Банктердің трасттық операциялары және олардың түрлері
"Траст" ағылшын тілінен аударғанда "сенім" деген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен баскаруға берілген мүлікке деген құқықты аныктайтын жэне меншікті иеленудің ерекше нысаны. Траст операциясы — клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады: 1.Траст құрылтайшысы (немесе оның негізін қалаушы) - сенімді меншік иесіне сенім хат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік құқыктардың меншік иесі. Траст кұрылтайшысы ретінде кез келген колында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады. 2.Трастыны иемденуші (сеніп тапсырған тұлға) -траст келісімшартындағы көрсетілген жағдайға сәйкес, мүлікті басқару қүкығын өзіне кабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлікке жылжитын және жылжымайтын мүліктер де жатады. 3.Бенефиииар — траст келісімшартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды жэне жеке тұлға. Яғни ол, трастыны иемденушіге берілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құкылы тұлға. Сонымен, банктің траст операциясы - бұл банктің өз клиентеріне (заңды жэне жеке тұлгаларына) көрсететін эр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді. Траст қызметіне: біріншіден, жылжымайтын жэне жылжитын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялық портфельді калыптастыру жэне оны басқару; үшіншіден, кұндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесінің мұраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мұраға қалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.Коммерциялық банктің траст-бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді: І. клиенттердің мүрага қалган мүлкін иемдену; II. сенімхат бойынша операцияларды жүзеге асыру; III. агенттік қызметтер. Траст қызметі жеке түлғаларға, сондай-ак фирмаларға да көрсетіледі. Жеке түлгаларга көрсетілетін траст қызметі.Мұрага қалдырган мүлікті иемдену. Мұраға қалдырған мүлікті пайдаланудың басты міндеті - бүл сот шешімін алу үшін мұраға калдырған мүлікті жинау жэне оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экімшілік шығыстарды төлеу жэне карыздары бойынша есептесу, салыкты төлеу, калған мүлікті жанұя мүшелері арасында бөле отырып, оларға жекелей қызмет көрсету болып табылады.Келісімшарт негізінде клиенттің мүлкін басқару. Бұл операция сенім білдірген тұлға мен сенім иесінің арасындағы мүлікті жауапкершілігі бар тұлғаға берумен байланысты жасалатын келісімнен туындайды. Агенттік (делдалдық) қызметтер.1. Активтерді сақтау: • бағалы қағаздарды сактауға қабылдау; • бағалы қағаздар бойынша табыс алу; • бағалы қағаздар бойынша шотына түскен қаражаты туралы сенім білдірушіге уақтылы хабарлап отыру; • бағалы қағаздарға айырбастау; • мерзімі өткен облигациялар бойынша қарызды қайтару; • активтердің жалпы күнын (табыстың жалпы сомасын) сактап қалу мақсатында багалы қағаздарды сатып алу жэне сату; • мүлік куэлігі бойынша сомаларды алу; • клиенттерге бағалы қағаздар жеткізіп беру; • сейфтерді жалға беру. 2.Агенті немесе өкілі ретінде клиенттің активтерін басқару: • бағалы қағаздарды сатып алу-сату; • бағалы қағаздар қоржынындағы сақталған бағалы қағаздардың бағамдарын бақылап отыру жэне бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру; • клиенттің тапсырмасы бойынша барлык табыстарды алу; • сенім білдірушінің шоттарын төлеу; • сақтандыру полисін рэсімдеу.Клиент келісімшартқа сэйкес немесе сенімхат негізінде коммерциялық банкке, өзінің атынан агенттік қызметті жүзеге асыруды тапсырады. Ол үшін банктің мынадай құқықтары болуға тиіс: • клиент атынан келісімшарт жасау; • акциялар мен облигацияларды беру; • ссуда алу; • чек жазу; • вексельді аударып жазу жэне т.б.Траст-операциясын жасау үшін, ең бастысы, сенім білдірген банк пен ұйымның арасында жасалатын келісімшарт болуы кажет. Осы келісімшарт негізінде мынадай қызметтерді аткарады: • бағалы қағаздарға деген меншік қукығын беру; • бағалы қағаздарды устаушылар, эмитенттер және өзге де ұйымдар үшін шоттарды жүргізу; • пайыздарды төлеу, карыздарды өтеу жэне т.б. • облигациялық займдар бойынша қарызды өтеу корларын иемдену; • мүлікті кепілдіктен босату; • корпорациялардың (зейнетакы корларының) жэне т.б. корларын басқару; • сенімхатка сэйкес бір бағалы кағазды алып, басқасын беру, яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттік кызметті жүзеге асыру; • акционерлік қоғамдардың акциялар бойынша дивиденттер төлеу. Банктің траст қызметін көрсетудің басты шеңберін жеке түлғалар, үкімет органдары, іскер кәсіпорындар үшін агенттік кызметті аткару кұрайды. Банк көрсеткен траст қызметі үшін комиссиондык сыйақы алады.