Арпаның қара күйе аурулары
Арпа егістігінде ацуудың пайда болуының бірінші белгілері масақтану кезінде байқалды. Арпаның тозаңды қара күйемен зақымдалу сипаты масақтың барлық бөлігі қаракүйеге айналып тек қана өзегі ғана қалады, өзектен басқа бөлігі қара-қоңыр тозаңды массасы бар телиоспора түзеді. Зертханалық тексеру барысында ауру қоздырғыш саңырауқұлақ Ustilago nuda kell.et.Swing, Микроскоп арқылы қарағанда телеоспора пішіні шар тәрізді, эллипс тәрізді екені, және оның диаметрі 3,6-6 микрометр, ашық сарғыш түсті, қоңыр қабықты үстінде жіпшелері бар екені анықталды.
Арпаның тасты қара күйемен зақымдалу сипаты масақ өзінің формасын сақтайды, бірақ дәннің орнына қатты масса саңырауқұлақ спорасы пайда болады. Масақтын барлық бөлігі өзегінен басқа, қара-қоңыр телеоспораға айналып, сыртында сұр жұқа қабық пайда болады. Телеоспора бір-біріне желімделген қатты түйіршіктерден тұрады.
Ауру қоздырғыш – базидиялы саңырауқұлақ Ustilago hordei kell.et.Swing,телеоспора шар тәрізді немесе бұрышты, 3,6 – 7,5 жиірек диаметрі 4,4 микрометр, сырты ашық қоңыр тегіс қабықпен қапталған. Арпа сорт үлгілерінің қара күйе ауруларымен бақылау питомнигінде зақымдалуы 18-кестеде көрсетілген.
18-кесте. Арпа сорт үлгілерінің қара күйе ауруына төзімділігі.
Сортүлгілері | сорт үлгілері саны | Шәкіл есебімен аурудың дамуы,% | Төзімді сортүлгілер | |||||
0-5 | 6-25 | 26-50 | 51-75 | 76-100 | ||||
Тасты қаракүйе Тозаңды қаракүйе St.Әсем | - - | - - | - - - | - - - | ||||
Кестеде көрсетілгендей тасты қара күйеге төзімді 8 сорт үлгісі ерекшеленді, 3 сорт үлгілері өте әлсіз зақымдалса 10 сорт үлгісі орташа дәрежеде зақымдалды. Тозаңды қара күйеге 13 сорт үлгісі өте әлсіз яғни 5%-дай зақымдалды. Жоғарыда айтылғандай арпа тұқымы аудандастырылған сорттарды себер алдында дәрілеп егілді (19-кесте).
19-кесте. Аудандастырылған арпа сортының қара күйе ауруымен зақымдалуы.
Сорттар | Тәжірибе нұсқасы | Тасты қаракүйе | Тозаңды қаракүйе | ||||
Зақымдалған өсімдік,% | Аурудың дамуы,% | Биологиялық тиімділік,% | Зақымдалған өсімдік,% | Аурудың дамуы,% | Биологиялық тиімділік,% | ||
Арна | Бақылау(өңделмеген) | 3,5 | 2,6 | - | 5,0 | 4,6 | - |
Сұңқар-1(эталон) | 2,5 | 1,6 | 38,4 | 3,3 | 2,1 | 54,3 | |
Сұңқар-4 | 1,3 | 0,8 | 69,2 | 2,3 | 1,2 | 73,9 | |
Колфуго Супер | 1,0 | 0,4 | 84,6 | 1,5 | 0,6 | 86,9 | |
Әсем | Бақылау(өңделмеген) | 3,8 | 2,5 | - | 5,0 | 3,6 | - |
Сұңқар-1(эталон) | 2,2 | 1,9 | 24,0 | 4,6 | 2,3 | 20,6 | |
Сұңқар-4 | 2,0 | 1,0 | 40,0 | 2,6 | 1,8 | 5,0 | |
Колфуго Супер | 1,5 | 1,0 | 72,2 | ||||
Рассава | Бақылау(өңделмеген) | 2,5 | 2,0 | - | 2,5 | 2,6 | - |
Сұңқар-1(эталон) | 2,1 | 1,8 | 10,0 | 2,0 | 0,9 | 65,3 | |
Сұңқар-4 | 1,1 | 0,6 | 70,0 | 1,5 | 0,8 | 69,2 | |
Колфуго Супер | 1,1 | 0,7 | 73,0 |
Бақылау питомнигінде тасты қара күйесі мен зақымдалу Арна, Асем және Рассава сорттарында 2,5-тен 3,8 %, аурудың дамуы 2,0-2,6 % болды. Ең жақсы нұсқаға Колфуго суперді атауға болады, ол Арна сортында аздап зақымдалса, Асем және Рассава сорттарында зақымдалған жоқ.
Сұңқар-1 және Сұңқар-4 нұсқаларында зақымдалған өсімдік саны 1,3-тен 2,5 % және уарудың дамуы тиісінше 0,6 және 1,8 %.
Арпаның тозаңды қара күйемен зақымдалуы тасты қара күйеге қарғанда жоғары екенін көрсетті, әсіресе Арна және Асем сорттарында 5 %, ал Рассава сортында 2,5 %-д көрсетті, ал 2004 жылы бұл сорттар тозаңды қара күйемен 40 % зақымдалса, Рассава сортында 10 % -ға зақымдалған.
Арпа егістігінің кешінді зиянкестері және арамшөптермен ластануы
Арпа егістігінде көктеу кезінде сорғыш және кеміргіш зиянкестермен зақымдалды. Көп қоректі зиянкестерге: шегіртке, бұзаубас, шыртылдақ қоңыз, қараденелілер, сабақ көбелегі;маманданған зиянкестерден: шведь шыбыны, сабақ бүргесі, жегі (цикада) және астық биті. Арпа егістігі негізінен қоға мен алабұта мен ластанды (20-кесте)
20-кесте. Арпаның зиянкестермен кешенді зақымдалуы және арамшөптармен ластануы
Сорттар | Өсімдік саны,дана 1ш.м | Зиянкестер | Арамшөптер дана 1 ш.м | Орташа өнім ц/га | ||
Зақымдалған өсімдік,% | Зақымдалу дәрежесі | Алабұта | Қоға | |||
Арна | 167,1 | 12,4 | 6,5 | 19,3 | 3,27 | 8,7 |
Әсем | 166,9 | 15,5 | 8,1 | 22,3 | 3,15 | 8,9 |
Рассава | 175,3 | 16,0 | 9,4 | 16,4 | 3,9 | 9,6 |
Арпа өсімдігінің кешенді зиянкестермен зақымдалуы Арна сортында 12,4 %, Асем 15,5 %, ал Рассава сортында 16,0%, зақымдалу дәрежесі тиісінше: 6,5, 8,1 және 9,4 %.
Арамшөптерден көп кездесетіні алабұта және қоға, лоардың саны арпа егістігінің Арна сорттында 49,3 дана 1 ш.м Асем 22,3 дана 1ш.м , Рассава сортында 16,4 дана 1ш.м болды.