Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер және олармен күрес әдістері

Мақта егістіктерінде арамшөптердің көбеюі мақтадан сапалы өнім алуға айтарлықтай кері әсерін тигізетіні белгілі.Арамшөптерге қарсы күрес дер кезінде жүргізілмей, тиісті шаралар қолданылмаса ол шаруашылыққа экономикалық орасан зор зиян келтіреді. Арамшөптің шитті мақта өніміне келтіретін зияны 25-30 пайызға жетіп, кейде одан да асады.

Мырзашөл өңірінің байырғы суармалы жерлерінде арамшөптер орасан көп зиян тигізуде. Бұл аймақтардың мақта егістік жерлерінде құмай, ажырық және шырмауық сияқты өте зиянды арамшөптердің көп болуына жол беріліп келеді. Жоғарыда айтылған бұл арамшөптер тез өсіп, көбейетін өсімдік болып табылады. Арамшөптер ерекше жағдайды қажет етпейді және олар өсімтал, өмірге бейім келеді, сондықтан оларға қарсы күрес үнемі және қатаң түрде жүргізілуі керек. Арамшөптер әсіресе мақта далаларында тез өсіп, тез жетіледі. Мұндай жағдайда жоғары не болмаса тіпті орташа да өнім күтуге болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті.

Қазақстанның мақта егілетін аймақтарындағы топырақ-климат жағдайындағы арамшөптердің сан және тұр құрамын білу, оларға қарсы күрес шараларын, негізгі ең қауіпті арамшөп түрлеріне қолдануға жағдай жасайды. Егістік алқаптарда бір ғана арамшөп түрінің болуы өте сирек кездеседі, көбнесе мақта егістігінде арамшөптердің көптеген түрі болады. Біздің егістік жерлерде арамшөптердің жиынтығы кездейсоқ емес, олар осында байырғыдан өскен арамшөптермен, мәдени дақылдармен бәсекелесу нәтижесінде үйлескен түрлерді құрайды.

Қазіргі уақытта егістіктердің арамшөптермен ластануын бақылай келе, кейбір ғалымдар былай жорамалдайды: «Әртүрлі агротехникалық әдістер және егіс жұмыстарын жоғарғы дәрежеде механикаландыру, мақта егістігіндегі арамшөптердің түр құрамы мен санына, ең бастысы бір жылдық және көп жылдық арамшөптердің арақатынасына сөзсіз әсер етеді».

Оңтүстік Қазақстан облысының байырғы суармалы жерлері жағдайындағы мақта егістігіндегі арамшөптердің түр құрамы мен олармен залалдану дәрежесіне 2011-2012 жылдары гербологиялық мониторинг жүргізілді. Ботаникалық зерттеулердің негізгі нысаны Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу иститутының тәжрибелік алқаптары болды.

2007 жылы егіске дейінгі агротехникалық іс шараларға дейін тәжрибелік алқаптың әр 1 м2 –де 51-ден 122-кі дана арамшөп болса, ал 2008 жылы 1 м2 –де 55-тен 118 данаға дейін арамшөптер болды. Бұл әрине үлкен және өте үлкен ластану дәрежеіне жатты. Сонымен қатар бақылаулар нәтижесінде жоғарыда көрсетілген арамшөптердің 75,4 %-ы біржылдық, 24,6 %-ы көп жылдық арамшөптер екендігі анықталды.

Бақылаулардың нәтижесінде анықталғандай ең жиі кездескен көпжылдық арамшөптер: саусақты қара шойыр (cynodon dactylon), алеп құмайы (soryhum halepense), кәдімгі қамыс (Phragmites austraiis Cav), егістік шырмауық (convolvulus arvensis) және жатаған бидайық (elytrigia repens), ал бір жылдық арамшөптерден көп кездескендері: тауық тарысы (Echicochloa crus-galli), қызылша гүлжәжі (Amaranthus retrofiexus), кәдімгі жұмыршақ (Capsella bursa-pastoris Medic), кәдімгі қара сұлы (Avena fatua L.), ақ алабота (Chen album L.).

Ендігі жерде біз олардың негізгілеріне кішірек сипаттама бере кетейік.

Саусақты қара шойыр(11-сурет) – көпжылдық, тамырсабақты, астықтұқымдас арамшөп, көбнесе шалғындықты аз сорланған топырақтарға тән. Мамыр айының ортасы мен маусым айында гүлдейді, гүлдеу мен өнім беру күздің соңына дейін жалғасады. Мақта егістігінде саусақты қара шойырдың көктеуі наурыз айының аяғы мен сәуір айының басында басталады. Тағы бір айта кететіні, тұқымнан өсіп шыққан арамшөп сол жылы ақ гүлдеп өнім беруі мүмкін. Ал көбінесе бұл арамшөп вегетативтік жолмен, тамырсабақтары арқылы көбейеді. Тамысабақтары салыстырмалы түрде жердің беткі қабатында, 20-25 см тереңдікте жатып, тығыз жерасты торын құрайды. Әр өсімдік 2000 дейі тұқым беріп, мақтаға өте көп зиян келтіреді.

Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер және олармен күрес әдістері - student2.ru

Сурет 11. Саусақты қара шойыр

Құмай(12-сурет)-бұл да көпжылдық, тамырсабақты, астықтұқымдас арамшөп. Мақтада көп кездеседі. Тұқымы мен тамыр сабақтары арқылы көбейеді. Жер бетіне өскіндері сәуір айынан көктеп шығады, ал гүлдеуі маусым айынан бастап күздің соңына дейін жалғасады. Вегетациалық кезеңі күздің бірінші суықтарында аяқталады. Жер бетіндегі өскіндері 00 температурада өсуін тоқтатады. Бір өсімдіктің өзі қолайлы жағдай болғанда бірнеше мың тұқым береді. Тұқымдары жоғары температурада (20-25 0) көктеп шығады. Сондықтан табиғатта олардың тұқымдары топырақ жетерліктей қызғанда сәуір айында көктейді. Дегенменде құмайдың көбейуі кәдуілгі жағдайда вегетативтік мүшелерімен жүреді. Тамырсабақтары топырақтың 40-60 см тереңдігінде дамиды, ал негізгі тамырсабақтары топырақтың 20 см тереңдігінде шоғырланады. Ал кейбір қосымша тамырлары топырақтың 150-200 см тереңдігіне дейін барады.

Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер және олармен күрес әдістері - student2.ru

Сурет 12. Құмай

Егістік шырмауық(13-сурет)- көбжылдық арамшөп, тұқымы және тамыры арқылы көбейеді. Аса маңызды және жойылуы қиын арамшөп. Өте көп тараған. Бір өсімдік 600-дей өнімді жинағанға дейін пісіп жетілетін тұқым бере алады және ол ұзаққа созылуымен ерекшеленеді. Тұқымдары 1,5- 2,0 см топырақ тереңдіктерінде өте жақсы көктеп шығады. Тұқымдары 3 жылға дейін өнгіштік қасйетін жоғалтпайды. Шырмауық тамыр жүйесінің күшті дамуымен ерекшеленеді. Қолайлы жағдайлар туындағанда (жеткілікті ылғалдылық, ауа және тиімді температура) шырмауық кіші бөліктерден үлкен алқаптарды басып таралуы мүмкін.

Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер және олармен күрес әдістері - student2.ru

Сурет 13. Егістік шырмауық

Кәдімгі қамыс(14-сурет)- көп жылдық тамырсабақты арамшөп. Сабағы тіке, жапырақтары ұзын.Ұрығы дәнді. 1000 дәнінің салмағы 0,1-0,2 г. Гүлдәжіде 5-10 мың дән бар. Дәншелердің өсіп шығуының ең төменгі температурасы 8-10 0С, қолайлы температура 14-18 0С. Топырақтағы тұқымдар өнгіштігін 6-8 ай сақтай алады. Тұқымы арқылы көбейуімен қатар қамыс вегетативтік жолмен тамырсабақтары және жердің бетіндегі төселме сабақтары арқылы көбейеді. Тамырсабақтары соңғы жағымен жер бетіне шығып сабақ және жапырақ түзеді.

 
  Мақта егістігіндегі негізгі арамшөптер және олармен күрес әдістері - student2.ru

14-сурет – Кәдімгі қамыс

Сурет 14. Кәдімгі қамыс

Жатаған бидайық - көп жылдық тамырсабақты арамшөп.Сабағы мен жапырақтары тіке. Ұрығы дәнді. 100 ұрықтың салмағы 3-4 г. Әр өсімдіктің тұқым өнімділігі 250-300 тұқым. Дәншелердің өніп шығуының ең төменгі температурасы 2-4 0С, қолайлы температура 20-30 0С. Дәні 5-6 см тереңдіктен өніп шығады. Топырақта өнгіштігін 3-5 жылға дейін сақтап тұрады. Тұқымнан бөлек жатаған бидайық, вегетативтік әдіспен тамырсабақтарындағы тұймешектері арқылы да көбейеді. Тамырсабақтарының негізгі бөлігі топырақтың 10-12 см тереңдігінде жатады.

Наши рекомендации