Ниежүзілік саясат: мәні мен түсінігі. Геосаясат түсінігі.

Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды. Дүниежүзілік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субьектілерінің әлемдік сахнадағы іс әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделœеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды. Сонымен қатар,олар˸ сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар ұғымдарымен толықтырылады.

43. Қазақстан Республика Конституциясының басты жағдайлары

Конституция – бұл халықтың жалпы еркін білдіретін, аса жоғары заңды күші бар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-адамгершілік өмірінің аса маңызды принциптері мен институттарын бекітетін, мемлекеттің Ата заңы. Конституция саяси және құқықтық жүйенің ядросын құрайды және мемлекет пен қоғамның тіршілік әрекетінің барлық сфераларын дамыту базасы болады.Қазақстанда мемлекеттіліктің негізгі атрибуттарын құру процесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда басталды, сол кезде ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады, онда Қазақстан Республикасы өз аумағының шегінде барлық толық билікті иеленетін және өзінің сыртқы және ішкі саясатын дербес анықтайтын, егеменді мемлекет болып табылатыны жарияланған.Қазақстандық мемлекеттілікті құру процесінің келесі кезеңі егеменді Қазақстанның 1993ж. 28 қаңтарда тұңғыш Конституцияны қабылдауы болды, ол өзінің негізгі принциптері ретінде халық егемендігін және биліктерді бөлу идеясын жариялады. 1993 ж. Конституцияның негізіне президенттік республика моделі жатты, оған сәйкес Президент мемлекет басшысы ретінде бір мезгілде атқару билігінің басшысы да болды. Жоғары заңды билік өкілетті билік органы - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне тиесілі болды. Конституция-мен жарияланған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары демократияның негізгі принциптеріне сәйкес келді.Алайда Конституцияның проблемалы жақтары, әсіресе жоғарғы билік органдарының өзара әрекеттесуі бөлігінде айтарлықтай жылдам айқындалды. Сонымен, мысалы, 1994 ж. көктемде 1993 ж. ҚР Конституциясының негізінде сайланған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өзі қызмет еткен бір жыл ішінде барлығы жеті заң қабылдады. Әрі бұл елде өткізілетін экономикалық және саяси реформалар өте белсенді заң шығаруды талап еткен кезеңде болды. Бұл саяси партиялардың айтарлықтай дамымағанына, ал заңды билік органындағы депутаттардың нақтылы өздерін көрсеткеніне және маңызды заң жобаларын сәтті «дуалауына» байланысты болды. Президенттің депутаттардың қызметіне құқықтық ықпал ету мүмкіндігі болмады, яғни заңды билік органын тарқату туралы мәселені қоймақ түгілі, тіпті депутаттарға шұғыл заңдар қабылдау қажеттілігін де айта алмады. Нәтижесінде Конституция объективті түрде қоғамдағы өзгерістерге кедергі болды.Сөйтіп, мемлекетті әлеуметтік-экономикалық және құқықтық реформалау қажеттіліктері жаңа Конституцияны әзірлеу қажеттілігін тудырды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы дайындалды, ол бүкіл халықтың талқылауы үшін жарияланды. Талқылау барысында азаматтар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, мәслихаттар 30 мыңға жуық ұсыныстар мен ескертулер айтты. Олардың ішінде ең маңызды-лары Конституция жобасына енгізілді және 1995ж. 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс беру (референдум) нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.1995 ж. ҚР Конституциясының мәнді ерекшелігін халықтың оны жасаушы болып танылуы құрайды. Бұл мәнді Конституцияның алғашқы жолдары көрсетеді: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, ... өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз».1995 ж. ҚР Конституциясында мемлекеттің мақсаттары анық белгіленген. Конституцияның 1-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екені бекітілген. Мемлекеттік биліктің бiрден-бiр бастауы болып Қазақстан халқы жарияланған. Конституция мемлекеттік механизмнің жұмыс істеудің негізін құраушы принциптерін бекітті, азамат мен адамның конституциялық мәртебесін анық-тады, сондай-ақ мемлекет қызметінің негізгі принциптерін: қоғамдық келісімді және саяси тұрақтылықты, бүкіл халық игілігін экономикалық дамытуды, қазақстандық патриотизмді, республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беруді қосқанда, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешуді жариялады.Конституцияның ІІ-бөлімінің «Адам және азамат»деп аталатынын ерекше атап кету керек. Онда адамның қоғамдық өмірдің барлық сфераларын-да басымдылығын қамтамасыз ететін және Жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясының негізін құраушы принциптеріне сәйкес келетін, жеке, әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтардың барлық кешені декларацияланады. ҚР Конституциясы адамның табиғи, ажыратылмас құқықтары ретінде әрбір адамның өмір сүруіне, жеке бостандығына құқықты, жеке өмірі мен намысына қол сұқпаушылыққа құқықты жариялайды. Сонымен, 12-бапта былай делінген:«Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды ...».Сонымен қоса, Конституция мынадай ережені анықтады, оған сәйкес республика азаматы ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды, сондай-ақ Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды (10-11-баптар). Қазақстан азаматтарының еңбек бостанды-ғына құқығы (яғни мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған), заңмен белгіленген оларды шешу тәсілдерін пайдаланып, жеке және ұжымдық еңбек дауларына құқығы бар. Конституцияның жаңалығы азаматтардың кәсіпкерлік қызмет бостандығына және жеке меншікті қорғауға құқығы болып табылады. 1995ж. Конституцияның маңызды құраушысы Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтарының көлемі болды, олардың бiрлесу бостандығына құқығы (23-бап), мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы (33-бап) жатады. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктердің ісіне және қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттің істеріне араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді. Аталған шектеулер конституциялық құрылыс тұрақтылығының және қоғамдағы келісімнің нашарлау мүмкіндігі жолына тосқауылдар болып табылады.Қазақстанда саяси және идеологиялық алуан түрлілік орын алады. Сонымен бірге ұлттық мүдделерді қорғау мақсатында Ата заң азаматтық қоғам субъектілерінің қызметіне шектеулер енгізу мүмкіндігін көздейді. Сонымен, мақсаттары мен әрекеттері конституциялық құрылысты зорлықпен өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, нәсіл-дік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық араздықты тұтандыруға, басқа мемлекеттердің саяси партияларының жұмыс істеуіне, сондай-ақ саяси партия-лардың шетелдік заңды тұлғалармен және азаматтармен, шетелдік мемлекет-термен және халықаралық ұйымдармен қаржыландырылуына бағытталған, қоғамдық бірлестіктердің құрылуы мен қызмет етуіне тыйым салынады.Конституциядағы құқықтар мен бостандықтар декларациясы, оларды нақты іске асыру үшін жағдайлар жасау Қазақстанның адам құқықтары туралы Билль деп аталатын, түгел дерлік халықаралық келісімдерге толық құқықты қатысушы болуына мүмкіндік берді. Олардың арасында азаматтық және саяси құқықтар туралы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактілер, геноцид қылмыстарын ескерту және ол үшін жазалау туралы, нәсілдік кемсітудің барлық түрлерін жою туралы, балалар құқықтары туралы, адамдарды кепілдікке алумен күрес туралы және т.б. конвенциялар бар. Жоғары заңды күшті иеленіп, 1995 ж. ҚР Конституциясы жоғарғы билік органдарының жұмыс істеу және өзара әрекеттесу құрылымы мен механизмін, мемлекеттік құрылыс түрін және елді билеу түрін анықтады.Конституцияға сәйкес Қазақстан – Президент басқаратын біртұтас мемлекет. ҚР біртұтас құрылысы келесі принциптерге негізделеді: аумақтық және мемлекеттік тұтастық, мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі, бірыңғай заңдар жүйесі, бірыңғай азаматтылық. Мемлекеттік құрылыстың біртұтас түрі егеменді Қазақстан мемлекетінің шеңберінде ұлттық-мемлекеттік және аумақ-тық құрылымдардың қолайсыздығын жорамалдайды.Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы ҚР Президентінің мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын анықтайды. Көрсетілген бапқа сәйкес, Президент мемлекеттiң басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы, халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi болып табылады.Президент оны халықтың мемлекет басшысы етіп сайлағандықтан, халықтың нышаны болып табылады. Бұл оның халықтың атынан сөйлеуіне құқық береді. Бірде бір билік тармағына тікелей қатысты болмай, Президент оның барлық тармақтарының келісілген түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қабілетті.Конституцияға сәйкес ҚР Президенті жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде кәмелетке толған азаматтарының жасырын дауыс беруі арқылы бес жыл мерзiмге сайланады. Конституция Президенттік кандидатқа қойылатын негізгі талаптарды анықтады: ол қырық жасқа толған, тумысынан Қазақстан азаматы болуы және соңғы он бес жыл бойы Республикада тұратын, сондай-ақ мемлекеттiк (қазақ) тiлдi еркiн меңгерген болуы тиіс.ҚР Конституциясының 44-бабы Президенттің өкілеттіктерін анықтайды, олардың арасында Үкіметті ұйымдастыру, барлық жоғары мемлекеттік лауа-зымдарға тағайындау, референдумды тағайындау және т.б. бар. Конституция-мен көзделген жағдайларда заңды күші бар Жарлықтарды шығаруға құқылы. Заңды билікке қатысты Президент кейінге қалдырылатын тыйым салу құқығын иеленеді. ҚР Конституциясының 63-бабына сәйкес Президент Парламент палата-лары төрағаларымен және Премьер-Министрмен кеңескеннен кейін ҚР Парламентін немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.ҚР-да мемлекеттік билік органдары жүйесін Парламент (заңды билік), Үкімет (атқарушы билік) және Жоғарғы сот (сот билігі) құрайды. Конститу-цияның 3-бабы «Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылатынын» анықтайды.Парламент – заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi орган. Заң шығару қызметтерiмен қатар, Парламент атқарушы билікке қатысты белгілі бақылау қызметтерін де жүзеге асырады. Бұл – республикалық бюджет-ті бекіту, Үкімет бағдарламасын мақұлдау немесе қабыл алмау, Үкіметке сенімсіздік білдіру.ҚР Конституциясы алғаш рет Парламенттің екі палаталы құрылымын бекітті: Сенат және Мәжіліс. Мәжіліс Қазақстанның барлық азаматтарының мүдделерін білдіреді. ҚР Конституциясының ерекше тәртібі Сенатты ұйымдас-тыру үшін анықталған. Егер Мәжіліс депутаттары жалпыға ортақ және төте сайлау негізінде сайланса, онда Сенат депутаттары жанама сайлау негізінде сайланады. Сенатты әрбір облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Республика астанасынан сәйкесінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық өкілетті органдар депутаттарының бірлескен мәжілісінде екі адамнан сайланатын депутаттар құрайды. Сонымен қоса, Сенат депутаттарының бір бөлігі ҚР Президентімен тағайындалады.Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады. Үкіметті Президент құрайды, яғни Президент Мәжілісте ұсынылған партиялармен кеңескен соң, Премьер-Министрдің кандидатурасын Мәжілістің бекітуіне ұсынады, ол қызметіне кіріскен соң, Үкіметтің дербес құрамын Президенттің бекітуіне ұсынады. Үкімет елді ағымдағы басқаруды жүзеге асырады, мемлекетті дамытудың перспективалы бағдарламаларын әзірлейді. Ол Президент өкілеттіктерінің мерзімі шегінде әрекет етеді және қайта сайланған Президенттің алдында өзінің өкілдіктерін тапсырады.ҚР-дағы мемлекеттік биліктің дербес тармағы сот билігі болып табылады, ол әлдекімнің еркіне байланыссыз республика атынан және тек сотпен ғана жүзеге асырылады. ҚР Конституциясы Жоғарғы сот және жергілікті соттар құрайтын, мемлекеттің бірыңғай сот жүйесін ұйымдастырады. Арнайы және төтенше соттарды қандай да бір атаумен және көмекші сөзбен құруға тыйым салынады.Конституциялық бақылау және Конституцияны қорғау Конституциялық Кеңеске жүктелген. Ол жеті мүшеден, соның ішінде Төрағадан тұрады. Конституциялық Кеңестің өмірлік мүшелері құқылы түрде ҚР экс-Президент-тері болып табылады. Конституциялық Кеңес заңдардың, жарлықтардың және басқа нормативтік актілердің конституциялылығы туралы қорытынды береді.Сөйтіп, ҚР Конституциясы 1995ж. ел Президенті мәртебесін едәуір арттырды, президенттік басқаруды ұйымдастыру туралы конституциялық ережені бекітті, екі палаталы кәсіптік Парламент құрды. Сонымен қоса, ол экономикалық реформаларға жаңа импульс берді, заң шығарушы базаны және Үкімет қызметінің нарықтық қатынастар жағдайларындағы заң шығарушы өрісін құруды қамтамасыз етті. Маңызды жетістіктердің арасында макро-экономикалық тұрақтандыру, тиімді қаржы-несие жүйесін құру, кезеңмен жүргізілген жекешелендіру бар. Өнеркәсіптік өндірістің тұрақты өсуі басталды, ауыл шаруашылығы жанданды, инвестициялық қор жақсарды.Конституция, Ата Заң ретінде қоғамның өзінің және мемлекеттің дамуы-ның негізгі кезеңдеріне сәйкес келуі тиіс. Басқа жағдайда Ата Заң уақыт реалияларымен байланысты жоғалтып, түрлендіру мен қоғамның дамуына бөгеуіл болатын тарихи құжатқа айналады. Сондықтан еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық өмірінде болатын өзгерістер конституциялық алғышарттарды қоғамның жаңа қажеттіліктерімен сәйкестікке дер кезінде келтіруді талап етеді.ҚР Конституциясы табиғи эволюциясының көрсеткіші оған Парламенттің - Президенттің бастамасы бойынша 1998ж. 7 қазанда 20-ға жуық өзгеріс пен толықтыру енгізгені болды, олар Парламенттің өкілеттіктерін едәуір кеңейтті, сондай-ақ ҚР Парламентінің Мәжілісін құру тәртібін өзгертті. 1995ж. Консти-туцияға және Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Заңға сәйкес абсолют көпшіліктің мажоритарлы сайлау жүйесі қабылданды. Ел Конститу-циясына 1998ж. 7 қазанда енгізілген өзгерістер салдарынан Мәжіліс депутат-тарының саны 77 адамды құрады. Олардың ішінде 67-і әкімшілік-аумақтық бөлуді есепке алғанда және сайлаушылардың тең шамамен құрылатын, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша абсолют көпшіліктің мажоритарлы сайлау жүйесі бойынша сайланды. 10 депутат бірыңғай жалпы ұлттық сайлау округін құру арқылы партия тізімдерінің негізінде пропорцио-налды өкілдік жүйесі бойынша сайланды. Бұл өзгеріс саяси партиялардың әрі қарай дамуы және олардың қызметін жандандыруға жағдайлар жасады. Ал 1999 ж. күзде Мәжіліске сайлау алғаш рет жаңа ережелер бойынша өтті.Нақты демократияны нығайтуды жетілдіру жолында жаңа қадам ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша өткізілген 2007ж. Конституциялық реформа болды. Осы реформаның салдары 2007ж. 21 мамырда ҚР Конституциясына бірқатар түзетулер енгізу, сондай-ақ Конституциялық заңдардың толық пакеті, соның ішінде «ҚР Парламенті және оның депутатта-рының мәртебесі туралы», «ҚР Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «ҚР-дағы сайлар туралы» заңдар болды. Осы түзетулердің нәтижесі ел Президенті өкілдіктерінің бір бөлігін Парламенттің пайдасына қайта үлестіру, Сенаттың рөлі мен мәртебесін күшейту, Президент тағайындайтын Сенаторлар санын 9-дан 15-ке дейін ұлғайту болды. ҚР Президентінің ұсынысы бойынша қолданылып жүрген ҚР Конституциясына президенттік басқару мерзімін 2012 жылдан кейін 7 жылдан 5 жылға дейін қысқарту туралы, Елбасына заң шығару бастамасы құқығын беру туралы, оған Парламентте алғаш рет өкілеттілік алған Қазақстан халқы Ассамблеясын құру құқығын беру туралы түзетулер енгізілді.Конституциядан оған сәйкес өзінің өкілдіктері кезеңіне Президент саяси партиядағы қызметін тоқтатады деген тармақ шығарылды. Сонымен қоса, Мәжіліс депутаттарының саны 107 адамға дейін өсті және оны ұйымдастыру тәртібі өзгерді: 98 Мәжіліс депутаты - пропорционал сайлау жүйесін қолдану негізінде саяси партиялардан, ал тоғыз депутат Қазақстан халқы Ассамблеясымен 5 жыл мерзімге сайланады. Бұл түзетулер Қазақстанның партия жүйесін дамыту үшін нақты мүмкіндіктер тудырды. Осының негізінде Қазақстан Республикасындағы конституциялық құры-лыстың өзінің негізінде ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың елдегі жаңартушы түбегейлі өзгерістерді жалғастыру бағытымен себептескен шығармашылық әлеуеті бар екендігі туралы тұжырым жасауға болады. Н.Ә. Назарбаев өзінің сөйлеген сөздерінің бірінде атап өткендей: «Біз демократиялық қоғамда өмір сүруге үйреніп келеміз, ендеше өзіміз күн сайын демократияны құраймыз».Бүгінгі таңда ҚР Конституциясы халықаралық құқықтың жалпыға таныл-ған принциптері мен нормаларына, конституциялық заң шығармашылықтың әлемдік стандарттарына толығымен сәйкес келеді. Онда тұжырымдалған саяси принциптер мен құқықтық институттар біздің мемлекетімізді әлемдік экономика мен саясат жүйесіне енгізуге мүмкіндік туғызады.Озық демократиялық мемлекеттердің конституциялық даму тәжірибесін пайдаланып, ҚР Конституциясы елдегі нақтылы жағдайды және қоғамның жаңа жағдайларда әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-адамгершілік дамуының нақты қажеттіліктерін көрсетеді.Еліміздің Ата Заңы Республика қызметінің негізін құраушы принципі ретінде қоғамдық келісімді танып, ұлттық идеяның барлық құраушыларын өзінде шоғырландырады. Бұл ҚР Конституциясын саяси тұрақтылықтың аса маңызды факторы, азаматтық әлемнің, әлеуметтік және ұлттық келісімнің кепілі етеді.

44. ХХ Ғасырдың 2-ші жартысындығы халықаралық тәртіп,қарсы күресу жүйелері

Екінші дүниежүзілік соғыстың саяси қорытындылары. БҰҰ-ның құрылуы. Екінші дүниежүзілік соғыс бүкіл адамзат қауымына орасан қиын соққы болды. Орны толмас шығындар, оның ішіндегі КСРО-ның шығыны 55 млн адам болды. Соғыстың саяси зардаптары — Еуропа мен Азияда фашистік режімдердің талқандалып, мемлекеттердін қоғамдық-саяси өзгерістері мен демократиялық дамуы үшін жағдайлар туғандығында. Кеңес Одағының Орталық және Шығыс Еуропа елдерін азат еткені континенттегі саяси күштердің арақатынасын өзгертті.Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтірген Шығыс Еуропа елдерінде солшыл күштердің ықпалы күшейгені байқалды, олар КСРО-ға бағыт ұстады. Антигитлерлік коалиция әлеуметтік-саяси құрылысы бір-бірінен өзгеше мемлекеттердің арасындағы қатынастарды дамытудың шынайы мүмкіндіғі бар екендігін көрсетіп берді.Екінші дүниежүзілік соғыс әскери-техникалық ақыл-ойдың қарыштап дамып, қаруланудың жетілдірілуіне және ядролык қарудың жасалуына алып келді. Мұның өзі АҚШ тарапынан «ядролық өктемдік» жүргізуге, КСРО-ның ядролық қару-жарақ саласында Құрама Штаттармен тең түсуге ұмтылушылықты туғызды. Екінші дүниежүзілік соғыстың маңызды қорытындысы — КСРО-ның халықаралық беделінің артып, оның АҚШ-тан кейінгі екінші алпауыт державаға айналуы болды.1945 жылғы 25 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы Екінші дүниежүзілік соғыстың басты саяси қорытындыларының бірі болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда БҰҰ бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік жолындағы күрестің манызды мінберіне айналды. БҰҰ Жарғысының бірінші бабында оның мынадай мақсаттары тұжырымдалды: жалпыға бірдей бейбітшілікті нығайту үшін ұлттар арасында достык қарым-қатынастарды дамыту, экономикалық-әлеуметтік және мәдени салаларда халықаралық қатынастарды жүзеге асырып отыру, нәсілі, жынысы, тілі және дініне қарамастан, адам құқықтарын және негізгі бостандыктарын тұжырымдау. БҰҰ-ның басты органдары қатарына: БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы, Қауіпсіздік кеңесі, экономикалық және әлеуметтік кеңесі, қамқорлық жөніндегі кеңес, халықаралық сот және секретариат жатады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде атом энергиясын бақылайтын комиссия құрылды. 1946 жылы Бас Ассамблея қарулану мен қарулы күштерді шектеу жөніндегі қарарды бірауыздан мақұлдады. Ал 1947 жылы соғысты насихаттауды айыптайтын қарар қабылданды.

Ынтымақтастықтан қарсы тұрушылыққа бет алу. Дүние жүзінде бір-біріне қарсы тұрған жүйенің орнауы. КСРО мен АҚШ-тың бір-біріне қарсы шығуының бастамасына «Герман мәселесін» реттеу амалдары себеп болды. Батыс осы мәселені реттеуде өзінің көзқарасын қорғады, ондай көзқарас Кеңес Одағына ұнамады. Герман мәселесі таза еуропалық шеңберден шығып, еуропалық елдердің мемлекетаралық қатынастарындағы негізгі мәселеге айналды. Кеңес үкіметінің жетекшісі сөз сөйлеп, оны Батыс «Екі дүниенің Кремлъдік доктринасы» деп атады.

И.В.Сталин былай деп мәлімдеді: «Өткен соғыстың себептері капиталистік-империалистік монополиялардың мүдделерінен туған. Бұл күштер әлі күнге дейін капиталистік елдерде ойына келгендерін істеуде. Сондықтан олармен дүниежүзілік қатынастарда болу мүмкін емес. Кеңес Одағы оқиғалардың дамуының қандайына болса да әзір тұруға тиіс». Сталиннің сезінде бағдарлык түжырымдардың болма-ғанын атап айтқан жөн. Ал 1946 жылғы 5 наурызда Черчилльдің Америкадағы Фултон қаласында АҚШ Президенті Г.Трумэн қатысып отырғанда сөйлеген сөзі мүлдем басқаша еді. Черчилльдің Фултондағы сөзінің түпкі мәні Батыс немістік тоталитаризмнің бір түріне карсы күрескенде, оның екінші түріне — кеңестік еркіндік беру үшін күрескен жоқ дегенге саяды. Англияның экс-премьері бұрынғы одақтастар арасында «темір перде» орнатылғаны туралы айтты. У.Черчилль өзінің сөзін былай деп аяқтады: «Орыстар... күштен басқа ешнәрсені де қадірлемейді, әскери осалдықты құрметтеуді бәрінен де нашар деп санайды». Черчилльдің сөзі дүние жүзінде Батысты Шығысқа қарсы тұруға шақырған сөз деп қабыл алынды. КСРО-да Черчилльдің Фултондағы сөзі тікелей жаңа дүниежүзілік соғысты бастауға шақырған сөз деп қабылданды. И.В.Сталин 1946 жылғы 14 наурызда «Правда» газетінде жарияланған сұхбатында мұны айқын көрсетті.

45. КСРО-ның құлауы және халықаралық саясатындағы күш қатынастарының өзгеруі

КСРО ның ыдырауы және ТМД ның құрылуы. 1991 жылдың желтоқсаны ірі оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРОның ыдырауы.Желтоқсанның 8 күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекетінің басшылары өзара келісіп,1922 жылғы КСРОны құру туралы шарттың өз күшін жойғаны туралы жариялады. (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелердің тағы бірі келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Осылайша дүниежүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы Кеңес Одағы құлады. Соның нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Литва, Молдава, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Эстония мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған бостандыққа қол жеткізді. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

46. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы, оны дүниежүзілік достастық жүйесінде мойындалуы

КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді: Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. «Мұндай заңды көп ұлтты Қазақстан халқы көптен күткен еді, - деп мәлімдеді республиканың халық депутаты С.Сартаев, - егер де оны біздің халқымыздың көптеген ұрпақтары жақындата түсті десем, ақиқатқа қарсы айтқан болмас едім. Тәуелсіздік үшін күрес үздіксіз дерлік жүргізіліп келді». Қабылданған құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, унитарлық және құқықтық мемлекет деп анықтама берілген. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толық жүзеге асырады, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізеді, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын болып табылды. Заңның 2-бабында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстығына, шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, кәсібіне, тұрған жеріне қарамастан барлық құқықтар мен міндеттерді, бостандықтарды пайдалана алатыны атап көрсетілді. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері азаматтары болған мемлекеттің заңдарына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының азаматтығын да қоса алу құқығы берілді. Республика аумағынан жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру, басқа да адамгершілікке қайшы акциялар барысында қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдайлар жасалды. Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі қазақ ұлты және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар мен ұлт өкілдері мәдениетінің қайта өрлеуі мен дамуына қамқорлық жасау болып табылады. 3-бапта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінің басшысы - Президент болып табылады. Республика мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері анықталған 4-баптa республиканың тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес келетін және меншіктің барлық түрлерінің көпқырлылығы мен теңдігіне негізделген дербес экономикалық жүйесінің болатыны атап көрсетілді. Жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи байланыстар, ғылыми-техникалық және экономикалык мүмкіндіктер Қазақстан Республикасының меншігіне жатады. Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі, ол өзінің тәуелсіздігін қорғау мен ұлттық мемлекеттілігін нығайту шараларын қабылдайды. Республиканың ажырамас құқығын құрайтын мәселелерді шешуге кез келген сырттан қол сұғушылық оның мемлекеттік тәуелсіздігіне нұқсан келтіру ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік рәміздері - Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң тарихи маңызды құжат және егеменді, демократиялық қоғам қалыптастырудың негізі болып табылады. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңды қабылдау жөніндегі хабарды республика халқы қуана қарсы алды. 1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні болып жарияланды. Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың бес жылдығымен тұспа-тұс келді. Алматыда өткен митингіде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, академик С. Зиманов, желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келген қонақтар сөз сөйледі. «1986 жылы желтоқсанда екі күш - жас, қатайып үлгермеген демократия мен тоталитарлық жүйе қақтығысты, - деді митингіде сөз сөйлеген М. Шаханов. - Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе күйреді. Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттердің қатарынан өз орнын алуында 1986 жылғы желтоксанның баға жетпес сіңірген еңбегі бар».Көп ұзамай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің жетекші елдері таныды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Республика өзіне Ұйымның Жарғысын бұлжытпай орындау міндеттемесін алды. Қазақстан адам құқығының БҰҰ ортақ декларациясымен бекітілген құкықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындай отырып, дүниежүзілік қауымдастыққа лайықты түрде қосылуға ұмтылатынын, алған міндеттемесін мүлтіксіз орындайтынын нық мәлімдеді. 1992 жылы каңтарда Қазақстан өзінің тұңғыш алтынын шығарып, мемлекеттің алтын қорын жинауды бастады.Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992 жылғы қаңтарда Ішкі істер әскері құрылды. Армия қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық» қағида бойынша әскерге шақырылғандар туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті.

47. Ежелгі дүниенің саяси ойлар тарихы

Саяси ілімдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтік көзқарастары негізінде пайда болды.Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп – білгісі келген. Ежелгі Шығыс ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құбылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездеге пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болғаны белгілі. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдыретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің бір ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, Қытайда сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік құдайдың құдыретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептеледі. Әрине, діни көзқарастар мен парадигмалар ғылыми болып саналмайды, бірақ біз мұны жоққа да шығара алмаймыз, себебі қазіргі кезде діннің қайтадан қоғамда үлкен орын ала бастағанына қарасақ, мемлекеттегі және мемлекет аралық саясаттағы діннің орны ерекше. Ежелгі шығыстың саяси ойлары (буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, заңшылдар мектебі). Ежелгі Грекия мен ежелгі Римдегі саяси ойлар (Платон, Аристотель, Цицерон). Ортағасырлық Шығыстағы саяси ойлар (Әл-Фараби, Низами, Әлішер Науаи). Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық ортағасыр (Марк Аврелий, Фома Аквинский). Қайта өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар (Н.Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден). Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо). ХХ ғасырдағы шетелдік саяси ой-пікірлер (В.Парето, Д.Истон, Г.Моска, М.Вебер, Т.Парсонс, М.Дюверже). Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қарқынды дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құлиеленушілік демократия орын алды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты. Платон – антикалықзаманның ғана емес, бүкіл философия, саяси ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі (б.з.д. 407-399). Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуімен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады.Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетінін айтады (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания). Олардың әпқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептеледі. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания – мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де мәңгі өмір сүре алмайды.Платонның шәкірті Аристотель (б.з.д. 384-322жж). Еңбектері: «Афины политиясы», «Саясат», «Никомах этикасы». Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға кірісті. Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады.Әділдіктің екі түрін көрсетеді: теңестіретін және үлестіретін.Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде «арифметикалық теңдік» қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы – азаматтық-құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т.б. ал үлестіру әділдігі «геометриялық теңдік» принципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.Мемлекеттің дұрыс түрлері: монархия, аристократия, полития;Мемлекеттің бұрыс түрлері: тирания, олигархия, демократия.Ежелгі Үндістандағы саяси ілім үндіс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың рухани және әлеуметтік-саяси өмірінде үстем болған брахмандарға тікелей байланысты болып келеді.Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.з.д. екі мыңыншы жылдықтағы «Веда» ескерткіштерінде кездеседі. «Веда» - «білім, кіріспе» (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Веда бойынша барлық варналар мен олардың мүшелері құдай көрсетіп берген «дхармаға» - заңдарға, міндеттерге, құқықтар мен ережелерге бағынуы тиіс. Дхармадағы ережелер бойынша брахмандар қоғамда жоғары дәрежеде және үстемдік жағдайда көрсетіледі. Оқу, білім, дін ілімін, құрбандық шалу, өзіне және өзгеге арнап садақа үлестіру, садақа алу ісін құдай брахманға міндеттеген.«Ману заңдарында» адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Мұнда да брахмандардың жоғары дәрежедегі жағдайы мен үстемдігі, артықшылығы туралы айтылады. Тіпті патшалар да брахмандарды құрметтеуге, олардың ақыл-кеңестері мен талаптарын орындауға, олардан «Веда» ілімін оқып үйренуге тиісті. Бұл заң бойынша патшаның басты міндеті варна жүйесін қорғау және оған қарсы келгендерді жазалау болып табылады.«Ману заңдары» бойынша патшаның өкілдігі шектеулі, ол брахмандардың ақыл-кеңестерін тыңдаумен қатар кейбір талаптарға да сәйкес болуы керек. «Ману заңдарының» 3-бабында «ақылсыздықпен өз елін азапқа салған патша уақыт күттірместен өзінің ағайын-туыстарымен бірге елден кетуі тиіс және ол өмірден айырылады» деп айтылады. «Ману заңдарында» жазаға көп көңіл бөлінген, оның басты мақсаты варналарды сақтауға және қорғауға бағытталған. Құдай иелігінің ұлы ретінде жаза (данда) оның жердегі бейнесі «таяқ» деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаза өзінің бұл ұғымында «басқару өнері» (данданиттер) деген мағына береді.

Наши рекомендации