Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндірістің тиімділігі мен дамуы

8.1 Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндіріс

8.2 Аз қалдықты өндірістің тиімділігін анықтау әдістері

Экономикалық дамудың экстенвиті әдістерінің басымдылығы қоршаған ортаның нашарлауы мен халық шаруашылығые ресурспен қамтамасыз етудің шиеленіскен проблемасына алып келеді. Табиғат байлақтарын ұтымды түрде пайдалану, әсіресе табиғи ресурстардың тапшылығы үдеп отырған кезде ресурстардың сарқылуының абсолютті және салыстырмалы жағы пайда болып жатқанда, айналымдағы шикізат ресурстары массасының қолдағы барынан өнімнің санын көбірек алумен қорытындыланады. Сондықтан, өндірістік емес жұмыстарда және өндірістің өзінде өндірістік тұтынудың соңғы сатысында пайда болып, қалатын қайталама ресурстарды өндіріске әкелу керек.

Бұл үшін ресурс үнемдеуші технология негізінде өндіріс өнімдеріне тиімді тұрғыдағы бағалау мен экономикалық талдау әдісінің жетілдірілуі қажет. Қоршаған ортаның ластануы мен табиғат ресурстарын орынсыз пайдаланудың салдарынан экономикалық бағалауды белгілеуге деген қажеттілік туындайды. Қоршаған табиғат ортасының ластануынан болған зиянды есептей отырып, қалдықсыз технологиялық процестердің қолданылу шегін кеңейтуді мақсатқа сай жүзеге асыруға алып келеді.

Барлық технологиялық жағдайлардағы процестерді экологиялық үйлесімділік көзқарас тұрғысынан қарастырған дұрыс. Табиғит жүйесінің қалыпты қызметінің белгіленген шеңбер соңындағы арақатынасын және қоршаған ортаға әсер етуді бұзбайтын осындай өндіріс пен технологиялық процестерді экологиялық деп айтуға болады. Экологиялық емес процестер жоғары техногендік күшті туындатып, қоршаған ортаның жағдайына жағымсыз әсер етеді.

Өндірісті толықтай қалдықсық жасау әзірге мүмкін емес. Сондықтан өндірістік процестің экологиялық жағымсыз барлық салдарын мүлдем болдырмау міндетіне алып та бармайды. Мұндай міндетті қою мәңгілік қозғағыш жасап шығарумен барабар нәрсе. Шетел әдебиеттерінде «таза өндіріс» термині қолданылады. Ол қоршаған орта мен адам үшін қауіп-қатерді ең аз деңгейге түсіріп, қоршаған ортаны ластауды болдырмайтын технология стратегиясы ретінде түсіндіріледі. Өндіріс процесінде пайда болатын барлық шығарынды мен қалдықтардың уыттылық дәрежесін және олардың санын азайту, уытты шикізат материалдарын қолдануды болдырмау, энергия мен шикізатты үнемді пайдалану-бұл процестердің үйлесімділігіне сәйкес келеді.

Одан кейін өндірістің дамуы мен оған байланысты қоршаған ортаның проблемасын шешу принципті түрде «қалдықсыз технология» атауына ие болған жаңа тәсілді қате етуде. Қоршаған ортаны қорғау проблемасының мүмкін еместігін тиімді шешуге оның жаңалығы себепші болуда. Сонымен қатар, экспоненциалдық көлемінің өсуі жағдайында қалдықтарды көму мен зиянсыздандыру, сақтау, қайта өңдеу, тек қана пайдаға асыру әдісімен табиғат ресурстарын орынды да ұтымды пайдалану керек.

Өнімдер өндірісінде қалдықсыз тәсілді қолдану идеясын алғаш рет кеңес академик-ғалымдары Н.Н. Семенов, Б.Н. Ласкорин, И.В. Петров-Соколовтар ұсынған. Женевада (1979ж) болған ажлпы Еуропалық кеңесте арнаулы Декларация қабылданды. Сондай ақ онда аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар мен қалдықтарды пайдалану мақсаты қоршаған ортаны қорғау болатындығы, табиғат ресурстарын орынды пайдалану, яғни табиғатты ұтымды пайдаланудың қажеттілігі атап өтілген.

Қалдықсыз өндіріс кезінде бастапқыда барлық шикізат соңғы қорытындыда осы немесе өзге өнімге айналады. Қалдықсыз технология- бұл өнімді өндірудің сондай тәсілі энергия мен шикізат кезеңінде кешенді және әбден орынды түрде пайдаланылады. Яғни шикізат ресурстары-өндіріс-тұтыну-қайталама шикізат ресурстары яғни кез келген қоршаған ортаға болатын әсерлер оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды.

Қалдықсыз өндіріс орны табиғи экологиялық жүйемен үйлесімі бойынша ұйымдастырылған іс жүзіндегі тұйықталған жүйе. «Қалдықсыз өндірістің» маңызды ережесі-шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды және кешенді түрде пайдалану. Сонымен, өндірістің қоршаған ортаға сөзсіз болатын ықпал етуі оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды, яғни оған зиян келтірмейді. Қоршаған ортаға соншама түсетін салмақ жол берілген экологиялық мөлшерден аспайтынын тиісінше ескеру қажет.

Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылатын процесс. Сонымен қатар, өзара байланысты бірқатар технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да күрделі міндеттердің шешімін талап етеді. Қазір аз ақлдықты өндіріс кең таралып, іске асырылуда.

Ондай өндірісте қоршаған ортаға зиянды әсер ететін деңгей қалыпты мөлшерден аспайды. Мысалы, рұқсат етілген санитарлық-гигиеналық мөлшерден және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық бойынша немесе өзге себептерге байланысты шикізат пен материалдың бір бөлігі пайдаланылмайтын қалдықтарға ауыстырылып, ұзақ мерзімді сақтауға жіберілед немесе көміледі.

Қалдығы аз ресурс үнемдеуші технологияны енгізу жалпы бірқатар талаптарды ұсынады:

- Оның барлық компоненттерін пайдалана отырып, шикізатты кещенді түрде өңдеу (жасап шығару);

- Жоғары технологиялық автоманттандырылған жүйеге ғылыми сыйымдылықты енгізу, электроникаландыру мен роботтандыру, автоматтандыру негізінде өндірістік процестерді қарқындандыру ;

- Өндірістік қалдықтарды барынша азайту кезінде материалдар ағынының кезеңділігі мен тұйықтылығы;

- Жеке операциялардың технологиялық процестерге бөлінуін азайту, шикізаттан соңғы өнімге дейін ауысу сатысының аралық санын қысқарту, үздіксіз процестерді қолдану мен технологиялық кезеңдер уақытын қысқарту;

- Энергия мен табиғи ресурстарды тұтыну үлесін қысқарту, бастапқы ресурстарды қайта өңделген ресурстармен барынша алмастыру, жанама өнімдер мен қалдықтардың негізгі процестерге қайта айналуы, артық энергияны қалпына келтіру;

- Энергия ресурстарының барлық әлеуетін барынша пайдалануды қамтамасыз ететін құрастырылған энерготехнологиялық процестерді қолдану;

- Қалдықтарды зарарсыздандыру жолымен табиғи күйіне дейін жеткізу немесе пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін биологиялық процестерді және физика-химиялық базасының негізінде экологиялық биотехнологияны енгізу;

- Өндіріс пен тұтыну, табиғатты пайдалану саласын қамтитын интегралды технологияны құру.

Қорташаған ортаға қалдығы аз өнд ірістің зиянды әсерін шектеу критерийінің негізіне рұқсат етілген шоғырланбалы шектеу мөлшері тиісті. Олардың негізінде рұқсат етілген шығарынды мөлшерінің атмосфераға және су қоймаларын ластаушы заттектің рұқсат етілген төгінді мөлшері есептеледі. Рұқсат етілген шығарынды мөлшерін уақытында өлшеу ұйымдастырылып әрбір шығарынды жағдайында қарай белгіленеді. Соншалықты осы көздер мен зиянды заттектердің шығарынды ауданындағы барлық шығарынды көздердің жиынтығынан болашақта кәсіпорынның дамуын және зиянды заттектердің атмосфераға таралып, жер бетінде шоғырланып қалмауын, олардың жол берілген шоғырланбалы мөлшерін есепке ала отырып белгілейді. Қалдығы аз өндірісті ұйымдастырған кезде сақталатын принциптер:

1. Шикізат және энергетикалық ресурстарды пайдалануда оның жинақылығы. Қазір де пайдаланылып жүрген шикізат ресурстары көп компонентті болып келеді. Мысалы: түсті металлургиядағы бастапқы шикізат (руда) қағида бойынша көптеген пайдалы компоненттерден тұрады. Көп жағдайларда, кәсіпорынның мамандануына байланысты одан 1-2 компоненттер ғана алынады. Ал, қалғандары үйінділерге тасталып, қоршаған ортаны ластайды. Қазіргі уақытта Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында рудаларды өңдеу жұмыстары кешенді түрде жүзеге асырылып отыр. Онда алынатын пайданың көп бөлігі ілеспе компоненттерді алу есебінен түседі. Осыған ұқсас шикізатты кешенді түрде өңдеу жұмыстары Балқаш, Жезқазған тәрізді кен, металлургия кәсіпорындарында жолға қойылған. Бұл жерде бағалы компоненттердің өңделуі мен олардың алыну дәрежесіне қарай өндіріс тиімділігі артады. Көптеген глинозем кәсіпорындарында барлық компоненттерді пайдалана отырып, шикізатты қалдығы аз технология бойынша өңдейді.

2. Айқын көрінетін материалдар ағынының циклдігі (кезеңдігі). Мысалы, су шаруашылығы. Бірыңғай су жүйесінде сумен (ауыз су және техникалық су) қамтамасыз етілу жағы жүзеге асырылады. Канализация, тазалау (жергілікті, жалпы) бір мезгілде және таза компоненттерді алып пайдаға жаратады. Өнеркәсіпте сумен қамтамасыз ету жағының кезеңі тұйықталған, яғни оны өндіру мен тасымалдау, бірнеше рет пайдаланғаннан соң, алдын ала тазартылып су қоймаларына құйылады.

Қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті ұйымдастырған кезде құрамдастыру мен салааралық кооперацияға бірлесудің маңызы жоғары. Аумақтық-өндірістік кешендер шеңберінде бір өндірістің қалдықтарынан өнім алу үшін өзге салаларда пайдаланып, барынша экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болады.

Қалдығы аз өндірістегі міндетті шарттың бірі-алынатын өнімнің экологиялық тазалығын ғана сақтап қоймай, қоршаған ортаны қорғау мен оның сапасын жақсартуға бас назар аудару болып табылады. Сонымен қатар, өндіріс жұмысының нәтижесінде өндіріске, халыққа зиян келтірмей, табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті бұзбау қажет.

Наши рекомендации