Эссе. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қаржы механизмін жетілдіру
Қаржы дағдарысы кез келген мемлкеттің экономикалық секторына, оның ішінде қаржы, банк секторына орасон зор нұқсан келтіргені белгілі. Сондықтан, дағдарыстың келтіретін залалдарына тойтарыс бере алатындай қаржы механизмін одан әрі жетілдіру керек. Кез келген қаржы механизмі қоғамдағы, мемлекеттегі қаржылық қатынастардың қалыптасып,дамуының негізі ретінде сыртқы орта факторларына тез жауап бере алатындай икемді болуы керек. Себебі механизм қаржылық ресурстарды жұмылдыру, қаржыландыру, реттеу және ынталандыру функцияларын орындай отырып,өзіне қаржы секторының басты бөліктерін кіріктіреді. Ал сол бөліктердің әрқайсының тиімді әрі дұрым жұмыс істеуінің арқасында ғана дағдарыс жағдайында күйзеліске ұшырамауға болады. Осы мақсаттарда Үкімет тарапынан да көптеген іс-шаралар атқарылуда. Мәселен, Ел Парламенті дағдарыс жағдайында қазақстандық банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге, экономиканың нақты секторын несиелеу мүмкіндігін кеңейтуге және халықты қолдауға бағытталған құқықтық топтаманы жедел түрде қабылдады, яғни қаржы механизмінің қосалқы жүйесі қаржылық нормалар мен нормативтерді өзгерте отырып, оңтайландыруға тырысуда. Сонымен қатар нормативтердің орындалуын бақылауға негізделген қадағалау тәсілін ғана пайдаланып қоймай, тиімді корпоративті басқаруға, акционерлердің транспаренттілігіне, директорлардың фидуциярлы міндеттеріне және банктердегі тәуекелдерді басқаруға деген қажеттілікке үлкен көңіл бөле отырып, тәуекелдерді есепке алуға негізделген замануи әдістемені де пайдалануы тиіс. Нормативтік базадағы көзделген өзгерістер бұл бағыттағы өте маңызды қадам болып табылады.
2008 жылы қабылданған жаңа Тұрақтандыру бағдарламасы отандық экономиканың ерекшеліктеріне сәйкестендіріле қабылданды. Сондай-ақ аталмыш құжат халықаралық стандарттарға да сәйкестендірілді. 2008 жылдың қараша айында Үкіметтің Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын қадағалау агенттігі мен Ұлттық банкпен бірлесе дайындаған 2009-2010 жылдарға арналған жоспары - Бірлескен іс-қимыл жоспарлары тұңғыш рет Ұлттық қор есебінен орындалды.
Бірлескен іс-қимыл жоспары әлеуметтік-экономика кеңістігінде ғаламдық дағдарыстың кері әсерін барынша әлсіретудің механизмдерін белгіледі. Онда мынадай жайттарға басымдық берілді:
- Қаржы нарығындағы ахуалды тұрақтандыру, тұрғын үй нарығындағы жағдайды бақылауға алу, үлескерлердің құқығын қорғап, аяқталмай қалған құрылыс нысандарын аяқтау:
- Қазіргі заманғы экономикалық тиімділік тұрғысынан қарағанда болашағы бар шағын және орта бизнесті қаржыландыру саясатына басымдық беру;
- Инновациялық-индустриалдық, инфра-құрылымды жобаларды қаржыландыру:
- Агроөндірістік кешенді, оның негізгі субъектілерін дамытуға көңіл бөлу. Мұнда негізгі басымдық жаңа экспорттық өндіріске бағытталған, жұмысы жолға қойылған секторларға бірінші кезекте басымдық беріледі.
Яғни, қаржылық жоспарлаудың жаңа бағдарламаларын қабылдау керек. Сонымен бірге Мемлекеттің бюджеттік және салық саясатын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету арқылы салық-бюджет саясатының тиімді үлгісін әзірлеу керек. Екінші мәселе - мемлекеттік жоспарлау, сатып алу, қаржы бақылау жүйелерін жетілдіру, салық тәртібін сақтау, зейнетақы жинақтарының құнсыздану деңгейін ескере отырып сақталуын қамтамасыз етілуі болды.
Соңғы әдіс ретінде бюджеттен ақша бөлудің жаңа қағидаларын енгізу, макроэкономикалық көрсеткіштерге нақтылау болжамдары, отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын айтуға болады.
Міне, жалпы қаржы механизмін жетілдіру перспективалары осындай. Әрине, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы мекемелер үшін қаржы механизмін жетілдіру тәсілдері басқа болуы мүмкін. Алайда, жалпы еліміздің экономикасындағы қаржы механизмінің жетілдірудің басты бағыттары жоғарыдай.
74. Эссе. Дағдарыс жағдайындағы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері
Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында ұлттық экономикалардың, соның ішінде Қазақстанның да қарқыны тежелуде. Даму кезеңінде жинақталған қордың қаражаты мемлекетке әлемдік дағдарыстың ықпалын азайту бағытында тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Дегенмен, дағдарыстың кері салдарлары халықтың барлық жіктеріне байқала бастады. Экономикада орын алып жатқан бүгінгі тұрақсыздық жағдайында, халықаралық сарапшылардың бағалаулары негізінде әлемдік 2009-2013 жылдардағы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды. Макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруі бекітілген республикалық бюджетті нақтылау қажеттілігін туғызды. Үшжылдық бюджетке енгізіліп отырған түзетулер, жалпы алғанда, Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар пакетін жүзеге асыруға бағытталған.
Парламенттің қарауына енгізілген «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бұған дейін бекітілген республикалық бюджеттің кірісін 371,1 миллиард теңгеге қысқартуды, яғни 1529,5 миллиард теңгеге дейін азайтуды қарастырып отыр.
Жоғарыда айтып өткендей, әлемдік экономикадағы бүгінгі ахуал тұрақсыз. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, 2009 жылы әлем экономикасы құлдырайды деп күтілуде. Халықаралық валюта қоры 2009 жылғы әлемдік экономиканың өсу көрсеткіші бойынша қаңтар айындағы болжамын рецессияға қарай - минус 1 – минус 0,5 пайызға өзгертті. Мұндай құлдырау соңғы 60 жылда алғаш рет орын алғалы отыр. 2010 жылдан бастап әлемдік экономиканың өсу қарқыны біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.
Қазіргі әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыс өзінің ауқымы жағынан күшті болғаны соншалық, әлемнің ең күшті мемлекеттерінің өзін шайқалтты. Осындай жағдайда Қазақстан Үкіметі Ұлттық қордың «қақпағын» ашуға шешім қабылдады. Дағдарысқа қарсы шараларға 10 млрд. АҚШ доллары бөлінді. Мұндай мүмкіндіктер біздің елде ғана болды, біз халықаралық несиелер мен шетелдік инвестицияларға иек артқан жоқпыз. Ұлттық қордан қаражат бөлу дұрыс әрі пәрменді қадам болды. Елбасы бастамасымен қолға алынған «Жол картасы» болды. Бұл - жақсы идея. Мемлекет әлеуметтік нысандар құрылысына қаражат салуда. Бұл шаралар бір сәттік тиімділік беретін емес, ұзақмерзімді инвестициялар.
Біз мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейтуіміз қажет. «Нұр Отан» ХДП құрылымында партиялық бақылау органдары құрылды, мұндай құрылым ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі партия фракциясы жанында да жұмыс істейді. Бұл партия мүшелерінің жақсы бастамасы. Дегенмен олар бұрынғыдан да пәрменді жұмыс жасаулары тиіс. Жұмыстың тиімділігін бұрынғыдан да арттыру үшін олардың өкілдігін кеңейту қажет», - деп атап өтті ғалым.
Дағдарыс жағдайында Үкімет ішкі ресурстарды неғұрлым белсенді пайдалануға тиіс. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 105 млрд. теңге көлеміндегі бюджеттік қаражат игерілмей қалды, мұндай жолсыздықтарға тоқтау салу қажет. «Бюджеттік тәртіпті арттыру және мемлекеттік шенеуніктер тарапынан жауапкершілікті арттыру жөнінде көп айтылып жүр. Үкімет бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, бұл қаражаттардың дер кезінде игерілуіне бақылауды қатайта түсуі тиіс»,
75. Эссе. ҚР сақтандыру нарығының қазіргі кездегі жағдайы және даму перспективалары
Қазіргі кездегі жағдайы:2012 жылдың 1 сәуіріне қалыптасқан жағдай бойынша, берілген лицензияларға сәйкес, республиканың қаржы нарығында 36 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әрекет жасап жатыр, бұл ретте өмірді сақтандыру жөніндегі іс-әрекетті жүзеге асыруға 7 ұйымның, көлік құралдарының иегерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша – 24 ұйымның лицензиясы бар. Сондай-ақ сақтандыру қызметтері нарығында өзінің іс-әрекеттерін 13 сақтандыру брокері мен 83 актуарий жүзеге асырып отыр.
Қарастырылып отырған мерзімнің 1 сәуіріне 411,6 млрд. теңге құрай отырып, 2012 жылдың 3 айында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық активтері 6,2%-ға артты. Жиынтық өзіндік капитал 2,6 %-ға артып, 237,2 млрд. теңге құрады. Сақтандыру резеревтерінің сомасы 142,7 млрд. теңге құрады.
Тікелей сақтандыру шарттары бойынша жүргізілген сақтандыру төлемдерінің көлемі 2012 жылдың 3 айында 12,2 млрд. теңге құрады, бұл алдындағы жылдың көрсеткішінен 51,0%-ға көбірек. Оның ішінде, міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі 3,3 млрд. теңге құрады (өткен жылдың осындай күнімен салыстырғанда 20,4%-ға артқан), ерікті дербес сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі - 6,9 млрд. теңге (өткен жылдың осындай күнімен салыстырғанда 74,4%-ға артқан) және ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 2,0 млрд. теңге (43,8%-ға артқан). Қазіргі таңда сақтандыру төлемдерін кепілдендіру жүйесінде 34 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысып отыр.
2012 жылдың 1 сәуіріне қалыптасқан жағдай бойынша, мәжбүрлеп тарату процесінде 2 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы («Алтын Полис» СК» АҚ және «Premier Cақтандыру» АҚ), ерікті таратылу процесінде 1 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы («Темір Ат» СК» АҚ) тұр.
Көлемі бойынша аса ірі сақтандыру компанияларының бестігі өзгермеді. «Евразия» СК-ның активтері ай ішінде 74, 44 млрд. теңгеден 73,36 дейін шамалы азайды, ал «Виктория» СК-да - 58, 1 млрд. теңгеден 57,59 млрд.теңгеге дейін кеміді. «Халық-Қазақинсақтандыру» СК-ның активтері 1,3 млрд.теңгеге артты. «БТА Сақтандыру» СК-ның активтері 0,11 млрд. теңгеге; "ҚазЭкспортГарант"» активтері - 0,07 млрд. теңгеге артты
Даму перспективалары:Қазақстанның сақтандыру нарығы қарқындап өсуде, мұның өзін сақтандыру сыйлықақылары, активтер жəне меншікті капитал көлемінің өсуі растайды. Бұл ретте сақтандыру секторының сыйымдылығы өз əлуетін жоққа шығармады – жиналған сыйлықақылардың айтарлықтай үлесі корпоративтік сақтандыруға тиесілі (ірі өнеркəсіп, мұнай, авиация жəне мүліктік тəуекелдерді сақтандыру). Бұл ретте бөлшек сақтандыру секторы жиналған сақтандыру сыйлықақыларында аз ғана үлеске ие болады (сақтандыру компаниялары портфелінде 1% аспайды). Сақтандыру операцияларының да жоғары қарқынмен өсуіне байланысты, сақтандыру төлемдерінің көлемі өсуде. Сақтандыру қызметінде зияндылықтың біршама өсуіне қарамастан активтердің жəне капиталдың пайдалылық көрсеткіштері сақтандыру компаниялардың пайдамен қызмет етуі үшін жеткілікті дəрежеде жоғары деңгейде. Қазақстандық сақтандыру компанияларының көбі үшін инвестициялық қызмет аса маңызды емес кіріс көзі болып табылады. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымы кейбір өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі тұрақты төмендеу үрдісіне ие, бұл ретте екінші деңгейдегі банктердегі депозиттердің жəне республика эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының үлесі өсу үстінде. Бұл қадағалау органының активтердің белгілі бір бөлігін МБҚ-ға міндетті орналастыру жөніндегі талаптарын, осы арқылы олардың елеулі үлесін қаржы нарығының неғұрлым кірісті құралдарына инвестициялау үшін босата отырып, алып тастауына байланысты. Сонымен қатар сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымы банктерге тəуелділіктің өсіп отырғанын көрсетеді. Инвестициялық қызметтен кірістердің аз ғана болуына қарамастан оның жиынтық кірістердегі динамикасының өскені байқалады.
1 кезең – ұйымдық-құқықтық қайта құру (2010 жылға дейін).
Сақтандырудың қорғаныс және инвестицялық қызметтерін ынталандыру:
- қолайлы әлеуметтік-экономикалық ортаны құру;
- сақтанушылардың рыногын қалыптастыру;
- бағалы қағаздар рыногын жетілдіру;
- сақтандыру заңнамасын халықаралық талаптарға сай үйлестіру;
- сақтандырушылардың тұрақтылығын жоғарлату;
- сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау.
2 кезең – инвестициялық мүмкіншіліктерді жоғарлату (2020 жылға дейін)
Инновациялық және инвестициялық қызметтерді жетілдіру:
- сактандырушылардың ннвестициялық мүмкіншіліктерінің аясын кеңейту;
- инновациялық қызмет тәуекелін қорғау бойынша жаңа қызмет көрсетулердің пайда болуы;
- сактандырушылардың капиталдандырылуын ұлғайту;
- таяу шет ее рыногында ұлттық сақтандырушылардың өктемпаздығы;
- заңнамаларды жетілдіру;
- сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын дамыту.
3 кезең – дамыған сақтандыру қызметі рыногы
Барлық сақтандыру қызметтерінің толық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету:
- әлеуметтік қорғаудың үш денгейлі жүйесінің толыққанды қызмет етуі (сактандыру компанияларының белсенді рөлі жағдайында);
- ЖІӨ-ң 15%-ға дейінгі масштабымен сақтандырушылардың институционалдық қызметін нығайту;
- ұлтаралық сақтандырушылардың пайда болуы;
- таяу шет ел рыноктарында инвестициялық өктемпаздық жүргізу.