Бап. психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру
1. Адамды психиатриялық стационарга заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау-
2. Дәл сол іс-әрекет, егер ол:
1) папдакүнемдік ниетпен немесе өзге де жеке мүдделілікпен жасалса;
2) адам оларды өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;
3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға ңатысты жасалса;
4) абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
Психиатриялық стационарға орналастырудың негізі жэне тэртібі Қазақстан Республикасының «Психиатриялық көмек көрсету жэне азаматтарға ондай көмек көрсетуге байланысты кепілдіктер туралы» арнаулы Заңында көрсетілген. Осы заңға сэйкес психиатриялық стационарға осындай дертпен ауыратын адамдар тек қана дэрігерлік-психиатриялық комиссияның тиісті қорытындысына немесе сот қаулысына сэйкес орналастырылады. Сау адамды психиатриялық стационарға орналастыру заңсыз деп танылады. Қылмыстың тікелей объектісі - адамның бостандығын реттейтін қоғамдық қатынастар.
Объективтік жағынан қылмыс адамды психиатриялық стационарға заңсыз орнала-стыру немесе заңсыз ұстау арқылы сараланады.
Заңда көрсетілмеген негіздер бойынша немесе жалған қркаттар жасау жолымен сау адамды психиатриялық стационарға орналастыру осы мекемелерге заңсыз орналастыру деп танылады.
Емдеу мерзімі өткен немесе сауывдан адамды шығарудан бас тарту психиатриялық стационарда заңсыз ұстау деп табылады.
Кылмыс формальдық құрамға жатады, ал адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастырған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет -пайдакүнемдік, кек алу, жек көру, қызғаныш т.б. болуы мүмкін. Қылмыстық ниеттің іс-эрекетті саралауға эсері болмайды, бірақ жаза тағайындағанда ескерілуі мүмкін.
Қылмыстың субъектісі - заңсыз психиатриялық стационарға орналастыруға немесе заңсыз ұстауға шешім қабылдаған адамдар (дэрігер-психиатр, емдеуші дәрігер немесе жалған құжат дайындаған психиатр-дэрігер, сондай-ақ қаулы шығарған судья). Басқа 16-ға толған адамдар осы қылмыстың ұйымдастырушысы, айдап салушысы немесе көмектесушісі болуы мүмкін.
Дэл сол эрекет, егер ол:
1) пайдакүнемдік ниетпен немесе өзге де мүдделілікпен жасалса; 2) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса;
3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
4) абайсызда жэбірленушінің өліміне не өзге ауыр зардаптарға экеп соқса - осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (127-баптың 2-тармағы).
Пайдакүнемдік ниеттің түсінігі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағының «8» тармақшасында берілген. Адамның кызмет бабын пайдаланып - психиатриялық стационарға заңсыз орналастыруға ықпал жасауы Қылмыстық кодекстің 127-бабының 2-тармағының «1» тармақшасымен саралануға жатады.
Абайсызда жэбірленушінің өлімге душар болуы заңсыз психиатриялық стационарға орналасқанына ыза болған адамның өзін-өзі өлтіруі немесе басқа есі ауысқан аурулардың жабылып өлтіруі салдарынан орын алуы мүмкін. Өзге де ауыр зардаптарға - жэбірленушінің ауыр, орта дене жарақатын алуы, өзінің немесе туыстарының психиатриялық ауруға шалдығуы т.с.с. жатады.
Бап. Адам саудасы
1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азгырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, any, сондай-ақ ңанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау -
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) өмірге және денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;
4) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) кінәлі адамға жүктілік жағдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты;
6) екі және одан да көп адамга қатысты;
7) транспланттау немесе өзге де пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тін-дерін алып қою маңсатында;
8) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;
9) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
10) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып;
11) кінәлі адамга психикасының бузылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты;
12) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын қужаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалган дәл сол іс-әрекеттер -
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету, Қазаңстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумагы арқылы тасымалдау мақсатында жасалган іс-әрекеттер, сол сияқты мұндай іс-әрекеттерді жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету, Қазақстан Республи-касына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазаңстан Республикасының аумагы арқылы тасымалдау -
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) олар абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
Қылмыстың тікелей объектісі адамдардың бостандығы мен еркі, қосымша тікелей объект - жэбірленушінің ар-намысы, адамгершілігі.
Қылмыс объективтік жағынан адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасау, сол сияқгы оны қинау не азғырып көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ қинау мақсатында өзге де эрекеттер жасау арқылы сараланады.
Қылмыс белсенді эрекет аркылы жэне эртүрлі тэсілдерді қолданумен: адамды қинау мақсатында біреуден сатып алу немесе оны басқа біреуге сату, сол адамға қатысты эртүрлі мэмілелер жасау (кепілге, жалға, қарызы үшін төлем ретінде беру, басқадай жы-лжымалы немесе жылжымайтын мүлікке айырбастау); оны қинау (жезөкшелікке, при-тон ұйымдастыруға, қүлдыққа, азғырып-көндіру (нәпсіқұмарлық эрекеттермен басқадай теріс құқық бұзушылық эрекеттерімен айналысуға) саудаға салынған адамды біреуге уақытша беру, пайдалану үшін үнемі көлікпен бірге алып жүру, көпшіліктен жасы-рып үстау, жәбірленушіні азғырып алдау, эртүрлі айла-шарғылар жасау арқылы оны басқадай заңсыз эрекеттерге пайдалану т.б. арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрамы формальдық, ол жоғарыда көрсетілген іс-эрекеттердің біреуін жасаған сэттен аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік мақсатпен істеледі.
1) Алдын ала сөзбайласу бойынша адамдар тобымен;
2) бірнеше рет;
3) өмір мен денсаулыкда қауіпті күш қолданумен немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;
4) қару немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданып;
5) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі әйелге қатысты,
6) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
7) транспланттау немесе өзгедей пайдалану үшін жэбірленушінің органдарын немесе тінін алу мақсатында;
8) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен;
9) адам өзінің қызметтік жағдайын;
10) жэбірленушінің материалдық немесе өзге де тэуелділігін пайдаланып жасаған;
11) Кінэлі адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дэрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты;
12) Жэбірленушінің жеке басын куэландыратын қүжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған сол әрекетгері осы қылмыстың ауырлататын түріне (ҚК-тің 128-бабының 2-тармағы) жатады.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экету, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған эрекеттер, сол сияқты осындай эрекеттерді жа-сау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экету, Қазақстан Республикасына экелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқьшы тасу эрекеттері де осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 128-бабының 3-тармағы).
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші тармақтарында көзделген эрекеттер қылмыстық топпен жасалса, абайсызда жэбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға экеп соқса, көрсетілген қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (ҚК-тің 128-бабының 4-тармағы). Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам, лауазым-ды адамдардың қызмет өкілетгілігін пайдаланып осы қүрамдағы қылмыстан басқа іс-эрекеттер жасауы қылмыстардың жиынтығын құрайды.
Бап. Адамды клондау
1. Адамды клондау немесе адам эмбрионын коммерциялық, әскери немесе өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану, сол сияқты жыныстық жасушаларды немесе адам змбрионын дәл осы мақсаттарда Қазақстан Республикасынан әкету -
2. Мынадай:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган;
2) бірнеше рет жасалган дәл сол іс-әрекеттер -
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -
Адамды клондау немесе адам эмбрионын коммерциялық, эскери немесе өнеркэсіптік мақсаттарда пайдалану, сол сияқты жыныстық жасушаларды немесе адам эмбрионын дэл осы мақсаттарда Қазақстан Республикасынан әкету (ҚК-тің 129-бабы).
Қылмыстық тікелей объектісі адамдардың бостандығымен еркі, қосымша тікелей объектісі - жэбірленушінің ар-намысы, адамгершілігі. Қылмыс объективтік жағынан адамды клондау жолымен жасалған белсенді эрекеттер арқылы істеледі жэне оның тэсілі заңда көрсетілген. Олар адам эмбрионын коммерциялық, эскери немесе өнеркэсіптік мақсаттарға пайдалану, жыныстық қажеттіліктерге жарату, немесе осы мақсаттарын жүзеге асырау үшін осы аталған адам эмбринын Қазақстан Республикасынан экету арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс құрамы формальдың, ол адамға клондау тэсілін қолданған сэттен ба-стап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналыққа пайдакүнемдікпен істеледі. Қылмыс субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.
6. Жеке адамның ар-намысына жэне адамгершілігіне қарсы қылмыстық күкык бүзушылықтар
Бап. Жала жабу
1. Жала жабу, ягни басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нуқсан келтіретін неме-се оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату-
2. Көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат қуралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалган дәл сол іс-әрекет -
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен уласңан, сол сияқты ауыр зардаптарга әкеп соққан іс-әрекеттер -
Қылмыстық кодексте жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысьГ&ген қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мэліметтер тарату - деп көрсетілген.
Қылмыстың тікелей объектісі - адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті, беделі.
Қылмыстың заты - көрінеу жалған мэліметтер.
Қылмыстың жэбірленушісі болып кез келген адам, оған есі дұрыс емес, кэмелетке жасы толмаған, өлген адамдар да жатады.
Объективтік жағынан қылмыс белсенді эрекет арқылы басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұксан келтіретін, оның беделін түсіретін көрінеу жалған мэліметтер тарату жолымен жүзеге асырылады. Тарату деп осындай жалған мэліметтерді езінен басқа кем дегенде бір адамға, бірнеше адамға, белгісіз адамдар тобына айтуын немесе баспасөзде жариялауды, радио, теледидар арқылы, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеген сөз арқылы жеткізуді айтамыз.
Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс жалған мэліметтерді таратқан уақыттан ба-стап аяқталған деп танылады. Мұндай мэліметтер: біріншіден шындыққа жатпайтын жалған болуы; екіншіден адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін болуы керек. Мысалы, жэбірленушіні соз ауруымен ауы-рады деп бөтен адамға айтса немесе ол үнемі притон ұйымдастырады деп көп адамның арасына сөз таратса.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам адамның ар-намысына жэне қадір-қасиетіне, беделіне тиетін көрінеу жалған мэліметтер тарататынын сезеді жэне соны істеуді тілейді. Шын мэнінде жаңылысып айтқан мұндай мэліметтер үшін қылмыстық жауаптылық туындамайды. Қылмыстық ниет сан қилы бо-луы мүмкін: кек алу, жек көрушілік, қызғаныш, мансапқорлық т.с.с. Қылмыстың субъек-тісі — 16-ға толған кез келген адам.
Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат кңэалдарында жала жабу - осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (130-баптың 2-тармағы)
«Көпшілік» деген термин — коғамдық орындарда, көп адамның ортасында, бөтеннің арасында осындай мэліметтерді тарату дегенді білдіреді. Көпшілікке таратылатын шығармаға — кітаптар, фильмдер, плакаттар, картиналар, фотоальбомдар жатады. Бұқаралық ақпарат құралдарына - газет, журнал, радио, теледидар, бейнекассеталар арқылы жалған мэліметтерді таратулар жатады.
Жала жабудың аса қауіпті түрі Қылмыстық кодекстің 130-бабының 3-тармағында көрсетілген - ол адамды сыбайлас жемкорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан, сол сиқты ауыр зардаптарға экеп соққан іс-әрекеттер болып табы-лады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі ҚК-тің 3-бабының 29-тармағында, ауыр жэне аса ауыр қылмыстар түсігіні ҚК-тің 11-бабында, ал ауыр зардаптар тусінігі ҚК-тің 3-бабының 4-тармағында берілген.
Жала жабу эрекетін саралағанда кінэлінің пиғылының адамның ар-намысына жэне адамгершілігіне қарсы бағытталғанын анықтаудың маңызы зор. Егер кінэлі адам жалған мэліметтерді жэбірленушіні қылмыстық жауаптылывда таргу мақсатын көздеп тарат-са, онда оның эрекеті жала жабу емес, көрінеу жалған сөз жеткізуге (419-бап) жатады. Көрінеу жалған сез жеткізуде қылмыс жасады деген мэліметтер эдетте қьшмыстық іс қозғайтын органдарға хабарланады.
Бап. Қорлау
1. Қорлау, ягни басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту –
2.Көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялың желілерді пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет-
Қылмыстың тікелей объектісі - адамдардың ар-намысы, қадір-қасиеті, беделі.
Қылмыстың жэбірленушісі кез келген адам.
Объективтік жағынан қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін эдепсіз түрде кемсіту арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгілерінің бірі адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін эдепсіз түрде кемсіту болып табылады. Кемсітудің тэсілі сан алуан болуы мүмкін: ауызша, жазбаша, эрекет арқылы. Әдепсіз түрде кемсітуге моральға, адамгершілікке жатпайтын эдепсіз сөздермен, жаман, теріс қимылдар көрсетумен немесе бетіне түкірумен, ү_румен, балағат сөздермен тілдеу сияқты эрекеттер жатады. Мүлдай қорлау эрекеттері нақты адам немесе бір топ адамға қатысты орын алуы мүмкін.
Қылмыс құрамы формальдық, ол жэбірленушіні қорлайтын эрекеттер орын алған сэттен бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан алғанда қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам бөтен адамның ар-намысын, қадір-қасиетін эдепсіз түрде кемсітетінін сезеді жэне оны жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам.
Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау — осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (131 -баптың 2-тармағы). Қылмыстың ауырлататын Бұл түрлерінің мазмұны жала жабу (130-бап) құ_рамының ауырлататын түріне ұқсас.