Німнің бәсекеге қабілетті ортада баға саясатын қалыптастыру

Нарықтық экономикада кәсіпорын өнімдерінің тиімділігі мен бәсекелік қабілеті оның баға белгілеудегі ұстанып отырған саясатына тікелей байланысты. Бұл жерде кәсіпорынның басты мақсаты тек мол табыс алуға ғана емес, сонымен қатар, тұтынушыларды төмен бағамен ынталандыру арқылы ұзақ уақыт бойы өнімдерін нарыққа тиімді өткізуге де негізделуі тиіс.

Бәсекелік нарықтағы бағалық бәсекенің өзі де кәсіпорындардың төмен бағада өнім өткізу қабілеттерімен тартысқа түсу арқылы, өз мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған қадамдарын сипаттайды.

Бағалық бәсекеге түсуге талпынған әр бір кәсіпорын нарыққа ену мүмкіндіктері мен шығыемен жұмыс істеу қауіптерін, бәсекелестерінің артықшылықтары мен тұтынушыны қызықтырар әдістерін, бәсекелестер тарапынан болатын қыспақтар мен олардың алдын-алу шараларын ойластыра отырып, баға саясатына қатысты шешімдерін айқындағаны дұрыс.

Өндірістік кәсіпорындардың баға белгілеуге қатысты ұстанатын саясаттарын зерттеулер нәтижесі баға саясатының келесі қағидаларын ашып көрсетуге мүмкіндік береді:

· Баға белгілеу зиялылығы: тұтынушылардың өмір сүру деңгейлеріне сай өнім алуға мүмкіндік жасау;

· Кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі немесе төлем қабілеттілігі: өнімді сату арқылы кәсіпорынның дамуына және осының есебінен, ондағы қызмеикерлердің материалдық қамсыздануына жағдайдың болуы;

· Өнім бағасының икемділігі: нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың және басқа да фактордың әсеріне байланысты кәсіпорынның бағаны өзгертуге дайындығы;

· Тұтынушыға психологиялық әсері: өнімнің тұтынушыға бәсекелік қабілет қорын қалыптастыруда көтерме сауда қызметтерін үйлестіру;

· Ынталандырушы бағалар: өнімнің тиімді өткізілуін қамтамасыз етуде бонуста, маусымдық жеңілдіктер белгілеу.

Бұл жағдай еліміздегі кәсіпорындарға ішкі нарықтағы өз үлестерін тұтынушығ тиімді баға саясатын ұстану арқылы ұлғайтуды қажет етеді. Алайда баға белгілеу саясатының өзі көптеген нарықтық факторларға тәуелді екенін ескерген жөн. Ол факторды әсер ету аясына байланысты үш топқа бөліп қарастыруға болады.

1. Ұсынысқа байланысты факторлар: ұсынылатын өнім мен бәсекелес өнімдердің ерекшеліктер, мүмкіндіктері мен артықшылықтары;

2. Сұранысқа байланысты факторлар: тұтынушылардың талғамы мен сал-дәстүр, әдет-ғұрып ерекшеліктері;

3. Нақты тауарлы нарыққа байланысты факторлар: сұраныстың көлемі мен құрылымы, сұраныстың икемділігі, нарықтың сиымдылығы, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі, ұқсас өнімдердің болуы.

Нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір өнімнің құнын төмендету үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу мүмкін емес.

Бәсекелестік ортада қолданылатын кең тараған тәсілдердің арасынан - өнімнің өзіндік құнына үстеме бағаны, шығынсыздық қағидатын, төлем қабілеттілігі сұранысына бейімделуді, нарықтық баға қарқынын және бәсекелестердің бағалық ұсыныстарын атап өтуге болады.

Өзіндік құнға үстеме баға тәсілі есептеудің қарапайымдылығы арқасында нарықтық экономикада мейілінше жиі қолданылады. Үстеме баға өлшемдері кең ауқымды қамтиды, бұл тауардың түрлеріне, нарықтың аумақтық ерекшеліктеріне, мемлекеттік реттеу органдарының қатынастарына және т.б. байланысты.

Шығынсыздық қағидаты дегеніміз – бағаны өнімді сатудан түсетін пайда өндірістің жалпы шығындарын жабатын деңгейде белгілеу.Бұл тәсілді қолдана отырып, кәсіпорын тұтыну көлеміне байланысты, бағаны диверсификациялайды, бұл сұрынысқа дем беріп, сатудан түсетін пайданы арттырды.

Нарықтық бағалар қарқынына бейімделу нарықтағы ағымдық баға деңгейін есептеуден және оның қысқа мерзімдік кезеңде бағаның өндіріс факторларына байланысты немесе тұтынушылық сұраныс үрдістеріне байланысты өзгеруінен тұрады. Мұндай тәсіл баға саясатын қалыптастыруда, әсіресе, нарықтық баға деңгейі жалпы шығындар мен пайда нормаларына қатысты шынайы көріністі бейнелейтін, жетілген және монополистік бәсекелестік нарығында, ірі ауқымдағы маркетингтік зерттеулерден бас тартуға мүмкіндік береді

Бәсекелестердің күткен баға ұсыныстарына бейімделу тәсілі, көбіне, олигополия нарығында, баға бойынша көшбасшылық жағдайында, көшбасшы-кәсіпорын бірінші болып бағасын бекітіп, нарықтың өзге қатысушылары берілген баға деңгейін ұстанған жағдайда қолданылады. Кәсіпорын, сонымен қатар, бәсекелестердің күткенін бағаның орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік өзгеруіне қатысты бағалай алады. Нәтижесінде кәсіпорын «бағаны ұстану» немесе «баға бәсекелестігігіне» орай, баға саясатын жүргізеді.

Бағаны қалыптастырудың нарықтық екі әдісін көрсетуге болады: біріншісі-тұтынушының тауарға көз-қарасы бойынша-тұтынушыға бағыттылған әдіс;

Екіншісі-нарықтағы нақты жағдайға байланысты- бәсекелестерге бағытталған әдіс.

Бағаны қалыптастырудың нарықтық әдістерінде өндірістік шығындар-шекті фактор ретінде қарастырылады, яғни ол, белгілі бір деңгейден төмен бағада өнім өткізу тиімсіз екндігін көрсетеді. Алайда, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың әсерінен белгіленген бағаны өзгертіп, нарықтық бағада өз өнімдерін сатуға мәжбүр болады.

Тұтынушыға бағыттылған нарықтық әдісті қолданатын кәсіпорын баға белгілеуде нарықтық сұранысты, сұраныстың икемділігін және өз өнімдеріне деген тұтынушылардың көз-қарастарын негізге алады.

Бәсекелестерге бағытталған әдісті кәсіпорын нарықтағы өз орнын ұстау үшін қажетті жағдайларда өнімнің бағасын төмендетіп, тұтынушыларды өзіне тарту үшін қолданады.

Нарықта баға бойынша бəсеке жəне бағаға қатыссыз бəсеке бөлінеді. Баға бəсекесі механизмінің мəні сол, кез келген кəсіпорын өз өнімдеріне баға деңгейін бəсекелестерге қарағанда төмен, арзан етіп белгілейді. Өндіріс үнемі жетілдіріліп, шығындар арзандаған жағдайда, бағаның көмегімен бəсекелесу табысты болып саналады.

Нарықтың белгілі бір үлесін жаулап алып, ұзақ мерзімде пайдалы əрекет ету мүмкіндігі - баға бəсекесінің нəтижесі. Бағаға қатыссыз бəсеке жасампаздыққа бағытталады. Ол өнімді үнемі жетілдіру, өнімнің сапасын, сырқы түрін, техникалық беріктілігін жəне тағы басқаларды жақсарту. Тауардың бірден-бір ерекше қасиеттері, оның сапасы жаңа тұтынушыларды өзіне тартуға жəне тауардың бəсекелестік деңгейін арттыруға мүмкіндік туғызады.

Нарықтық баға белгілеу əдістеріне ағымдағы баға белгілеу əдісі, жапсырылған конверт əдісі жатады. Ағымдағы баға белгілеу əдісі бірыңғай тауарлар нарығында кең қолданылады, себебі бəсеке деңгейі жоғары нарықта бірыңғай тауар сататын фирманың бағаға ықпал ету мүмкіндіктері шектеулі болады.

Тендерлік баға белгілеу əдісі, жапсырылған конверт əдісі бұл белгілі бір келісім-ша артқа қол жеткізу үшін, күшті бəсеке жүргізетін бірнеше компанияларда, салаларда қолданылады.

Наши рекомендации