Оооооооооооооооооооооооооооооооооооо 5 страница
Міндетті сақтандыру – заң негізінде сақтандыру қорлары ресурстарының құрылуы және пайдалануымен байланысты. Яғни, азаматтық, құқықтық байланыстарды білдіреді. Міндетті сақтандырудың инициаторы болып мемлекет табылады. Яғни, заңды және жеке тұлғалардың қоғамдық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында заң арқылы міндеттейді.
Ерікті сақтандыру – міндетті сақтандырудың әрекетіне қарағанда азаматтық, құқықтық қатынастар негізінде пайда болған сақтандырушы (сақтандыру компаниялары) және сақтандырушы (жеке және заңды тұлғалар) өзара келісім негізінде пайда болды.
2) сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк;
Жеке басты сақтандыру - сақтанушыға немесе басқа адамдарға сақтандыру сомасын төлеуді көздейтін ерікті сақтандыру түрі. Шартта көрсетілген мерзімге немесе оқиғаға не зейнеткерлік жасқа жетуге, сақтандырылған адамның қайтыс болуына, сақтандыру кезеңінде болған жазатайым оқиғалардан түрліше мертігуге байланысты орын алады. Мұнда сақтандыру объектісі: адамның өмірі, денсаулығы, еңбек ету қабілеті.
Мүлікті сақтандыру – сақтандыру жағдайының салдарынан туындаған зиянның орнын толтыру.
3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады.
Сақтандырудың сыныпталуы. Сақтандыру салаларының ерекшеліктері.Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады."Өмiрдi сақтандыру"саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:1) өмiрдi сақтандыру; 2) аннуитеттiк сақтандыру;3) өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру;4) сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру."Жалпы сақтандыру" саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;2) ауырған жағдайдан сақтандыру;3) автомобиль көлігін сақтандыру;4) темір жол көлігін сақтандыру;5) әуе көлігін сақтандыру;6) су көлігін сақтандыру;7) жүктерді сақтандыру;8) мүлікті залалдан сақтандыру;9) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;10) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;11) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;12)азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;13) заемдарды сақтандыру;14) ипотеканы сақтандыру;15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру;16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;17) сот шығыстарынан сақтандыру.Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.Сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi болып табылады. Сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру полисiн бере отырып қосылу шарты нысанында сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi қызметтi уәкiлеттi органмен сақтандыру ережелерiн келiскеннен кейiн ғана жүзеге асыруға құқылы.Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін не сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айрылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде шартта белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру сақтандырылушының өмірінде алдын ала ескерілген оқиға (неке қию немесе бала туу) басталған жағдайларда тіркелген сомада сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Жазатайым жағдайдан сақтандыру, сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіптік жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе сақтандырылушының денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Ауырған жағдайдан сақтандыру сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Көлік құралдарын сақтандырукөлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғалардың мүліктік мүдделеріне айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Жүктерді сақтандыру жүкті, оның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа да барлық түрлерін қоса алғанда, иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне тасымалдау әдісіне қарамастан, оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Мүлікті сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырутасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, үшінші тұлғаларға өзі көлік құралын пайдалануға байланысты келтірген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырубарлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Заемдарды сақтандыру сақтанушының, (заемшының) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда заемшының ипотекалық тұрғын үй заемы шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрі болып табылады.Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, нарықтық құнын жоғалту және басқа да шығындар салдарынан шығын келтірілу кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Сот шығыстарын сақтандырусақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Сақтандырушының төлемқабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы Сақтандырушы қаржысының бірінші кезектегі маңызы сақтандыру арқылы қорғау қызметін қамтамасыз ету болып табылады. Сақтандыру ісін ұйымдастыру б/ша өз шығындарын қаржыландырады және сақтандыру резервтерінің бір бөлігі мен меншік капиталды қолдана отырып, инв-қ қызметпен айналысады. Сақ-шының ақша айналымы 2 дербес ақша ағымдарынан тұрады және олар бухг-к есепте бөлек көрсетілдеі. Яғни:1)Сақтандырушылық қорғауды қамтамасыз ететін қаражаттар айналымы;2)Сақтандыру ісімен б/ты қаражаттардың айналымы.Сақ-шы өз қызметінде келесідей негізгі қаржы ресурстарын қалыптастырады және қолданады. Олар:-Меншікті капитал;-Ағымдағы кірістер б/ша қаражаттар;-Сақ-ң тәуекелді түрлері б/ша с-ру резервтері;-Алдын-алу шараларын қарж-ға арналған қаражаттар;-Сақ-ру ісін жүргізуге қажет қаражаттар;-Негізгі өндірістік қорлардың тозуы.Қолданыстағы с-ру және қайта с-ру келісімдері б/ша өз мойнына алған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін с-ру ұйымдары актуарий есесптеген көлемде с-ру резервтерін қалыптастыруға міндетті. С-ру резервтерінің қаражаттар тек қана с-ру ұйымының келісімдері б/ша өз міндеттемелерін орындаумен б/ты с-ру төлемдерін жүзеге асыру үшін қолд. С-ру резервтерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне с-ру резервтерінің қаражаттарын орналастыру және есепке алу тәртібіне қойылатын талаптар құзіретті органның норм-к – құқықтық актілерімен беріледі.С-ру резервтері тек қана сақтандырушының алған сақ-ру сыйақылары аударымдар есебінен қалыптасады.Қазіргі кезде с-ру резервтеріне аударымдардың келесідей нормативтері орнатылған:-өмірді с-рудан басқа ерікті және міндетті с-ру түрлері б/ша 75%;-өмірді с-ру б/ша 100%.Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын оның сақтандыру және қайта сақтандыру келісімдері б/ша міндеттемелердің бүкіл мерзім ішінде өзінің төлем қабілетін сақтау қабілетімен анықталады. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін мыналар жатады:-жарғылық және АК-ң ең төменгі мөлшері;-активтердің құны және оны диверсификациялау деңгейі;-с-ру резервтерінің және басқа да міндеттемелердің мөлшері;-төлем қабілетінің көрсеткіштері;-с-ру және қайта сақ-ру б/ша міндеттемелер көлемдерінің арақатынасы;-с-ру және қайта сақ-ру б/ша қызметтерінің рентабельділігі;-жүзеге асырылыр жатқан инв-қ қызметтің тиімділігі.
Салық салудың ғылыми теорияларының эволюциясы. .Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.Салыктар ШЖС-р мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастарының бір бөлігін көрсетеді.Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалылығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан: 1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты; 2) „қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидаты. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Ал, оларға ғылыми көзқарас ХҮІІ-ХІХ ғасырларда пайда болды. Оған дәлелді теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти (1623-1687ж.ж.) „Салық пен жиынтық трактаты” – (1662ж), Д.Рикардо „Салық салу және саяси экономияның басталуы” – (1817ж.), А.Смит „Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу” – (1776ж.) А.Смит салық салудың төрт принциптерін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды.Салық салу белгілі бір қағидалар негізінде ұйымдастырылады:Классикалык теория негізінде – қарапайымдылык, қайтарымдылық;А.Смит бойынша – қарапайымдылық, әділдік, салыстырмалылық, үнемділік;ҚР-ң салық салу кағидалары негізінде – әділдік, міндеттілік, біртұтастылык, айқындылық, жариялылық. 1.Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға қатысады. Мемлекеттің қорғауымен қамқорлығын пАйдалана отырып, қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады. Бұл ережені сақтау немесе сақтамау салық салудың тереңдігіне немесе тепе-теңдігіне ұрындырады. 2.Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салықтық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы дәрлік төлем төлеуші үшін анық әрі ашық болуы қажет және кез келген адамға да солай. 3.Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін ыңғайлы кезде барлығын төлейді. 4.Әрбір салық ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілгені дұрыс. Оның мемлекет қазынасына құйылуы, халық қалтасынан алғаны және ұстағаны мүмкіндігінше аздау болғаны жөн. Қазынаға құйылғаннан гөрі, салықты халық қатынасынан алу мен ұстаудың көп болуы да әбден мүмкін. Себебі, оны жинау шенедіктердің көп болуын талап етсе, оларға төленетін айлық сомасы салықтың мол мөлшері арқылы жүзеге асады.А.Смит тікелей, жанбасы, жанама салықтар жүйесін және оларды қолданудың әлеуметтік – экономикалық салдарын барынша талдады. Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері, экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер жазған. Мысалы, Ф.Аквиннский „Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны” ретінде анықтаса, салық салу теориясының негізін салушылардың бірі А.Смит „Салық төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі” деп тұжырымдаған. „Салық” ұғымы әр түрлі әдебиеттерде әр түрлі қарастырылады. Негізінен көптеген экономикалық әдебиеттерде „салық” ұғымы бюджет қорына белгілі бір көлемде және белгілі бір уақытта түсетін міндетті төлем ретінде қарастырылады. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады. Қандай да бір механизмнің құрамында бірнеше тетіктер мен элементтер болады. Сол сияқты салық механизмі де белгілі бір салық элементтерінен тұрады. Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект , салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, Экономикалық жүйедегі салықтардың функциялары.Салықтар - занды және жеке тұлғалардан сондай-ақ ШЖС-р мен азаматтардың мемлекетпен екі арадағы орталыктандырылған қаржы көзін кұруға байланысты туындайтын каржылық катынастардың жиынтығын сипаттайтын экономикалық категория.
Салық жеңілдіктері және іскерлік белсенділікті көтермелеудегі олардың рөлі Салық жеңілдіктері- төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару. Салық жеңілдіктері- заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктерін бірнеше белгілер бойынша топтауға болады:салық субъектілері бойынша жеңілдіктері. Салық төлеушілердің өзіне салық жеңілдіктері беріледі. Жеке тұлғалардың мүлік салығында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту кезеңінде салық төлеуден босатылады.Салық объектісі бойынша жеңілдіктер. Бұл жерде салық салу объектілеріне жеңілдік беріледі. Мысалы: көлік құралдары салығында мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық төлеуден босатылған.Салық базасы бойынша жеңілдіктер. Мәселен, жеке табыс салығы бойынша салық базасына мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыс қосылмайды.Салық ставкасы бойынша жеңілдіктер. Корпорациялық табыс салығында салық төлеушілер негізінен 20% ставка бойынша салық төлесе, негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушілер 10% ставка бойынша салық төлейді.Салық кезеңдері бойынша жеңілдіктер. Мәселен, ҚҚС бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болса, ал ауылшаруашылық өнімдеін өндіруші заңды тұлғалар үшін салық кезеңі бір жыл болып табылады.Салықты есептеу тәртібі бойынша жеңілдіктер. Шағын бизнес субъектілерінің белгілі бір оңайлатылған декларация негізінде салық төлейді.Салық төлеу тәртібі бойынша жеңілдіктер. Мәселен, шағын бизнестің кейбір субъектілері салықты бір жолғы талон немесе патент негізінде төлейді.Салық есебін жүргізуді, немесе салық міндеттемелерін орындау тәртібін оңайлату арқылы берілетін жеңілдіктер. Бұл салық төлеушілердің белгілі бір санаттарына ғана беріледі. Салық төлеушілердің кейбір түрлеріне арнаулы салық режимін қолдану салық сомасын анықтауда және оны төлеуде жеңілдетілген тәртіп беру, бұл салық міндеттемелерін орындауда жалпы тәртіпті оңайлату мақсатында жүзеге асырылады. Мемлекет салық салуды қоғамның экономикалық дамуына әсер ететін құрал ретінде іске асырылады. Мемлекет жеңілдіктер бере отырып, экономиканың осы салаларын дамытуды ынталандырады.
Салық жүйесі және салық саясаты.Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экоеомиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады. Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Салық саясатының басты мақсаты-салық жүйесін құрү және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Мемлекеттік салық салу саясаты- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай : қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор.
Салық жүйесі - 1) бюджеттен тыс қорларды қаржыландыру үшін қолданылатын салықтардың, алымдар мен төлемдердің жиынтығы, сондай-ақ салықтарды белгілеу, өзгерту, күшін жою, оларды төлету шараларын қолдану, салықтық бақылауды жүзеге асыру, салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту және жауапкершілік шараларын қолдану қағидаларының, әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, сондай-ақ салық қатынастарын реттейтін салық қызметі органдарының жиынтығы; 2) елдегі салық caнау рәсімдерін реттейтін заңнамалық актілер мен заңнан туындайтын нормативтік актілердің жиынтығы; 3) елдегі салықтар мен алымдарды есептеу мен төлеудің институттық инфрақұрылымы.[1]