Арақытай, наймандар мен керейттер.
Қидандар – Солтүстік Қытайдың монғол тілдес, тунгус-маньчжур тайпасы. Олар Маньчжурия мен Уссури өлкесінде мекендеген. 924 жылы Алтай аумағы Тынық мұхитқа дейін қыдан мемлекеті билігіне немесе Ляо империясына көшті.
1125 жылы Қытайлар мен Чжурчжендер тайпалары Ляо империясының әскерін талқандады, сөйтіп ол өз тіршілігін тоқтатты. Қыдан тайпаларының көптеген саны Жетісуға қоныс аударып түркі тілдес жергілікті тайпалармен араласып кетті, олардың соңынан қарақытай есімі бекітілді.
Ляо әулетінің ханзадасы Елюй-Даши қарахандар үндеуін пайдаланып Баласағұн қаласын бағындырып, өз билігін барлық Жетісуға таратты, сөйтіп осында өз мемлекетін орнатты. Оның мақсаты өз мемлекетінің шекарасын Енисейден Таласқа дейін кеңейту болды. Одан кейін олар шығыс Түркістанды қосып алып, жергілікті қаңлы тайпаларын бағындырды. 1137 жылы олар Ходжентте Махмұдхан Мәуәраннахр билеушісін талқандады, ал 1141 жылы Самарқанд маңайында салжық – қарахан әскерін талқандады. Қарақытайлар Мәуәранахрды басып алып Бұқараға кірді. Олар сонымен бірге Хорезмге көз салды. Хорезм оларға алым-салық төледі. Батыс қарахандар де алым салық төледі.
Аз уақыт ішінде Жетісу, Қазақстанның оңтүстігі, Мәуәраннахр, Шығыс Түркістан қарақытайлар мемлекеті құрамына кірді. Мемлекет орталығы Баласағұн қаласы болды. Мемлекет басшысы – Гурхан болды. Қарапайым көшпелілер көшпелі мал бағумен шұғылданды, әр отбасына салық салу жүйесі кіргізілді. Бұған жергілікті халық наразылық білдірді, сондықтан жергілікті тайпалардың қарақытайлықтарға қарсы көтерілістері болып тұрды. Түркі тайпаларының наразылығын қарақытай Гурхан Чжилугудың мұсылмандық – исламды ығыстыруы туғызды.
1208 жылы Жетісуға, Шыңғыс ханның қууымен наймандар келуімен, қарақытайлар ығыстырылып, олардың мемлекеті өз тіршілігін тоқтатты.
Наймандар, керейлер – ірі Орта Азия тайпалары, негізінде мемлекеттік бірлесулер болған – жинақты атауы Цзубу – көшпелілер.
Керей мемлекеті Х ғасырдың басында Алтайда қалыптасқан, бірақ олардың тарихы ғасырларға тереңдейді. Деректер VII ғасырда шеп, сеп, байлау, қойлау тайпалары және басқалар Шығыс түркі қағанаты қағанына қарсы көтерілгендігін дәлелдейді. Көтерілісті шеп тайпасының қолбасшысы Керин Еркін бастаған.
607 жылы Керин Еркін хан болып сайланып, Изен-бала қаған титулына ие болған. Оның ордасы Бағда тауларында болды. Ол үнемі түркі қағандарымен күрес жүргізді.
Керей – этнонимының тууы ғылымда әлі толық зерттелмеген. Монғолдардың “Қасиетті аңыздар” мен “Алтын кітабында” ол тайпалардың атауы керейт деп белгіленген. Парсы және көне түркі көздерінде де олар керейт ретінде белгілі.
Рашид-ад-дин керейт тайпаларын: саха, дуба, таңға, алба, қарнын деп атайды. Олар түркі тілдес және телестік одақ тайпалары VII-VIII ғасырда өмір сүрген деген болжау айтылады. Ұлыс мемлекеті 10 ғасырда Шығыс Монғолияның Орхон өзені бойында қалыптасқан.
1007 жылы кереиттер ханы Қытайдың және орта Азияның барлық христиандары бағынатын патриарх метрополит Лаврға несториандық мағыналы христиандыққа алу жөнінде өтініш жасады. Әлемдік діннің бірін мемлекеттік ретінде алу – кереиттер хандығының билігін күшейтті және кереиттер мемлекетін Орта Азиядағы мықты мемлекет қатарына айналдырды.
Кереиттердің Тоғрыл ханының есімі әйгілі, ол өзіне көптеген Монғол тайпаларын бағындырды. Еуропада ол просвитер Иоган, Иоган королі ретінде танымал болды. 1200 жылы Тоғрыл хан монғолдың татар тайпасын талқандады. Онымен бірге осы жорыққа ұсақ монғол феодалы Темучин қатысты, ол 1202-1203 жылдары өз билігі астына бірнеше монғол тайпаларын біріктіріп өз бетінше жорыққа шығуға ниет білдірді. Күшейе түскен Темучин мен кереит билеушісі Тоғрыл хан арасында күншілдік туып, арты ашық соғысқа айналды. 1203 жылдың күзінде кереиттер талқандалып, олардың мемлекеті өз тіршілігін тоқтатты.
Саха және дубо тайпаларының бір бөлігі монғолдардан Алтайға одан әрі солтүстік батысқа қашып, кейіннен туваларға, хакастар, алтайлықтар құрамына кірді. Сахалардың бір бөлігі Байқал өңірінде Лена бойында мекендеп қалды және якуттер құрамына кірді. Олардың атауының өзі Саха. Көптеген кереиттер Темучиннің Моңғол мемлекетінің құрамына кірді. Кереиттер біртіндеп моңғол тіліне көшті, наймандармен және меркіттермен бірге ойрат тайпасының негізін құрады.
Кереиттердің тағы бір бөлігі Батыс Сібірге және Орта Ертіс, Тобыл, Есіл аймағына кетіп, түркі тілдес тайпалардың мемлекеттік бірлестіктерін ұйымдастырушылардың бірі болады.
Әулет негізін қалаушы Тайбуға ханы болды. Шыңғысханды монғолдар қуып шыққанша, керейттердің солтүстік резиденциясы Хатун-балық қаласында Хуанхэнің оңтүстігінде болған. ХІІ ғасырдың екінші жартысында кереиттер ұлысы Тоғрылхан кезінде Селенгенің жоғарғы жағынан Хуанхэнің оңтүстігіне дейінгі жерді алған. Олардың наймандармен Қарақытай, ұйғыр, моңғол саяси этномәдениет байланыстары тығыз болған. 1203 жылы оларды Шыңғысхан басып алғаннан кейін керейттер мен наймандар Қазақстан аумағында пайда бола бастады және қазақ халқының орта жүзінің құрамына кірді.
Наймандар: олар аралас этникалық құрамдас. Ғылымда олардың түркі тілдестігі туралы пікір бар. Найман – деген сөз сегіз деген санды білдіреді, конфедерация құрамына кірген тайпалар саны. Көне түркі жазуларындағы тайпалар одағы «Сегіз оғыз» зерттеушілермен наймандарды байланыстырады.
VIII ғасырда оғыздардың тайпалық бірлестігі, Орхон өзенінің бойында Ертістің жоғарғы жағына дейін мекендеген. Сол жерде кейіннен наймандарда мекендеген. Рашид-ад-дин хабарлағандай, Х ғасырда наймандар тайпалық одаққа бірігіп, олардың бірінші билеушісі Наркыш Таян және Инат хан болған. Қырғыздар тайпасын талқандап, наймандар Хангайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді иеленген. Наймандардың бір бөлігі Қарахан мемлекетін қалыптастыруға қатысқан. Х-ХІІ ғасырларда ертефеодалдық қатынастардың дамуына қарай, одақ мемлекетке айналды. Мемлекет Батыс Монғолия және Шығыс Қазақстан жерлерін алған.
Наймандар батыста қаңлылармен қыпшақтармен Ертісті бойлаған, солтүстікте Енисей қырғыздарымен, шығыста керейлермен, оңтүстікте ұйғырлармен көршілес болған.
Әу бастан-ақ наймандар мемлекеті керейлермен көшпелі тайпаларға билік үшін алакөз болған.
ХІІ ғасырдың соңы ХІІІ ғасырдың басында найман улусы екіге бөлінді, оларды Гаян ханмен Буюрук хан биледі.
Өзара кикілжің билік үшін талас наймандарды әлсіретті, 1201 жылы олар керейлерден, 1198-99 жж монғолдардан, 1201-04 жылдары Алтай тауларында жеңіліске ұшырады.
1206 жылы наймандар мемлекеті толық Шыңғысханмен талқандалды. Бұл наймандардың бір бөлігінің Жетісуға көшуіне әкелді, бұл жерде олар аз уақыт ішінде Буюрук ханның ұлы Күшлүк ханның билігіне бірікті.
Күшлүк хан Қарақытай мемлекетінің жеріне еліп, билеуші тағын иеленудің ыңғайлы жағдайды пайдаланып, Жетісуды бағындырды. Бірақ ол ұзаққа бармады, Шыңғыс хан келіп моңғолдардың Қазақстан аумағына баса көктеуі басталды.
Керейлер мен наймандар дамудың бірдей деңгейінде болды. Олар мемлекеттік құрылымдар – ұлыстарға қалыптасты. Бұл билік рулық тайпалық институтының жоғары және барлық этносты әулеттік хандық румен құшағында ұстады. Ұлыстың басында хан тұрды. Әр ұлыстың өз аумағы болды.
Оның маңызды бөліктеріне күзет қойылды. Хандардың жеке жәйләулары және қыстақтары болды. Ұлыстарда басқару аппараты болды, оған хан ордасының билік органдары, әскер, дружиналар кірген. Керейлер мен наймандар мемлекетінде хан ордасы ерекше орын алған. Ол хан мүлкіне және әскерге басшылық еткен. Керейлер мен наймандарда қарапайым құқық болды. Хан ордасында кеңсе ісі тараған. Құжаттар мөрмен бекітілген, әсіресе алым салық жинағанда және лауазымды қызметкерлер тағайындағанда. Қызмет мұрагерлікпен беріліп отырған. Керейлер мен наймандар Х-ХІ ғасырда Қазақстандағы этногенетикалық процесстерде елеулі роль атқарды. Осы кезеңде олар түркі тілдес тайпалар арасында Қазақстан аумағында пайда болып, соңынан Орта Жүз құрамына кірді. Қазақ этносының күрделі компоненттерінің бірі болды.
Ыпшақ қағанаты.
Қазақстан тарихында ерекше орын алатын – Қыпшақ мемлекеті. Олар қазақтардың тікелей ата бабалары, Дунайдан Ертіске дейін байтақ мемлекет құрған. Қыпшақ хандығы – классикалық көшпелі мемлекет. Қазақстан аумағындағы моңғол жаугершілігіне дейінгі ең ірі, құдіретті мемлекет. Орта Азияда, Еуропада қыпшақтарды қүмандар деп, Русьте – половецтар деп атаған. Қыпшақтар туралы әр тілде жазылған деректер сақталған. Қыпшақтар қимақтардың ұрпағы, қыпшақ мемлекеті құрылғанша қимақ конфедерациясының құрамына кірген. Қимақ қағанаты әлсірегенде түркі тілдес тайпалар Қазақстанның кең байтақ далаларына көше бастады. Олардың ең көбі және ықпалдысы қыпшақтар болды. Қыпшақтардың көне тарихы туралы бізге көп нәрсе белгісіз. Алғашқы рет олар туралы көне түрік көздерінде 760 жылы айтылған. Араб географы Ибн Хордадбек ІХ ғасырда өмір сүрген Қазақстанда VIII ғасырда мекендеген көшпелі қыпшақтар туралы деректер берген.
Қыпшақ тайпалары алғашында Алтайда және Ертіс бойында өмір сүрген және қимақ тайпасының одағына кірген.
Қыпшақ тайпалары сан жағынан өте көп және ержүрек батыл болған, сондықтан олар қимақтардан бөлінуге ұмтылған.
Қазақстанның кең байтақ даласын: Орталық, Шығыс, Батыс Қазақстанды қамтып, олар Орта Азия және оңтүстік шығыс, Еуропа елдерімен байланысқа кіреді.
ХІ ғасырдың бірінші жартысында қыпшақтар оғыздарды Сырдария бойынан, Аралдан, Каспий далаларынан ығыстырады.
“Оғыздар даласында” әскери - саяси басымдылық енді қыпшақтарға көшеді. ХІ ғасырдың екінші жартысында бұл аймақтар қыпшақтар даласы – Дешт-и-Қыпшақ болып атала бастады. ХІ ғасырдың ортасында қыпшақ тайпалары Жайыққа Еділ бойына жылжыды. Қыпшақтар Маңғышлақты басып алды. Сонымен бірге олар Хорезм шекараларына жақын келді. ХІ ғасырдың ортасында қыпшақтарға Қазақстанның барлық дерлік Жетісудан басқа кең байтақ аумағы бағынды. Шығыс шекарасы Ертісте, оңтүстікте – Талас өзені бойында, солтүстікте – Батыс Сібір орманы. Осы кеңбайтақ аймақ Дешт-и-Қыпшақ деп аталған.
Олардың Еділ үшін қозғалысынан кейін олар Русьте танылды және Шығыс Еуропа Византияға танылып, олардың шекарасы Днестрға дейін жетті. Қыпшақтар мемлекеті екі ірі этноаумақтық бірлестік құрды: Батыс қыпшақ – Тоқсоба уәлеті руынан және шығыс қыпшақ – Ельбөрі руынан, хандық билігімен.
Сонымен VII ғасырдан бастап қыпшақ этникалық құрылымы қалыптаса бастады. І-ші кезең – қимақ-қыпшақ тайпалық одағы.
ІІ-ші кезең – VIII ғасырдан ХІ ғасырға дейін қыпшақ тайпаларының Ертістен Еділге дейін қоныстануы, қыпшақтар әлі де болса кимек тайпалары конфедерациясында болған. Қоныстану барысында қыпшақтар қарлұқтармен, оғыздармен, печенегтермен тығыз байланыста болған. Бір аймақта бірге өмір сүрулері, бұл тайпаларды тығыз жақындастырып, оларды қыпшақ тайпаларымен ассимиляцияланды.
ХІ ғасырдың басында және ХІІ ғасыр – қыпшақ қауымдастығының дамуының үшінші кезеңі, бұл кезең қыпшақ ханы Ельбөрідің құдіреттігінің күшеюімен байланысты. Қыпшақ қауымдастығы өзіне қыпшақ тайпаларын ғана емес, түркі тілдес қимақ, құман, көш башқұрт, оғыз, қаңлы тайпаларын да қосып алды. Осы кезеңде ассимиляция барысында сондықтан қайымдастықтың қалыптасуында қыпшақ тайпаларының қандық туысқандық байланыстарын сақтауға ерекше мән берілді. Барлық тайпалар осы белгі астында қыпшақ тілінде сөйледі. Аймақ бірлігі, қарым қатынастар жүйесі, шаруашылық жүргізудің бірыңғай жүйесі – осының бәрі қыпшақ халқының қалыптасуына әкелді. Қыпшақтардың саяси салмағының өсуіне байланысты, тайпалармен, этникалық топтар өздерінің бірыңғай этносқа жататындықтарын сезіне отырып, қыпшақ этнонимін қабылдады. Бірақ қыпшақ халқының қалыптасуының шешуші кезеңі моңғол шапқыншыларымен үзілді.
Қыпшақ ақсүейтері тайпалардың қоныстану аумағын едәуір кеңейтті. Шығыс Дешт-и-Қыпшақ оғыздармен Сырдария бойында Хорезммен салжықтармен, қараханидтермен соғысқа әкелді.
Қыпшақ және қүман тайпаларының Дешт-и- Қыпшаққа ХІ ғасырдың ортасында қоныс аударуы Қыпшақ тайпаларының жағдайын күшейтті.
Мемлекет басында Ельбөрі руынан шыққан хан тұрды, оның билігі мұрагерлікпен берілетін. Хан ордасы – Орда хан мүлкіне, әскерге билік етті, мұнда басқару аппараты да болды. Көне түркі дәстүрі бойынша хандық екі қанатқа бөлінді: оң қанат – ордасы Жайық өзеніне, сол қанаты – ордасы Сығанақта. Неғұрлым күштірік оң қанат болды.
Әскери ұйымға, әскери әкімшілік жүйеге ерекше мән берілді, себебі олар көшпелі өмірдің ерекшелігін білдіретін және көшпелі өмірге ыңғайланған. Ақсүйектердің – хандар, тархандар, басқақтар, бек, байлардың иерархиялық қатаң жүйесі сақталды. Рулар мен тайпалар әлеуметтік мәніне қарай бөлінген. Мүліктік теңсіздіктің негізі – малға жеке меншік, оның ішінде жылқының саны. Малға жеке меншік, жердің жеке меншіктігіне әкелді. Жер қауымдастықтігі болғанмен, жайылымдарға хандар мен тайпалық ақсүйектер иелік етті. Көшпенділердің негізгі бөлігі – еркін қауымдастар, бірақ өзін және мүлкін мықты туыстарының қорғауына бере отырып, лар неғұрлым байлардан тәуелді бола бастады. Егер көшпенді малынан айырылса, ол отырықшы – ятук болатын еді.
Әскери тұтқындар қатарынан құлдар болды. 1096 жылы қыпшақтар тайпасы Хорезмге шықты, бірақ хорезмшахтың салжықтармен одағы күштірек болды да, қыпшақтар Маңғышлаққа қайтып келді.
Қыпшақтар қараханидтер шабуылына тап болып отырды және өз кезегінде Жетісуды шабуылдап отырды.
ХІІ ғасырдың басында қыпшақтар Орта Азия билеушілері хорезмшахтармен Сырдария қалалары үшін күрес жүргізді, бірақ жеңіліске ұшырады. Хорезмшах әскерлері Атсыз Дешт-и-Қыпшаққа кірді. Бұл қыпшақ хандығының ыдырауының, өзара келіспеушілігінің басы еді. Хорезмшахтар қыпшақ ақсүйектерін өз жағына шығарып алуға тырысты, сөйтіп қыпшақ хандығының абыройын жою үшін. Хорезмшахтар саясаты хандықта тұрақсыздық туғызды. Хорезмшахтар қыпшақтармен жақындасып, хан руының қыздарымен неке құрды. Осы себептер өз бетімен өмір сүруге ұмтылған қаңлылардың күшеюі, ішкі қайшылықтарды күшейтті. ХІІІ ғасырдың басында Хорезм шахы Мухаммадтың хандықтың ішкі істеріне араласуымен сығнақ облысы Хорезм құрамына кірді.
Қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күресті жалғастырды, бұл қарсыластық Моңғол шапқыншылығына дейін жалғасты.
Шыңғысханның келуімен этникалық және саяси қатынастарда бірыңғай болмаған қыпшақ хандығы өз тіршілігін тоқтатты.