Курстың зерттеу пәні және міндеттері

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

АШЭбасты зерттеу пәні – ауыл шар өндірісіндегі объективті экономикалық заңдылықтар мен олардың көріну формалары.

АШЭбасты мақсаты – экономикалық заңдылықтардың ауыл шар өндірісіне әсерін зерттеу болып табылады.

Міндеттері:ауыл шар саласын ұйымдастыру және ауыл шар өндірісіне қажетті жағдайларды анықтау; ауыл шар өнімдерін өткізу нарығын зерттеу; ауыл шар өндірісінің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету жолдарын анықтау; ауыл шаруашылығын ресурстық қамтамасыз ету.

Қой шаруашылығы

Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.

Қазақстанда қой шаруашылығының дамуында негізгі үш бағыт айқындалды. Олар елдің табиғи климаты, жем-шөп, жайылым жағдайы, қойдың биологиялық ерекшеліктері, тағыда басқа байланысты төмендегіше 3 аймаққа бөлінді: 1) далалық, қуаң-шөлейт аймақтар мен оңтүстік таулы өңір. Мұнда биязы және биязылау жүндіқой тұқымдары (барлық қойдың 65%-ы) өсірілді. 2) шөл және шөлейт аймақ. Бұл жерлерде негізінен етті-майлы, ұяң не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың 16%-ы) шоғырланды. 3) Қаракөл қойлары өсірілетін оңтүстік және батыс аймақтар. 1990 жылдың басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі қой шаруашылығытары болды.

Алайда экономиканың өзге салалары секілді қой шаруашылығы да кеңестік науқаншылдыққа ұрынып, қой санын 50 миллионға жеткізу туралы елдің нақтылы мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды орындау мақсатында қойды қолдан жасанды ұрықтандыру тәсілі кең етек жайып, асыл тұқымды қойлардың азып-тозуы мен миллиондаған елтірінің шын мәнінде жарамсыз қалуына, кеңестік жалған ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды игеру,тағыда басқа мәселелер кенже қалды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар мен қой шаруашылығындағы кейбір сәтсіз реформалар нәтижесінде қой шаруашылығыелеулі түрде құлдырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 12,3 миллион уақ мал бар (2004). Мұның негізгі бөлігі жеке меншік иелікте өсіріледі. Республикада қой шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеулер жұмыстарымен Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты, тағыда басқа айналысады.

Қолдану мақсатына қарай негізгі қор түрлері

Қолдану мақсатына қарай негізгі қор түрлері:

1. Ғимараттар (цехтер, қоймалар, т.б.);

2. Құрлыстар (көпір, тоннель, жолдар, т.б.);

3. Тасымалдау қондырғылары (құбырлар, электр тоғын тасымалдау желілері, т.б.)

4. Машиналар және жабдықтар:

а) Күш машиналары және жабдықтары (энергияның түрлерін шығарады);

б) Жұмыс машиналары мен жабдықтары (еңбек затына әсер етеді);

в) Өлшеу және реттеу аспаптары;

г) Есептегіш техника және т.б.

1. Көлік құралдары;

2. Құрал-сайман, қызмет ету мерзімі 1 жылдан жоғары болатын басқа құралдар);

3. Өндірістік және шаруашылық жиһаз;

4. Жұмысшы және өнім беретін мал;

5. Көпжылдық өсімдіктер;

6. Жер құнарлығын өсіруге қажет күрделі шығындар;

7. Басқа қорлар (мысалы кітапханалық қор).

Қызмет ету мерзімі 1 жылдан кем болатын заттар негізгі қорларға жатпайды.

Құс шаруашылығы

Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда’

Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат — олардың жұмыртқасы мен етін алу. Құйрық қауырсыны ұзын болып келетін тауықтың - феникс қолтұқымы бар. Мұндай тауық қолтұқымы Жапония мен Қытайда өсіріледі. Тауыс, көгершін және баққунақ (канарейка) әсемдік үшін арнайы торла қолдан өсіріледі. Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені — асыранды қаз

Мал азығын өндіру және пайдалану

Мал азығы, жемшөп - мал азығына, яғни жемшөп қорына, мал жайылуына пайдаланылатын табиғи және екпе жайылымдар мен мал азықтандыруға жұмсалатын, яғни жемшөп қорын толықтыратын, табиғи және екпе шөп шабыстар, сонымен қоса мал азығын дайындауға пайдаланылатын азықтық дақылдар мен олардан дайыңдалатын азықтар мен түрлі азықтық қалдықтар мен қосыңдылар жатады. Жайылым оты (шөбі) оларға малды жайғаңда немесе орып, алдарына салынып көк азық түріңде пайдаланылса, шөпшабыс көгі шабылып, пішенге кептіріліп, жиналып, сақталып, қысқы ірі, яғни қатайып іріленген азық ретінде пайдаланылады. Ірі мал азығына орылып, дәні алынған сабан, топан да жатады. Көк жүгері, күнбағыстың шырынын, яғни сөлін сақтау үшін оларды сүрлемге, ал қиын сүрлемделетін бұршақ тұқымдастар (жоңышқа, беде, т.б.) көгін пішеңдемеге салады. Осылай дайындалған шырынды азыққа азықтық тамыр-түйнек жемістілер (қызылша, сәбіз, картоп) мен бақшалық дақылдар (асқабақ, әңгелек, т.б.) жатады

Мал шаруашылығы өнімін өндіру тиімділігі

Мал шаруашылығының мәні, мамандану және орналастыру

Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.

Мал шаруашылығы өнімінің экономикалық тиімділігін бағалаудың келесідей көрсеткіштерібар:

1. Мал шаруашылығының жиынтық өнімі

2. Өндірілген өнімнің бір бірлігінің өндірістік шығындарының құны

3. Жалпы өндірілген және сатылған өнімнің рентабельділігі

4. Пайда нормасы.

Мал шаруашылығы өнімін өндірудің экономикалық тиімділігін арттырудың 3 жолы бар:

1. Зооветеринарлық

2. Өндірісті автоматтандыру және механикаландыру

3. Материалдық заттай жоғалуын болдырмау.

Материалдық-техникалық қамсыздандыру

Материалдық-техникалық қамсыздандыру – материалдық өндіріс аясы мен бейөндірістік қызмет аясында пайдалану үшін кәсіпорындардың (фирмалардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, кәсіпкерлердің, т. б.) қажеттерін еңбек күралдарымен және заттарымен қамтамасыз ету үдерісі. Материалдық-техникалық қамсыздандырудың субъективті-объективті құрылымы – бұл мақсаттары мен қызығушылығы бір бағытқа бағытталаған, материалдық-техникалық қамсыздандырылу объектілерінің қозғалысының сипаты мен формаларының жиынтығы. Материалдық-техникалық қамсыздандыру объектілеріне өндірістің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуші өндіріс және ұқсату шарттары, тауар өндірушілердің (сатып алушылар) қызметтері мен бейімділігі жатады. Экономикалық даму жағдайында өндіріс саласы мен инфрақұрылымына, оның ішінде материалдық-техникалық қамсыздандыруға елеулі әсер ететін факторлар, құбылыстар және үдерістер туындайды:

- еңбек заты мен құралдарының жаңа конструкциялық қағидаларға сәйкес сапалы өзгеруі;

- шығарылатын және пайдаланылатын өнім түрлерінің технологиялық жағынан түбегейлі конструкциялық жаңартылуы;

- ғылыми техникалық прогресстің жоғары деңгейі жағдайында халық шаруашылығының әр түрлі салаларымен шығарылатын өнім номенклатурасының интенсивті артуы себебінен мамандану мен қоғамдық еңбек бөлінісіндегі қиыншылықтар туғызады;

- өндірістік және жеке тұтынушыға арналып шығарылатын өнім номенклатурасының кеңеюі өндірістік үдеріске тартылатын материалдық ресурстар мен жабдықтардың типтерінің, сұрыптарының және көлемдерінің санының одан әрі артуына әкеледі;

- бір мезгілде машиналар, жабдықтар және техникалық құралдардың жаңа типтерінің пайда болуы, моральдық ескірген өнімдердің кейбір түрлерін өндірістен алып тастауды қажет етеді;

- ресурстарды тиімсіз пайдалану нәтижесінде ертерек қаржыландырылған шикізаттар мен материалдардың кейбір түрлеріне қажеттіліктің болмай қалуынан, жаңа типті өнімдер шығаруда бірқатар қиындықтар туындайды.

Кәсіпорындар мен бірлесіктерді материалдық-техникалық жабдықтармен, шикізатпен, отынмен және басқа да ресурстармен қамсыздандыруды жетілдірудің отандық мүмкіндіктерін зерттеуде бұл үдеріс басқа салалардың өндірістік инфрақұрылымдарымен салыстырғанда кеш дамығаны байқалады.

Материалдық ағындарды басқару, яғни жеткізілімдерді реттеу, қорларды бақылау және аймақтық деңгейде олардың қажетті көлемін ұстану сияқты ортақ мақсат болу керек. Сонымен қатар, материалдық-техникалық қамсыздандырудың нормативтік базасына негізделе отырып тұтынушылармен жасалған келісім шарттар мен тапсырыстарға сәйкес міндеттемелерді уақытылы және толық орындауға бағытталған өндіріс және өткізуді оперативті жоспарлауды қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі кезде материалдық – техникалық қызмет көрсету саласын мемелекеттік реттеудің негізгі бағыттарына антимонополиялық реттеу, сапасыз бәсекелестермен күресу, сапалы өнім мен қызметке бәсекелес орта қалыптастыру басым бағыттарға жатады. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешенін материалдық-техникалық қамсыздандыру өндірістік техникалық қызмет көрсетуге байланысты бірқатар қосымша қызмет түрлерімен қатар жүргізілуі тиіс.

Агроөнеркәсіп кешені нарығының мамандандырылған бір бөлігі ретінде материалдық-техникалық ресурстар нарығы барлық АӨК жүйесінің заңдылықтарына сәйкес сегмент ретінде қызмет етеді. Сондықтан, материалдық-техникалық ресурстар нарығының ерекшелігін қарастыра отырып, агроөнеркәсіп кешені нарығының қалыптасуы және әрекет етуінің жалпы заңдылықтары мен қағидаларын ескеру қажет.

Материалдық-техникалық ресурстар дегеніміз – белгілі бір өндірісті ұйымдастырушы және жүзеге асыру үшін қажетті материалдық заттай формадағы ресурстар.

Курстың зерттеу пәні және міндеттері - student2.ru Курстың зерттеу пәні және міндеттері - student2.ru Курстың зерттеу пәні және міндеттері - student2.ru Ресурстар

Курстың зерттеу пәні және міндеттері - student2.ru Курстың зерттеу пәні және міндеттері - student2.ru Материалдық Еңбек Капиталдық н/е қаржылық

Негізгі қор Айналым қорлар

· Шикізат материалдар

· Отын энергия

· Қосалқы материал

Қаржы

Материалдық-техникалық ресурстар түсінігі және жіктелуі

Ресурстар – бұл табиғи байлық, материалдық, заттық құндылықтар және тұтыну, өндіріс процесстеріне қатысатын адамдардың жиынтығы. Ауыл шаруашылығында ресурстар төмендегі белгілер бойынша жіктеледі:

1) шығу тегі бойынша ресурстар: - табиғи - экономикалық болып бөлінеді. Экономикалық ресурстары өзара: - материалдық - қаржылық - еңбек реурстары болып бӛлінеді.

2) өндіріске қатысы бойынша ресурстар: - қалыптасқан - потенциалды Қалыптасқан ресурстар – шаруашылық айналымдағы жалпы ресурстардың белсенді бөлігі (өндіріске тікелей қатысады). Потенциалды ресурстар - өндірістік процесстерге қатыспайтын, бірақ болашақта қатысатын ресурстар.

3) Пайдалану белгісі бойынша ресурстар: - өндірістік - өндірістік емес өндірістік ресурстар құрамына жер, материалдар және еңбек ресурстарын жатқызамыз

4) ұдайы өндіріс тәсілі бойынша ресурстар: - ұдайы өндірістік - ұдайы өндірістік емес Ұдайы өндірістік емес ресурстарға су ресурстарын, орман шаруашылығын, байлық өазбаларын жатқызамыз.

Ауыл шаруашылығында материалдық ресурстардың ерекшелігі: 1) материалдық-техникалық ресурстардың құрамдас бөлігі болып жер табылады

2) материалдық-техникалық ресурстар табиғат жағдайларына тәуелді

3) материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалануы өндіріс маусымдылығына тәуелді 4) материалдық-техникалық ресурстардың көлемі және құрылымы мемлекеттің аймақтары бойынша өзгереді

5) материалдық-техникалық ресурстардың құрамына тірі организмдерді жатқызамыз

6) материалдық-техникалық ресурстар өнеркәсіптік ӛндіріс құралдарына және ауыл шаруашылығында пайда болған құралдардан тұрады

7) материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалану агроөнеркәсіп кешенінің барлық өрістер қызметтерімен тікелей байланысты.

Моральдық тозу түрлері

Моральдық тозу – негізгі қорлардың құны экономикалық тұрғыдан төмендеуі (ғылыми-техникалық прогреске және әлеуметтік факторларға байланысты). Моральдық тозу түрлері:

1. Өндірістік: берілген қорды өңдіру шығындары азаюдың нәтижесінде болатын тозу.

Т = Қб – Ққ.е.

2. Экономикалық: берілген қор бағасына тең бірақ оған қарағанда өнімділігі жоғары қорлардың пайда болуы: П. Г. Бунича формуласы бойынша:

Т = Қбе – Қбе/(Өе*Тне) – (Қбж*Тқ*Өе)/(Өж*Тнж)

Мұндағы: Қбе, Қбж – ескі және жаңа машинаның бастапқы құны

Өе, Өж – ескі және жаңа машинаның жылдық өнімділігі

Тне, Тнж – ескі және жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі, жыл

Тқ – Ескі техниканың қалған қызмет ету мерзімі, жыл

3. Маркетингтік: берілген машинаға сұраныстың өзгеруіне байланысты, нарықтағы өзгерістерге байланысты бағаның төмендеуі. Формуласы өндірістік моральдык тозуға сәйкес анықталады.

Нарықтық жағдайда баға белгілеуді жетілдіру

Баға белгілеуді тиімді жүргізу және жетілдіру мақсатында баға белгілеу стратегиялары қолданылады. Бәсекелестік баға белгілеу стратегиясы әрқашан бәсекелестерге қарағанда, төмен баға белгілеуге негізделеді.

Нарык құрылымына, бәсекелестердің саны мен мүмкіншіліктеріне қарай фирма мына ұш стратегиянын біреуін тандай алады:

• нарыққа ену;

• баға лидеріне қарап, баға белгілеу;

• бәсекелестің бағасынан жоғары баға белгілеу.

1. Нарыққа ену стратегиясы. Мұндай стратегия нарық үлесін жаулап
алу мақсатымен төмен баға тағайындауды көздейді, ол тек сыйымдылығы
жэне баға бойынша сұраныс икемділігі жоғары нарықта тиімді болып
табылады.

Бұл стратегия мынадай жағдайларда ғана қолданылады:

• баға бойынша сұраныс икемді. Бұл жерде сатып алушылардың кең аукымын қанағаттандыру максатында төмен баға белгіленеді.

• тауар нарықка енгсннен кейін шиеленіскен бэсеке тууы мүмкін, ач б.ұл стратегия нарықка енудегі кедергі (барьер) больш табылады.

• сату көлемін ұлғайту аркылы енімнін бір бірлігіне кететін шығындарды азайтуға болады.

Нарыққа ену стратегиясы тэуекелді (тэуекелі мол) стратегия болып табылады, себебі бәсекелестер жаңа технологияпы қолдану арқылы фирманы басып озуы мүмкін. Фирма бэсекелестерді ығыстыра отырып, жеңіске жетеді, сол аркылы ол ТӨЦ-тің өсу кезеңінде нарықта белгілі уақьпта монополист бола алады. Содан соң өндіріс ауқымының кеңеюі және шыгыпдардың азаюы есебінен бағалар біртіндеп өседі. Бұл стратегияны кейде «төмен бағаларң стратегиясы деп те атайды.

Нарыкқа ену стратегиясын сыртқы нарықтарға ету үшін де қолданады. Мүнда сондай-ак жсргілікті ендірушілердіц бағаларынан томен, яғни демпингтік багалар (өндірістік шығындардан төмен) қолданылуы мүмкін. Жапон автомобиль өндірушілерінің АКШ нарығына енуі - осы стратегияны қолданудың жарқын мысалы.

Төмен багалар арқылы нарыкта қалу оңай емес, бұл пайда алу мүмкіндіктерін шектейді. Сонымен катар бағалардың өсуі сатып алушылардың наразылығын тудырады. Сондыктан нарықтық жағдайға сай оңтайлы баға деңгейін таба білген жен.

2. Нарыктык лидерге қарап баға белгілеу сгратегиясы олигополистер арасында қолданылады. Фирма өз багасын олигополист-лидердің баға деңгейімен салыстыру арқылы белгілейді. Бұл стратегия бойынша фирма тауарларына бағаны нарыктагы лидер багасына сэйкес катаң белгілеуге тиіс емес, олар белгілі бір шекте лидер бағасынан ауыткуьі мүмкін. Осы стратегияны қолдану кейде қауіп туғызып, күрделі қателіктерге экеледі, себебі лидер-фирма баға қою саясатын үнемі дұрыс жүргізе алмайды немесе оз бәсекелесгерін эдейі алдап, адастыруы мүмкін. Кейбір жағдайда лидер-фирма "бағалар соғысын" жариялап, аутсайдерді нарықтан ығыстырып шығарады.

Нарыкка өткен жьшдары отандық кэсіпорындарда калыптасқан тэжірибеден бағалардың ұнемі өсіп отырғаны байқалды. Қазіргі кезде отандық кәсіпорындардын негізгі қолданатын бағалық стратегиясы -нарыктағы лидерге қарап баға белгілеу. Басқаша айтқанда, "лидерді куып жету" стратегиясын қоддану. Бұл жерде бәсекелестердін бағалары нарықтағы лидердің бағасына сәйкес көтеріліп, төмендетілетін қарапайым бағалық саясат. Кәсіпорындар әр тоқсан сайын өз өнімдерінін бағасын бәсекелестер бағасымен салыстырады және қажет болған жағдайда оларды өзгертіп (түзетіп) отырады.

3. Бэсекелеске карағанда жоғары баға белгілеу. Егер фирма бірегей қасиеттері бар жоғары сапалы тауар шығарса, онда ол бэсекелестерге қарағанда. жогары баға қоя алады. Бұл стратегияны қолдануда көптеген елдермен қатар, Қазақстанда да монополияға карсы баға деңгейіне катысты бэсекелестермен сөз байласып, келісуге зан тыйым салады.

«Бәсекелестен жоғары бағаң стратегиясын көбіне өз өнімінің сапасы жоғары екендігіне сенімі зор комианиялар қолданады. Мұндай стратегия "ФудМастер", "Беккер және К°" компанияларына тән. Соған карамастан кептеген қазақстандық компаниялар арасында сөз байласып баға белгілеу жоқ емес жэне ол іске асып та жур. Мысалы, "Беккер жэне К°" БК-тың шұжық өнімдерінің бағасы, әсіресе, "Докторлык", "Сыра ішуге арналған майлы шұжық" сияқты жоғары сорттарының бағасы бэсекелестерге қарағанда 30-40% жогары.

Маркетологтар бағаны жоғарылатқанда мынадай ережелерді орындауы тиіс:

1. Түтынушылар бағаның артуы орынды деп кабылдауы тиіс, оларды осыған нандыру қажет.

2.Бағаларды білінбейтіндей етіп, біртіндеп өсіру керек.

3. Шығындарды қымбат емес материалдарды қолдану есебінсн азайту, рентабельді емес бұйымдар вндірісін қыскарту, сұраныстағы қызмет түріне телемакы белгілеп, олардың жалпы деңгейін төмендету, женілдіктерді реттеу, тауардың күрдслі қонструктивтік ерекшеліктерінен бас тарту, кымбат емес буып-түйіп, орайтын материалдарды қолдану кажет.

Нарықтық қатынастар жағдайындағы жер реформасы

Жер реформасы жүру барысында жер қатынастары өзгеріп, жетілуде жаңа заң, нормативтік хаттамаларды қабылдау кең орын алуда. Мысалы, «Меншік туралың», «Жер реформасы туралы», «Жер кодексі», «Шаруа қожалықтары», заңдары қабылданып, өзгеріп жатыр. 1995 ж. желтоқсан айында қабылданған заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» жарлығында жер реформасының бірнеше жылдар тәжірибелері ескеріліп, жер қатынастарына түбегейлі өзгерістер енгізілген,

Мысалы: жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқықтарын енгізу; жеке меншіктердегі жерлерді нарық айналымына қосу; азаматтарға және заңды мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты пайдалану құқығында берілген жер учаскелерін нарықтық айналым қосуға мүмкіндік беру. Сөйтіп жер нарығының қалыптасуына құқықтық негіз салынып, жерге жылжымайтын мүлік статусы берілді. Бұл заң қабылданған соң жерлермен келесі әрекеттер жүргізу мүмкін болды: сату; сатып алу; айырбастау; сыйлау; жер учаскелерін кепілдікке беру; ипотекалық операциялар және т.б.

Мұндай түбегейлі жер қатынастарының өзгерістері, әрине, Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрінің жаңа жүйесінің қабылдануын талап етті. Сондықтан, «Жер туралы» жарлығының 113, 114-баптарында жер кадастрінің негізгі талаптары және жаңа жағдайда оны жүргізу шарттары келтірілген. Мемлекеттік жер кадастрі бюджеттік қаржы есебінен Қазақстан Республикасының бір жүйесі бойынша жер қорларын басқару жөніндегі мемлекеттік органдармен жүргізіледі. Оны жүргізу тәртібін Үкімет белгілейді.

«Жер туралы» 113-бабына сәйкесті Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлемі, шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерінің бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.

«Жер туралы» жарлықта жерлерді тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасында жаңа мемлекеттік жер кадастры жүйесін енгізумен қатар, жаңа жер қатынастарын ескере отыра, жерді үйлестіру, жерлер мониторингісі, жерлерді пайдалануды, қорғауды мемлекеттік бақылау жөнінде жүргізілетін жұмыстарға негізгі талаптар қойылған.

Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер

Наши рекомендации