Ақшаға сұраныс пен ұсыныс

Ақшаға сұраныс пен теориялық талдау мен рыноктағы теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық мектептің монетарлық және Кейнстік макроэкономикалық үлгілердің пайда болғанын көрсетеді.

Ақшаға деген сұраныстың монетарлық теориясы неоклассикалық дәстүрлерге сүйеніп, ХVIII ғ. пайда болды. Бұл теорияэкономика ғылымында үстіміздегі ғасырдың 30-40 жылдарына дейін үстемдік жүргізген ақшалық, сандық теориясының ұсыныстарын басшылыққа алды. Бұл мектептің негізгі идеяларын ұсынғандар ағылшын ғалымдары Д. Юм, Дж. Милль, А. Маршалл, А. Пигу, К. Виксель, Д. Патиккин, американ ғалымдары Ч. Фишер, шведтік Г. Кассель мен Б. Хонсен.

Қазіргі монетаризм сандық теорияның жаңа варианты ретінде Чикаго мектебі ғалымдарының 50 -60жж. еңбектерінен көрінді ( М.Фридмен, К. Брунчер, А.А.Мельцер ).

Кейнсианның және монетарлық тәсілдердің айырмашылықтарын жақсы білу үшін, алдымен неоклассикалық варианттың сандық теориясына талдау жасау. Сандық теорияның негізгі постулаты (жорамалы) мынада: бағаның абсолютті деңгейі номиналда ақша қалдығының ұсынысымен анықталады. Мұндай тәуелділік белгілі кембридж теңдігі деп аталады. Кембридж мектебінің өкілдері ағылшын ғалымдары А.Маршалл, А.Пигу, Д.Робертен бұл теңдікті былай қисындады: М-S = KPY .

Мұнда М-S – ақшаның номиналды саны. К – номиналды табыс пен қажеттілігі ақша қалдықтары(шаруашылық істің құрылымында тұрақты болуы) арасындағы пропорция. Р – бағаның абсолютті деңгейі, Ү – нақты табыс. Егер К мен Ү - өзгермейтін тұрақты мөлшер деп есептесек, онда ақшаның номиналды санының өзгеруі М-S бағаның абсолютті деңгейінің де өзгеруіне әкеледі.

Зін өзі тексеру сұрақтары

1.Ақшалай - несиелік жүйе. Ақшалай жүйенің түсінігі және типтері.

2.Ақшаға сұраныс пен ұсыныс

3.Ақша массасы дегеніміз не?

ТЕСТ

1)Несиелiк ақша ақшаның қай қызметiнен пайда болады:

А) төлем құралы.

В) құн өлшемi.

С) айналым құралы.

D) қор жинағы құралы.

Е) әлемдiк ақша.

2)Жүйелiк ұстанымды не сипаттамайды:

А) көпсатылық.

В) тұтастық.

С) құрылымдық.

D) теқдiк.

Е) себеп-салдарлық.

3)Технология экономикалық жүйе үшiн қалай маңызды:

А) өндiрiстiң шегiн және өндiрiс факторларының пайдалу тиiмдiлiгiн анықтайды.

В) өндiрiстiң шегiн анықтайды.

С) не өндiрiледi, соны анықтайды.

D) өнiм бағасын және өндiрiстiң шегiн анықтайды.

Е) өндiрiс факторларының пайдалу тиiмдiлiгiн анықтайды.

4)Орталықтанған жоспарлау экономикасын не сипаттайды, соны көрсетiңiз:

А) ресурстар мен күрделi жұмсалымдарды (капиталовложения) жоспарлы бөлу.

В) меншiк түрлерiнiң көп сипаттылығы.

С) еркiн бәсеке.

D) рынок реттеуiштерiнiң iс-әрекетi.

Е) нарықтық қатынастар мен мемлекеттік басқару

Глоссарий

Кредитные деньги Несие ақшалар — бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның кағаздай белгісі Credit money
вексель Вексель — бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға) вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі. bill of exchange
чек     Ақшаға сұраныс пен ұсыныс - student2.ru денги Чек — бұл шот иесі чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша сомасын қолма-қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйрығы.   Ақша-бұл жалпы эквивалентті рөлін атқаратын ерекше тауар. check   money
Ақшаға сұраныс пен ұсыныс - student2.ru Банковские автоматы   Цена Банктік автоматтар (БА) — ол клиентке банк кызметкерлерінсіз банктік электронды есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен операииялар жүр-гізуге мүмкіндік беретін кұрылғы.     Баға-құн заңының көрінісі Bank automats     price

Қолданатын әдебиеттер:

І.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ

университеті.2010.

2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.

З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы.

ҚазМБА. 2007.

4.Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу қүралы. Алматы.

Қаз.университеті. 2004.

5.Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу қүралы.

Алматы, 2006,б.

6.Мөдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы.

Алматы. Экономика, 2006.

7.В.П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу қүралы.

Алматы. 2006.

8..Экономичсская теория (политэкономия). Учебник. Под

общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.;ИНФРА,2009.

Наши рекомендации