Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік
Игілік нарығы түсінігінде қызмет көрсету мен тұтыну тауарлары нарығы қарастырылады. Бұл тауарлар санаттары арасында кейбір ерекшеліктер бар, дегенмен олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарларға деген сұраныстың болуы әр түрлі айнымалы шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табысқа байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланысты болады. Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарастырылған, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарлар нарығын бір-бірінен шектеу үшін, олардың салыстырмалы бағаларын білу керек. IS-LM моделінде экономикалық тепе-теңдік – ол IS және LM қисықтарының қиылысатын нүктесінде орын алады. Осы нүктеде пайыздық мөлшерлеме мен пайданың мөлшерін анықтап, тауар нарығының тепе-теңдігі мен ақша нарығының тепе-теңдігін қанағаттандырады. Басқаша айтқанда, екң қисықтың қиылысу нүктесінде нақты шығындар жоспарланған шығындарға тең және ол нақты ақша сұранысының қаражаттары ұсынысқа тең екендігін көрсетеді.
IS–LM үлгісі (инвестиция – қор жинағы, ұнамды өтімділік - ақша) – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі.
IS – тауар нарығындағы тепе-теңдік үлгісі, ал LM – ақша нарығындағы тепе-теңдіктің үлгісін анықтайды. Сонымен, IS – LM үлгісі екі нарықта да тепе-теңдікті орнатады. Оның теңдеулері келесідей:
1. Y = C + I + G + Xn – негізігі макроэкономикалық тепе-теңдік.Мұндағы:
2. C = a + b(Y – T) – тұтыну функциясы;
3. I = e – d×i – инвестиция функциясы;
4. Xn = g – m¢×Y – n×i – таза экспорт функциясы.
5. – ақшаға сұраныс функциясы.
Үлгінің ішкі айнымалылары:
Ү – табыс, С – тұтыну, І – инвестиция, Хn – таза экспорт, i – пайыздық мөлшерлеме.
Үлгінің сыртқы айнымалылары:
G – мемлекеттік шығындар, MS – ақша ұсынысы, T – салық мөлшерлемесі.
Эмпирикалық коэффициенттер:
(a, b, e, d, g m¢, n, k, h) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.
IS және LM қисықтарын бір диаграммада үйлестіріп, IS-LM моделін аламыз. Ол экономикалық саясаттың салдарын талдаудың ыңғайлы құралы болып табылады.
IS және LM қисықтарының қиылысуы А нүктесін белгілейді, онда бір мезгілде тауарлар мен қызметтер нарығы мен ақша нарығында тепе-теңдік орнайды.
(Үe,ie) тепе-теңдік жұпты, G мемлекеттік шығыстар, T салықтар, M ақша жиыны мен P бағалар деңгейінің берілген мәндері шартында, Ү және і жөнінде
екі теңдеу жүйесін шығару арқылы есептеуге болады.
Осы тауарда біз экзогенді айнымалылардың өзгерісі эндогенді айнымалыларға қандай жолмен әсер ететінін IS–LM үлгісінде зерттейміз. Себебі ақша-несие және бюджет-салық саясаттары экзогенді айнымалылардың арасында орын алады және IS–LM үлгісі қысқа мерзімді кезеңде экономикаға осы айнымалылардың әсерін көрсетеді.
i
IS-LM моделі
Бюджет-салық саясатының әсері. Бюджет-салық саясатының өзгерісі арқылы экономикаға әсерін зерттейміз. Бюджет-салық саясаты IS қисығын жылжытады., яғни пайда мен пайыздық мөлшерлемесіне әсерін тигізеді. Мемлекеттік шығыстардың G өсуі немесе салықтардың Т азаюы IS қисығын оңға жылжытады. Табыс Ү пен пайыз мөлшерлемесінің і тепе-теңдік деңгейі жоғарылайды. Бірақ мұнда табыстың Ү өсуі «кейнстің қиылысы» аз шамамен байқалады, себебі пайыз мөлшерлемесі і өсуінен инвестициялар І азаяды. Бұндай жағдай ығыстыру нәтижесі деп аталады..
G – мемлекеттік шығындардығ мультипликаторы кез-келген пайыздық мөлгшерлемесінде пайданың деңгейі – ға өсетінін кейсиандық қиылыста түсіндіріледі.
Т¯ – салық саясаты мультипликаторының өзгеруі кез-келген пайыздық мөлшерлемеде пайда деңгейінің – ға өсетінін кейнстік қиылыс көрсетеді.
G↑(немесеТ↓)ÞY↑ÞC↑ÞY↑ÞMD↑ÞR↑ÞI↓ÞY↓
Жиынтық сұраныс
IS-LM моделі AD қисығының теориялық негіздемесі болып табылады. Ал ақша теориясы – AD қисығын жылжытады.
Мысалы, ақша ұсынысының қалыпты жағдайында баға (Р) деңгейінің өсуі пайданың төмендеуіне әкеледі. Ақша ұсынысының МS↑ өсуі AD жиынтық сұраныс қисығының оңға жылжуына әкеледі, ал МS↓ төмендеуі AD қисығын солға жылжытады.
Бірақ қазір AD қисығын шығару және жылжыту үшін ақша теориясын емес, IS-LM моделін қолданамыз. Өйткені IS-LM моделі ұлттық табыс бағаның өсуімен кемитінін түсіндіріп ғана қоймай, ол тағы теріс көлбеуі бар AD қисығын шығарады.
Ол бағалар деңгейі Р және тұтынушылар, фирмалар және мемлекет сатып алуға дайын өндіріс көлемі Y арасындағы ара қатынастар шкаласын көрсетеді.
Бұл тәуелділіктің графигі AD жиынтық сұраныс қисығы деп аталады (2.1 сурет). Ол Y-P диаграммасында теріс көлбеулі.
AD жиынтық сұраныс қисығын IS-LM моделі арқылы шығаруға болады
М ақша ұсынысы тіркелген болсын, ал бағалар деңгейі Р1–ден Р2–гедейін өссін. Онда ақшаның нақты қалдықтары М/Р1–ден М/Р2–гедейін азаяды. Y-i диаграммасында LM қисығы солға-жоғары жылжиды. Y-P диаграммасында екі тепе-теңдік нүкте (Y1,P1) немесе (Y2,P2) пайда болады. Оларды қалыпты сызықпен біріктіріп, AD жиынтық сұраныс қисығын аламыз.
.
Сурет. Жиынтық сұраныс қисығын шығару
Баға деңгейінің Р әсері қарастырылғанда AD жиынтық сұраныс қисығы бойымен жылжу байқалады, ал бағадан тыс факторлар әсер еткенде, AD қисығының өзі жылжиды. Макроэкономикалық саясаттың жиынтық сұранысқа қалайша әсер ететіндігін анықтауға болады. AD қисығының жылжу бағытын анықтауға болады, егер AD жиынтық сұраныс қисығын құру тәсілін талдасақ.
Жиынтық сұраныс қисығының жылжуы
G мемлекеттік шығыстардың өсуі, Т салықтардың азаюы, С тұтынушылық шығыстардың өсуі, М ақша ұсынысының артуы, болашаққа жағымды болжау AD жиынтық сұраныс қисығын оңға қарай жылжытады Ондай болмаған жағдайда AD қисығының жылжуы солға бағытталады.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Кейнс мультипликаторының қалыптасуы жағдайын айтыңыз.
2. Жабық экономикадағы макроэкономикалық саясатының негізгі элементерін атап шығыныздар?
3. Жиынтық сұраныс қисығынын жылжуына қандай жағдайлар әсер етеді?
Негізгі әдебиет: (230-252 б. /4/)
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИНАМИКА ЖӘНЕ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ
7 тақырып. Инфляция және жұмыссыздық
Лекция мақсаты:Инфляция және жұмыссыздықтын түрлерің, экономикаға беретің ықпалдарың көрсету.
Негізгі терминдер:ақша нарығы, инфляция, жұмыссыздық, Оукен заңы, Филлипс кисығы, инфляцияға қарсы саясат.
Лекция негіздері
- Экономикалық циклдер, макроэкономикалық динамика
- Инфляция: себептері, факторлары, түрлері. Инфляция және ұсыныс шоктары.
- Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі.Оукен заңы. Нақты жалақы және жұмыссыздық деңгейі.
- Эмпирикалық байқаулар және Филлипс қисығы, өзгертілген Филипс қисығы
- Инфляцияға қарсы саясат
Экономикалық цикл –бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруі.
Жұмыссыздық– бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артық болуы.
Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыссыздар санының жұмыс күшіне қатынасы.
Жұмыссыздық түрлері:
Фрикциондық жұмыссыздық – бұл адамдардың жұмыс орнын ауыстыруымен немесе жаңа жұмыс орнын іздеуімен байланысты болатын жұмыссыздықтың түрі.
Құрылымдық жұмыссыздық – бұл еңбекке деген сұраныс құрылымының еңбек ұсынысына сай келмеуінен пайда болатын жұмыссыздық түрі. Мұндай сәйкессіздік жұмысшылар мамандығының бір түріне сұраныстың жоғарылап, ал екінші түріне төмендеуінен, ұсыныстың мұндай өзгерістерге баяу бейімделуінен болады.
Циклдік жұмыссыздық – бұл құлдырау кезеңімен байланысты пайда болатын жұмыссыздық түрі.
Толық жұмыстылық немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі.Бұл кезде тек фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық түрлері болуы мүмкін. Циклдік жұмыссыздық 0-ге тең.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі келесі формула бойынша есептеледі:
,
мұнда: U* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
F* – оларға жұмыс орны бар жұмыссыздар саны;
R – экономикалық белсенді халық;
q – жұмысын жоғалтып жатқан жұмысшылар үлесі;
µ – жұмыс тауып жатқан жұмыссыздар үлесі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне әсер ететін факторлар:
а) демографиялық фактор;
б) еңбекақының төменгі деңгейі
в) еңбек одақтарының әрекеттері.
Оукен заңы. Ол нақты ЖІӨ мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуекелділікті анықтайды. Оукен заңы бойынша әлуетті ЖІӨ-мен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің 2%-ға төмендеуі жұмыссыздық деңгейін 1%-ға жоғарлатады. Оукен заңы былай жазылады:
,
мұнда: Y* – толық жұмыстылық жағдайында әлуетті өндіріс көлемі,
Y –ұлттық өндірістің нақты көлемі,
u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі,
u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі,
y – Оукен коэффициенті.
Инфляция – жалпы баға деңгейінің көтерілуінен ақшаның құнсыздануы.
Инфляция деңгейі мына формуламен есептелінеді:
,
мұнда: π – инфляция деңгейі,
P – ағымдағы жылдағы бағалардың орташа деңгейі,
P – базалық жылдағы бағалардың орташа деңгейі.
Инфляция келесі белгілер бойынша бөлінеді:
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің дәрежесіне байланысты:
Ашық – нарықтық экономикаға тән еркін баға кезіндегі әрекет ететін инфляция.
Жасырын – қатаң мемлекеттік реттеу кезінде әрекет ететін инфляция. Ол тауарлар мен қызметтер тапшылығынан байқалады.
2. Бағалардың өсу қарқынына байланысты:
Тұрақты – жылдық қарқыны 10%-ға дейін болатын инфляция.
Секірмелі – жылдық қарқыны 20-200%-ға дейін болатын инфляция.
Гиперинфляция – жылдық қарқыны 200%-дан артық немесе айлық қарқыны 50%-дан асатын инфляция.
3. Алдын ала болжау дәрежесіне байланысты:
Күтілетін инфляция әсерінен болатын жоғалтулардың алдын алуға немесе азайтуға мүмкіндік береді.
Күтілмеген инфляция нақты табыстардың төмендеуіне және несие беруші мен алушының арасында табыстардың қайта бөлінуіне әкеледі.
4. Инфляцияны тудыратын факторларға байланысты:
Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан артуынан пайда болатын инфляция.
Шығындар инфляциясы – өнім бірлігіне кететін орташа шығындардың артуынан пайда болатын инфляция. Бұл кезде ұсыныс көлемі сұраныстан қалып отырады.
Филлипс қисығы – инфляция мен жұмыссыздық арасындағы тәуелділікті көрсететін қисық.
Төмендегі суреттен көріп отырғанымыздай, бұл – кері тәуелділік.
Инфляция деңгейі 3 фактормен шартталған:
а) күтілетін инфляция;
б) жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен ауытқуы;
в) шикізат бағаларының өсуімен пайда болған ұсыныс шоктары:
,
мұнда: π – инфляцияның нақты деңгейі,
πе – күтілетін инфляция деңгейі,
u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі,
u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі,
ε – ұсыныс шоктары,
β – эмпирикалық коэффициент, 0-ден жоғары,инфляцияның циклдік жұмыссыздыққа реакциясын көрсетеді.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары әр түрлі елдерде инфляцияның жоғарғы қарқынымен қатар жұмыссыздықтың да жоғарғы деңгейі байқалды, ал 80-ші жылдары инфляцияның төмендеуімен қатар жұмыссыздық деңгейі де төмендеді.
Бұл жағдай жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің қисығы арқылы түсіндірілді. Яғни ұзақ мерзімді кезеңде Филлипс қисығы тік болады
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Қазіргі экономикадағы инфляцияның қандай түрлерің білессіз?
2. Экономикада табиғи жұмыссыздықты жоюға болама?
3. Инфляцияға қарсы саясаттың ең тиімді амалдары қандай?
Негізгі әдебиет: (486-497 б. /5/):