XV-XVIII ғасырлардағы қазақтардың халық ауыз әдебиеті.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті 15-17 ғ кеңінен өркендеді.Ауыз әдебиеті қоғам өмірінің айнасы.Халық арасында тараған батырлық эпоста Қобыланды,ер тарғын,қамбар,алпамыс,ерқоса т.б. 15-17ғ өмір сүрген жыраулар доспамбет жырау 1490-1523ж шешен және батыр,Қырым,Ноғайлы қазан хандықтары арасчындағы ұрыстарда қол бастаған Шалкиіз Тілекшіұлы1 465-1560ж Едіге ұрпағынан тараған білімді жырау.оның 30-ға жуық туындылары бізге жеткен.Марақасқа Есім ханның жорық жасауы болған.1627ж Тұрсын ханның Бүлігін басуғы қатысқан Еңсеге бойлы ер есім атты тарихи жырларды шығарған. XV-XVIIғ қазақ халқының ауыз әдебиетимен қатар, жазу мәдениеті де жақсы дамыды. Ауыз әдебиеті суырып салма ақындармен, жаршы-жыраулармен толықты. Сол тарихи кезеңде әдебиетінің кқрнекті өкілдерінің бірі Шалкиіз жырау Тіленішұлы болды.Оның жырларының негізгі идеясы адам мен халық әрдайым аброй мен еркіндікке ұмтылуы керек деген көзқарас арасына сайып келді. Ол мәңгілікке рухани құндылықтарға шешендік өнер мен ақфл парасатты жатқызады. Ең жаман жаман қасиетке қызғанышпен жатқызады. Шалкиіз жырау: «... хан халқына адал қызмет ету керек, әрі көргендікпен әділдік таныту керек» - дейді. СОНЫМЕН БІРГЕ СОЛ ДӘУІРДЕ Доспанбет жырау (XVІ ғ),Жәнібек жырау (XVIIғ) сынды сөз өнердің майталанндарын да ерекше атап көрсетуге болады. Сол тарихи кезеңде туған: «Ер Тарғын» , «Қамбар батыр», «Алпамыс», «Өобыланды» сияқты батырлық жырларды оларды сырттқы жаулардан елі мен жерін, Отанын қорғаған ерліктері баяндайды. Ал әлеуметтік-тұрмыс жырларға: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман Шолпан», «Күлше қыз», «Мақпал», «Сұлушаш» сияқты халық мұраларын жатқызамыз.
51. Тәуке хан 7 жарғыҚазақ хандығының гүлденуі 1455 ж. дүниеге келген Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсына келеді. Оның билік құруы әртүрлі деректерде әртүрлі кездеседі. Кейбір мәліметтерде 1511 - 1523 ж.ж. Қасым хан сияқты көрнекті қолбасшы, әрі ел билеушінің арқасында XVI ғасырдың басында Моғолстан хандарының билігі Жетісуға жүрмейтін болды. Бұл кезең қазақ хандығы үшін сәтті кезең, оның нығая бастағанын анықтай түседі. Қазақ ақсүйектерінің арасындағы бедел мен билік үшін күрес кеңінен өрістеді.Қасым сұлтан ел арасындағы өзінің беделінің артқанын байқап, өз бетінше әрекет етуге көшті. Ол жеке мақсаттар қойып, қалайда Жетісуды шайбанилықтар қолында қалдырмауға тырысты. 1509-1510 жылдары Бұрындық хан тұсында-ақ, хандықтағы билік Қасым сұлтанның қолында болды. Осы жылдары Бұрындық пен Қасымның арасындағы билік үшін шиеленіскен күрес Қасымның жеңісімен аяқталды. Бұрындық Самарқандқа барып, сонда өлді. 1511 жылдан бастап, Қасым қазақтың ханы болды. Билік Жәнібек ханның ұрпақтарына ауысты.Қасым хан Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу үшін күресуді басты міндет етіп қойды. Қазақтар үшін бұл қалалар өте қажет еді. Өйткені, бұлар дала қазақтары үшін малдарын саудалап, өздеріне керек – жарақ, бұйымдарын сатып алатын сауда орталығы, керуен жолының үстінде жатқан пайдасы мол орталық болатын. Оның үстіне кең жазиралы жайылымдық аймақ.Мұхаммед Шайбани Қасым ханның барлық әрекеттеріне тосқауыл қоюмен болды. Екі жақтың бір-біріне жасаған шапқыншылық әркттерінен халық зардап шекті. Мұхаммед Шайбанның 1503-1509 жылдар аралығында қазақ ауылдарына күтпеген жерден шабуылдар жасап, тонап отыруы оны олжаға әбден батырды.1510 жылы Мұхаммед Шайбан Қасымға қарсы тағы бір жорық ұйымдастырды. Ол Сығанаққа келіп, өзінің баласы Темір мен баласы Убайдаллах бастаған әскерді Қасымның өзі жоқта, оның Ұлытау маңындағы Ордасын шабуға аттандырды. Қасым жіберген Мойынсыз Хасанбек бастаған қазақ әскерлері Шайбани ұрпағы әскерлерінің тас-талқанын шығарды. Тірі қалғандары Смарқандға қашып барды. Шайбанидің жеңіліске ұшырауымен Түркістан қалаларынң көпшілігі Қасымның қолына көшті.1510 жылдың қысында Мұхаммед Шайбан хан Иран шахы I Исламмен шайқаста жеңіліс тауып, Мерв түбінде өлтірілді. Енді Мұхаммед Шайбанның ұрпақтары арасында билікке талас басталды. Осы жағдайды пайдаланып Қасым хан шабуылға шығып, Сайрамды өзіне қаратты. Осыдан соң Ташкентті билеп тұрған Шайбан ұрпағы Сүйініш қожаға қарсы аттанды. Ташкент қаласының түбінде жаралы болып, Сайрамға шегінді.XVI ғасырда қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды, хандықтың жер көлемі ұлғайды, халқының саны 1 милионға жетті, халықаралық беделі өсті, хандықтағы талас-тартыс біршама тұрақтады.Хақназар хан /1538-1580/, Қасым ханның баласы әкесінің жолын қайталап қазақ хандығының біртұтастығының негізін қалауды жалғастырды. Ол ойраттар мен Моғолстан ханы Абд-ар-Рашидке қарсы шығып, Жетісудің шығысы мен оңтүстігін қорғап қалды. Сібір хандығы Көшімге қарсы соғыста Хақназар хан өзбек ханы Абдаллахпен одақтасты. Сондай-ақ Хақназарды тарихта қазақ-қырғыз ханы деп те атаған. Себебі, ол Моғол хандарына қарсы күресте қырғыздармен тығыз қарым-қатынаста болды.Хақназар хан әкесінің сыртқы саясатын қайталап, Мәскеумен сауда қатынасын онан ары ұластырып, оны саяси байланыспен ұтымды үйлестіреді. Осы тұста Ресей тарапынан қазақ даласына ерекше мән беріле бастағанын байқауға болады. 1569-1573 жылдары орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков қазақ хандығында болып қайтты.XVI ғасырдың ІІ жартысында Ресейдің Орта Азия хандарымен байланыстарына жол ашылды. Ағылшындардың да бұл аймақтарға қызығушылығы арта түсті. Оның бір дәлелі ағылшын көпесі Антони Джекинсонның Астраханнан Каспийдің солтүстік-шығыс жағасын бойлай отырып жүзгенде сол жерлер арқылы ары қарай Хиуа мен Бұқараға өтеді. XVI ғасырдың орта шенінен-ақ жылына екі рет Орта Азия көпестері Маңғыстауға желкенді кемемен, ал ары қарай Астраханға өтіп отырған. Хақназардың мәмлегерлігі шайбандықтармен тығыз қарым-қатынастарынан, олардың туыстық-некелік одақтастықтары-нан көрінді. Әсіресе, Абдаллах қазақтарды әскери-саяси күш деп бағалап, Хақназар ханмен анттасып, одақ жасасқан. Бұхара ханы Абдаллах пен Хақназар ханның арасында осы антқа байланысты талай міндеткерліктің жүзеге асқандығы белгілі. Ол сыртқы жаулардан бірлесе отырып, қорғану келісімдері деп ойлауға болады.XVI ғасырдың аяғында саяси жағдай шиеленісті. Оған себеп болған Ташкент билеушісі Дәуріштің өлтірілуі. Ташкент билеушісі етіп оны отырғызған Абдаллах болатын. Дәуріштің орнына таққа Баба сұлтан отырды. Хақназар бұл шиеленісте Абдаллахты қолдады. Осы ниеті үшін Бұхара ханы Абдаллах Түркістанның төрт қыстағын Хақназар ханға сыйға тартқан екен. Бірақ, аяғында кейбір қазақ сұлтандары жеке-жеке Баба сұлтан жағына өтіп, Абдаллахқа қарсы шығады. Бұл Баба сұлтанның күшеюіне ықпал етті. Уақиға 1580 жылдарға келеді.1580 ж. Хақназар дүние салған соң таққа 80-дегі Шығай отырды. Ол Абдаллахпен қарым-қатынасты жақсартты. Бірақ, ол көп ұзамай 1586 ж. қайтыс болады. /кейбір деректер-де ол екі-ақ жыл билік құрды деген мәлімет бар/.Тәуекел хан /1586-1598/. Ол Шығайдың баласы Түркістанның біраз қалаларын өзіне қаратып, Өзбек хандығымен күресті күшейтті. Ташкентті алуға әрекеттенді. Бірақ Баба сұлтанның Ташкенттегі әскери күші басым болды. Қалайда өзбек хандығына қарсы әскери қуатын нығайту үшін орыс патшалығымен қарым-қатынасты жақсартуды көздеді. 1594 ж. ең алғашқы қазақ хандығының тарапынан Мәскеудегі Федор патшаға елші жіберді. Тәуекел Ресейден өзінің жиені Оразмұхаммедті аманаттықтан босатуды және Баба сұлтанмен, ойраттармен соғысу үшін отты қару сұрады. Бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалды.Тәуекелді қазақ – қалмақ ханы деп бекер атамаған. Орталық және Солтүстік Қазақстан өңірінде мекендеген қалмақтарды талқандап, оларды билеуді ол інісіне тапсырған.XVI ғасырдың аяғы саяси оқиғаларға толы кезең болды. 1598-1599 жылдары Тәуекел хан Түркістанды, Самарқанды, Ташкентті, Ферғананы жаулап алып, 80 мың әскерімен Бұхараны қоршады. Қазақ ханы жеңісінің бір ұшы оның Орта Азия діни топтары тарапынан қолдау тапқандығында еді. Сонымен қатар 1598 жылы Орта Азиядағы қазақ сұлтандарының көтерілісін ескерсек, Тәуекел ханды сол аймақта тұрушы қазақтар да қолдаған деп пайымдауға болады. Тәуекелдің жорықтары Шайбани әулетін әлсіретті. XVI ғасырдың аяғында Сыр бойындағы ең негізгі жайылымдық аймақтар мен отырықшылыққа бейім аудандар қазақ хандығының құрамына кіріп, жері ұлғайды. Қазақ хандарының 1598-1599 жылдары Мәуереннахрды қосып алу мақсатында жасаған жорықтары сәтсіз болғанымен, Ташкент 200 жылға, Ферғана, Түркістан қалалары біраз уақытқа дейін қазақ хандығының құрамына кірді.Аштраханидтердің ең алғашқы ханы Жани-Мұхаммед тұсында қазақ сұлтаны Тұрсын Ташкентке өз билігін орнатып, теңгесін шығарып, жергілікті халықтан баж, хараж салықтарын жинай бастады. Жани-Мұхаммед өлген соң, оның орнына келген Имакули хан Ташкентті өзіне қосып алуды көздеді. Бұл мақсатта талай шайқастар өтті. Деректерге сүйене отырып, зерттеген тарихшылардың еңбегіне қарағанда Тұрсын Мұхаммедтің де осал еместігін байқауға болады. Мысалы 1621 жылғы Аштраханилермен шайқаста Тұрсын Мұхаммед 100 мың әскер жасақтаған, ал Имакули әскерінің саны, әрине, одан да көп болуы тиіс, 160 мың еді деген нақты деректер бар. Қазақ хандығындағы қос билік (Есім мен Тұрсын хан) алауыздықты күшейтті. Негізгі хан – Есім хан (1598-1628). Екі ханның жауласуы ұзаққа созылды. Бұл туралы Махмұд ибн Уәлидің “Бахр-Әл-асрар” деген еңбегінде суреттеледі. 1627-1628 жылдары Есім хан қалмақтармен соғысуға кеткенде, Түркістанға Есімнің ордасына Тұрсын хан көп әскермен келіп, ойран салған. Есім қайтып келе жатып, Тұрсын ханның әрекетін естіп, Ташкентке қарай бет алады. Ташкент маңында Есім мен Тұрсын арасында үлкен шайқас болып, Тұрсын хан қаза тапқан. Бұхара ханы осы жылы Есім ханға Ташкентті, Түркістанды билеу жөнінде 1628 жылы грамота тапсырды. Есім хан қырғыздармен тығыз қарым-қатынаста болды. Қырғыздардың Көкем биі мен оның әскери көмегінің арқасында, ол Тұрсынның қалған адамдарын да қырып тастады. Сол Көкем бидің еңбегін ескеріп, Есім хан оған арнап Ташкентте “Көкемнің көк күмбезі” деп аталған ескерткіш салдырған екен. Есім ханның мәмлегерлігі қазақ хандығының щекарасын сақтауға бағытталды. Миллердің “История Сибири” деген кітабында оның қалмақ тайшысы Батырдың қызына үйленіп, ол жақта біраз уақыт қонақ болғандығы туралы айтылады.Бірақ, жоңғарлар Ертіс, Тобыл өзендерін жағалай отырып, жылжуын тоқтатпады, себебі олар қалайда алдымен қазақтар мен Ресей иеліктері арасын бөліп тұрарлық жол салып алуды көздеді. Есім ханның тұсындағы 1620, 1622 жылдары жоңғарлардың жасаған жорықтары сәтсіз болды да, өздері ортақ келісімге келуге өтініш білдірді. 1627 жылы Есім хан дүние салған соң, оның орнына келген баласы Жәңгір тұсында жоңғарлардың шабуылы күшейді. Қазақ мемлекетінің бір тұтастығын сақтап қалуға зор үлес қосқан келесі ханның бірі Жәңгірдің баласы Тәуке хан болды. Ол ішкі саясатында қолданған бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, қайткен күнде де ру арасындағы алауыздықты жою үшін сонымен қатар ел басқару ісін жақсартуды мақсат етті. Ол бір орталықтан басқарылатын қазақ мемлекеттілігін құру үшін бірінші санатта тұрған Шыңғыс хан ұрпағынан таралған төрелер мен ерекше мәртебеге ие болған қожалардың қазақ қоғамындағы құқықтық жағдайларына баса назар аударды. Ондағы көздегені мемлекеттік басқару ісіне әр ортадан шыққан қабілетті, туа біткен дарынды адамдарды тарту еді.Тәуке ханның заманында “Билер кеңесінің” құрамына атақты Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Кебек, Есейхан, Жалған, Жолбарыс, Ескелді, Балпық, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқаш сияқты дарынды қайраткер билер мен батырлар кірді. Билер кеңесінің қызметін ретке келтіруде Тәуке хан тұсында біршама істер жүзеге асырылды. Билер кеңесінің тұрақты өтетін жерлері мен уақыты белгіленді. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласының жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласының іргесіндегі Мартөбеде, Сыр бойында Ангрен қаласы маңындағы Күлтөбеде билер кеңесі өтеді деп белгіленді.Орнатқан тәртіп бойынша әр ру басшылары мен билер өз елінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жауға аттанатын азаматтарын ер-тұрманмен, сәйгүлік атпен, қару-жарақпен қамтамасыз етуге міндетті болды. Қазақтарға, әсіресе, жоңғарлардың белді қонтайшылары Галдан-Бошокту (1670-1697) оның мұрагері Цеван-Рабтан тұсында (1697-1727) қауіп төнді, жоңғарлар, әсіресе, өзен жағалауларындағы шұрайлы жерлерді, сауда керуендері өтетін жолдарды, сауда орталықтарына айналған Оңтүстік Қазақстан аймағын басып алуды көздеді. Оның ішінде Түркістан, Отырар, Сығанақ, Сайрам, Созақ қалаларының стратегиялық маңызы күшейді.Қазақ хандығының асатансы Түркістан Тәуке ханның әскери әрекетінің арқасында ғана аман қалды. Бұл уақыт басқа уақытпен салыстырғанда қазақ халқының тарихында тыныс алу кезеңі болып саналды. Қазақ халқының тарихында Тәуке хан ел билеген заманды “алтын уақытқа” бекер теңемесе керек.Сыртқы саясатта Тәуке хан ең әуелі жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру мақсатында көрші мемлекеттермен қатынасты нығайтты. Ол діні бір, тілі бір тілдес көрші орналасқан бұхарамен дипломатиялық қатынастарды биік дәрежеге көтерді. Ал мұндай келіссөздерді 1687-1688 жылдары Ташкент жайлы Бұхара ханы Субханкулимен жүргізді.1686-1693 жылдар аралығында Ресейге өз елшілерін бес рет жіберді. Ондағы мақсаты – қазақ қоғамымен, оның бай мәдениетімен орыс елін таныстыру еді. Сонымен қатар сауда қатынастарын дамыту да назардан тыс қалмады. Ал кейінірек, 1714 жылы Жоңғарлардан қатты соққы алып, жеілгеннен кейін Ресеймен достық қатынастарды нығайтуды және онымен одақтасуды өзінің сыртқы саясатының ең маңызды мәселесі деп таныды.Тәуке ханың реформаторлық қызметінің сапынан ерекше орын алатын мәселе – қазақ қоғамының құқықтық жүйесін қалыптастыруы. Мемлекетті нығайтып, тәртіп орнату үшін тиімді, халық мүддесіне сай келетін, орындалуы арнайы тетіктермен қамтамасыз етілетін, заң жүйесі болуы шарт. Бұл қағиданы жүзеге асыруды аса көрегенділікпен түсінген, құқық жүйесін жасау жолында қазақ қоғамына өздерінің қара қылды қақ жарған әділ шешімдерімен елге танымалы болған билерді тарта білді. Соның негізінде қазақ қоғамының ұлттық хартиясы – “Жеті жарғы” дүниеге келді. Ол тек қана сол заманның талаптарына сай келетін құқықтық құжат емес. Оның мәніжәне мазмұны жағынан көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылық ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктерге сай қабылданған аса құнды құқықтық ескерткіш болып табылады.1718 ж. Тәуке дүние салған соң, қазақ даласында аласапыран басталды
52. Қазақ-жоңғар шапқыншылығы.Жоңғарлардың күжеюі 1635 ж. Олардың хандығының құрылуымен байланысты болды. Хандықтың алғашқы билеушісі Батыр қоңтайшы. Қазақ хандарының ішінде жоңғарлардан көп зардап шеккен Жәңгір хан болды. Ең алғашқы қазақ пен жоңғарлардың бетпе-бет шайқасы 1643 ж. Орбұлақ жерінде өтті. Батырдың 50 мың әскеріне Тәукенің әкесі Жәңгір 600 қолмен қарсы тұрды. Шайқаста қазақтар үлкен жеңіске жетті. Ол Самарқанд билеушісі Кіші жүздің әлімінен шыққан Жалаңтөстің үлкен әскерімен, қырғыздардың көмегі, Жәңгірдің айлакерлігімен келген жеңіс. Жәңгір ханның небары 600 қаруланған атты әскерінің ғана болғандығын деректер тек таңдаулы батырлардан тұратын жасақ еді деп көрсетеді. Олардың арасында Шапырашты Қарасай, Арғын Ағантай, Алшын Жиембет, Қаңлы Сарпық, Найман Көксерек, Дулат Жақсығұл, Суан Елтынды батырлар болған. Жалаңтөстің қанша әскермен келгені жөнінде де саны екі түрлі кездеседі. Бір деректер Жалаңтөс 20 мың әскермен келді дейді. Бастысы – қазақ халқының жеңісі.
Орбұлақ жерінде жоңғарлар бірнеше мыңдаған әскерінен айрылды. Бірақ деректер Батыр қоңтайшының да құр алақан кетпегендігін дәлелдейді. Тайшы Бахтыйдың Тобыл воеводасы Куракинмен 1644 жылы кездескенінде, “Батыр қоңтайшы Жетісудан үлкен шығынмен оралды, бірақ ол қайтар жолындағы ауылдарды шауып, он мыңдай әйел, бала-шағаны құл қылып айдап келді” дейді.XVIII ғасырдың 20 жылдарында /1723-1725 жж./ халықтың басына күн уды. Халық зінің туған жерін тастап, босып кетті. Жоңғарлардың шапқыншылығы күшейді. Жойқын соғыстың ауыртпалығы Ұлы жүз қазақтарыны басынатүсті. Жер жаннаты – Жетісу жоңғарлардың қолында қалды. Бас сауалап аман қалу үші Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары Самарқанд, Ходжент жеріне, ал Кіші жүз азақтары Хика мен Бұхараға ауды. Әбден тозған халық Сырдың сол жақ бәлігіндегі Алакөл жағасына жетіп жығылды. Осыдан да болар бұл жылдар тарихта “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп аталып кетті. Мұны шұбырған халықтың Алакөл жағасына жетіп, құлауы (ес білмей құлауды қазақтар сұлау деген) деп түсінуге болады. Бұл қазақ халқының басындағы ең ірі қайғылы қасіреттің бірі. Қазақ санының құрдымға кетуінің басы еді. (Демографиялық құлдырау). Осындай қасіретті жылдар “Елім-ай” әні арқылы халық жүрегінен орын тапты.1729 жылы көктемде Балқаш көлінің жағасында қазақтар қалмақтарды тағы да талқандады. Мұнда да Әбілқайыр көзге түсті. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Малайсары сияқтыбатырлардың қолбасшылығымен жеткен жеңіс тарихта “Аңырақай” шайқасы деп аталды. Осы жеңістерден кейін барып қалмақтар бас сауғалап, қашуға мәжбүр болды. Жау әскерінің рухы тсті. Жоңғарларды талқандауда ерен ерлік көрсеткен Қабанбай батыр болды. Оны халық Қара керей Қабанбай деп атады. Оған арналған – “Ер Қабанбай” дастаны бар. Сондай-ақ Аңырақай шайқасында Райымбек батыр да көзге түсті.Райымбек Ұлы жүздің албан руынан. Оның алғашқы ерліктері 1723 жылы Ойрантөбе деген жерде жоңғарларды талқандаудан басталды. Кейін Райымбектің аты “Аңырақай” шайқасына байланысты халық арасында кеңінен таралды.Қанжығалы Бөгембайдың аты тарихта хас батыр ретінде қалды. Жоңғарлар қолындағы Түркістан мен Сауранды тартып алып, Жетісуды жайлаған қалмақтарды джа талқандады. Оның, әсіресе, 1750 жылы “Аяқ” көлінің маңында Абылаймен бірге жоңғарларды талқандауы ерен ерлік. Бөгенбайды мәмлегер деп те тануға болады, оған дәлел оның 1761 жылғы қазақ-қытай арасындағы тыныштық келісім шартын жасауға атысуы.“Қанішер” атанған Абылай ханның ұрпағы Әбілмансұрдың жоңғарларды түкілікті талқандауға қосқан үлесі зор. Оның 13 Жасында жетім қалып, одан құл базарына сатуға алып бара жатқан жерінен қашып құтылып, елге қайтып оралуы, күнкөріс үшін Төле бидің түйесін, Дәулетбайдың жылқысын бағып жүріп шыңдалуы жастарға үлгі боларлық мысал. Абылай хан ерлігі!
53.XVIIIғ.2 жарт Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы Абылай ханАбылай – көреген саяси қайраткер бола отырып қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін туған дипломат.1740 ж. тамызда ол орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынбоға келіп, орыс өкіметінің «қамқорлығына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қатырасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшілік аттандырды(1757-77 жылдары Пекинге 10 елшілік жіберген). 1757 ж. Абылайдың 6000 әскері Қытайдың 40000 әскерін талқандайды. 1755,1765 ж. Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын Шу бойын тазартады. Күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. 1765-67 ж. Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Щымкент, Сайрам қалалары қайта қазақ иелігіне өтеді. Ташкент салым төлеп тұратын болды. Абылай ханның артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды.Абылай ханның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы Екатерина ΙΙ Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Бұл бір жағынан «бөліп ал да, билей бер» саясатының көрінісі еді. Неплюевтің : «Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын, зиянды да болуы мүмкін» деген пікірі мұны айғақтай түседі.
“Қанішер” атанған Абылай ханның ұрпағы Әбілмансұрдың жоңғарларды түкілікті талқандауға қосқан үлесі зор. Оның 13 Жасында жетім қалып, одан құл базарына сатуға алып бара жатқан жерінен қашып құтылып, елге қайтып оралуы, күнкөріс үшін Төле бидің түйесін, Дәулетбайдың жылқысын бағып жүріп шыңдалуы жастарға үлгі боларлық мысал. Әсіресе, Төле бидің тәлім-тәрбиесіне түсу Абылайға зор ықпалын тигізді. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиеті ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға “Сен жиырма жасқа жеткен соң, алтын тұғыр үстінде, ақ сұңқар құстай түледің” деуі осының дәлелі. 1730-1733 жж. Аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жігіт Әббілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтайшы Қалдан-Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасшылық қабілеті 30-40 жылдары шайқастарда ерекше көрінді. Онымен бірге Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары шайқасқа қатысты. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады.1738-1741 жж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыла-рының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамы үшін үлкен мәселе болды. Абылайды босатып алу мақсатқа айналды. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алды. Бұл жөнінде Неплюев сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірілген. Қазақ халқын ауыр жағдайдан құтқарудың түрлі жолдарын іздеп, оның бірі – көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайту екенін көре білді. Осы мақсатпен 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің “қамқорына” кіруге келісімін білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырылды.Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды.Жоңғарлардың әлсіреуінің бірнеше себептері болды, бірақ оның ішіндегі ең бастысы етіп, біз, 1745 жылғы жоңғар қоңтайшысы Қалдан Сереннің дүние салуын атауымыз керек. Бұдан былай таққа талас өршіп, феодалдық бытыраңқылық күшейді. Осы негізде олар көршілес Шың империясымен сыртқы шиеленістерге барды. Абылайдай айбынды ел басы бұл жағдайды ұтымды пайдаланды. Қазақ жасақтарының басын біріктіріп, Түркістан мен Сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті.1754 ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса (Қаратал өзені бойында), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3 мың қалмақты тұтқынға түсірді. 1758 ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп (Абылай жаралы болды), екіншісінде жеңіске жетеді. 1757 ж. Абылайдың 6000 әскері қытайдың 40 мың әскерімен шайқасқаннан кейін, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. Таққа таластың нәтижесігде 1755 жылы Жоңғар хандығының бытыраңқылығы күшейіп, бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті, ал 1758 жылы Шың империясының соқысының нәтижесінде Жоңғар хандығы біржолата құлайды.1771 жылы Әбілмәмбет хан дүние салған соң, қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып, не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпайыз сайлануы тиіс еді. Алайда, басты сұлтандардың, старшындардың, және Әбілпайыздың өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді.. абылай іс жүзінде тек Орта жүздің емес, Бүкіл Қазақ Ордасының (хандығының) Ұлы ханы болып танылды.Қазақ елінің мүддесін қорғау үшін 1774 жылы Абылай хан Солтүстік қазақ жеріндегі орыс отаршылары салған бірнеше қамалдарды қоршап, бұзуға барады. Бұл мысалдар Абылайдың екі империяның әскерлерімен өткен шайқастарда осал тұлға болмағандығын көрсетеді.
54. Қазақстанның Ресейге қосыла бастауы, Әбілқайыр мем. ж/е саяси қайраткері Әбілқайыр хандығының тарихы мен маңызын көрсетіңіз:ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды. Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы – алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. Халқы - өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтанбасқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады. Әбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу үшін көптеген соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл өзені бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы әулетінің Махмұд және Ахмет хандарын жеңіп, Орда-Базарқаласын тартып алды. 1446 жылы Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті. ХҮ ғ. 50-жылдары Самарқанд, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдегі Темір ұрпақтарының ішкі саяси өміріне араласты. Бірақта 1457 жылы Өз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты. Бұл жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде ХҮ ғ. 50-жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер мемлекетінен Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшіп кетті. Оларды жазалау үшін 1468 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Осыдан кейін Әбілқайыр хандығы ыдырап кетті. Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Ал Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470-1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилар ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ хандарына толық көшті. ХҮІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Ондағы Темір ұрпақтарынң билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.
56.XVIIIғ 2ші жартысымен XIXғ Қазақстанның Ресейге қосылуыҚазақ-жоңғар соғыстары нәтижесінде шаруашылықтың күйреуі казақ билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі. Оның үстіне XVIғ. Иван Грозныйдың сыртқы саясаты қазақ хандығының шекарасын Ресеймен тікелей байланыстырды. Өйткені, Қазан хандығы (1552) мен Астрахан хандығын (1556) және Еділ бойындағы халықтарды Ресей өзіне бағындырған еді. Қазақ хандығының алмақтық мәселесі шиеленісе түсті. Ол тек қана жоңғарлардың шапқыншылығымен байланысты болған жоқ, батыстан қалмықтармен башқұрттар, оңтүстіктен Орта Азия-Бұқара, Хиуа, Қоқан хандықтары қазақ жерлерін жаулап алған еді. XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қоқан және Хиуа хандықтары да Сыр бойына қамалдар мен бекіністерін сала бастаған болатын. Сырдария мен Қуаңдария өзендерінің аралығы Хиуа хандығының, ал қазақ жерінің оңтүстігі Қоқан хандығының бақылауында болды. Қоқан және Хиуа бекіністерінің стратегиялық тұрғыда ерекше орналасуы тек отырықшы қазақтарды ғана емес, сонымен қатар, Сырдариядан өтетін кезде көшпелі халықты да, транзиттік сауда жолдарын да бақылауында ұстауға мүмкіндік берді. Сондай–ақ, қазақ ақсүйектерінің өзара ауызбірішіктерінің болмауы да меселені тездетті. Оның дәлелі 1729 жылы Ордабасы оқиғасы. Сол жылы Тәукенің баласы Ұлы жүздің ханы болып тұрған Болат хан қайтыс болған еді. Ұлы жүздің хандық тағына үміткерлер көбейді. Семеке Орта жүзден ал Әбілқайыр кіші жүзден болса да хандық тақтан үміттенді. Әсіресе Әбілқайыр өзінің 1729 жылы Аңырақай шайқасындағы жеңіске қосқан үлесін есепке ала отырып, қазақ ақсүйектері соны есепке алар деп үміттенді. Бірақ, Ұлы жүздің ақсүйектері қазақтың әдет-ғұрыптық заңдарының негізінде Ұлы жүздің хандық тағына Тәукенің Болаттан кейінгі баласы Әбілмәмбетті отырғызды. Осы жағдайдан соң, Әбілқайыр өз жері Жайық пен Еділдің аралығына бет алды. Ол бұдан былай қарайғы өзінің саяси билігінің Ресеймен қарым-қатынасты күшейте отырып шешуді дұрыс деп тапты. Сөйтіп 1730 жылы Петерборға Сейітқұл батырмен Құлымбет биді елшілікке жіберді. Бұл елшілік грамотасына орыс патшайымы Анна Иоановна қол қойды.Қазақ билеушілерінің барлығының антын алу үшін Анна Иоановна сыртқы істер министрлігінің қызметкері, ұлты башқұрт-А. Тевкелевті жіберді.А.Тевкелев қазақ жеріне өзімен бірге 200 адам ала келді. Оның себебі олардың көпшілігі зерттеуші ғалымдар. Бұл жолы тек қана саяси миссия атқармай сонымен қатар Ресейдің болашақ экономикасының негізі болатын шикізат көздерін картаға түсіріп, қазақтың шұрайлы жерлерін айқындау және жергілікті халықтың психологиясын білу үшін оның әдет-ғұрыптарын зерттеу мақсаты тұрды.Қазақтардың орыс бодандығын қабылдауының алғашқы кезінен бастап-ақ Ресей қазақ жерінің барлық аумағын біртіндеп отарлаудың бағытын анықтады.Жаңа қосылған жерлерді бекіту үшін сенаттық обер лейтенанты И.К. Кириллов басқарған арнайы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Бұл кейін Орынбор экспедициясы деп аталды. Ал оның ісін қадағалау Кіші жүзді Ресейге қосу жоспарын сәтті орындағаны үшін тілмаштық қызметтен полковник дәрежесіне көтерілген А. Тевкелевке жүктелді.1737 жылы И. Кириллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясы Орынбор комиссиясы болып қайта құрылды. 1735жылы Орынбор бекінісінің құрылысы басталды. 1744 жылы бастап ол Орынбор губерниясының, ал 1748 жылы Орынбор казак әскері бөлімдерінің орталығына айналды.
57. Сырым Датұлы бастаған көтерілісЕ. Пугачев көтерілісі басылғаннан кейін де Кіші жүздегі жер мәселесі күрделі күйінде қала берді. Аса күрделі мәселе қазақ руларының дәстүрлі көші-қон жүйесінің бұзылуы болатын. Оған қоса жайылым жерлер тарыла бастады. Қыс айларында қыстауға Жайықтың арғы бетіне көшу тек 1782 жылы ғана мүмкін болды. Оныңөзінде де шекара басшылары ханға арнайы рұқсат беріп, ақы төленуі тиіс болды.Ресейдің отарлық саясаты мен ханның іс-әрекетіне қарсы Кіші жүзде наразылықтар мен толқулар күшейе бастады. Оған қоса 1782-1783 жылдың қысында «жұт» басталды. Сол уақыттағы «жұт» туралы деректер мына жағ-дайларды суреттейді: «Гурьевтің ар жағындағы даладан көптеген малдардың өліктерін көруге болады, олардың саны мыңцаған жылқы және ірі қараны құрады. Қойлар мен басқа да ұсақ малдар есепке алынбады. Қазақтар тыйым салуға қарамастан өз еріктерімен Жайықтың «ішкі жағына» өтуін тоқтатпады. Ал бұл жерлерде оларды казактар қарсы алып, тонап отырды. 1783 жылы көктемінде казак әскерлері қазақтардың төрт мың жылқысын айдап алып кетті». Мұның бәрі көтерілістің шығуына түрткі болған еді.Көтерілісті ұйымдастырушы белгілі батыр әрі шешен, Е. Пугачев көтерілісіне белсене араласқан Байбақты руының ағаманы Сырым Датұлы болды. Көтеріліс 1783 жылы басталып, 1797 жылға дейін созылды. Көтерілістің халықтық сипат алуының себебі: патша үкіметінің отарлық саясаты, олардың қазақ жерлерін тартып алуы, бекіністердің салынуы, ғасырлар бойы қалыптасқан көші-қон жүйесінің бұзылуы, ресей әкімшілігі мен казак әскері тарапынан үздіксіз жасалып келген қысым мен күш көрсетуі, қазақ халқының қарапайым азаматтық құқықтарының шектелуі болатын. Оның үстіне Нұралы хан мен оның туыстары Айшуақ, Ералы, Досалы жыл сайын Орынбордан жа-лақы алып отыратын. Сондықтан да олар Ресейдің отарлық әкімшілігіне қыз-мет етті. Кіші жүздегі көші-қон мәселесі Нұралы хан ұйғарымымен шешіп отырды. Бұл жағдайдың бәрі халықты дала заңдылығында жоқ кіріптарлыққа ұрындырды.Сырым Датұлы көтерілістің алғашқы кезеңін Орал әскери желісі бойындағы Ор бекінісіндегі казак әскерімен соғысудан бастады. Көтерілісшілердің ең негізгі күші Сағыз өзені бойына шоғырланып, ол көтерілістің негізгі ошағына айналды. Сырым Датұлының 2700 сарбаздан тұратын жасағы құрылды. Ал көтеріліске қатысқандардың жалпы саны шамамен 6-7 мың адамға жеткен.Көтерілістің қозғаушы күші шаруалар болды. Сонымен бірге Нұралы ханның патша әкімшілігін ашық қолдап отырғанына наразы болған ру басылары мен билер де көтеріліске белсене қатысқан еді. Кіші жүздегі ұлт-азаттық көтеріліс Ресей әкімшілігін қатты алаңдата баста-ды. Сол себепті1785 жылы Әскери коллегияның шешімімен қаңтар айында көтерілісті басу үшін генерал Смирнов бастаған тұрақты әскер жіберіледі.1785жылы көктемде көтерілісшілер Антонов бекінісі мен Жайықтың төменгі ағысындағы Сахарный бекінісіне шабуыл жасайды. Бірақ әскери горнизон шабуылға дайын болғандықтан, қазақ сарбаздарына тойтарыс беріледі. Көтерілісшілер сол маңдағы басқа да бекіністер мен қамалдарға шабуылдарын жиілете түсті. Көтерілісшілердің күші барған сайын нығая бастады. Ал Кіші жүз ханы Нұралының патша әкімшілігімен байланысын күшейткенімен, халық алдындағы беделі төмендей берді. 1786 жылы 6 шілдеде II Екатерина Нұралы ханды биліктен алу үшін (рес-крипт) бұйрық шығарады. Ол алдымен Орынборға шақырылып, одан кейін Уфаға жер аударылады. Сөйтіп, оның тағдырын патша әкімшілігі шешіп, сонда 1790 жылы қайтыс болады.1790 жылы көтерілісшілер жасағы Ойыл өзенінің маңына қайта шоғырла-нып, Елек қорғанысына шабуылға дайындала бастады. Осы жылдың тамыз айында Уфада Нұралы хан қайтыс болғаннан кейін, патша әкімшілігі 1791 жылы оның інісі Ералыны Кіші Жүзге хан етіп тағайындайды. Нұралы ханның тақтан тайдырылуы мен О. Игельстромның қызметтен босауы Сырым Датұлы сарбаздарының біраз бөлігінің елдеріне қайтуына әсер еткен болатын. Сол себепті көтерілісшілердің әскери күші едәуір әлсіреп қалғанды. Ал жаңа губернатор болса Сырым батыр көтерілісін біржола басуды қолға ала бастады. Ералы хан ағасы Нұралы ханның саясатын одан әрі жалғастырып, Сырым Датұлына қарсы күресті қайта бастады. Міне, сондықтан да Орынбор әкімшілігі оған жан-жақты қолдау білдірді. Осындай жағдайлардың барлығы көтерілістің қайта өршуіне әкеп соқты. 1792 жылы жазда көтеріліс бүкіл Кіші жүз аумағын қамтыды. Сол жылы күзде Сырым Датұлы Елек қаласын шабуылмен басып алуға әрекет жасады, бірақ та бұл мүмкін болмай қалады. Бұдан былай күшінің жеткіліксіздігіне көзі жеткен Сырым батыр күрестің түрін өзгертіп, партизандық соғыс әдісіне көшеді. Кіші жүздегі көтерілістің ұзаққа созылуына алаңцаушылық білдірген II Екатерина Сырым Датұлын ұстауға жарлық береді.1794 жылы Ералы хан қайтыс болып, патша үкіметі тағы да жаңадан хан тағайындауға мәжбүр болды. Тек екі жылдан кейін ғана, яғни 1796 жылы қазанда Нұралының ұлы Есім хан болып тағайындалады.
59. 1822 жылы Сібір Қазақтары туралы ереже Орта Жүзде хандық билiктiң жойылуы. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейiн, Орта Жүзде билiкке үлкен ұлы Уәли хан тағайындалды. Уәлидiң қатыгездiгi халықтың наразылығын туғызды. Ресейге қосылғанға дейiн қазақ хандары халықтан салық жинағымен мемлекеттiң сыртқы-iшкi мәселелерiн өздерi шешiп отыратын. Ресейге қосылғаннан кейiн патша үкiметi хандар атқарып келген бiрқатар iстердi өз қолына алды. Хандық билiкке патша үкiметi таңдаған адамдар тағайындалды. Салық төлеу бұрынғыша сақталынып қала бердi. Хандар патша үкiметiнiң жергiлiктi жерлердегi шенеуiгiне айналды. Халықтың наразылығы күшейдi. Хандық билiктiң сақталуы үкiметтiң iс-қимылын тежеп отырды. 1815 жылы патша үкiметi Уәлиге қосарлап екiншi ханды – Бөкейдi тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейiн Орта Жүзде жаңа хан тағайындалмады. Жаңа реформаны әзiрлеудi патша Сiбiр генерал-губернаторы граф М.М.Сперанскийге жүктедi. 1822 жылғы 22 маусымда патшаның «Сiбiр қазақтарын басқару туралы» жарғысы шықты. «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстiк-шығыс өңiрiн, әкiмшiлiк, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық – феодалдық тәртiптi әлсiрету едi. Бұл жарғыға сәйкес Орта Жүзде хандық билiк жойылып, оның орнына ауыл-болыс-округ түрiндегi басқару жүйесi енгiзiлдi. Ауыл – 50-70 шаңырақтан, болыс – 10-12 ауылдан, округ – 15-20 болыстан құралды. Орта Жүз қазақтары жерi Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығына бағынды. Округтi басқару приказдарға жүктелдi. Оның құрамында екi аға сұлтан болды. Аға сұлтандыққа тек шыңғыс ұрпақтары сайланып, оларға майор әскери шенi, ал он жылдан кейiн дворяндық атақ берiлдi. Аға сұлтан үш жылға сайланса, болыстық билiк мерзiмi өмiрлiк болды. Болыстық билiк мұрагерлiкпен берiлiп отырды. Ауыл старшиндары да үш жыл сайын сайланып отырды. Жарғыға сәйкес қазақтардың бiр округтен екiншi округке өз еркiмен ауысуы шектелдi. Бұл - жер алаптарын пайдаланудың қауымдық дәтүрлерiн қиратуды бiлдiрдi. Ендi қазақ ауылдары өз округтерi аумағында ғана көшiп жүруiне рұқат етiлдi. Жарғыға сәйкес барлығы 7 округ ашылды. Олар: Қарқаралы, Көкшетау (1824), Баянауыл (1826), Аягөз (1831), Ақмола (1831), Үшбұлақ (1833), Аманқарағай (1834). Патша үкiметi жүргiзген бұл реформа қазақ ақсүйек топтарының барлығының мүддесiнен шықпады. Олардың бiр бөлiгi бұл саясатқа өз наразылықтарын ашық түрде бiлдiрдi.
59. 1824жылғы Орынбор қазатары туралы ереже
1824 ынбор нубернаторы П.К.Эссен «Орынбор қырғыздарының Жарғысын» дайындады. Жаргыда 3 хан тағайындауды жоспарлағандытан уақытша icкe аспады. 1824 жыл – "Орынбор қырғыздарының жарғысы" қабылданды. Авторы Орынбор генерал -губернаторы П.К. Эссен. Kiшi жүздің әкімшілік құрылымы: Бөліктер (батыс,орта,шығыс) басқарушысы – сұлтан. -- Дистанция (54),басқарушысы – ру шонжарлары--Ауыл, басқарушысы – ауыл старшыны \ Реформаның салдары: 1)Орталық басқару нығайтылды. 2)Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды 3)1824 жыл – Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылд 1845 жыл – Бөкей Ордасындағы хандық билік жойылды.
60. Патша Ресейдің қонысты. П а т ш а ү к і м е т і н і ң ХІХ ғ к і н ш і ж а р т ы с ы н д а ғ ы Қ а з – д а ж ү з е г е а с ы р ғ а н ә к і м ш і л і к р е ф о р м а л а р ы қ а з а қ е л і н і ң с а я с и т ә у е л с і з д і г і н б і р ж ол а ж о й ғ а н ы м е н , б ұ л р е ф о р м а л а р к ө п ұ з а май - а қ п а т ш а л ы қ ә к і м ш і л і к т і ң қ а з а қ қ о ғ а м ы н ы ң і ш к і ө м і р і н е т е р е ң д е п е н і п , о н ы иг е р і п а л ы п к е т у г е ә л і д е б о л с а ә л с і з е к е н д і г і н к ө р с е т і п б е р д і . М ұ н ы ж а қ с ы т ү с і н г е н п а т ш а л ы қ ә к і м ш і л і к ХІХ ғ . 6 0 - ж о р т а т ұ с ы н а н б а с т а п Қ а з а қ с т а н д ы о т а р л а у д ы ң " е ң с е н і м д і " ж о л ы н а т ү с т і . О л О р т а л ы қ Р е с е й д е н о р ы с ш а р у а л а р ы н қ а з а қ ж е р і н е қ о н ы с а у д а р т у е д і . П а т ш а л ы қ Р е с е й д і ң қ о н ы с а у д а р у с а я с ат ы б і р н е ш е к е з е ң а р қ ы лы ж ү з е г е а с ы р ы л д ы . Қ а з а қ с т а н т а р и х н а м а с ы н д а б ұ л қ о н ы с а у д а р у с а я с а т ы ү ш к е з е ң б о й ы н ш а б ө л і п қ а р а с т ы р ы л а д ы .
І к е з е ң ХІХ ғ 70 - 80 ж а р а л ы ғ ы н қ а м т и д ы , о л 1 8 8 9 ж 1 3 ш і л д е д е г і ж а р л ы қ ш ы қ қ а н ғ а д е й і н с о з ы л д ы .
І І к е з е ң ХІХ ғ 9 0 - ж \ н 1 9 0 5 ж д е й і н г і у а қ ы т а р а л ы ғ ы н қ а м т и д ы .
І І І к е з е ң 1 9 0 6 ж \ н 1 9 1 6 ж а р а л ы ғ ы н қ а м т и д ы
Қ а з а қ с т а н ғ а о р ы с ж ә н е у к р а и н ш а р у а л а р ы н қ о н ы с т а н д ы р у Х І Х ғ а с ы р д ы ң 7 0 – ж ы л д а р ы н ы ң с о ң ы 8 0 – жы л д а р д а н б а с т а п қ а р қ ы н д ы ж ү р г і з і л д і . Қ о н ы с а у д а р у д ы ң а л ғ а ш қ ы к е з е ң і ө з е р к і м е н қ о н ы с а у д а р ғ а н ш а р у а л а р қ о з ғ а л ы с ы м е н а н ы қ т а л ы п , п а т ш а ү к і м е т і ө з е р к і м е н қ о ны с а у д а р ғ а н д а р ж а ғ д а й ы н р е т т е у м а қ с а т ы н а б і р қ а т а р ж е к е з а ң – а к т і л е р м е н , н ұ с қ а у л а р қ а б ы л д а д ы . О н д а к ө з д е л г е н м а қ с а т – қ о н ы с а у д а р у д ы ү к і м е т ө з қ а д а ғ а л а у ы н а а л ы п , о ғ а н к ө м е к к ө р с е т у б о л д ы . О ғ а н а л д ы н а л а д а й ы н д ы қ ш а р а л а р ы жа с а л д ы . М ә с е л е н , Ж е т і с у о б л ы с ы ә с к е р и г у б е р н а т о р ы К о л п а к о в с к и й б а с т а м а с ы б о й ы н ш а Ж е т і с у ғ а ш а р у а л а р д ың қ о н ы с а у д а р у ы т у р а л ы " У а қ ы т ш а е р е ж е " ә з і р л е н д і . Б ұ л қ ұ ж а т 1 8 6 8 ж ы л д а н б а с т а п 1 8 8 3 ж ы л ғ а д е й і н к ү ш і н са қ т а ды . " У а қ ыт ш а е р е ж е " б о й ы н ш а о р ы с қ о н ы с а у д а р у ш ы л а р ы н а ( е р л е р г е ) 3 0 д е с я т и н а ж е р б е р у , 1 5 ж ы л ғ а ал ы м – с а л ы қ ж ә н е т ү р л і м і н д е т к е р л і к т е р д е н б о с а т у , 1 0 0 с о м м ө л ш е р і н д е к ө м е к б е р у ж ә н е б а с қ а ж е ң і л д і к т е р а н ы қ т а л ы п , к ө р с е т і л д і . Қ о н ы с а у д а р ғ а н ш ар у а ла р ж а ғ д а й ы н а қ а т ы с т ы о л а р ғ а ж а с а л а т ы н ж е ң і л д і к т е р т у р а л ы ж а ң а е р е ж е л е р Х І Х ғ а с ы р д ы ң 8 0 – ж ы л д а р ы н а н д а й ы н д а л д ы . О л а р д а д а ж а ң а к е л і п қ о н ы с т е б у ші л е р ү ші н б е р і л е т і н ж е ң і л д і к т е р с а қ т а л д ы , т е к ж е р м ө л ш е р і а з д а п т ө м е н д е д і . А йт а л ы қ , 1 8 8 6 ж ы л ғ ы д а й ы н д а л ғ а н : " Т ү р к і с т а н г е н е р а л – г уб е р н а т о р ы н б а с қ а р у т у р а л ы Е р е ж е " б о й ы н ш а 1 0 д е с я т и н а ( е р л е р г е ) ж е р б е р у , қ о н ы с а у д а р у ш ы л а р д ы а л ы м – с а л ы қ ж ә н е м і н д е т к е р л і к т е н 5 ж ы л ғ а д е й і н б о с а т у , к е й і н г і ж ы л д а р ы а л ы м д ы т е к ж а р т ы л а й т ө ле у ж е ң і л д і к т е р і с а қт а л д ы . П а т ш а ү к і м е т і ө з і н і ң қ о н ы с а у д а р у с а я с а т ы н қ а р қ ы н д ы ж ү р г і з у д і к ө з д е п , 18 92 – 9 3 ж ж . Ұ лы С і б і р т е м і р ж о л қ ұ р ы л ы с ы н б а с т а д ы . Қ а з а қ т а р ж е р і н э к о н о м и к а л ы қ и г е р у м а қ с а т ы н д а " а р т ы қ " , " б о с " ж а т қ а н ж е р д і а н ы қ т а й т ы н т ү р л і э к с п е д и ц и я қ ұ р ы лы п , же д е л ж ұ м ы с қ а к і р і с ке н е д і . К о м и с с и ял а р а л д ы н д а қ о й ы л ғ а н т а л а п б і р е у – б а р ы н ш а к ө п м ө л ш е р д е қ а з а қ т а р ж е р і н е н " б о с " , " а р т ы қ " д е г е н ж е р д і а н ы қ т а у а р қ ы л ы қ о н ы с т а н у ш ы л а р " қ о р ы н " т о л ы қ т ыр у б о л д ы . С о н д а й – а қ , ж е р г і л і к т і ә к і м ш і л і к б а с қ а р у ж ү й е с і н қ а л ы п т а с т ы р у ғ а ү л к е н н а з а р а у д а р ы л д ы . Н ә т и ж е с і н д е Х І Х ғ а с ы р с оң ы н а қ о н ы с а у д а р у ш ы л а р б а с қ а р м а с ы н ы ң о р т а л ы қ т а н – д ы р ы л ғ а н б і р т ұ т а с ж ү й е с і қ ұ р ы л д ы . Т р а н с с і б і р т е м і р ж о л ы қ а з а қ ж е р і н і ң С о л т ү с т і к ө л к е с і а р қ ы л ы ж ү р г і з і л д і . А қ м о л а о б л ы с ы ә к і м ш