын алуы;
Е. бәсекелестіктің болмауы.
Е
Ақшаның атқаратын қызметтері:
А. баю құралы;
В. бартерлік келісімді іс жүзіне асыру құралы;
С. құн өлшемі;
D. төлем құралы;
Е. "С" және "D" жауаптары дұрыс.
С