Азақ интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезінде шығармашылық және қоғамдық-саяси қызметі.

Ақпан революциясы ұлт мәселесін шешкен жоқ. Қазақстанды отар деп білген буржуазиялық уақытша үкімет қазақ халқына ешқандай право берген жоқ. Мектептерде оқыту ісі және мекемелерде кеңсе ісі бұрынғыша тек орыс тілінде ғана жүргізілді.. Уақытша үкімет бұрынғы патша үкіметінің жер жөніндегі саясатын жүргізіп отырды. Өнеркәсіпті бұрынғыша шетел капиталистері мен орыс капиталистері билеп төстеумен болды.

Міне осындай қиын-қыстау кезеңде халқымыздың көзі ашық азаматтары елді осы қиындықтан алып шығу үшін әрекет жасады. “Шора-и Исламия”, “Ғұлама қоғамы”, “Алаш” партиясы, “Үш жүз” саяси партиясы осы кезеңдерде пайда болған еді.

Осы ұйымдар мен партиялардың ішіндегі халқымыздың тарихында елеулі орын алатыны “Алаш” партиясы. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында бірінші бүкіл қазақ съезі болды.

Съездегі ең бірінші мәселе – мемлекеттік басқару туралы мәселе болды. «Ресейде демократиялық, федерациялық, парламенттік республика болуы керек. Қазақ облыстары автономия алуы тиіс» деген шешім қабылданды.

“Алаш” партиясының бағдарламасы 1917 жылы 21 қарашада “Қазақ” газетінде жарияланды. Бағдарлама 10 тармаққа бөлінген.

Онда мынадай басты мәселелер қаралған: Ресей демократиялық-федеративтік-парламенттік республика болуы керек; Қазақ автономиясы басқа халықтармен қатар Ресей федерациясына кіреді; Ресей федерациясында теңдік және адамның мүддесіне қол сұғылмауы, сөз бостандығы қамтамасыз етіледі; Жұмысшы заңдары жұмысшының мүддесіне сай болуы тиіс; Сайлау правосы тегіне, дініне, жынысына қарамай баршаға бірдей берілуі керек; Дін мемлекеттен бөлінуі тиіс; Сот алдымен айыптау, тергеу жұмыстарын жүргізбей тұрып ешкімді тұтқындай алмайды; Халыққа білім тегін беріледі; Бастауыш мектепте сабақ ана тілінде жүргізілүі тиіс.

“Алаш” партиясымен бірге құрылып, халықты азаттық үшін күреске шақырған қоғамдық ұйымдардың бірі “Үш жүз” социалистік партиясы еді.

“Үш жүз” партиясы алғашқы құрылған кезден бастап-ақ большевиктер жағына шығып, алаштықтарға қарсы болды. Бұл партияның қатарында жұмысшылар мен жатақтар көп еді. “Үш жүз” партиясы большевиктер жағында болғанымен олардың бағдарламаларының кейбір тұстары большевиктерден бөлек болды. Олар пролетариат диктатурасын мойындамады. Коммунистер партиясының қоғамдағы басшылық ролін мойындамады. Мемлекет басқару ісіне дінді араластыру керек еді. Сондықтан да 1920 жылы большевиктер бұл партияны жауып тастады.

Сұрақтар:

1. Патша өкіметінің ХІХ ғ. екінші жарт. Қазақстандағы реформаларды талдаңыз.

2. ХХ ғ. басындағы қазақтың саяси, интеллектуалды, рухани элитасы (Ә. Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов т.б).

3. 1905-1907жж. Орыс революциясының халықаралық маңызы және оның Қазақстанға әсері қандай болды?

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 4 том. Алматы, 2010.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

4. Алексеенко И.В. Население дореволюционного Казахстана. А., 1981.

5. Восстание 1916 г. в Средней Азии и Казахстане. М., 1960.

6. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец ХІХ–начало ХІХ вв.). А., 1968.

7. Грозный 1916 год. Сборник документов и воспоминаний в 2-х томах. Составители: Асанова С.А., Мажитов С.Ф., Нурмагамбетова Р.К., Романов Ю.И. и др. А., 1998.

8. Игибаев С.К. Промышленные рабочие дореволюционного Казахстана. А., 1991.

Осымша әдебиеттер

1. Асылбеков М.Х. Железнодорожники Казахстана в первой русской революции (1905-1907гг.). А., 1965.

Дәріс тақырыбы: Ресейдің 1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси әсері.

Дәріс жоспары:

1. Ресей мен Қазақстандағы 1917 жылы ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы.

2. Қазақ интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезінде шығармашылық және қоғамдық-саяси қызметі.

3. ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.

1917 жылы экономикалық дағдарыс пен күйзелістіңшарықтау шегіне жетуі, майдандардағы орыс әскерлерінің жеңілістері,жұмысшы қозғалысының күшеюі, ұлт-аймақтардағы ұлттық-азаттық жолындағы көтерілістік орын алуы ақпан төңкерісінің алғы шартын қалыптастырды.

1917 жылы 27 ақпанда Ресей буржуазиялық – демократиялық төңкерісінің нәтижесінде патша тақтан құлатылды.Бұл Ресей халықтарымен, отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестердің көп жылдық нәтижесі жеңіспен аяқталды.Елде Қос өкімет орнады:

І.Уақытша үкімет бағыты –реформистік жолмен капитализмді дамыту .

ІІ.Жұмысшы, шаруа,солдат депудаттары Кеңесінің бағыты-социализм құру.

Уақытша үкімет жергілікті жерлерде өкімет органдарын құруға кірісті . Қазақ өлкесінде жергілікті органдар 1917 жылы наурыз-сәуір айларында құрылды.Уақытша өкімет облыстарды басқаруға бұрынғы патша шенеуніктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады.

Қазақ ұлттық қозғалысының нақ осы жетекшілері Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің (Ташкентте) құрамына енгізілді, дегенмен, Торғай облысында болған Ә.Бөкейханов бұл комитетте жұмыс істей алмады. А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М. Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х. Ғаббасов, Ж. Ақбаев,С. Қадырбаев, С.Досжанов,А. Бірімжанов,А. Қозыбағаров, Ғ. Қуанышев, Б. Құрметов, Ә.Кенесарин, М.Саматов, Р. Мәрсеков, Б. Майлыбаев, А.Тұрлыбаев және зиялылардың басқа өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді.

1917 жылдың көктемінде Торғай, Жетісу ,Орал, Ақмола қазан облыстық съездері өткізілді.Съездер : ұлт азаттығы, жер мәселесі , діни, мәдени-қоғамдық мәселелерді негізінен қазақ халқының негізгі саяси, әлеуметтік –экономикалық ,мәдени талаптарын көтерді..Бірақ қазақстанның саяси экономикалық жағынан артта қалғандығы , әсіресе ұлт-азаттық қозғалысы мен оның әлеуметтік базасының әлсіздігі себепті бұл съездердің бірде-бірі дербес мемлекет болып бөлініп шығуға дейін өзін-өзі басқару құқығын дереу жүзеге асыру туралы талап қоя алмады,ал автономия туралы мәселенің шешілуін, аграрлық мәселе сияқты,Құрылтай жиналысына қалдырды.

Уақытша үкімет мынадай басты шаралар атқарды:

-1917 жылда 20 наурызда « Азаматтардың дін ұстауына , дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы шығарды;

-1917 жылы 5 мамырда –«Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы» қаулы шығарды;

-1917 жылы 8 қыркүйекте –«Жетісу облысының 1916 ж көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн, 150000 сом бөлу туралы» қаулы шығарды .Оның 5 млн жергілікті халыққа 6 млн 150000 сомы орыс халқына тиеселі болды.

1917 жылы наурыз сәуір айларында Қазақстанды 25 –тен астам кеңестер оның 8-ші жұмысшы, 9 шаруа , 7 солдат депудаттарының кеңестері құрылды. Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатыныста болуы қазақ еңбекшілерінің саяси санасының өсуіне ықпал етті.

Олар туған жерлеріне түрлі саяси партиялардың мүшесі болып оралды: Верныйда - «Қара жұмысшылар одағы» жетекшісі Жүсіп Бабаев. Сергиопольда (Аягөз) –«Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы, Петропавлда- «Жас арбакештер одағы» пайда жолды. Қазақ зиялылары 1905 жылы –«Алаш» қозғалысын құрып, 1917 жылы –«Алаш» партиясын құрды.Бұл партияның мақсаты:

І.Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету

ІІ.Автономиялық мемлекет құру.

1915-1917 жылдарда Орынборда жастардың «Еркін дала», Омбыда «Бірлік», Оралда «Жас қазақ»,Троицкде «Үміт» ұйымдары т.б. 20 шақта үйірмелер топтар құрылды.Олар листовкалар, өлеңдер таратты, кештер пікір сайыстар ұйымдастырды.Белгілі бағдарламасы болмағанмен, қазақ халқын патша үкіметінің ұлттық отаршылдық езгісінен азат етуді,өз халқының көзін ашуға ұмтылды, бостандық тәуелсіздік идеяларын оятуға талпынды. Осылардың арасында ең батыл іс-қимыл бағдарламасы болған Әулие-ата уезінде Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған « Қазақ жастарының революциялық одағы» Олар өз бағдарламасында уақытша үкімет кезіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне талдау жасайды: « Ақпан революциясы...билікті тағыда нақ сол патша чиновниктері мен жергілікті орыс кулактарының қолына берді.Уақытша үкіметтің сол элементтерден тұратын жергілікті комитеті қазақ халқына тең құқықты көзқарастық орнына өзіне қазақ халқын езгіге салу мен қырып жоюды міндет етіп қойды» . «Революциялық одақ» Уақытша үкіметпен,кулактардың жергілікті жерлердегі зорлық –зомбылығымен күресуді,болыстарға, старшиндар мен байларға ,Уақытша үкімет жақтастарына қарсы күресті және қазақ халқы бұқарасы арасындағы үгіт пен ағарту ісін күшейтуді негізгі міндет деп білді.

Ақпан төңкерісінен кейін қазақ өлкесінде көппартиялық жүйе қалыптасты. Еңбекшілер Уақытша үкімет саясатының мәнін айқын түсіне бастады.Уақытша үкімет Қазақстанда самодержавиенің бұрынғы саясатын жалғастырды.Ол Қазақстан мен Орта Азияда 1916 жылғы көтерілісті басып-жаныштаған жазалау отрядтарына қатысқандарға рақымшылықжасау туралы қаулы қабылдады, жергілікті жерлердегі бұрынғы уезд және болыс бастықтары, губернаторлар , жаңаша комиссар немесе азаматтық комитеттердің төрағалары болып алды. Қазақтарды саяси құқығынан айырған бұрынғы патша заңдары күшінде қалып, тартып алынған орасан жерлері ,сословиелік артықшылықтары сол қалпында қалды.Қазақ халқының ең жақсы жерлерін тартып алған қоныс аудару басқармасы өз қызметін жалғастырды.

2. Қазақ интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезінде шығармашылық және қоғамдық-саяси қызметі.1917 жылғы көктем және жазғы айларда қазақ еңбекшілерінің ұйымдары құрылды. “Қара жұмысшылар одағы” Верный қаласында, “Жұмысшылар одағы” Жаркентте, “Мұсылман еңбекшілерінің одағы” Түркістанда құрылды.

Сонымен бірге қазақтың демократиялық интеллигенциясын біріктірген “Жас қазақ” ұйымы Ақмолада, “Талап” Қызылжарда, “Жанар” Семейде, Тұрар Рысқұлов басқарған “Қазақ жастарының революциялық Одағы” Меркеде құрылды.

Елдегі революциялық қозғалыстың өсуіне байланысты бұл ұйымдардың кейбіреулері большевиктер жағына шықса, кейбіреулері “Алаш” партиясын қолдап, автономия идеясын жақтады.

Ақпан революциясы ұлт мәселесін шешкен жоқ. Қазақстанды отар деп білген буржуазиялық уақытша үкімет қазақ халқына ешқандай право берген жоқ. Мектептерде оқыту ісі және мекемелерде кеңсе ісі бұрынғыша тек орыс тілінде ғана жүргізілді.. Уақытша үкімет бұрынғы патша үкіметінің жер жөніндегі саясатын жүргізіп отырды. Өнеркәсіпті бұрынғыша шетел капиталистері мен орыс капиталистері билеп төстеумен болды.

Міне осындай қиын-қыстау кезеңде халқымыздың көзі ашық азаматтары елді осы қиындықтан алып шығу үшін әрекет жасады. “Шора-и Исламия”, “Ғұлама қоғамы”, “Алаш” партиясы, “Үш жүз” саяси партиясы осы кезеңдерде пайда болған еді.

Осы ұйымдар мен партиялардың ішіндегі халқымыздың тарихында елеулі орын алатыны “Алаш” партиясы. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында бірінші бүкіл қазақ съезі болды.

Съездегі ең бірінші мәселе – мемлекеттік басқару туралы мәселе болды. «Ресейде демократиялық, федерациялық, парламенттік республика болуы керек. Қазақ облыстары автономия алуы тиіс» деген шешім қабылданды.

“Алаш” партиясының бағдарламасы 1917 жылы 21 қарашада “Қазақ” газетінде жарияланды. Бағдарлама 10 тармаққа бөлінген.

“Алаш” партиясымен бірге құрылып, халықты азаттық үшін күреске шақырған қоғамдық ұйымдардың бірі “Үш жүз” социалистік партиясы еді.

“Үш жүз” партиясы алғашқы құрылған кезден бастап-ақ большевиктер жағына шығып, алаштықтарға қарсы болды. Бұл партияның қатарында жұмысшылар мен жатақтар көп еді. “Үш жүз” партиясы большевиктер жағында болғанымен олардың бағдарламаларының кейбір тұстары большевиктерден бөлек болды. Олар пролетариат диктатурасын мойындамады. Коммунистер партиясының қоғамдағы басшылық ролін мойындамады. Мемлекет басқару ісіне дінді араластыру керек еді. Сондықтан да 1920 жылы большевиктер бұл партияны жауып тастады.

Наши рекомендации