Азақстандағы жаһандану туралы не білесіз?
Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рыногқа айналуы дәуірін бастан кешуде.
Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржылардың, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы «шекараларсыз әлем» тұжырымдамасының негізіне айналды.
Жаһандануға қандай факторлар жәрдемдесуде?
Бірінші кезекте, бұл тараулардың елдер мен экономика секторлары арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономиканың дамуы мен өсуі үшін стратегиялық тұрғыда қажет. Жаһандану жолындағы екінші қадам капиталдардың еркін қозғалысы. Мысалы соңғы 20-жылдарда дамушы елдерге тікелей шетелдік иневестициялардың ағыны жүздеген есе өсті. Үшіншіден, адамдардың кедергісіз қозғалысы. Бүгінде әлемде елеулі көші-қон өзгерістері жүріп жатыр, Батыс елдерінде, әсіресе Еуропалық Одаққа, АҚШ-қа, Канадаға мигранттар ағыны күшейді. Төртіншіден, жаһандану факторларының бірі халықаралық валюта рыногтарындағы валюталық операциялардың серпінді дамуы болып табылады. Әлемдік валюта жүйесі үш ревоюцияны: реттеудің алынып тасталуын, интернационалдануды және инновацияны бір мезгілде бастан кешті. Бесіншіден, ақпараттың, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін қозғалысы жаһандану факторларының бірі және салдары болып табылады. Интернеттің, электрондық поштаның, халықаралық телефон қызметтерінің, ұяля телефон мен электрондық конференциялардың қарай дүние әлдеқайда өзара байланысты бола түсті.
Өзіміздің алдымызға стратегиялық міндет-таяудағы 10 жылда елімізді әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына шығару міндетін қоя отырып, біз ғылым мен технологияларды дамытудың, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін жіті назарда ұстауға тиіспіз.
Қазір әлемде қоғамдық қатынастардың барлық салалары бәсеке жағдайында деп айтуға болады. Өйткені, әлемдік инфрақұрлымдары мен институттары, қызметтің жаңа бағыттарын қалыптастырды. Яғни халықаралық байланыстар жүйесінде «Үлкен сегіздік» саммиттерінде, үкіметтік емес ұйымдар мен Бүкіләлемдік сарапшыларының пікірталасынан бастап, халықаралық ұйымдардың жыл сайынғы жиналыстарында әлемдік тартыс-таластар орын алуда. Дүние жүзі ғалымдарының қазіргі әлем туралы пікірталастарының өзекті мәселесі ретінде мемлекеттік биліктің орны мен рөлі, болашақ тағдыры, даму жағдайы, жаһандану үрдісі сияқты аса маңызды мәселелер орын алуда. Жаһандану жағдайы ғалымдармен, саясаткерлер, дипломаттардың алаңдаушылығын тудыртуда. Себебі мемлекеттің ұлттық - ұлттық егемендік мәселесіне қауіп төндіртіп отыр. Мұның бәрі Қазақстан мемлекетінің, қазақ халқының ұлттық мүдделеріне қайшы келетін ұстанымдар жиынтығы. Жаһандану, жаңару мен өзгерістер кезінде ең күрделі міндет - өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін, тұтастығын, экономикалық дербестігін сақтап қалу. Әлемдік трансұлттық компаниялардың, ұйымдар мен одақтардың саясаты мен мақсаты біздің ұлттық мүддеге қайшы келетіні белгілі. Сондықтан қазақ мемлекетін нығайту келешек президент пен парламент институттарының жауапкершілігін арттыру болып табылады. Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтқанда, Қазақ елін «олжалы жерде үлестен, ордалы жерде орыннан, жоралы жерде жолдан қалдырмау».
Жаңа білім, жаңа технология жүйесіне Қазақстанның ену жолдарының бірі - бейбітшілікті қолдау арқылы өркениетке қол жеткізу. Елімізде өткізіліп жатқан барлық реформалар нәтижелі болуы үшін адамдар құқығының сақталуын қамтамасыз ету, заң үстемдігін қалыптастыру, өркениетті азаматтық қоғам орнату керек. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы 2009-2011 жылдарға арналған. Қазақстан 2010 жылы Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі еліміздің әлемдік қауымдастық алдында беделін көтеретіні белгілі. ЕҚЫҰ төрағалық стратегиясын дайындау мақсатында «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын қабылдадық. Бағдарламаның қажеттілігі мемлекетіміздің ішкі дамуына, тарихи қалыптасқан байланыстарды нығайту, технологиялық, энергетикалық, гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету, еуропалық интеграция, құқықтық реформалар тәжірибесіне сүйену арқылы өз мемлекетімізді дамыту. Мұңдағы ең басты мақсат - Еуропа елдерімен қарым-қатынасымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткізіп, заңдарымызды Еуропалық стандарттарды ескере отырып, технологиялық басқару және институттық даму тәжірибесін алу. Еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық - құқықтық базаны жетілдіру және Қазақстан Республикасының 2010 ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі үшін қолайлы жағдай жасау. Осы Бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Еуропаның жетекші елдерімен саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда стратегиялық әріптестік деңгейіне шығуын, Еуропа елдерімен тауар айналымы жыл сайын 10%-ке ұлғайту үшін қолайлы жағдай жасалуын, Еуропа мемлекеттері және үкіметтері басшылары деңгейінде жыл сайын 5 сапар алмасу, қазақстандық желілер панъеуропалық көлік жүйелерімен түйістіру аясында көлік жүйесін дамыту сияқты нақты бірлескен жобалар пайда болмақ. Оларды іске асыру осы жылдың шілде айында Париж қаласында Стратегиялық серіктестігі туралы келісімін іс жүзінде жүзеге асыруға келіскен болатын. Осындай «Еуропаға жол» бағдарламасымен Президент еліміздің ЕҚЫҰ-ға төраға болуына және қазақстандықтардың Еуропа елдеріндегі өмір сүру деңгейіне жеткізетін құжат деуге болады. Осы жерде ЕҚЫҰ - өзі жайлы мағлұмат. 56 мемлекет мүшесі болып табылатын ұйым БҰҰ Жарғысының негізінде дағдарысты жағдайлардың алдын алу, Еуропадағы түрлі кикілжіңдер мен зардаптарын реттеу үшін құрылған болатын. Еліміз 1992 жылдан бері ЕҚЫҰ-ның тұрақты мүшесі болып, 1995 жылы ЕҚЫҰ-ның жанынан Вена қаласында Қазақстанның тұрақты өкілділігі ашылды. 1999 жылы ЕҚЫҰ мен ҚР Үкіметі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды және Алматыда ЕҚЫҰ-ның орталығы ашылды. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету туралы ниет Қазақстан 2003 жылы білдірген болатын. Елбасының 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында» атты Жолдауында аса маңызды мән берген. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне 2005 жылы Қазан қаласында ТМД басшыларының саммитінде қолдау көрсетсе, ЕурАзЭҚ-тың 2006 жылғы тамыз айындағы бейресми саммитінде қолдайтынын мәлімдеген.
ЕҚЫҰ тұрақты төрағасының қызметтен бір жылға оның төрағалығына сайланған елдің Сыртқы Істер Министрі атқарады. Жалпы, ЕҚЫҰ-да төрағаны қосып есептегенде сегіз институт бар. Олар : Жоғары деңгейдегі кездесулер, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Басқару кеңесі, Тұрақты кеңес, Қауіпсіздік Жөніндегі ықпалдастық форумы, Парламенттік Ассамблея және Бас хатшы.
Осындай беделді ұйымға төрағалық ету Қазақстан секілді жас тәуелсіз мемлекеттер әлемге танымал бола түсуіне, халықаралық қоғамдастықтың ықпалды мүшесі болуға мүмкіндік туып тұр. Осы жол арқылы Қазақстанның өркениет жолындағы, адам құқығын, құндылығын қастерлеудің көрсеткіші. «Еуропаға жол» бағдарламасы өзара түсініктілік, сыйласымдылықты қажет етеді және Қазақстанның болашағы.
Қазақстан мен ЕҚЫҰ мен толыққанды мүшесі ретінде ынтымақтастығын, қарым-қатынастарын белгіленген бағыты бойынша дамыту. Қазақстан өз тұрғысынан жаһандану заманының талабына сай реформалау шараларын жүргізбек.
Мен өзім Халықаралық қатынастар факультетінде білім алып жүрмін. Бұл мамандықтықтың еліміздің келешегі мен кешегісі үшін қажетті екенін жақсы түсінемін. Бұған дейін жаһандану проблемасы мені қатты ойландырмапты. Осыған байланысты әлемде жаһандану проблемасы ғылыми сыр-сипатқа толы екендігіне түсіндім. Өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, жаһандану мәселесі – адамзат үшін жаңа кезең. Бұл процесс алғашында экономика мен информатика салаларында, білім жүйесінде, мәдениет және т.б. салаларда пайда бола бастады. Қазір қазақ халқы үшін, Қазақстан үшін ең жауапты әрі шешуші кезең. Себебі, қазір жаһандану дәуірі басталып, онда ұлттың рухани мәдениетке аса үлкен көңіл бөлінуде. Осыған байланысты біздер ең бастысы, қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтап қалу және одан әрі дамыту тиіспіз. Рухани құндылықтарға – тіл, дін, салт-дәстүр, тарих, мәдениет, өнер, музыка, жатады. Осы құндылықтарды сақтасақ, қоғамның рухани–имандылығына, әлеуметтік-экономикалық қоғамдық-саяси өміріне әсер етеді.
Өйткені, жаһандану тек ірі мәдениеттер өркениетінің, ұлттық құндылықтарының қатығысы емес, сонымен қатар экономикалық қақтығыс. Эконмикалық жағынан капитал, арзан шикізат көзі, жұмыс күші, экспортқа шығару тауарлар санын көбейту, инвистиция, кредит беру сияқты мәселелер үшін күрес.
Менің ойымша, Қазақстан үшін 2009, 2010 жылдар бұрын-соңды болмаған жауапкершілікке толы - сын кезең. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа сайланған жағдайда, Қазақстанның экономика, гуманитария салаларында әлемдік дәрежедегі жарқын жетістіктерге бет бұрып, өркендеуіне жол салатын оқиға. ЕҚЫҰ-ға төрағалық сайлану арқылы еліміз өз өсуінің жаңа интеллектуалдық биіктікке бейімделуіне әкеліп, қазақ елінің әлеуметтік бірлігіне, әлеуметтік тұтастығына, әлеуметтік жаңару мен кемелденуіне жеткізетін Еуропа жолы.
Біз – жастар, мемлекетіміздің жаһандану жағдайында - жарқын болашақ кепілі болатын, әлем өркениетіне ену прцесіне жол салатын келешек жас ұрпақпыз.