Кәсіпкерлердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі.

Қазіргі кезде кәсіпкерлік сферасындағы заңдық жауапкершілік түрлерінің қатарына әкімшілік жауапкершілікті жатқызуға болады.

Әкімшілік құқық-бұзушылық (азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке қол сұғуды көздейтін заңға қайшы әрекеттер) жасалаған кезде, әкімшілік жауапкершілік туындайды.

Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 2014 жылы 5 шілдеде қабылданған, осы кодекстің 14-тарау. «КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР» деп аталады.

Кодексітің 154 бапына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы –әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (Қазақстанда 1 қантар 2016 ж 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2121теңгені, 2017 жылғы- 2269теңгені құрайды)

153-бапта Заңсыз кәсiпкерлiк туралы айтылған.

Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не iрi мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетiн тауарларды едәуiр мөлшерде өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткiзумен ұштасқан болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – келтiрiлген залал сомасының, алынған кіріс сомасының және заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құнының – 30, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 40, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50 пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қылмыстық жауапкершілікмемлекеттік мәжбүрлеумен байланысты қарастырылады және ықпал етудің ең қатал шарасы ретінде қабылданады. Қылмыс деп қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз. Қылмыстық кодекстің 7 тарауы «Экономикалық қызмет саласына» арналған, онда экономикалық қылмысты екі түрге бөліп көрсеткен:

1.жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзатын, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен жасалатын қылмыстар;

2.жеке кәсіпкерлік субъектілерімен жасалатын қылмыстар

 
 

.

ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес міндеттеме деп бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекет жасау, не болмаса белгілі бір әрекет жасаудан тартыну міндеттілігін айтамыз.

Міндеттемені орындау келесі әдістер арқылы қамтамасыз етіледі:

1.айып төлеу;

2.кепіл;

3.борышқордың мүлкін алып қалу;

4. кепілдік;

5. кепілпұл;

6. кепілдік жарна (үйге тапсырма – түсініктерін жазып келу).

Міндеттеме келесідей жағдайларда толық немесе ішінара тоқтатылады:

1. Міндеттеме толық дәрежеде орындалса;

2. Талаптан бас тарту төлемі төленсе;

3. Борышты есепке жатқызылса;

4. Борышты кешіру арқылы борышқор мен несие беруші бір тұлға боласа;

5. Орындауға мүмкіндік болса;

6. Мемлекеттік органның құжаты шығарылса;

7. Азамат қайтыс болса;

8. Заңды тұлға таратылса.

Наши рекомендации