Статистикадағы индекстер түсінігі мен түрлері.
Орташа, қатысты шамалар және әр түрлі коэффициенттер құбылыстар мен процестерді сипаттауға мүмкіндік береді. Индекс те осы тектес жинақтап қорытатын көрсеткіштерге жатады. Index деген сөз шын мәнінде сілтеуішті, көрсеткішті білдіреді, алайда экономикалық статистикада айрықша маңызға ие болады.
Статистикада индекс деп зерттелетін қоғамдық құбылыстың уақытқа орай және кеңістікте өзгеруін сипаттайтын қатысты шама деп аталады.
Индекстер келесі үш белгі: 1) зерттелетін объектілердің ерекшеліктері, 2) жиынтықтың элементтерін қамту дәрежесі бойынша, 3) ортақ индекстерді есептеу әдістемелері бойынша жіктеледі.
Индекстер зерттелетін объектілердің ерекшелігі бойынша көлем көрсеткішінің индексіне(өнімнің, бөлшек сауданың, тұтынудың және т.б нақты көлемі) және сапа көрсеткішінің индексіне (баға, өнім өндірісінің өзіндік құны, еңбек өнімділігі, астық түсімділігі және т.б) бөлінеді.
Индекстер жиынтық элементтерін қамту дәрежесі бойынша жеке (жиынтықтың жекелеген элементтерін) , жалпы(жалпы жиынтықтың өзгеруін сипаттайтын) және топтық(жиынтықтың элементтерінің бөлігін қамтитын ) болып бөлінеді. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлерін өндіру индексі жеке, ауыл шаруашылығының барлық жалпы өнімінің индексі – жалпы, ал өсімдік өсіру мен мал шаруашылығы өнімін өндіру индекстері-топтық индекс болып табылады.
Топтық индекстер топтастыру әдісінің көмегімен зерттелетін құбылыстың жекелеген бөліктерінің дамуындағы заңдылықтарды ашады, сонымен бірге индекстерді топтастыру әдісімен байланыстырады. Топтық және жалпы индекстерді есептеу әдіснамасын индекстік теория зерттейді.
Жалпы және топтық индекстер есептеу әдіснамасына байланысты агрегаттық(жиынтықты) индекске және жеке индекстердің орташа индекстерге(агрегаттық индекстерді қайта өзгерту нәтижесінде алынған) бөлінеді.
Жылдан жылға (айдан айға, тоқсаннан тоқсанға) жалғасатын динамикада есептелетін индекстердің жүйелі қатарын қарастырғанда индексті есептеудің тізбекті және базистік жүйесі болады. Сол бір базаға қатысты есептелетін индекстер базистік деп аталады. Ал егер салыстыру базасы үнемі өзгерсе(есепті кезең базистік кезеңмен салыстырылғанда) , бұл жағдайда индекс тізбекті индекс деп аталады.
21.Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.
Тұрақты құрамды индекс сапалық көрсеткіштердің орташа өзгерісін орташа өзгерісін сол жиынтық құрамының тұрақтылығы арқылы көрсетеді. Яғни сапа көрсеткіштері өзгерістерінің қандай себептер әсерінен болғандығын анықтайды. Құбылыстың өзгеруіне әсерін тигізетін себепті анықтау үшін сапалық көрсеткіштер құрамын өзгермелі түрде алсақ, яғни салыстыратын екі уақыт мерзімдерінің шамасы алынса, ал салмағы ретінде ағымдағы кезеңнің тұрақты дәрежесі қолданылса, онда тұраөтыиндекс шығады жәнеоны сапалық мәндері бойынша мына формулалар арқылы көрсетуге болады:
1.баға бойынша , өзіндік құны бойынша да дәл осылай есептеледі.
Өзгермелі құрамды индекс жалпы сапалық көрсеткіштердің орташа өзгерісін көрсетеді. Өзгермелі құрамды индексте статистикалық талдау жасау үшін, екі уақыт кезеңіндегі зерттелетін құбылыстың орташа шамалары жеке-жеке есптеліп, бірімен-бірі салыстырылып, олардың қандай себептерден өзгергені анықталады. Бұл индексте салмақтанған екі орташа шаманың қатынасы қарастырылады. Сондықтан оны орташа шамалар индексі деп те атайды және ол мына формулалар арқылы есептеледі.
1.баға бойынша , өзіндік құны да дәл осылай ессептеледі.