Ішкі суда жүзу кемелері экипажының және жолаушылардың тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

381. Тамақ өнімдерін тиеу жолаушыларды отырғызудан бұрын жүргізіледі. Тиеу орны ластану көздерінен (шайынды және мұнайлы суды ағызатын жерлерден) барынша алшақ болады.
382. Тамақ өнімдері мен тағамдық шикізаттың шығуын және қауіпсіздігін дәлелдейтін сертификаттары болады.
383. Барлық кемелерде қабылданған шикізатты, тағамды және дайын тағамдардың сапасына өндірістік бақылау жүргізіледі. Зертханалық тексерулер портта жүргізіледі.
384. Экипажға арналған камбуз тұрмыстық тоңазытқыштармен, құрғақ тағамдарға арналған шкафтармен, электр плитасымен (газ немесе басқа отынмен), электр су қайнатқышпен, беті тот баспайтын болаттан жасалған бөлшектегіш және үлестіру үстелдерімен, ыдысқа арналған шкафпен немесе сөремен, камбузға және асхана ыдысына арналған үш секциялы ваннамен, қол жууға арналған раковинамен жабдықталады. Ванна мен раковинаға суық және ыстық су келтіріледі, сабынмен, жуу және дезинфекциялау құралдарымен жабдықталады.
385. Шикі және дайын тағамдардың, таза және лас ыдыстардың қарсы ағынына жол берілмейді
386. Өндірістік және жуу ванналары кәріз желісіне қосылады. Сарқынды судың құбыры май сүзгіш қондырғымен жабдықталады.
387. Тез бұзылатын тағамдарды сақтайтын тоңазытқыш шкаф және мұздатқыш камера термометрмен жабдықталады. Қоймалардағы шкафтардың төменгі сөресі кемінде 35 см биіктікте орналастырылады.
388. Асхананың және мейрамхананың дайындау бөлмелері тегіс, тот баспайтын болаттан жасалған қаптамасы бар үстелдермен жабдықталады. Ет пен және балық үшін ерітуге арналған ванналар көзделеді.
389. Мармиттер бірінші ыстық тағамдардың және ыстық сусындардың температурасын +75 ОС-тан, екінші тағамдардың температурасын +65 ОС-тан төмен болмауын қамтамасыз етеді. Тоңазытқыштар салқын тағамдардың және сусындардың температурасын +7 ОС-тан -14 ОС арасында болуын қамтамасыз етеді.
390. Ыдыс жуатын үй-жайларда: лас ыдыстарды қабылдайтын және таза ыдыс жіберетін екі терезе, таза және лас ыдыстарға арналған үстелдер, кептіру шкафтарын жуу құралдарын сақтайтын шкаф болады. Ыдыс жууға температурасы +65 ОС-тан төмен емес ауыз су сапасындағы су пайдаланылады. Жуу ваннасының үшінші секциясында жуылған ыдысты шаюға арналған майысатын шланг болады.
391. Буфеттің сауда үй-жайы жайма сөремен (шкафпен), тұрмыстық тоңазытқышпен және ыстық, суық су жүргізілген раковинамен жабдықталады. Тағамды ысытуға және жеңіл тағамдарды дайындауға арналған бөлмеде электр плита, су қайнатқыш, үш секциялы суық және ыстық су келтірілетін ванна, қақпағы және аяқпен басатын педалі бар, тағам қалдықтарын жинайтын ыдыс қойылады.
392. Ас блогында, асханада, мейрамханада қызметкерлердің санитариялық киімдеріне арналған шкаф, жинау, жуу және дезинфекция құралдарына арналған шкафтар орнатылады.
393. Тағам қалдықтарын жинау үшін қақпағы және педальді қондырғысы бар сыйымдылық көзделеді.

Ішкі суда жүзу кемелерінде тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинауға, сақтауға және зарарсыздандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

394. Кемелерде су ортасын тазартылмаған және зарарсыздандырылмаған сарқынды, құрамында мұнай бар сумен, тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластауды болдырмауды қамтамасыз ететін жүйелер және қондырғылар көзделеді.
395. Дәретханалардан, себезгіден, камбуздан, кір жуатын орыннан, медициналық үй-жайлардан шыққан сарқынды су ортақ цистернаға құйылады, құрамында мұнай бар сарқынды су бөлек цистернаға жинақталады.
396. Жинақтау цистерналарына жиналған сарқынды және құрамында мұнай бар су кеменің тазарту станциясына, жағадағы немесе жылжымалы су қорғайтын қабылдау пункттеріне өңдеуге жіберіледі.
397. Сарқынды суды тазартқан кезде жиналған қоқым, құрамында мұнай бар суды тазарту кезінде бөлінген мұнай өнімдері бөлек цистерналарға жиналып, инсинератор-пештерде жағылады немесе кемеден тыс су қорғайтын қабылдау пункттеріне жіберіледі.
398. Сарқынды суды жинайтын цистерналарды тексеру, бояу, жөндеу бойынша жұмыстардың барлық түрі алдын ала дезинфекция жасалғаннан кейін жүргізіледі.
399. Ағу жүйесінің санитариялық-техникалық жабдықтарында және құбыр жүйесінде гидравликалық бекітпелер болады. Сарқынды және құрамында мұнай бар суды су сақтайтын қабылдау пункттеріне жіберу үшін жеке құбыр жолы көзделеді.
400. Кемелерде тасымалдауға, шығару мен дезинфекциялауға ыңғайлы, құрғақ тұрмыстық қалдықтар мен тамақ қалдықтарын бөлек жинайтын және сақтайтын қақпағы бар ыдыстар көзделеді.
401. Құрғақ қоқыс және тамақ қалдықтары кемелердің өзінде инсинератор-пештерде (инсинератор-қазанда) жағылады немесе арнайы тазарту кемелеріне немесе жағалаудағы қондырғыларға жіберіледі.
402. Кемеде су сақтайтын қондырғылар болмаған жағдайда сарқынды және құрамында мұнай бар су цистерналарда, құрғақ қоқыс және қатты қалдықтар арнайы ыдыстарда (бактарда) жинақталады. Жиналған лас заттар жағалаудағы немесе қабылдау пункттеріндегі су сақтайтын жерге тапсырылады.
403. Тамақ қалдықтары жиналатын ыдыстар (бактар) босағаннан кейін ыстық сумен жуылады, айына екі реттен сиретпей дезинфекцияланады.
404.Жылжымалы су сақтайтын қабылдау пункттеріне сарқынды және құрамында мұнай бар суды, құрғақ қоқысты және қатты тамақ қалдықтарын тапсыру кеме журналында белгіленеді.

Тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын және шаруашылық-ауыз суды тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

405. Көлiк құралдарының iшкi беті Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген материалдардан жасалған, жуу және дезинфекциялау құралдарына төзiмдi, жеңіл жуылатын және дезинфекцияланатын гигиеналық жабыннан көзделеді.
406. Тасымалдауға арналған көлік құралдары таза, бөтен иіссіз ұсынылады.
407. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін тасымалдау тез бұзылатын тамақтарды тасымалдау жағдайларына қойылатын талаптарға сәйкес температуралық режимді қамтамасыз ететін мамандандырылған көлікпен жүзеге асырылады.
408. Егер жүк жөнелтушiнің көлік құралдарына қоятын температуралық режимі немесе басқа да жағдайлары қамтамасыз етілмесе, тасымалдаушы мұндай жүктi тасымалдауға қабылдамайды.
409. Егер жүктің құжатында көрсетілген тасымалдау мерзімі жүкті жеткізу мерзімін есептеу қағидаларына сәйкес белгіленген жеткізу мерзімінен аз болса, тасымалдаушы тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауға қабылдамайды.
410. Тамақ өнімдерін тасымалдау кезінде тауар көршiлестiгі сақталады. Тамақ өнімдерін азық-түлiкке жатпайтын жүктермен бiрге тасымалдауға жол берiлмейдi.
411. Шаруашылық-ауыз суды тасымалдау осы мақсатқа арналған, арнайы жабдықталған изотермиялық цистерналарда жүзеге асырылады.
412.Су тасымалдауға арналған ыдыстардың конструкциясында мыналар: жылу оқшаулағыш қабат, люк арқылы су алуды болдырмауға арналған ілмек құрылғыларымен жабдықталған тығыз жабылатын қақпақтар және су ағызуға арналған құрылғы (шүмектер) көзделеді. Су ағызуға арналған құрылғы ыдыстың судан толық босатылуын қамтамасыз етеді.
413. Ыдыстардың iшкi бетiнде тоттануға қарсы қабатының бұзылғаны байқалса, ыдыстар қосымша тоттануға қарсы жабынмен қапталуға жатады.
414. Цистерналар мен бактардың бүйір жақтарында «Ауыз су» деген жазуы болады. Цистерналар мен бактарды басқа мақсатқа пайдалануға жол берілмейді.
415. Суды тасымалдауға арналған цистерналар мен бактарды залалсыздандыру тоқсанына бір рет және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Дезинфекциялау шараларына механикалық тазарту, жуу, залалсыздандыру, ақырғы шаю енгізіледі, залалсыздандыру аяқталғаннан кейін су лабораториялық зерттеуден өткізіледі.
416. Тасымалдау және сақтау кезінде судың сапасы № 209 бұйрыққа сәйкес болуы тиіс.
417. Тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды тасымалдауды Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар көлік құралы қолданылады.

Наши рекомендации