Бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем-дерді төлеуден жалтаруы

1. Азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жагдайларда та-быстары туралы декларацияны табыс етпеуарқылы не декларацияга немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де ңұжаттарға табыстар немесе шыгыстар туралы не салық салуга жататын мүлкі туралы көрінеу бурмаланган деректерді енгізу арңылы салыңты және (немесе) бюджетке теленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл іс-әрекет ірі мөлшердегі салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса -

2. Іс жүзінде жумыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып жасалган дәл сол іс-әрекет -

Азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларацияны табыс етпеуі арқылы не декларацияға немесе салықтарды жэне (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу немесе төлеуге бай-ланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиісті мүлік туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзгеде міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл эрекет ірі мөлшерде салық жэне (немесе) бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлемеуге экеп соқса, Қылмыстық кодекстің 244-бабының бірінші тармағы бойынша жауаптылық туын-дайды.

Қылмыстық құқық бузушылықтың тікелей объектісі - мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру жэне мемлекеттік салық салу саласын ретгейтін қоғамдық қатынастар.

2001 жылы 12 маусымда қабылдаған, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап занды күшіне енген қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - табыс туралы декларация.

Салық жэне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сэйкес Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалар есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін табыс туралы декларацияны салық қызметі органдарына тапсырады. Мұндай декларацияны: төлем көздеріне салық салын-байтын табыстары бар; салық жылы құрылыс салған немесе жалпы сомасы жылына 1000 айлық есептік көрсеткіштен астам ірі сатып алу жасаған; Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан шетел банктеріндегі шоттарда ақшалай қаражаты бар; Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден табыс алушы жеке т^лғалар тапсырады. Табыс туралы декларацияда азаматтың жыл бойы тапқан барлық табыстары көрсетіледі. Осы құжат арқылы азаматқа салынатын табыс салығының көлемі анықталады. Азаматтардың қандай ретте декларация тапсыруға міндетті болатыны заңда арнайы көрсетілген. Бұл қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылықтың негізгі шарты болып табылады.

Қылмыс объективтік жағынан эрекет немесе эрекетсіздік нысанда жүзеге асырыла-ды. Әрекетсіздік - салық төлеуден жалтару арқылы көрініс табады. Бұл салық органда-рына заң бойынша міндетті болып табылатын, белгіленген мерзімге табыстары туралы декларацияны бермеу салық салынуға тиісті мүлік туралы көрінеу бұрмаланған деректер енгізу арқылы салық не мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де төлемдерді төлеуден жалтару, не декларацияға немесе салықтарды, мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты бұрмалау арқылы жасалады. Қылмыстық куқық бұзушылық үшін жазаланатын эрекет кінэлі адамның көрінеу жалған декларациялар жасап, оған шындыққа жатпайтын деректерді (табыс көзі туралы дерек-терді көрсетпеу; табыс көлемін аз көрсету; шығыс туралы көбірек көрсету) мемлекеттік салық органына табыс етуі арқылы іске асырылады.

Қылмыстық қ^қық бұзушылық құрамы материалдық жэне қылмыстық жауапқа тартудың шарты - азаматтың ірі мөлшердегі салық төлеуден жалтаруы болып табыла-ды. ҚК-тің 3-бабының 38-тармағында «егер төленбеген салық немесе міндеттті төлемдер сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса азаматтың салықты немесе мемлекет-тік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдері төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады» деп белгіленген. Салық төлеуден жалтару эрекеттері мен одан туындаған зардаптың арасында себепті байланыс бар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Кінэлі адам салық төлеуден жалтару мақсатымен табыс туралы декларацияны тапсырмаудың қоғамға қауіптілігін ұғады жэне одан туатын зардаптың болуы мүмкін екенін немесе бол-май қоймайтынын алдын ала біледі жэне осы зардаптардың болуын тілейді.

Қылмыстық қү_қық бұзушылықтың субъектісі — арнаулы: табыс туралы деклара-цияны салық органдарына тапсыруға міндетті салық төлеуші адам. Бұлар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқтар болуы мүмкін.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың кодекстің 244-бабының 2-тармағында салық төлеуден жалтарудың ауырлататын түрі: Іс жүзінде жүмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып жасалған дәл сол іс-әрекет үшін жауаптылық белгіленген.

Наши рекомендации