Дәрістің тақырыбы: Еңбек шарттарына байланысты жұмыс орнын аттестациялау
Еңбек шарты бойынша өндірістік объектілерді аттестациялау Қазақстанның Еңбек Кодексі бойынша кәсіпорындардағы жұмыс орындарын кезең бойынша аттестациялау, өндірістік объектілерді еңбекті қорғау талаптарын сәйкес сертификаттау, экологиялық қауіпсіздік жұмыс берушінің міндеті болып жүктеледі. Жұмыс беруші, сонымен қатар жұмысшыларға еңбек шарттары туралы бұрмаланбайтын ақпарат беруге міндетті.
Кезеңдік аттестациялаудың бағдарламасы Еңбек шарттары бойынша жұмыс орындарын аттестациялаудың нормативтік негізі болып табылатындар:
- Еңбек қауіпсіздігінің қалыпты жүйесі; (ГОСТ СС БТ)
-санитарлық-гигиеналық нормативті материалдар (СанПин, ГН, СН);
-Еңбек шарттары бойынша жұмыс орындарын аттестациялаудың мақсаты (АРМ) – жұмысшылардың еңбек шарттарын қалпына келтіру және жақсарту.
Аттестациялық мәліметтер кәсіпорындағы еңбек шарттарының кешендік жоспарларын жақсартуды өңдеуге және іске асыруға мүмкіндік береді.
Еңбек шарттары бойынша жұмыс орындарына өткізілген аттестациялаулардың нәтижелерін өлшеу мен мамандардың қорытындылары жұмысшыларға хабарланып отырылуы тиіс.
Аттестацияның қорытындысы ауыр жұмыстарға және зиянды, қауіпті жерде жұмыс істейтін жұмысшыларға сыйақы және жеңілдік алуды растау немесе кері қайтару ресми құжаты болып табылады.
Еңбек шарттары бойынша жұмыс орындарын аттестациялаудың әдістемелері. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың өлшемі әдістемелері аккредиттелген зертханалардың қызметкерлері мен кәсіпорын мүшелерінен құралған комиссиясымен анықталады. Қауіпті және зиянды шаруашылық факторларының тізімі жұмыс уақытында жұмысшыларға 80 пайыздан кем әсер етуімен есептеледі. Еңбек шарттары бойынша жұмыс орындарын аттестациялау кәсіпорынның комиссиясы мүшелерінің жұмысы болып табылады.
Барлық құжаттар комиссия мүшелері мен комиссия басшысының қолдарымен расталады. Комиссия жұмыс орындарындағы, аумақтағы және шаруашылық орындарында еңбек шарттарын жақсартуда шешім қабылдайды, бөлімшелердің еңбекті қорғау талаптарына сай сертификаттауға ұсыныс жасайды – өлшем жасалуға міндетті тұрақты және уақытша жұмыс орындары цехтың құрылыс-жабдықтары дайын өнімді шығаратын және өнімдерін беретін жоспарында көрсетіледі. Жұмыс орындарын аттестациялау жөніндегі комиссия өндірістің, цехтың зиянды шарттары бар мамандықтардың тізімдерін жасайды. Оларға мынадай құқықтар беріледі:
- қосымша демалыс және қысқартылған жұмыс күні
- жеңілдетілген зейнетақымен қамтамасыз ету.
- емдеу-алдын-алумен тегін алу мен азық-түлігін тегін алу
- кәсіпорынның жұмыс орнын аттестациялау комиссиясы.
- Әдістемелік басшылық жасау және жұмыстың барлық кезеңдеріне бақылау жасауды жүзеге асырады.
Аттестация жүргізу үшін қажетті нормативті-анықтамалар негізін құрайды және оның оқылуын ұйымдастырады және жұмыс жасаушылардың тәжірибе алуын қадағалайды. Комиссия мүшелерінің біліктілігіне мыналар байланысты:
- кәсіпорынның техникалық және технологиялық құжаттарының дұрыстығы.
- зертхана қызметкерлерінің құралдық өлшемдерінің жүргізуі.
- жұмыс орнын аттестациялау жобасы қорытынды құжатты толтыру.
- аттестация құжаттары бойынша қорытынды және шешім шығару.
Өндірістік факторлардың шудың, тербелістің ауыстырулары орындалады, ауадағы шаң мен газ, табиғи және жасанды жарық беру, өндіріс орнындағы микроклиматтың параметрі.
Еңбек үрдісіндегі қиындықтар бағаланады, оның қуаты, жеке қорғау жабдықтары болуы қадағаланды. Осының барлығы кестеге кіргізілген.
Мысалы: кесте 7.1.
Зиянды өндірістік факторлар | Өлшемі | Қалыпты жағдай | Өлшемнің деректері | Зиянның қауіпті тобы | Нормативтік құжаттар |
Шағын аумақтағы климаттың өзгешеліктері | Т0, С Р, % V, м/с | ||||
2.Химиялық зиянды заттар | Мг/м3 | ||||
3. Шаң | Мг/м3 | ||||
4.Шу | дБА | ||||
5.Тербеліс | ДБ | ||||
6.Жылумен Сәулелену | КЛж/ч | ||||
7.Иондаушы сәулелену | МкР/ч | ||||
8.Табиғи жарық | % | ||||
9.Жасанды жарық | Лк | ||||
10. Еңбек үрдісінің қауырттылығы | |||||
А Инттелектуалды жүктеме | |||||
10 1 А жұмысшыларды ұстау | |||||
10 2 А Белгіні қабылдау | |||||
10. 3 А Тапсырманың күрделілігі | |||||
10.4 А жұмыстың орындалуының мінездемесі | |||||
Сенсорлық жүктеме | |||||
10.1Б Ұзақ бақылау | % | ||||
10.2 Б Белгінің тығыздығы | Саны сағатына | ||||
10.3 Б Объектілердің бір уақыттағы бақылауы | Саны сағатына | ||||
10.4 Б Өлшемі | мм | ||||
10.4 Б.2 Оптикалық құралдармен жұмыс | |||||
10.4.Б.3 Терминал экранынан бақылау | сағатына | ||||
10.5.Б Есту анализаторын жүктеу | % |
Еңбек шарттарын бағалау.Қауіпсіздік және зияндық топтар өндіріс үрдісінде қосымша – 3- бойынша орнатылады.
Еңбек шарттарын бағалау өндірістік араласқан және үйлесімді факторларды қоса алғанда өлшемнің нәтижелері негізінде орындалады.
Еңбек шартын қауіпсіздігі және зияндығы бойынша жалпы бағалау былай орнатылады:
-жоғары тобы және зияндық дәрежесі бойынша.
-егер 3 немесе одан да көп факторлар 3.1 жатқан жағдайда, онда жалпы еңбек шарттарын бағалау 3,2 тобына жатқызылады.
Егер 3,2,3.3,3,4 тобының екі немесе одан көп болса, еңбек шарттары бір сатыға жоғары бағаланады.
Зиянды факторлармен жанасудың уақыты қысқарғанда еңбек шарттары аз зиянды болып бағаланады, бірақ 3.1 тобынан төмен болмайды.
Кәсіпорындағы жұмыс орындарын аттестациялау өндірістегі маңызды мәселелердің бірқатарын шешуге ықпал етеді:
- Ауыр жұмыстағы зиянды және қауіпті еңбек шарттарындағы жұмысшыларға заңды түрде жеңілдік көрсету және сыйақы беру.
- Мамандығының әсерінен алған ауру деген күндік туған кездегі шешім.
- кәсіпорынның, цехтың, аумақтың, өндірістік жабдықтардың тоқтатылуы;
- адам өміріне немесе денсаулығына зиян келтіретін жұмысының технологиясы;
- еңбек келісіміне жұмысшылардың нағыз еңбек шарттарын кіргізу.
- еңбек шарттарының жағдайы туралы қолайсыз еңбек шарттары үшін берілетін жеңілдік және сыйақы туралы статистикалық есепті құрастыру.
Жұмыс орны аттестациясының мәліметтері бойынша «Еңбек шарттарын жақсарту және сауықтандыру бойынша шаралардың жобасы» құрылады.
Егер бұл шаралар қауіпті және зиянды өндірістік факторларды тиімді және мүмкін болатындай жағдайға жеткізуге жол бермеген уақытта ғана өңделеді. Өндірістік ортадағы зиянды және қауіпті жағдайдағы жұмыс үшін жеңілдік жүйесі және сыйақы кіргізіледі, «уақытпен қорғау» жүйесі қолданылады.
Еңбек шарттары бойынша жұмыс орны үшін жүргізілетін аттестациялардың мерзімін кәсіпорын өзі орнатады, бірақ 5 жылда 1 реттен аспауы керек. Нәтижелері арнайы хаттамамен рәсімделеді, бұл хаттамаға еңбек шарттарын жақсарту және сауықтыру шараларының жобасы тіркеледі, бұл мәліметтер қатаң есепке алынады, кәсіпорында 50 жыл сақталады, егер кәсіпорын таратылса, сатып алған келесі кәсіпорынға өтеді.
Еңбек шарттары бойынша жұмыс орнына жүргізілген аттестациялардың орындалу сапасы кәсіпорындардың барлықжеке меншігі мемлекеттік органдарымен бақыланады. Еңбек шарттары бойынша жұмыс орнына жүргізілген аттестация сертификатқа дайындық болып табылады.
«Қауіпсіздік сертификаты» - бұл кәсіпорындағы жүргізілген шаралар мен мемлекеттік нормативті талаптарға сай келетінін айғақтайтын құжат, кәсіпорындағы еңбекті қорғау жұмысын сертификаттау міндетті түрде аймақты сертификаттау бойынша органдарымен, ғылыми-методикалық орталықта дайындықтан өткен сарапшы-маманның қатысуымен өтеді. Сертификат кәсіпорындағы еңбекті қорғау жұмысының мемлекеттік нормативті талаптарына сай келетінін растайды.
- кәсіпорындағы еңбек шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушінің қызметін, еңбегі қорғау және комиссияның сәйкес келуі;
- қызметкерлерді оқыту және уақытынды нұсқаулар өткізу;
қызметкерлерді жеке және ұжымды қорғауды қамтамасыз ету.
- объектілерде рұқсат құжаттарының, лицензиялардың, гигиеналық нәтижелердің, сертификаттардың, «қауіпсіздік декларацияның» болуы сертификат үрдісінде орнатылады.
«Еңбекті қорғау бойынша талаптарға сай өндірістік объектілерді сертификаттау тәртібіне» сай үш санатқа бөлінеді – І, ІІ, ІІІ.
І-ші санатты сертификат 90 пайыздың аттестациядан өткен тұрақты жұмыс орнына беріледі, қалған 10 пайыз 6 айдың ішінде сертификаттаудан кейін аттестациялануы керек.
ІІ санатты сертификат өндірісте аттестациядан 75 пайызы өткен, жұмыс орны бар және қалған жұмыс орындарына техникалық-ұйымдастыру шараларының құжаттары, олардың аттестациялары сертификаттаудан кейін екі жылдың ішінде қамтамасыз етіледі.
ІІІ санатты сертификат өндірісте аттестациялаудан өткен 50 пайыз жұмыс орны бар және қалған орындарға техникалық ұйымдастыру шараларының құжаттары бар, сертификат берілгеннен кейін екі жылдың ішінде қалған жұмыс орындары аттестациялануы тиіс.
Кез-келген санатқа сертификат беру үшін, барлық аймақтық бақылау органдарының бөлімшелерінің сертификатталатынына өндірістік объектілері бойынша жағымды қорытындысы қажет.
«Қауіпсіздік сертификаты» бар өндірістерде талаптарға сай инспекторлық бақылаулар жүргізіледі, талаптарды бұзушылық жағдайында сертификаттың күші жойылады немесе қайтарып алынады. «Сертификаттың берілуіне дейін еңбекті қорғау бойынша құрылған сарапшы комиссияның өкілі жұмыс орнын аттестациялауды тексеруі мүмкін.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган биліктері өзінің құқықтарының басқа, «Сертификат» алған кәсіпорындарға салық және басқа жеңілдіктерді жасай алады. Жеңілдіктің мінездемесі және түрі «Сертификат» санатына байланысты және өндірістің қауіп деңгейіне байланысты белгіленеді.
Кәсіпорынның еңбекті қорғау жұмысын сертификаттауға кеткен шығынын өндірістегі келеңсіз жағдайларда және кәсіби аурулардан міндетті сақтандыруда төмен бағамен сақтандырылады, осылайша шығын қайтарылады, осылайша шығын қайтарылады.
«Қауіпсіздік сертификатын» алған кәсіпорын 5 жыл аралығында жеңілдіктерге құқығы бар. «Қауіпсіздік сертификаты» - кәсіпорынның қоғамдағы престижі мен бәсекеге қабілеттілігі көтереді, сенімді серіктес екенін мойындатады.
Өндірістік қауіпсіздік Декларациясы, «Қауіпсіздік Декларациясы» құрылыста жобалық құжаттар құрамында өңделеді, кеңейту қайта өңдеу, техникалық «қайта қарулану» қауіпті өндірістік объектілерді консервациялау және тарату.
Өндірістік объектілердің қауіптілігі бақылау органдарымен технологиялық үрдістердің мінездемесі бойынша және пайдаланылған, қайта өңделген, сақталған, тасымалданатын заттар бойынша орнатылады. «Қауіпсіздік Декларациясы» барлық қызмет ету кәсіпорындарында болуы қажет.
Тәуекелділікті анықтаудың 4 әдістемелік тәсілмен бөлуге болады:
-инженерлік, математикалық санаққа сүйену, қауіпсіздіктің ықтимал талдауы, қауіптің ағашын егу;
- адамға әсер ететін зиянды факторларға негізделген математикалық моделдеу.
-сарапты-тәжірибелі мамандармен, сарапшылардан сұрау негізінде анықталатын әр түрлі оқиғалар ықтималдылығы.
-әлеуметтік-кәсіпорында жұмыс істейтін барлық жұмысшылардан сұрақ алу, және осы еңбек үрдісіндегілермен тиянақты түрде анкета жүргізу.
Аталған әдістемелер әр түрлі кәсіби аспектілерде көрінеді, сондықтан, бұларды кешенді түрде қолдану қажет.
Рұқсат етілетін тәуекелдер.1990 жылы Кельнде (Германияда) Бүкіләлемдік қауіпсіздік қызметі жайында конгресс, «Өмір-қауіпсізде» деген атаумен өтті. Әр елдің мамандары өздерінің қауіпсіздік мәселелеріне арнаған баяндамаларында, «тәуекел» деген сөздің мағынасын «Тәуекел қауіпті жүзеге асырудың жиілілігі» және тәуекел-қауіптің сандық бағалауы дегенмен ұғындырды. Қауіп дегеніміз – біз қаламайтын нәтижелерге жеткізетін құбылыс.
Қауіптің мынадай белгілері бар, қирау, көліктің, жабдықтардың, ғимараттың, құрал-сайманның сынуы. Қауіп – адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді. Қауіпті «Ықтималдылықтың теориясы» тұжырымдамасы ретінде қолдануға болады. Оқиға немесе кенеттен болған оқиға деп кез-келген деректі атайды, ол нәтижесінде болуы да немесе болмауы да мүмкін. Оқиғаның ықтималдылығы сандық мөлшер деңгейін атайды.
Еңбек шарттары бойынша жұмыс орнын аттестациялау мәліметтері қызметкерлердің денсаулығы үшін кәсіби тәуекелдің заңмен талап етілетін бағалауын өткізуге мүмкіндік береді.
Кәсіби тәуекелділікті бағалауды ұйымдастыру және өткізу.
Тәуекелділікті және экономикалық пайданы салыстыру үшін көптеген мамандар адам өмірін ақша түріндегі нақты бағасын жүргізуді ұсынуда. Мұндай тәсіл белгілі ортада адамдардың қарсылығын тудыруда, олар адам өмірі өте қымбат және ақшалай келісімдерге жатпайтындығын айтуда.
Алайда іс жүзінде адамдардың қауіпсіздігі мақсатында мұндай бағалаудың қажеттілігі туындайды. Сұрақты былайша қойса: "Адам өмірін сақтап қалу үшін, қанша қаражат жұмсау керек?».
Шетел деректері бойынша, адам өмірі 650 мыңнан 7 млн АҚШ доллары мен бағаланады.
Айта кету керек тәуекелділікті анықтау рәсімі шамамен алғандай.
А оқиғасының ықтималдығы Р(А) болып белгіленіп, мұндағы А – оқиға, Р – ықтималдық болып табылады.
Оқиғалар ақиқат және жалған болып жіктеледі. Ақиқат оқиғалар U, мұнда міндетті түрде Р(U) =1 орын алады.
Жалған оқиға V, Р(V) =0 шарты мүмкін болмайды.
Кез-келген оқиғаның болуының ықтималдығы 0≤ Р(А) ≤1 болады. Ол Р(А) =m/n формуласы арқылы анықталады. Мұндағы, m – А оқиғасына оң әсер беретін оқиғалар саны.
R тәуекелі А оқиғасы жағдайында, R (А) =0 – шексіз қауіпсіздік болып саналады.
Шексіз қауіпсіздік әрқашан экономикалық тұрғыдан қол жетімді болып табылмайды.
Қауіптің пайда болу салалары: тұрмыстық, спорт, жол-құрылысы, өндірістік, әскери және басқа да салаларда.
Ресейде 75 млн. адам өндірісіте жұмыс істейді деп алсақ, оның ішінде – 8 мың адам қайтыс болды деген ақпарат арқылы өндірістегі қайтыс болу тәуекелін (ықтималдығын) анықтап кеөрейік:
Мұндағы, n – өндірістік жарақат және апаттар салдарынан қаза тапқан адамдар саны;
N – өндірісте жұмыс істейтіндер саны.
Өндірісте, жол апаты оқиғаларынан қаза тапты, тұрмыстық жарақаттардан, өрттен, уланудан және т.б. оқиғалардан қайтыс болған жағдайларды ескеріп Ресей азаматының қаза табу тәуекелін (ықтималдығын) анықтайық. n=350 мың адам, барлық жастағы Ресей тұрғындарының саны N = 150 мың адам:
Мысал ретінде жеке тәуекелдерді сипаттайтын шетелдік мәліметтерді қарастырайық. Жеке тәуекелдің ықтимал бағалануы Америка Құрама Штаттарының барлық халқына қатысты статистикалық мәліметтер негізінде есептелген (АҚШ статистикалық жинағы, 7.2. кесте.).
Кесте 7.2
Түрлі себептерге байланысты қаза табудың жеке тәуекелі (АҚШ мәліметтері негізінде)
Атауы | |
Автокөліктен | 3▪ |
Құлаудан | 9▪ |
Өрт пен күйіп қалудан | 4▪ |
Суға тұншығудан | 3▪ |
Уланудан | 2▪ |
Қару жарақтан | 1▪ |
Станок құрылғыларынан | 1▪ |
Су көліктерінен | 9▪ |
Әуе көлігінен | 9▪ |
Құлаған заттардан | |
Электр тогы | |
Теміржолдан | |
Найзағайдан | |
Басқа да барлық қатерлерден | |
Жалпы тәуекел | |
Ядролық энергия (100 реакторға есептелгенде) |
Тәуекелді талдау тәуекелді бағалау, тәуекелдерді басқару және тәуекелдер туралы ақпараттардан тұрады. Тәуекелдерді бағалау қауіптің анықталуы, экспозицияны бағалау және тәуекедің сипаттамасын қамтиды.
Тәуекелдерді басқару– жұмысшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыру.
Ресей Федерациясының заңдарымен бекітілген нормаларды сақтауға тәуекелдер туралы ақпаттарды жұмыс берушілерге, жұмысшыларға және басқа да қызығушылығы бар адамдарға жеткізеді.
Професионалдық тәуекелдерді бағалау кезеңдері:
1 кезең – гигиеналық бағалау және Р2.2.2006-0,5,05, қосымша 3 критерийлері бойынша шарттар класының бекітілуі.
2 кезең – құрылғыларға, технологиялық үрдістерге, материалдарға және т.б. нормативтік-техникалық құжаттардың талдауы, аталған профессионалдық топтың еңбек шарттарына негізделген әдебиеттің талдауы.
Қол жетімді материалдардың: клиникалық-физиологиялық, зертханалық, экспериментальдық, және т.б. зерттеулер мәліметтерін қолдану.
Аталған мәліметтер бойынша тәуекел ІБ (болжанған) категориямен бағаланады.
3 кезең – профессионалдық ауыру бойынша талдау;
4 кезең – кезең бойынша медициналық тексеру нәтижелерін талдау;
5 кезең – еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалту, мүгедектік, өлім-жітім және т.б. бойынша талдау;
6 кезең – 2-5 кезеңдерде алынған нәтижелерді ескере отырып, 1 кезеңде анықталған еңбек шарты класстарын верификациялау;
7 кезең – профаура индексін есептеу;
8 кезең – мүгедектік, өлім-жітім және т.б. мәліметтерді жіктеу;
9 кезең – RR қатыстық тәуекел шамаларын есептеу;
10 кезең – тәуекелді бағалау және тәуекелдің дәлелдену категориясын анықтау;
11 кезең – қорытынды;
12 кезең – ұсыныстар.
«Профессионалдық тәуекелді» анықтауға арналған ағымдағы мәліметтер болып келесі нәтижелер саналады:
- мемлекеттік сантиралық-эпидемиологиялық қадағалау нәтижелері;
- өндірістік құрылғы және өндірістік арналымдағы өнімнің сантиарлық-эпидемиологиялық мәліметтері;
- жұмыс орындарының аттестациясы.
Кәсіби тәуекелді бағалауды арнайы кәсіби топтар үшін (цех жұмысшылары, участоктер және т.с.с. осыған ұқсас еңбек шарттары), оның нәтижесі болып топтық тәуекелдің бағалауы табылады.
Жеке кәсіби тәуекелді жүргізу кезінде (жынысы, жасы, еңбек өтілі, жеке тәуекелдік факторлары, жағымсыз қылықтары және мәліметтерін алуда) алынған нәтижелерді заңмен қудаланатын дербес медициналық мәліметтер деп есептеуге болады (ҚР Еңбек Кодексі).
Шекті түрде жинақталған маусымдық, вахталық және өзге де экспозицияларда (жүктеулердегі) есептеулер, яғни, мүмкін болатын еңбек өтілінен, ұжымдық тәуекелдерді бағалауға арналған бейімделулер ретінде қарастыруға болады.
Кәсіби тәуекелді жүргізу кезінде ақпараттың құпия сақталуын қадағалайтын шараларды қабылдаған жөн, әлбетте, ақпараттық жариялылық күйге өтуі жұмысшыға (жеке тәуекелдері бағалау кезінде) немесе жұмыс берушіге (топтық тәуекелдерді бағалау кезінде) зиянын келтіруі әбден мүмкін.
Зиянсыз еңбек шарттары критерийлері ретінде:
1) Өмір,
2) Денсаулық,
3) Ағзаның функционалдық мүмкіндіктері,
4) Күтілетін өмір ұзақтығы,
5) Келешек ұрпақтың денсаулығын сақтау негізгі болып табылады.
Өмір сапасы мен денсаулық көрсеткіштер кешенімен қамтамасыз етіледі.
Созылмалы және өткір аурулар (улану) қатты әсер еткен жағдайда өмірінің соңғы деміне алып келуі мүмкін (мысалға, жылу соққысы кезіндегі естен танып жан тәсілім ету, стресстік физикалық және жүйке-эмоциялық салмақ түсудің нәтижесіндегі кездейсоқ өлім), қызметінің жоғалуы (мысалға, тітіркендіретін заттар әрекеті кезіндегі иіс сезу мүшесінің, дыбыстың әсерінен есту қабілетінің өткірлігінің), қауіпті жағдаяттарға байланысты жүктіліктің тоқтатылуы, репродуктитві улы заттармен ата-анасының жұмыс жасауы кезіндегі туа біткен ауруға шалдыққан сәбидің дүниеге келуі және т.б.
КТ бағалау кезінде міндетті есептілікке кәнігі аурулар, жұқпалы аурулар, соққылар қатысты болады.
КТ бағалау үшін келесідей критерийлерді пайдалады:
- Гигиеналық (алдын ала);
- Еңбек шарты кластары бойынша тәуекелдерді категориялау (7.3 кесте);
- Жұмысшылардың денсаулығының медициналық-биологиялық көрсеткіштері, яғни, репродуктивті және ұрпағының денсаулығы;
- Жұмысшылардың денсаулығының бұзылуының салмақтыылғы;
- Дәлелденгендік деңгейі бойынша тәуекелдерді категориялау;
- Эпидемиологиялық мәліметтер бойынша жұмыспен денсаулығының бұзылуына байланысты деңгейі.
7.3 кесте
Еңбек шарттар класы*** | Кәсіби тәуекелдің категориясы | Тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шараның маңыздылығы |
Оптималды-1 | Тәуекел байқалмайды | Іс-шаралар қажет деп танылмайды |
Мүмкін болатын-2 | Мардымсыз аз ғана тәуекел (көтере алатын) | Іс-шаралар қажет деп танылмайды, осал жандар қосымша қорғанышты қажет етеді* |
Зиянды-3.1 | Аз (бірқалыпты) тәуекел | Тәуекелдерді төмендету бойынша шаралар талап етіледі |
Зиянды-3.2 | Орташа (пайда болған) тәуекел | Орнатылған мерзімде тәуекелдерді төмендетуі бойынша шаралар талап етіледі |
Зиянды-3.3 | Жоғары (көтере алмайтын) тәуекел | Тәуекелдерді төмендету бойынша кейінге қалдыруға болмайтын шаралар таолап етіледі |
Зиянды-3.4 | Өте жоғары (көтере алмайтын) тәуекел | Тәуекелдерді төмендетпей, жұмысты бастауға немесе жалғастыруға болмайды |
Қауіпті (экстремалды) | Аталған мамандыққа тән аса жоғары тәуекел және өмірге төнген тәуекел | Жұмыс тек арнайы регламент бойынша жүргізілуі тиіс** |
Ескерту *Бұл кәмелетке толмаған, жүкті әйелдер, емізетін аналар, мүгедектерге тән жұмысшы топтарына арналған (ҚР Еңбек Кодексі). **Ведомстволық. Салалық немесе кәсіби регламентті жұмыстар, ауысым басталғаннан немесе ауысым кезіндегі жұмысшылардың ағзасыгның функционалдық жай-күйін қадағалап отыратындарға тән. ***Сәйкес категориядағы еңбек шарты кластары. |
Сенімді КТ сандық бағалауы санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер материалдары бар болса, негіздемелер, тұжырымдамалар, эпидемиологиялық зерттеулер мәліметтері, клиникалық-физиологиялық, клиникалық зертханалық зерттеулер, сонымен қатар берілген гигиеналық критерийлер бойынша жұмыс ортасын бағалаудың инструменталдық факторлары негізінде тең құқықты болып танылады.
Бейімдік бағалу үшін Адамдарға арналған шекті бақылаулар нәтижелерін пайдалануы мүмкін, немесе жануарларға зертханалық тұрғыда жүргізілген зерттеулердің нәтижелері пайдаланылуы мүмкін.
Бұл мәліметтердің кешеін бойынша дәлелдемелері келтірілген.
КТ бағалау нәтижелеріндәлелді тәуекелдер категориясына жіктеуге болады:
- 1А категориясы (делелденген кәсіби тәуекел) – еңбек шартының гигиеналық бағалауы, периодты медициналық тексеріс, физиологиялық, зертханалық және тәжірибелік зерттеулердің, сонымен қатар эпидемиологиялық мәліметтердің нәтижесі негізінде;
- 1Б категориясы (жорамал кәсіби тәуекел) – еңбек шартының гигиеналық бағалауы, қосымша жеке клиникалық-физиологиялық, зертханалық, тәжірибелік мәліметтер (яғни, берілген әдебиеттің мәліметтері) нәтижесі негізінде;
- 2 категория (күмәнді кәсіби тәуекел) – еңбек шартының гигеналық бағалау нәтижелері негізінде.
Еңбек шартын гигиеналық бағалау нәтижелері бойынша тәуекелдерді орнату кезінде кәсіби аурулардың, периодты медициналық тексерістердің, мүгелдектіктің, өмірінің шегіне жетпеу, өлім-жітім және жұмысшылардың денсаулығының өзге де әлеуметтік-маңызды көрсеткіштерінің сараптамасын жүршізген абзал. Яғни, репродуктивтілік, сонымен қатар, олардың ұрпағының денсаулығын арнайы жасақталған бағдарламалармен сарапталып отырғаны жөн.